Ағынды суды аэробты жолмен тазалау кезінде қолданылатын реакторлар
1. Гомогенді реакторлар.
2. Қозғалмайтын биопленкасы бар реакторлар.
3. Биофильтрлерді пайдалану.
4. Биологиялық тоғандар.
1. Биофильтрлер және аэротанк деп аталатын құрылымы әртүрлі қондырғылар көмегімен ағын судың биологиялық жолмен тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Тамшылы биофильтр – ағын суларды тазартуда кеңінен кеңінен қолданылатын қозғалмайтын биопленкасы бар биореактор. Шын мәнісінде бұл реактордың қозғалмайтын қабаты сұйық пен ауаны өткізбейді. Жұқа қабықтық бетінде биомасса өседі. Сүзгіш қабықтың ерекшелігі бетінде микроорганизмдер көбейеді және ұсақ тесікті болып келеді. Ұсақ тесіктер арқылы ауа мен сұйық зат өтеді және ол реакторға газодинамикалық қасиет береді.
Биофильтрлі қондырғылар тікбұрышты және шар пішіндес және қос түбі бар: жоғарғы – желтартқыш тор, төменгісі – тұтас. Биофильтрдің дренажды түбі ауданы жалпы фильтр ауданынан 5 – 7% кемірек темір бетонды плиталардан тұрады. Көп жағдайда фильтрлеуші материал ретінде ұсақталған тас, таулы ұсақ жұмыр тас, керамзит, шлак пайдаланылады. Барлық биофильтрлердің төменгі қабығы биофильтрлеуші материалдың ірі бөлшектерінен (60-100мм мөлшері) құралған. Ұсақ тасты биофильтрлердің қабықтарының биіктігі 1,5-2,5м және олар шеңбер түрінде диаметрі 40м-ге дейін, сондай-ақ тікбұрыш түрінде өлшемі 75*4м2 болуы мүмкін. Егер тұнып қалған ағынды суды биофильтр бетіне жіберсек, су үлестіргіш қондырғы көмегімен бетін біркелкі суландырады. Фильтрлеуші қабатан ағынды су өткізуші бірқатар процестерден тұрады: 1) фильтреуші материалдың бетінде түзілген биопленкамен байланыс; 2) микробты клетканың бетіндегі органикалық заттың абсорбциясы; 3) микробты метаболизм кезінде ағын судағы заттардың тотығуы. Биофильтрдің төменгі бөлігінен ауа үрленіп отырады. Суландыру циклдарының арасындағы үзілісте биопленкалардың сорбциялау қасиеті қалпына келеді. Биофильтрдің беткі фильтрлеуші қабатындағы биопленка күрделі экологиялық жүйе болып табылады.
Бактериялар мен саңырауқұлақтар төменгі трофикалық деңгей түзеді. Көмірсуды тотықтыратын микроорганизмдермен бірге биофильтдің беткі бөлігінде түзіледі. Нитрофикаторлар қоректік орта мен оттегіге деген бәсекелестік аз байқалатын фильтрлеуші қабаттың төменгі зонасында жүреді. Жоғары түрлерге (жәндік дернәсілдері) қорек қызметін қарапайымдар, сорғыштар мен айналма құрттар, бактериальды компоненттер жүйесімен қоректенетін биопленкалар атқарады.
Биофильтрде биопленканың үздіксіз өсуі мен өлуі бірдей жүреді. өлген биопленка тазаланған су тоғымен шайылып, биофильтден шығады. Тазаланған су тұндырғышқа түсіп, онда биопленканың бөлігі бөлінеді де, су ары қарай суқоймасына түседі.
Органикалық заттардың тотығуы барсында, ортағы жылу бөлінеді, сондықтан биофильтр өз-өзін жылумен қамтамасыз етеді.
