Лекция №11. Өндірістік қалдықтар. Химиялық қалдықтардың жіктелуі.
Лекция мақсаты мен міндеттері:Өндірістік қалдықтар мен химиялық қалдықтардың жіктелуі.
Өндірістің қатты қалдықтарын рекуперациялау және утилизациялау жайлы мәліметтерге шолу.
Лекция мазмұны:Қазірде 7 млн.астам химиялық заттар түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда. Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін.
Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар,яғни,токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.
Өндірістік у-белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы ауасы үшін шекті-рауалы концентрациясынан асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің улануын туындатуы мүмкін,өндірістің бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы өнімі болып саналатын у.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі, бензолмен уланған-қан айналым мүшелерін айтуға болады.
Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы, ісу, тері және шырышты қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей әсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады.
Халық шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың саны көп. Олар былай жіктеледі:
Химиялық систематикасы:
-органикалық;
-бейорганикалық;
-элементті-органикалық.
Ағзаға әсер ету қасиеттері бойынша:
1) Тұншықтыратын:
-қарапайым тұншықтырғыш, демалатын ауадан (азот, сутегі, гелий) оттегін қысу;
-химиялық әсер ету, жасуша мен қан арасында газ алмасудың бұзылуы (СО, синилді қышқыл);
2) Тітіркендіргіш — өкпе немесе демалу жолдарының сілемейлі қабықшасының тітіркенуі.
3) Ұшпа анашалар:
-қанға түскеннен кейін жүйке жүйесіне әсер етеді:
-соңы толық анықталмаған анаша заттары (эфирлер, майлы, азот тұнбасы);
-ішкі ағзаға кері әсер ететін заттар (галаген өндіретін майлы қатар);
-қан жүйесіне әсер ететін заттар (араматты көмірсутектер);
- жүйке жүйесіне әсер ететін заттар (алкаголь, майлы қатардағы күкіртті қосылыстар);
-қанға және қан айналымына әсер ететін органикалық азотты қосылыстар (анилин, нитробензол).
4) Әртүрлі әсер ететін металлорганикалық және бейорганикалық қосылыстар (сынап, қорғасын, фосфор).
Зақымдануына байланысты:
- нейтротропты;
-гепатотропты;
-невротоксикалық;
-кардиотоксикалық;
-қан уы.
Спецификалық әсеріне байланысты:
-аллергендер;
-тератогендер;
-мутагендер;
-супермутагендер;
-концерогендер (күшті, әлсіз, орташа).
Қауіптілігіне байланысты (класстар):
1- төтенше қауіпті (Be, Cd, Pb, Hg, Tl).
2- жоғары қауіпті (Sb, As, Ba,Se),
3- жай қауіпті (Cr, Ag, Al),
4- азғана қауіпті (Cu, Fe, Mn, Zn, Ni, Ge, Sr, Rb, Cs).
Агрегатты күйде:
-газ;
-бу;
-аэрозольдар.
Улы химикаттар (пестицидтер):
-инсектицидтар;
-гербицидтар;
-фунгицидтар
Қалдық туралы жалпы түсінік, олардың құрылымы, классификациясы.Қалдықтар бұл шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, басқада өндірісітк процестердің соңғы мақсатына дейін жетпей қалған қалдығы, дайын өнімді алғанда немесе толық және жартылай өзінің қолдану қасиеттерін жоғалтқанда пайда болады.
Адам баласының планета үстінде жинаған заттардың жалпы аумағы, жылына 4 трлн.т. жетеді. Жылына әлемдік экономикада 120 Гт қазба материалдарынан және биомассадан, барлығы 9 Гт (7,5 %) ғана өндіріс кезінде материалдарды өнімге пайдаланылады. Бұл көлемінің 80% артығы қайтадан негізгі және айналмалы материалды өндіріске енеді, яғни өндіріске қайтарылады. Тек 1,5 Гт адамдардың жеке тынысын қамтамасыз етеді. Қалдықтар өндірістік қызметтен, қолданыстан да пайда болуы мүмкін. Оыған сәйкес олар өндірістік қалдықтар және тұтыну қалдықтары болып бөлінеді. Өндірістік процесте ақаба сулар, түтінді газдар, жылу қалдықтары пайда болады.
