Мемлекеттік қызмет түсінігі және мақсаттары.

 

Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады.Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызады.нарықтық қатнастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудыңғ қажеттігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономиалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілетті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті,құзыретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.

Соңғы кезге дейін заңнамаларда «мемлекеттік қызмет» ұғымының түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың,кәсіпорындардың,мекемелердің және т.б) қызметшілердің қызметтік лауазымдарына сәйкес мелекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекеттік қызметшілер болып саналады.

Мұндай жағдай 1995 ж дейін сақталып келді. ҚР-ның 1995 ж Конститутциясы мемлекеттік қызметке кірудің және мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы белгіледі. 1995 ж желтоқсанда ҚР-сы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты-бұл,шындығында,мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік-құқықтық акт еді.Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 ж 23- шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заңда «мемлекеттік қызметші» мен «мемлекеттік қызмет» ұғымдарына жаңа мән-мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда,кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, м,емлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметшілер болып саналмайды) мемлекетттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады.

Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсізігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмаумен, одан бетер-олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану-алғы шепте тұратын жалпы ұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді, кетеді,ал мемлекеттік басқару барлық жағдайларда да 1қалтық,сыз жұмыс істеуге тиіс Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.

Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз - ол, азаматтардың еңбек ету қызметiнiң бiр түрi болып табылады. Оның басқа қарапайым жәй жұмыстан айырмашылғы мынадан тұрады:

-мемлекеттiк органда қызмет атқарады;

-арнайы құқығы болады;

-билiк жүргiзу мiндетiн атқарады;

-мемлекеттiк билiкпен тығыз байланысты;

-үнемi бақылауда болады;

-есеп беруi.

Мемлекеттiк қызметтiң еңбек ету ережесi “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңында айтылған. Кейбiр мемлекеттiк қызмет органдары өздерiнiң ведомстволық жарғылары мен ережелерi бойынша жұмыс iстейдi. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметтiң жұмыс уақыты ҚР “Еңбек туралы” заңы бойынша анықталады. Мемлекеттiк қызметтiң өзге жұмыстан ерекшелiгi де болады. Сол себептен мемлекеттiк қызметтiң ерекшелiгi мынадан тұрады:

- мемлекеттiң iшкi және сыртқы функциясын мемлекет iшiнде және шетелде атқаруымен байланысты;

- мемлекеттiң алда қойылған мақсатын және мiндеттерiн: экономика, әлеуметтiк, және саяси-әкiмшiлiк құрлысын жүзеге асыруына әсер етедi;

- мемлекеттiк қызмет тек арнайы орган құру арқылы жүзеге асырылады;

- мемлекеттiк қызметтiң ерекшелiгi сол - ол, тек басқару функциясын орындауға байланысты;

- мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мемлекет атынан көрнiсiн табады (сөз сөйлейдi);

- мемлекеттiк қызмет тек Конституция нормасы мен ҚР заңнамалары шегiнде, ҚР Президент жарлығын басшылыққа ала отырып, қызмет атқарады;

- мемлекеттiк қызмет - ол, iс-жүзiнде ұйымдастыру және атқарушылық сипаттан тұрады;

- мемлекеттiк қызмет өкiмдiк ету сипатынан тұрады;

- мемлекеттiк қызмет саясаттан тыс болады.

Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек әрекетінің бір түрі болып табылады. Сондықтан қоғамдық еңбек ұйымдастырудың жалпыға бірдей қағидаларына негізделеді. Сонымен қатар басқа рудың мамандануы қоғамдық еңбек бөлінісі заңдарының әрекетімен тікелей байланысты. Тарихи аспектіде өндірістік масштабпен еңбек қоғамдануының заңды өсуін байқаймыз. Бұл басқарудың адамдардың бірлесе әрекет ету процесінің деңгейіне қарамастан қоғамдағы өте қажет қызмет ретінде бөлініп шығуына әкеліп соқты. «Қоғам ортақ әрі белгілі қызметті туғызады және оларсыз қоғам әрекет ете алмайды. Арнайы адамдар қоғам ішінде еңбек бөлінісінің жаңа саласын жасайды».