Жылу изоляциялық қабатпен қапталған ірі қондырғылар сыртқы температураның кері әсеріне де қарамай жұмыс атқарады. Алайда ішкі фильтрлеуші қабаттағы температура көрсеткіші 60С-тан төмен болмауы қажет. Ұсақ тас биофильтрінің негізгі жұмыс істеу режимі – ол ағынды суды 1рет өткізеді. Соған қарамастан филтрге түскен органикалық заттардың жүктемесі тәулігіне 0,06-0,12кг БПКм3 құрайды. Биофильтр көлемін кеңейтпей-ақ жүктеме мөлшерін жоғарылату үшін қос фильтрлеу режимі қолданылады.
80 жылардың басында биофильтрлерді минералды материалдардың орнына қабаттық гидродинамикалық қасиетін жақсартатын және ұсақ тесіктердің көп болуын қамтамасыз ететін пластмассалармен алмастырылады. Бұл ластанғыш - концентрациясы жоғары өндірістік ағын суларды тазарту үшін қолданылатын, көп орын алмайтын, ұзын биореакторларды алуға мүмкіндік береді.
Ұсақ тас биофильтрдің көлемдік жиілігі төмен болғанымен де, олардың ұзындығы 8-10м – ге дейін жетуі мүмкін. Бұл биореакторлар көмегімен тез фильтрациялаубарысында БПК-ның 50-60% жоюға мүмкіндік береді. Тазалау деңгейін жоғарлату үшін көп биофильтрлер қолданылады. 1973жылы Ұлыбританияда айналмалы биологиялық реакторлар жасалды. Олар үнемі айналып тұратын дисктерден тұрады. Бұл дисктер кезек-кезек суға батырылып немесе көтеріліп отырылады. Бұл кезде ауданның аэрациясы жоғарылап жақсарады.
2. Реакторда оттегімен қамтамасыз ету және ағынды сұйықтықтың тасымалдағыштың бетінде біркелкі көлденеңінен жайылуын қамтамасыз ететін жүйелер бар. Мұнда тасымалдағыш ретінде оттегіні жібере алатын құмды пайдаланады («Окситрон» жүйесі). Сондай – ақ оттегімен қамтамасыз ететін жүйесі аппарат ішінде орналасқан талшықты саңыраулы жастықшаларды қолданылады («Кептор» қондырғысы).
1. Биофилтрлерді пайдалану соншалықты күрделі жүйе емес. Биофилтрлердің жұмысы нәтижелі болуы үшін қойылатын негізгі талап, қондырғыны ластанудан сақтау үшін алдын ала ағынды суды тазалау қажет. Биофильтрлерді қолданған уақытта, жағымсыз кезеңдер болады; яғни фильтрдің бетінде шыбын-шіркейлер көбейеді, жаман иіс, микробты массаның артық мөлшерде түзілуі.
Қазіргі уақытта Америка мен Еуропаның 70%-ға жуық тазалағыш қондырғылары тамшылы биофильтрлерден тұрады. Мұндай биореакторлардың жұмыс істеу ұзақтығы 10жылдан артық (50жылға дейін). Микроб биомассасының шамадан тыс өсуі – бұл қондырғының кемшілігі болып табылады. Бұл кемшілік тазалау жүйесінде ауытқудың пайда болуына және фильтрдың ластануына әкеледі. Жақында ұсынылған модификация кезектескен қос сүзгіш қондырғыдан тұрады. Рециркуляция жүйесі биофильтрлерге тән жағымсыз кезеңдерді жоюға мүмкіндік береді. Аэротенк гомогенді биореактор болып табылады. Биореактордың конструкциясына келсек, ол тікбұрышты қиылысы бар бетонды герметикалық ыдыс, ал бұл ыдыс тұндырғышпен байланысқан. Аэротенк ұзынынан саңылаулар арқылы бірнеше дәлізге бөлінген, көп жағдайда оның саны 3-4 құрайды. Аэротенктің әртүрлі типтерінің бір-бірінен айырмашылығы, негізінен биореактор конфигурациясына, яғни оттегіне беру әдісіне, жүктеме көлеміне байланысты. Аэротенктардың типтік схемасы 7.3 суретте көрсетілген. Аэротенктің биологиялық тазалау процесі 2 этаптан тұрады. І-ші этап аэротенктегі құрамында 150-200мг/л өлшенген бөлшектер мен 200-300мг/л органикалық заттардан тұратын тұнып қалған ағын судың ауамен, сондай-ақ активті тұнба бөлшектерімен өзара байланысқа түсуі. Бұл этап біраз уақытқа созылады (4-тен 24 аралығында, яғни ағын су түріне байланысты).