Өндірістік қалдықтар өнімді дайындағанда толық немесе жартылай өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан шикізат, материал және жартылай фабрикаттардың қалдығы, сонымен бірге шикізатты физико-химиялық немесе механикалық қайта өңдегендегі өнім, олар сәйкес өңдеуден өткеннен кейін халықшаруашылығында пайдалануы мүмкін. Қалдықтардың проблемасы әіресе үлкен қалаларда өзекті мәселе, оларда үлкен өндірістік кәсіпорындар, адамдардың көп болуы. т.б. бұл қалалардың экологиялық жағдайы көптеген факторларға байланысты. Оларға автокөлік газдары, жылу станцияларының атмосфераны ластауы, кәіпорындардың тастандылары, онымен қатар табиғи сулардың сұйық қалдығымен латануы.
Тұтыну қалдықтарына әртүрлі себептерге байланыты ары қарай қолданылмайтын бұйымдар, детальдар жатықызылады. Бұл қалдықтарда өндірістік және тұрмыстық болып бөлінеді. Өндірістік қалдықтарға жабдықтардан, металдардан, резенкелеарден, пластмалардан, шынылардан шықан қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтарына азықтық қалдықтар, тұрмыстық бұйымдарға арналған аяқ киім, киім-кешек тұрмыстық ақаба сулар жатады.
Қалдықтардың жіктелуі. Қалдықтардың жіктелуі өнеркәіптің салаларына, агрегаттық күйіне негізделген. Әрбір жағдайда аспектіне сәйкес қарастырамыз: тазалануы, қайта өңдеуі, қалдықты көмуі, токсинді әсерінің алдын алу. Әрбір өндірістік саланың өзінің қалдықтарының классификациясы болады. Қалдықтардың жіктелуі әртүрлі көрсеткішке байланысты ең негізгі адам денсаулығына қауіптілігі, зиянды қалдықтар, мысалы: инфекциялық, токсинді, радиоактивті болып бөлінеді.
Зиянды заттар жіктелуі және жалпы қауіптілік талаптары стандартына сәйкес, барлық өндірістік қалдықтар 4 қауіптілік класына бөлінеді.
Кластар Заттарға мінездеме:
Бірінші төтенше қауіпті
Екінші жоғарғы қауіпті
Үшінші орташа қауіпті
Төртінші аз қауіпті.
Қалдықтардың химиялық құрамына байланыты оның қай қауіптілік класына жататынын летальды дозасына, сонымен бірге ПДК (ШРК) на байланысты анықтайды.
Қалдықтар күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Қалдықтар шығатын жеріне байланысты тұрмыстық, өндірістік ауылшаруашылық болып бөлінеді. Құрамына байланысты негізгі көрсеткіші қалдықтың шығуы болып еептеледі – органикалық неорганикалық, онымен қатар жанатын немесе жанбайтын қалдықтар болып бөлінеді. Негізгі топқа энергия түріндегі қалдықтар энергетикалық деп аталады.
Тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың барлық түрлерін қатты және ұйық деп бөледі.
Қатты қалдықтар бұл металл, ағаш, платмассалар, және бақа материалдардың қалдықтары жатады, минералды және органикалық қалдықтар жатады. Ұйық қалдықтарға өңдеуден кейінгі қалдықтардағы сулар және газдарды дымқыл тазарту жүйесінде пайда болған минералды немесе органикалық шаңдар жатады.
Өндірістік және қолданған қалдықтардың түрлерін пайдалану мүмкінділігіне байланысты материалды ресуртарға, ал екінші жағынан экономикалық даму сатысында өңдеу тиімсіз болатын қалдықтарға бөлуге болады. Өңделетін қалдықтар пайда болатын жеріне немесе арнайы жабдықталған басқа кәсіпорындарда қайтадан өңдеуден өтеді. Кейбір өндірістік қалдықтар пайдалану қасиетінен айырылған соң қазіргі кезде өз орындарын таба алмай келеді. Бұл қалдықтар қоршаған ортаға зияны болмаса көміледі.Санитарлық гигиена жағынан қауіптілік тудырса, қалдықтарды алдын ала қауіпіздендірлігеннен кейін көмеді.
