Кадрларды даярлау. Кадрларды жинау.
Мемлекеттік қызмет қоғамда басқарумен байланысты ерекше мамандық ретінде ол өзін-өзі басқара алатын жүйе. Мұнда басқарудың мақсаты, міндеті, субъектісі мен объектісінің мазмұны мен нәтижесі бар. Өз кезегін мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттің саясатын, қағидалық, қызметтік тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет мақсатқа бағытталған процесс ретінде, ең алдымен Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағытының мемлекеттік кадр саясатын дамытумен тығыз байланысты. Басты мақсат болып мықты, әрі тиімді дайындықтан мемлекетте және шетелде өткізілген, қызметтік әділ өсу, бірыңғай ақпараттық жүйеге келтірілген, кепілдендірілген әлеуметтік қорғанысы бар, адам капиталына сақтықпен қарайтын бірыңғай мемлекеттік жүйе құру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымдық деңгейі, келесі – мемлекеттік органдардың кадрлық қызметі. Өз өкілеттілігінің шегінде кадрлық қызмет: мемлекеттік органдардың шешімдерін рәсімдейді, бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке өтуімен байланысты, қызметкерлердің жеке ісін қарайды, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек кітапшасына тиісті өзгертулерді енгізеді, жазбаша түрде мемлекеттік қызметкерлердің заңмен бекітілген шектеулерін қабылдайды және бұл шектеулерді бұзған жағдайдағы құқықтық салдармен таныстырады, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайын түсіндіреді, мемлекеттік қызметтегі шектеулердің орындалуын қарастырады. өкілетті орынға бос орындарды ұсынады.
Мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметі белгілі заңмен салдарға әкеліп соғатын түрлі шешімдерді қабылдаумен байланысты болғандықтан, мемлекеттік аппаратта қызметкерлердің құқықтық дайындығының мањыздылығы артып отыр. Мемлекеттік қызметкерлер экономика, қаржы, еңбекті ғылыми ұйымдастыру және мәдениет саласында қажетті білімдері болуы тиіс.
Мемлекеттiк қызметке тек ҚР азаматтары кiруге құқылы болады. Бұл туралы заңда көрсетiлген. Сондықтан ҚР Конституциясының талабы бойынша ҚР азаматтары Отан алдында атқаратын мiндетi мен Отанды қорғау мiндетi - ол әрбiр азаматтың қасиеттi борышы болып табылады. ҚР азаматтары мемлекеттiк қызметке тек өз еркiмен кiруге құқылы болады. Оған ешқандай зорлық болуы немесе мәжбүрлiк етуге жол берiлмейдi. “Мемлекеттiк қызмет туралы” ҚР Заңы (23.07.1999) 3-шi таруында мемлекеттiк қызмтке кiру тәртiбi көрсетiлген.
11-бап. ”Мемлекеттiк саяси қызметке кiру”: Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ заңдарда белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.
12-бап ”Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру“: ҚР азаматтарының әкiмшiлiк лауазымға орналасуы және жоғары тұрған санаттағы лауазымды атқару жолымен қызметi бойынша жоғарылауы, осы Заңмен өзге де көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негiзде жүзеге асырылады. 4-бөлiгiнде: мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде адамның жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тұратын жерiне қарап шектеулер қойылуына жол берiлмедi.
ҚР Конституцияның 33-бабы бойынша азаматар мына құқықтарға ие бола алады:
-ҚР азаматтары мемлекет iстерiн басқаруға тiкелей немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға құқылы;
-мемлекет органына өтiнiштi жiберуге құқылы;
-сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқылы;
-ҚР азаматтары мемлекеттiк қызметке кiруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың практикалық қызметі ол өзіндік құрамға, дұрыс іріктеуге және басқару кадрларының орындарына байланысты. Сондықтан мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық жұмыстарында кадрлық сұрақтар маңызды орын алады. «Штат» - түсінігі мемлекеттік органдардың құрылымынан бөлінбейді. Органдардың құрылымын олардың бөлімшелерінің жиынтығы реттейді, олардың арасындағы функциялары мен өкілеттігін бөлу берілген органдарға жіктелген. Дәл әкімшілік-басқарушылық персонал мемлекеттік органның құзыретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты штаттың және мемлекеттік органнның құрылымдық байланысы туралы сұрақ тек теоретикалық қана емес практикалық мағынаға ие. Штаттың тізімінде лауазымдардың саны және атаулардың тізімі, оларды мемлекеттік органдардың құрылымдық деңгейлері бойынша бөлу, сонымен қоса әр лауазым бойынша лауазымдық жалақы бекітіледі. Бекітілген штаттық тізім бойынша мемлекеттік органдардың құрылымы туралы, қызметкердің штаттық құрамы туралы жалпы сипаттама алуға болады. Штаттық тізім негізінде мемлекеттік органның қызметшілерінің тізімінің құрамын анықтауға болады. Мемлекеттік органның құрылымы мен штатына байланысты қызметкерлердің үш тобын бөліп көрсетуге болады: 1) органның басшылығының құрамына кіретіндерді; 2) органның құрылымдық бөлімшелерінде өздерінің негізгі қызметін жүгізетіндер; 3) қосымша құрам. Кейде оларды басқарушы, жедел және қызмет көрсететін персонал деп атайды.
