Тербелу және сырғанау мойынтіректі машина детальдарын жинау
Көлік техникасының барлық машиналары мен механизмдерінде тербелу және сырғанау мойынтіректері қолданылады. Тербелу мойынтіректерін монтаждау шақтама алаңы, отырғызу, кедір-бұдырлық, формадан ауытқуы, мойынтірек астындағы отырғызу беттерінің жағдайы, сақиналардың өзара орналасуының шектік бұрыштары және т.б. тұрғысынан алғанда Мемлекеттік стандарттарды ескере отырып, дайындаушы кәсіпорынның құжаттамаларына сәйкес жүргізілуі тиіс. Мойынтіректің айналушы немесе ішкі сақиналарында тарту шақтамасы, ал сыртқы сақиналарында – шамалы саңылау мен отырғызу болуы креек.
Мойынтіректердің білікке немесе корпусқа шамалы тартумен ( ) отырғызуда престе салқын күйде баспалау арқылы жүргізу әдісі ұсынылады. Ал үлкен тартумен ( ) отырғызу қажет болған жағдайда, мойынтірек сақинасын білекке сақинаны немесе мойынтіректі алдын ала 80...900С-қа дейін қыздыру әдісі ұсынылады.
Торапқа екі немесе бірнеше мойынтіректерді отырғызу қажет болғанда жылжымайтын сақиналардың радиалды және осьтік бағыттағы өздігінен центрленуін қамтамасыз ету қажет. Бұл өңдеуде жинаудағы және базалық детальдың температуралық деформациясындағы мүмкін болатын дәлсіздіктерді компенсациялауға және шариктердің тұрып қалуы мен мойынтіректердің айқасуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.
6.1-суретте мойынтіректерді баспалауға арналған қосымша аспаптар көрсетілген. Тербелу мойынтіректерін құралбіліктердің көмегімен баспалау кезінде пресс күші сақинаның сәйкес қасбетіне бірден түспеуі тиіс: ішкі сақинаны білікке баспалауда, ал сыртқы сақинаны корпусқа және сақинаның екі қасбетіне баспалауда (6.1, а-сурет).
Мойынтіректі қысқа білікке отырғызарда баспалауды осьтік күшті білікке түсіру арқылы жүргізу қажет (6.1, ә-сурет).
6.1-сурет. Мойынтіректерді баспалау:
а – құралбіліктер көмегімен; ә – престе
Конустық роликтік мойынтіректе радиалды саңылауды реттеуді сыртқы немесе ішкі сақинаны осьтік бағытта бұрамамен немесе гайканы ығыстырумен, сонымен бірге сәйкестендірілген қағаз төсем жиынтығын таңдау арқылы да жүзеге асыруға болады.
Конустық аунақшалы және тіректік шариктік мойынтіректерді мойынтірек диаметріне d-ға байланысты өзгеретін осьтік саңылауды -қа жеткенше реттеуге болады, олардың байланысы төмендегідей:
d, мм | 30 дейін | 30...50 | 50...80 | 80...120 | 120...180 | 180...260 | 260...360 |
, мм | 0,02...0,08 | 0,04...0,11 | 0,06...0,14 | 0,06...0,17 | 0,11...0,22 | 0,15...0,30 | 0,20...0,35 |
Мойынтіректер монтаждалып болған соң, олардың білікке оңай айналуын тексереді. Майлы шомылғыда жұмыс істейтін тербелу мойынтіректерінің барлығын да монтаждан соң кестелер мен сұлбаларға сәйкес консистентті маймен майлау қажет болады. Мойынтірек корпусының бос кеңістігінің 2/3 бөлігі маймен толтырылуы тиіс.
Сырғанау мойынтіректерін жинау процесі қондырудан, келтіруден, білікті орнықтырудан және тіректерді реттеуден тұрады. Ажыратылатын жұқа қабырғалы сырғанау мойынтіректерін жинауды оларды білік мойыншасы бойынша келтіруден бастайды. Сонан соң майлау арналарын жасап, мойынтіректі жинауға кіріседі. Шетмойын мен жоғары төсеме арасындағы саңылау мынаған тең:
;
Қазіргі кезде сырғанау мойынтіректері үшін тозуға төзімділігі жоғары және үйкеліс коэффициенті (f=0,055) төмен болатын капрондар кеңінен қолдануда. Капрон втулкамен болат біліктің арасындағы саңылау металл тірекпен салыстырғанда 1,5-2 есе үлкен болады. Мойынтіректердің қалыпты жұмыс істеуі, әсіресе көптіректі біліктерде, көбінесе олардың осьтілігіне байланысты болады.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1373;