Қалдықтардың формасы және түріне байланысты 13 топқа бөледі:
1. Гальваношламдар және тұнбалар. Химиялық реактивтердің және реагентер қалдықтары; құрамында хром, никель, мыс, кобальт, мырыш, қорғасын болатын химиялық реактивтерді және реагентдерді;
2. Су құбырларының және канализациялардың қалдық сулары, құрамында мұнай бар өндірістік тұнбалар;
3. Салқындатқыш сұйытқыштар, лак бояу, өндірістердің қалдықтары, мұнай қалдықтары;
4. Пластмассалар, полимерлер, синтетикалық талшықтар, мата емес синтетикалық материалдар қалдықтары;
5. Резина техникалық бұйымдар, вулканизаторлар қалдықтары;
6. Ағаш қалдықтары;
7. Қағаз қалдықтары;
8. Қара және түсті металдардың, темір қалдықтары;
9. Шлактар, күлдер шаңдар қалдықтары;
10. Тамақ қалдықтары;
11. Жеңіл өнеркәсіп қалдықтары;
12. Әйнек қалдықтары;
13. Құрылыс индустриясының қалдықтары.
Қалдықтарды екіншілік шикізат ретінде толық пайдалану үшін олардың өндірістік жіктелуі жасалған. Мысалы: металдардың бөлшектері және қалдықтардың физикалық қаиеттеріне байланысты кластарға, химиялық құрамына байланысты сұрыптарға бөлінеді.
Қалдықтардың химиялық құрамы табиғи минералды қор құрамынан ерекшелінеді. Кейбір жағдайларда қалдықтар құрамындағы компоненттер төмен болады. Ал кейбіреуі табиғи шикізатқа жоғары болады.
Қалдықтардың көптеген түрлерін қоршаған ортаға зиянсыз және отынның дәстүрлік түрлерінің орнына пайдаланылады және жылу алуға болады. Қалдықтардың көптеген түрлері қоршаған ортаға, қала мен ауыл халқына жоғары төменділігіне байланысты үлкен қауіп төндіреді. Оларға арнайы қауіпсіздіктің алдын алу шараларынсыз көму және қоймаға орналастыру адамдарға және табиғатқа маңызды нәтижеге әкелуі мүмкін.
Бұл әсіресе радиоактивті жарылысқа қауіпті қалдықтар, жеңіл ұшатын уландырғыш заттарға қатысты, осыған қарамастан кейбір қалдықтардың өзінің химиялық құрамымен физикалық күйімен ешқандай зияны жоқ. Оларды көмуге, көлдерге, теңіздерге батырып жіберуге болады. Топырақтың химиялық ластануын нормаландыру ШРК бойынша қойылады. ШРК өз шамасы бойынша су және ауа қабылданған ШРК –дан ерекшеленеді. Бұл ерекшелік топпен байланысқа түсетін орта арқылы зиянды заттардың түсуімен түсіндіріледі.
Атты қалдықтарды өңдеу процестері. Қатты қалдықтарды жою (ұнтақтау, ұсақтау, нығыздау және компактілеу).
Қатты қалдықтарды өңдеу үшін бөлшектеу мен ұнтақтау, классификация мен сұрыптау, қатты ортада байту, тұндыру магнитті және электрлік сепарациялық кептіру және грануляция, термохимиялық күйдіру, экстракция және т.б процестер қолданылады.
Қатты қалдықтарды механикалық өңдеу. Химиялық реагенттердің әсерінсіз өртеу, бірақ қолданылмайтын өнеркәсіптік қалдықтар үшін, механикалық өңдеудің екі түрі қолданылады: ұнтақтау мен топтатыру (престеу). Бұл органикалық және бейорганикалық қалдықтарға қатысты. Ұнтақтағаннан соң, фракциялау арқылы қалдықтарды қолдануға болатын өнімдерге айналдыруға болады. Қатты материалдарды керек көлемге дейін жаншу, соғу, сындыру, кесу, тілу сияқты әдістермен жеткізуге болады.
Бөлшектеу және ұнтақтау. Материал мен өнімнің көлеміне қарай ұнтақтауды бірнеше класқа бөледі (1 кесте).