Мемлекеттік қызмет мақсатқа лайықты, әлеуметтік пайдалы, объективті тұрғыда қажет және ұйымдаса хатталмаған басқару ұжымының әрекеті бола тұра, өзінің еңбек пәнін қамтиды. Мемлекеттік органдарда басқару кадрын іріктеуде түрлі амалдар қалыптасқан кооперация және басқарулық еңбек бөлінісінің орындары, басқарулық қызмет пен өкілеттіліктің қызметкерлер арасында бөлу, мемлекеттік және еңбек тәртібінің нақты механизмі құрылып біріккен еңбек кезіндегі басқару ісін жүргізудегі басты шарттарды құру – мемлекеттік органдарда жақсы жұмысты қамтамасыз етеді. Бұл аспектіде мемлекеттік қызмет жалпыға бірдей еңбек нормаларына негізделеді.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқор әрекеті түрлі белгілермен сипатталады. Сондай белгілер қатарына еңбек пәнінің яғни қызмет функциясының өзіндік ерекшеліктері жатады. Мемлекеттік қызмет белгілі бір салаға яғни кәсіп, мамандық, квалификация, шенге қатысты жұмыстврды орындайды. Мамандық бұл еңбек әрекетінің ауқымды бөлігі болып табылады. Мұнда адам өзінің білімі мен біліктілігін еңбек әрекетінде толығымен қолдана алады. Кәсіп бұл мамандық пен салыстырғанда ауқымы тар. Мұнда жұмыскер өзінің терең әрі жан-жақты ілімін тиімдірек еңбек ету жолында қолданады. Біліктілік жұмыскердің қандай қиындық деңгейіндегі жұмысты орындай алатындығын көрсетеді. Мемлекеттік қызмет сферасында жоғарыда аталған түсініктер өзіндік мазмұнымен толығады.

Еңбектік құқық ғылымына негізделген ортақ белгілермен қоса, мемлекеттік қызмет өзінің спецификалық белгілерімен ерекшеленеді. Бұлар мемлекеттік қызметтің белгіленіп ерекшелеуге мүмкіндік белгілейді және бұл мамандық түрінің басқа түрлерден іліктеуге кедергі жасайды.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік өкілеттіліктерімен мемлекеттік органдардағы әрекеті арқылы мемлекеттік билік функциялары мен міндеттерін орындауға бағыттау болып табылады. Берілген анықтама мемлекеттік қызметтің мамандығының ерекше түрі ретінде айқындайтын келесі белгілерін бөліп көрсетеді:

а) мемлекеттік қызмет мемлекеттік функция мен міндеттерін іске асыруын ел ішінде де, сыртында да жүргізумен байланысты;

б) экономиканың салаларын дамытудағы мемлекеттік қызметтердің мамандық әрекетін бақылаудағы мемлекеттің функциялары мен міндеттері, әлеуметтік сфера мен әкімшілік-саяси құрылыс, мемлекеттік басқару арқылы іске асырылады. Бұл әрекет өте көпқырлы, үлкен ауқыммен, басқару функцияларының көлемімен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда мемлекет пен барлық қоғамның қызығушылығы мен қажеттілігі еленеді. Бұл аспектіде, мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті осындай қызығушылық пен қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады, әрі мемлекеттің әлеуметтік функциялары мен міндеттерін орындау болып саналады;

в) мемлекеттік қызмет арнайы ұйымдастырылған аппараттың ішінде жасала отырып, басқару функцияларын қоғамда іске асырады. Нақты мынадай аппаратты қолданбау мүмкін емес, әрі мемлекеттік басқарудың кез келген саласы осы аппараттарды қажет етеді. Мемлекеттің экономика, әлеуметтік сфера мен әкімшілік-саяси құрылысының салалары орган жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл органдар алдындағы мақсаттар, орган әрекетінің мазмұнын және тиесілі мемлекеттік қызметкерлердің функцияларын анықтайды;

г) мемлекеттік қызметтің спецификасы басқарушылық функциялардың орындалуымен байланысты. Соңғысы мемлекет функциялары мен міндеттерін орындаудағы мемлекеттік қызметкерлердің өте қажет бағыттағы тәжірибелері ретінде қаланады. Мемлекет функцияларының басқару функцияларымен және мемлекеттік қызметкерлердің нақты функцияларының қалыптасуы, дәл осы басқару аппаратында жүргізіледі;

д) мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан міндеттерге сай болуы тиіс, оларда басқару функцияларын жүзеге асыруға қажет мемлекеттік билік бар;

е) мемлекетттік қызмет өте қатаң түрде Конституция нормаларына, заңға, ҚР Президентінің жарлықтарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделеді;

ж) мемлекеттік қызмет – орындаушылық сипаттағы тәжірибелік, ұйымдастырушылық қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметтің мәні - әлеуметтік процесте мемлекеттік басқаруды тәжірибе жүзінде енгізу, тиісті мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру болып табылады;

з) мемлекеттік қызмет басқарушылық сипаттағы жұмыс. Бұл мемлекеттік қызметкердің өзіне жүктелген функцияларды орындауда заңды-билікті бұйрықтарды қолдануға толық құқықтылығын көрсетеді;

и) мемлекеттік қызмет саясатпен қатысы жоқ сипатта болады. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің қызмет барысында заң талаптарына ғана сүйеніп, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен органдар шешімімен байланыста болуы тиіс;

Келтірілген белгілердің барлығы мемлекеттік қызметтің өзінің әлеуметтік сұранысына және мазмұнына қарай мамандықтың күрделі түрі ретінде сипаттайды. Мемлекеттік қызметтің спецификалық ерекшеліктері мемлекеттің міндеті – функцияларына негізделеді.

 








Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 5110;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.