Мемлекеттік қызметші түсінігі.
Мемлекеттiк қызметтiң атқарылуы және жұмыс iстеуi, ол әрбiр органның лауазымды тұлғаларының басқаруы мен атқаруы бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттiк лауазым және мемлекеттiк қызметшiге анықтама беремiз:
Мемлекеттiк лауазым дегенiмiз-ол, мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгiн айтады;
Мемлекеттiк қызметшiдегенiмiз-ол, мемлекеттiк органда заңда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не ҚР Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын ҚР азаматын айтады;
Мемлекеттiк қызмет дегенiмiз-ол, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметтi айтады;
Лауазымды адам (тұлға) дегенiмiз-ол, ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адамды айтады;
Лауазымдық өкiлеттiк дегенiмiз-ол, заңдарда белгiленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнiн, нақты мемлекеттiк лауазымен көзделген өкiлеттiктi айтады.
Мемлекеттік қызметші ретінде - мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы саналады. Заңдылықта мемлекеттік қызметшілерді жіктеу көзделген. Олардың құрамына саяси мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кіреді. Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi. Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекекттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары және Парламент палаталарының төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), оолардың орынбасарлары атқаратын лауазымды адамдар жатады. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер санаттарға бөлінеді. Қызметтердің санаттары Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі. Онда А – санатының тобына Қазақстан республикасы Президентінің әкімшілігі; В – санатының тобына Парламент палаталарының аппараттары, Премьер-министрдің кеңсесі, Жоғарғы Соттың аппараты, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы; С – санатының тобына Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкімет құрамына кірмейтін Орталық атқарушы органдар, Орталық атқарушы органның ведомствосы, облыстық, аудандық, аумақтық органдар; Д – санатының тобына облыстардың, аудандардың, кенттердің, ауылдардың(селолардың) әкімдерінің аппараттары, облыстардың, аудандардың мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, аудандардың соттарының аппараттары; Е – санатының тобына жергілікті атқарушы органдар кіреді.
Мемлекеттік органдардың өкілеттіліктері қоғам өмірінің барлық аяларында мемлекеттік қызметшілер арқылы іске асырылады.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің құрамы біріңғай емес, олардың мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерін іске асыру жөніндегі атқаратын қызметтері әр түрлі және олар біріне-бірі ұқсас емес жағдайларда жұмыс істейді. Сондықтан оларды әр түрлі белгілер бойынша кейбір топтарға бөлуге болады.
1. Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлекеттік өкмет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық қызметшілерге бөлуге болады. Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдардың: Президент Әкімшілігінің, Үкімет Кеңесінің, Парламент Палаталары
Аппаратының т.с.с. өкілеттіліктеріне негізделеді Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселер жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.
2. Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ, онда азаматтық және милитарландырлған мемлекеттік қызметшілер бөлінеді .
3. Билікті бөлу принциптеріне сәйкес заң шығарушы,атқарушы және сот билігі органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылады.
Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 4453;