ІІ-ші этап ІІ-шілік тұндырғышта су мен активті тұнба бөлшектерінің ажырауы жүреді. І этапта органикалық заттардың биохимиялық тотығуға түсуі 2 кезең бойынша жүреді: бірінші стадияда активті тұнбадағы микроорганизмдер ағын судағы ластушы заттарды адсорбциялайды. 2 стадияда – сол микроорганизмдер оларды отықтырып, өзінің тотықтыру қасиетін қалпына келтіреді. Аэротенк «дәліздеріне» ауа темір бетонды плиталардағы саңылаулар арқылы немесе керамикалық трубадағы саңылаулы тесіктер арқылы беріледі. Келген ауаны тарататын қондырғылар қабырғаларында орналасқан. Нәтижесінде аэротенкте су турбулизациясы жүреді де су тек дәліз қабырғаларымен ғана емес, биореактор ішінде спираль түзіп қозғалады. Бұл процесс аэрация режимі мен тазарту деңгейін жоғарылатады. Аэротенкте жүретін тазарту процесі үздіксіз ферментация түрінде жүреді.
Бактериялар мен қарапайымдылардан түзілген активті тұнба бөліктері флокулярлық қоспа түзеді. Биофильтрлерде түзілетін биопленкалармен салыстырғанда аэротенктерде түзілген активті тұнбада түрлердің экологиялық алуан түрлілігі аз. Активті тұнбаның негізгі негізгі бактериалды компонентті тобына келесі микроорганизмдер кіреді: көмірсуды тотықтыратын жіп тәрізді бактериялар; көмірсуды тотықтыратын флокулярлы бактериялар және нитрофикатор-бактериялары. Бактериялардың алғашқы тобы ағын судағы органикалық заттарды деградациялауға қатысып қана қоймай, тұрақты флокулалар түзеді. Бұл флокулалар тұндырғышта тығыз тұнба түзуге қатысады. Нитрофикаторлар (Nitrosomonas және Nitrobacter) азоттың түзілген формасын тотыққан формаға айналдырады. Жіптәрізді бактериялар бір жағынан қаңқа түзеді, осы қаңқаның маңайында флокула түзіледі, екінші жағынан жағымсыз процестердің түзілуін алдын алады. Қарапайымдылар ағында судағы бактерияларды қорек ретінде пайдаланып, оның лайлану мөлшерін төмендетеді.
Активті тұнба ағын судағы ластануды жою үшін қажетті ферменттер жиынтығымен қамтылған микроорганизмдер мен қарапайымдардан құралған жүйе. Активті тұнбаның сондай-ақ адсорбциялау қабілетке ие беттік қабаты болады. Аэротенктегі активті тұнбаның концентрациясы 1,5-5,0г/л тең. Бұл көрсеткіш ағынды судың ластану деңгейіне, тұнба шамасына және өнімдеріне байланысты. Тұнбаның шамасын мына теңдік бойынша есептейді:
мұнда: М – тұнба қоспасының өлшенген бөлігі кг/м3, V – аэротенк көлемі; my – жойылған тұнба мөлшері, кг/тәулік; G – су шығымы, м3/тәулік; cвых – шығымды ағын судағы тұнба концентрациясы, кг/м3.