Бөлшектеу мен ұнтақтауды құрғақ және дымқыл деп бөледі. Қатты қалдықтады минералдық негізде бөлшектеу мен ұнтақтау үшін арнайы машиналарды қолданады.
Кесте 1. Ұнтақтау кластары
Ұнтақтау класы | Ұнтақтағанға дейінгі бөлшектің көлемі, мм | Ұнтақтағаннан кейінгі бөлшектің көлемі | Ұнтақтау дәрежесі |
Бөлшектеу | |||
Ірі | 1500-300 | 300-100 | 2-6 |
Орташа | 300-100 | 50-10 | 5-10 |
Ұсақ ұнтақтау | 50-10 | 10-2 | 10-50 |
Жұқа | 15-5 | 2-0,05 | |
Коллоидты | 12-0,1 | 75,103-1,10-4 | - |
Бөлшектеу мен ұнтақтау дробилка немесе мельница деп аталатын машиналардың көмегімен іске асырады.
Қатты қалдықтарды ұнтақтайтын негізгі құрылғыларды мынадай кластарға бөледі:
-үгіту және сындыру арқылы ұнтақтағыш, оралған тішелі және тағы басқа үгіткіштер,
-жаншитын үгіткіш, жайпақ орамды үгіткіш, роликті-сақиналы, вертикальды, горизонтальды, және басқада мельницалар;
- соғу әсерімен үгіткіштер, балғалап үгіткіштер, дезинтеграторлар, барабандар;
- соғу және коллоидты үгіткіштер, вибрациялы реактрондар;
-басқа үгіткіштер; пуансондар, аралар.
Бөлшектеу үшін жаншу принципімен жұмы ісстейтін конусты, валикті үгіткіштер және соғатын үгіткіштер (балғалы, роторлы, дезинтеграторлы) қолданылады.
Беткейлі үгіткіштер материалды қозғалмайтын металдың арасы мен тербелмелі бетін ардайым жаншып тұрады. Қозғалмайтын үгіткіш тігінен, қозғалмалы –соған бұрышталып орналасады.
Конусты бөлшектегіш ірі орташа және ұсақтап бөлшектеу сатысында қолданылады, оларды бөлшектейтін беті екі конус тәрізді. Конусты бөлшектегіштің салатын тесігінің ең үлкен көлемі 2000 мл.
Валик тәрізді бөлшектегіштер орташа және ұсақ бөлшектеу үшін қолданылады.
Балға тәрізді бөлшектегіш барабанда орналасқан қалдықтарды балғаның күшімен сындырады. Бұл бөлшектегіш жұқа және пластик тәрізді материалды ірілеп бөлшектеу үшін қолданылады.
Шахталы (мельница) диірмен бөлшектегіш. Балға тәрізді бөлшектегіш. Диірменнің сыртқы жағы арнайы фундаментпен құйылған және муфти двигательмен қосылған. Өндірістік және тұрмыстық қоқыстарды бөлшектеуге арналған.
Дезинтеграторлар екі ротордан тұрады: үлкен және кіші диаметрлі.Бұл аппарат жұмсақ және жұқа материалдарды орташа және ұсақтап бөлшектеу үшін қолданылады.
Электрогировикалық әсер сұйықтықта жоғары вольтты разрядты қолдануға негізделген.
Жару арқылы жою. Бөлшектегі материал бөлшегіне қысым көрсету. Жару әдісін көмір, асбест, темір, ағаш сияқты материалдарды жою үшін қолданылады.
Себу және класқа бөлу. Қатты қалдықтарды бөлшектеуде, матеиалдарды ұнтақтау дәрежесі әртүрлі, ол қалдықтардың қаттылығына және формаларына байланысты.
Бөлшекті және ұнтақ материалдарды бөлшектеуге бөлу үшін әр әдістер қолданылады:
-себу немесе елеу
-гравитационды-инерциялық күштің әерімен бөлу
-гравитационды орталық күштің әсерімен бөлу
Құрғақ ұнтақтауда көбінесе ауа, сирекрек түтінді немесе инертті газдар, ал дымқылда су қолданылады.
Престеу және қалдықтарды жинақтау. Қатты қалдықтарды престеу мен жинақтау оларды көліктермен тасымалдау негізінде олардың көлемін азайту транспорттық шығындарды азайтады, табиғатты қорғау технологияларының тиімділігі артады.
