Мемлекеттік қызметке тұру үшін қойылатын талаптар.
Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдарға мынадай талаптар қойылады:
-ҚР азаматы болуы;
-жасы 18-ден кем болмауы;
-қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлығы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына
сәйкес келуi;
-жергiлiктi салық органына өз мүлкi туралы декларациясын тапсыруы;
-арнайы тексеруден өтуi керек;
-мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды ҚР Президентi айқындайды.
Мемлекеттiк қызметке кiру тәртiбi мына негiздер бойынша жүзеге асырылады: 2003 ж 17 наурызда шыққан “ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi туралы” Агенттiгiнiң төрағасы бекiткен № 02-01-02/27 бұйрығымен жүзеге асырылады. Осы бұйрықта штаттың саны мен атқару мiндеттерi көрсетiлген. Мысалы: IIО қызметтерi заңнан басқа “IIО қызметтi өткеретiн ереже”, деген нормативтiк құқықтық актісiмен реттеледi. Сонымен қатар, әкiмшiлiк лауазымға ие болу үшiн үмiткерлер тест тапсырулары керек. Сондан соң бiлiктiлiгiн анықтау кеңесi өткiзiледi.
Мемлекеттiк қызметке кiрудiң ең бастамасы және негiзiн қалаушы - ол, кадр резервi болып табылады. Резервдегенiмiз - ол, алдағы уақытта пайдаланатын қосалқы керек-жарақтар мен мамандардың қорын айтады. Яғни, бос орын пайда болған кезде осы резервте тұрған адамдар сол орынға қызметке кiретiн болады. Бұл жөнiнде “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңның 20-бабында көрсетiлген:
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымдарға орналасуға арналған кадрлар резервiн уәкiлеттi орган мен оның аймақтық бөлiмшелерi калыптастырады. Кадрлер резервi мынадан тұрады:
- конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадрлер резервiне тiркеу үшiн ұсынған азаматтардан тұрады;
- мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқудан өткен азаматтардан тұрады;
- мемлекеттiк органдар кәсiби деңгейiн көтеру мақсатында халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардан тұрады;
-аттестациядан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервiне есепке алуға ұсынған мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерден жасақталады. Кадрлер резервiне тiркелген азаматтар бiр жыл iшiнде конкурстан өтпестен мемлекеттiк органдарға тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындалуы мүмкiн. Кадрлер резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша ҚР Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлер резервi туралы ережемен реттеледi.
Кадр саясатының басты мақсаты:
- мемлекеттiк қызметтi бiлiктiлiгi жеткiлiктi қызметшi мамандармен қамтамасыз ету;
- бiлiктiлiк мамандығын үнемi жаңарту;
- заманның күннен-күнге өзгеруiне байланысты мамандарды қайта даярлаудан өткiзу;
- мамандардың қазiргi заманның талабына сай болуы керек;
- нарықтық экономиканың дамуына және оның мемлекет аумағында нығайтуға мамандардың тiкелей қатысуын талап ету;
- ҚР iшкi және сыртқы саясатын дамыту жолында мамандардың белсене қатысуы керек;
- ҚР ұлттық қауіпсiздiктi сақтау және оны нығайту жөнiнде мамандарды ынталандыру керек.
Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 2475;