Мысалы: баяу өсетін нитрофикаторлар көмегімен нитрификация процесіне жету үшін көп мөлшерді активті тұнба пайдаланылады, ал органикалық тотықтыру барысында активті тұнба аз мөлшерде қажет.
Тазалау барысында активті тұнба биомассасының өсуі, тұнбаның ескіруіне және ондағы биокаталиттік активтіліктің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан активті тұнбаның жартысы ІІ-лік тұндыру кезінде жүйеден сыртқа шығарылады да, ал екінші бөлігі реакторда қалады. Ағынды суды жарықтандыру және активті тұнбаның бөлінуі жүретін ІІ-лік тұндырғышпен аэротенк технологиялық жағынан байланысты. Тұндырғыш сондай-ақ байланыстырғыш резервуар қызметін атқарады. Мұнда ағын сулар хлорланады. Хлор мен сұйықтың арасындағы байланысу ұзақтығы кем дегенде 30 минутқа созылса, хлордың дезенфекцияға кеткен мөлшері 10-15мг/л.
4.Биологиялық тоғандар биофильтр мен аэротанктің биологиялық тазалауынан толығымен өткен жекеленген тазалағыш қондырғы ретінде пайдаланылады. Егер тазартылған тоғанда су тазалағыш жүйелер қызметін атқарса, онда ағын сулар бұл жүйеге түспес бұрын 3-5 есе техникалық және ауыз су көлеміне дейін сұйылтылады. Тоғанға жүктеме қоспағандағы тұрып қалған ағын су мөлшері 250м3/га, тәу, ал биологиялық жолмен тазаланған ағын сулардың мөлшері – 500м3/га тәу. Тоғанның орташа тереңдігі 0,5-тен 1,0м тең. Қоңыржай климат зонасында тоған сулардың ескіру мерзімі - 1 айдан кем емес.
Ағын суларды аэробты биологиялық жолмен тазалау үздіксіз қолданылады. Соңғы жылдары биологиялық тазалаудың эффективті жүйелері ұсынылды. Бұл процесс шахталық реакторларда аэроциясы үшін қолданылады. Мұндай реакторларды окситенк деп атайды. Окситенктардағы еріген оттегі концентрациясы 10-12м/г-ға тең. Бұл аэротенктердегі аэрациядан басым болып табылады. Ағын сулардағы аэрацияның жоғарылауы нәтижесінде активті тұнба концентрциясы 15 г/л-дей өседі және олардың тотықтыру қуаты 4-5 есеге дейін жоғарылап, аэротенктерден басымдылығын көрсетеді. Шахталық биореакторлар тотықтырғыш каналдарда тазартылған ағын сулардың ағуын қамтамасыз етеді. Мұндай реакторлар жерге еніп тұратын, үлкен емес реакторлар болып табылады. Шахталық аппараттардың биіктігі 50-150м, ал диаметрі 0,5-10,0м-ге тең. Аппараттың ішінде тазаланған суды циркуляциялау үшін қолданылатын зоналары бар қуыс стержені орналасқан. Серженнің жұмысы ауаны үздіксіз үрлеу арқылы жүзеге асады. Бұл аппараттың көмегімен оттегіні тасымалдау өте ыңғайлы (4,5 кг/м3 дейін). Сонда тұнбаға түскен жүктеме деңгейі 0,9кг БПК/кг тәуілікке дейін жетеді. Окситенкте тұнбалы қоспадан қатты бөлшектерді бөліп алу эксплуатация кезінде түзілетін негізгі мәселе. Ауаның микрокөпіршіктері қатты бөлшектерге жабысып, тұндыруды төмендетеді. Тұндыруды жақсарту үшін вакумды дегазация, флотация, ауаны кеулеу әдістері қолданылады. Дегазация кезеңінен кейін тұнба қоспасы аэротенкке жіберіледі, онда микрокөпіршіктер бөліп алғаннан кейін органикалық заттардың тотықтыруға дейінгі процесі жүреді. Одан әрі ағын су тұндырғышқа түседі.
Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 459;