Қатты қалдықтарды байыту нәтижесінде бірнеше өнімдер алынады: концентраттау, аралық өнімдер, құйрықтар.
Концентраттар –байыту компоненттері, онда пайдалы компоненттер жоғары ал зиянды қоспалар төмен.
Құйрықтар–зиянды қоспалармен қалдықтардың пайдалы компоненттеріне кіретін байыту өнімдері. Құйрықтар белгілі бір технологиялық циклдің қалдығы ретінде өндірістің бақа саласында шикізат ретінде қолданылуы мүмкін.
Аралық өнімдердің негізгі компоненттері концентратқа қарағанда аз мөлшерде болады.
Қатты қалдықтарды залалсыздандыру.Қатты және тұрмыстық қалдықтардың мәселесі, қалдықтардың морфологиялық құрамының күрделі болуымен байланысты.
Селективті жинау технологиясы: шынылар, молекулалар, полимерлі және металды шөлмектер, тұрмыстық және қатты қалдықтарды 2 жүйелі жою түрі бар. Селективті жинау арнайы контейнерлерде жиналады, олар тұрмыстық және қатты қалдықтар жиналған жерлерде болады: дүкендерде, сауда-саттық нүктелерінде, демалыс орындарында, тұрғылықты аудандарда түрлі контейнерлер жинайды.
Ресей Федерациясында жинау, өңдеу жүйелері мүлдем жоқ. Тұрмыстық қалдықтарды қабылдау үшін 0,1 ден 0,8 м3 станционарлық контейнерлер қолданылады. Бұл контейнерлерге асфальттар және бетондар салынады. Ең бірінші тұрмыстық қалдықтарды өңдеу сатысында ұсақтау болып табылады, ол үшін балғалы, соққы көрініс мельницалары қолданылады.
Металды және қағазды тұрмыстық қалдықтарды өңдеу процестері жақсы дамыған. Қалдықтарды жинау біткеннен кейін, оларды жылдам өңдеу керек. Контейнерлердегі жиналған қалдықтар оңай өңделеді.
Қатты қалдықтарды утилизациялау. Мамандардың айтуы бойынша өндірістік, тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеуге жарамды. Қалдықтарды қайта өңдеу және қолдану бір іс, оларды қоқсықтан тазалау қажет. Қоқыстан қара металл, қағаз, пластик, пластмаса және органикалық зат алынады.Құрамында тағам, көкөніс өнімдері болса, органикалық заттың бөлігінен малға азық жасалынады, қалған бөлігінен копост дайындалады, одан қалға қалдықты 50% жағылады.
Қалдықтарды жою кезеңдеріне және технологиялық циклін қолданумен байланысты әрекетті айтады. Жою үрдісінде іс-әрекеттің бірнеше түрлерін белгілеуге болады: қалдықтарды жою, екінші шикізатты қайта өңдеу, сонымен қатар биотаралатын фракциялардың қайта жұмысының саны.
Қоқыс сұрыпталатын кешенді пайдалануы:
- қоқыс сұрыптаушы станция өзара байланысқан түйіршіктер мен
агрегаттардың қасиетінің жиынтығы;
- қоқыс сұрыптаушы станцияның саны.
Қоқыс сұрыптайтын станция келесі негізгі көрсеткіштер бойынша топтастырылады:
- сұрыптаудың желіс саны;
- қоқыс сұрыптаушы станция негізгі элементтерінің фундаменттерінің
орналасу деңгейі.
Ұсынылатын технологияның үрдісі өзіне келесі этаптарды қосады:
1. Сұрыптау орнына бөлек емес жиналатын қалдықтардың тиеуі;
2. Қалдықтардың алғашқы қабылдауы мен беруі;
3. Қалдықтардың механикалық сепарациясы;
4. Қалдықтардың магниттік сепарациясы;
5. Жойылмайтың қалдықты жоюуы;
6. Жойылмайтың қалдықтарды көліктін көмуге шығару;
7. Бір түрлі жойылатын қалдықтар компоненттерін шығару мен тасуы.