Жаңа мемлекет құру, қоғамның саяси және экономикалық қайтақұрылуы жағдайында мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жүйесінің орны артады. Мемлекеттік қызметшілер кадрлерін оқытуды жетілдірудің, олардың кәсібилігі мен құзыреттілігін жоғарылатудың бағдарламалық құжаты болып Қазақстан Республикасының Үкіметінің 13 қараша 2000ж. №1706 қаулысымен мақұлданған Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың концепциясы табылады. Концепцияның негізгі ережелері орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кадрлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыруда басшылыққа алынады. Оқытудың негізгі түрлеріне жатады: дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, жұмыс орнында оқыту және өзіндік оқу. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби оқытудың қосымша түріне сынақ ісі (стажировка) жатады. Ол алдын-ала теоретикалық дайындалу нәтижесінде алынған жаңа кәсіби білімдерін тәжірибеде қалыптастыру мен бекіту мақсатында ұйымдастырылады. Басқарушылық кадрлерді оқытудың инфрақұрылымында ерекше орын ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясына беріледі. Мемлекеттік қызмет кадрлерінің кәсіби деңгейлерін арттыру және басқару кадрлерін дайындау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің 7 мамыр 2002ж. № 506 қаулысымен мемлекеттік қызметшілерді оқытудың Еуразиялық орталығы құрылды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың аймақтық орталықтарына ерекше орын беріледі. Олар қосымша білім беру ұйымдары болып табылады және мемлекеттік қызмет Академиясында әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер арқылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды, аймақтағы кәсіби білім бағдарламасын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жүйесінде маңызды орынды мемлекеттік органдардың кадрлік қызметтері алады. Оларға мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды, дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру жүктеледі.
«Мемлекеттік қызметті жинақтау» ұғымы мемлекеттік қызметтердің кадрларын даярлауды,іріктеуді және орналастыруды қамтиды. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызмет болғандықтан, оны атқаратын адамдарда кәсіптік даярлық болуға тиісті. Мемлекеттік қызметкердің білімінің, біліктілігінің деңгейіне және тәжірибесіне сәйкес, мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты қызметтің талаптарына байланысты қабылдану, тағайындалу, конкурс және сайлау арқылы қызметке алынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі – мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті орган болып есептелінеді. Ол тікелей ҚР ның Президентіне есеп береді. Оның мынандай мақсат, міндеттері бар:
· Мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік бағдарлама жасайды және оны жүзеге асырады.
· Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын типтік біліктілік талаптарды бекітеді.
· Мемлекеттік қызметтің қызметкерлері жөнінде мәліметтер базасын жүргізеді және кадралар резервін қалыптастырады.
· Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау,қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру жөнідегі мәселелерді шешу жөнінде мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырады.
Мемлекеттік қызметке кадрлар таңдағанда мынандай міндетті талаптар қойылуға тиісті:
1. Ол Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиісті.
2. Қызметке алынатын адам, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, он сегіз жастан кіші болмауға тиісті.
3. Қажетті білімі,кәсіби даярлық деңгейі болуға тиісті және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиісті.
Азамат мелекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәлімет беруге міндетті.Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу кезінде азаматтар міндетті арнайы тексерулерден өтеді. Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшін қойылатын талаптарды ҚРның Президенті айқындайды.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметке кадрларды даярлау кезінде мынандай азаматтардың қызметке алынуына тиым салады, яғни,
· Әрекет қабілеттігі жоқ немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
· Белгілі бір мерзім аралығында мемлекеттік қызмет атқару құқығынан сот тәртібімен айрылған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
· Біліктілік талаптарына тиісті қызметті атқаруына денсаулығы жарамайтын,сарапшы дәрігердің қорытындысына сәйкес науқасы бар адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
· Мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
· Мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
· Мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
· Сыбайлас жемқорлықпен қылмыс жасаған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
· Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
· Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы жойылмаған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды.
Дата добавления: 2017-04-20; просмотров: 2841;