Ұсынылып отырған технология қаражат шығын көрсетпейді, температуралық режімі кәдімгідей. Осыдан шыға отыра, қоршаған ортаны қорғауға негізгі талаптарға осы санатты объект үшін санитарлық қорғау аймағының кешенін жобалау және құрылыс кезінде нақтау болып табылады.
Қалдықтарды өңдеу және өртеу. Тұрмыстық қоқысты залалсыздандырудың бір әдісі биотоп деп аталатын биологиялық өңдеу. Залалсыздандыру және өңдеу қоқыстың өздігінен жануы есебінен жүзеге асады, сондықтан биотермиялық деп атайды. Бұл процесс аэробты жағдайда жылу сүйгіш және әртүрлі микроағзалардың өсіп жетілуінің нәтижесінде болады.
Қазіргі кезде қоқыс зауыттарда қалдықтарды залалсыздандыру процессін механикаландырылған биотермиялық жолмен жүзеге асырады.
Қазақстандағы қоқыс өңдейтін зауыттар.Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат жоқтығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген.
Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзуқалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ақаба суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.
Павлодарда қоқыс өңдейтін зауыты.16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодарда қуаттылығы жылына 70 мың тонна қалдық өндіретін, құны 60 млн. еуро болатын қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр.
Железинка, Көктөбе, Баянауыл, Ертіс аудандарының орталықтары мен Ақсу қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құрылысының жобалық құжаттары жасалды.
Маңғыстаудағы мұнай қалдықтарын өңдеу зауыты. Маңғыстау облысының аумағында қазір шамамен 2,5 млн тоннадай мұнай қалдығы жатыр. Қатты мұнай қалдықтарының біразы, 1,6 млн тоннасы Жаңаөзен қаласының айналасына төгілген. Сонымен қатар бұл жерлердегі мұнай құбырларындағы апат салдарынан төгілген қара алтын бүгінде мұнай көлшіктеріне айналған. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға қауіп төндіріп, ауаны ластап жатыр. Жаңа ашылған кәсіпорын осы мәселені шешуді көздейді. Зауыт әзірге жылына 100 мың тонна қалдық өңдеуге қауқарлы. «Тапсырыс молайса, өндіріс қуатын арттыратын боламыз»,-дейді кәсіпорын басшысы. Зауыт мұнай қалдықтарынан қалдық қалдырмайтын инновациялық технологиямен жабдықталған. Мұнда жерде жатқан қара алтын қалдықтарынан үш бірдей өнім алынады.
Алғашқы өнім – кәдімгі құм. Таратып айтсақ, жерде жатқан мұнай қалдықтарын топырағымен қосып, алғашқы өңдеу жүргізетін контейнерлерге салады. Өңдеу процесі дұрыс жүру үшін су қосылады. Онда арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен қалдықтар екіге айырылады. Майлы су мен құм алынады. Құм – зауыттан шыққан алғашқы өнім болып табылады. Оны жол төсеуге, құрылыс саласына жұмсауға болады. Ал, майлы судан екінші өнім алу үшін келесі цехқа жіберіледі.Екінші цех автоматты түрде басқарылады. Мұнда білікті деген мамандар еңбек етіп жатыр. Олар құмнан айырылып келген майлы суды арнайы технологияның көмегімен сүзгіден өткізеді. Бірнеше мәрте тазартылған майлы судан техникалық су шығады.
Мұнай қалдығынан шығатын соңғы өнім – кемелерге қажетті жанармай. Қазір тәулігіне 30-40 текше метрдей сұйық отын шығарылып жатыр.
Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.
Оқытудың әдістері мен түрлері:баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Деңгейлік тапсырмалар:
1деңгей. Қазақстандағы қоқыс өңдейтін зауыттар жазыңыз.
2-деңгей. Қара алтын қалдықтарынан үш бірдей өнім алынады ашып түсіндіріңіз.
3-деңгей. Қалдықтардың формасы және түріне байланысты 13 топқа бөледі атап көрсетіңіз.
ОБСӨЖ тапсырмалары: Қалпына келмейтін энергетикалық ресурстар: көмірсутектік отын, ядролық энергия, сутектік отын.
СӨЖ тапсырмалары:Қышқыл жаңбырлар.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.
2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.
3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.
4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск
Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 1695;