Бұранданы кесу

Бұранданы кескіштермен кесу. Бұранданы кесуге арналған кескіштерді жылдам кескіш болаттардан жасайды. Бұрандаларды жылдам кесу үшін қатты қорытпалы табақшалары бар кескіштерді қолданады. Мұндай кескіштердің біртұтас, дәнекерленген немесе тілікшелері механикалық жолмен бекітілген түрлері болады.

Бұранда түріне қарай бұранда кесу аспабының типін таңдайды. Бірліктік немесе кішісериялы өндіріс жағдайында бұрандалар жасау үшін қажетті өзектік кескіштердің түрлері 2.11-суретте көрсетілген.

Жылдам кескіш өзектік кескіштер цилиндрлік және конустық сыртқы бұрандаларды жасау үшін қолданылады. Өзектік бүгілген кескіш (2.11-сурет б) ішкі бұрандаларды салу үшін қажет. Төбедегі артқы бұрыш . Таза өңдеуге арналған кескіштің қиықжиек бойынша алдыңғы бұрышы . Дайындама материалының механикалық қасиеттеріне байланысты қаралтым өңдеуге арналған кескіштердің алдыңғы бұрышы .

 

2.11-сурет. Бұрандалы өзекшелі (а – б) және фасонды (в – д) кескіштер типтері:

а-б – өзекшелі; в-г – призмалық бір жіпті және көпжіпті; ғ-д – дөңгелек (дискілі) біржіпті және көпжіпті

Бұранданы жылдам кесуге арналған өзектік кескіштер (2.11-сурет ә) Т15К6, Т14К8 және ВК8 қатты қорытпалардан жасалған табақшалармен жабдықталады.

Өзектік кескіштермен салыстырғанда призмалық және шеңберлік бұранда жасайтын кескіштердің негізгі артықшылығы – қайталап ұштау санының көп болу мүмкіндігі; мұндай кескіштердің артқы бұрыштары болады.

Бір жұмыстық жүрістің бар тереңдігіне бұранда жасауға арналған көпжіпті кескіштердің (2.11-сурет г) пландағы бұрышы .

2.12-сурет. Жылдамкескіш болаттан жасалған бұрандалы өзекшелі кескіш:

бүйір жиектердегі артқы бұрыштар

Призмалық және шеңберлік кескіштерді арнайы ұстағыштарда (қатты және серіппелі) бекітеді. Жылдам кескіш болаттардан жасалған өзектік кескіштердің негізгі параметрлері 2.12-суретте келтірілген.

Метрикалық бұранданы жасауға арналған кескіш профилінің бұрышы , артқы бұрыш .

Дюймдік және құбыршалық бұрандаларды жасауға арналған жылдам кескіш кескіштер приофилінің бұрышы , ал қатты қорытпалар үшін – 540 31мин. Пландағы төбелік сүйір бұрыш үлкен жүктемелерге шыдай алмағандықтан, кескіштермен бұранда жасау бірнеше жұмыстық жүрістен соң орындалады.

Трапеция тәріздес бұрандалар үшбұрышты бұрандаларға қарағанда ірі болады және алынатын металдың көлемі де үлкен болады. Технологиялық тұрғыдан алып қарағанда трапециядальді бұрандаларды үш топқа бөлуге болады: ірі (бұранда адымы 25 мм жоғары), орташа (бұранда адымы 6...25 мм) және майда (бұранда адымы 5,5 мм төмен). Көп кірмелі бұрандалар үшін кірмелер саны көрсетіледі. Майда бұрандаларды бір жұмыстық жүрісте профильдік кескішпен жасайды және тек қана жоғары дәлдікті бұрандаларды әрлеуші кескішпен мөлшерлейді. Бұрандалар жасаудың әртүрлі сұлбалары 2.13-суретте көрсетілген.

 

2.13-сурет. Бұранда салу сұлбалары:

а – оң жақтан; ә – сол жақтан тесіп тірелетін; б – оң жақтан тесіп өтетін

 

Бұрандаларды шеңберлік бұрандакескіштермен және бұрандакескіш бастиектермен жасау. Бұрандакескіштер конструкциялары бойынша шеңберлік, құбырлық және призмалық болады. Бұрандакескіштермен бұранданы қолмен және әртүрлі токарьлық, тесу және бұрандакесу тобына жататын станоктарда жасауға болады. Дөңгелек бұрандакескіштерді станоктарда арнайы қысқыларда орналастырып, үш-төрт бұрамалармен бекітеді.

Сырттық бұрандаларды бұрандакескіш өздігінен ашылатын бастиектің көмегімен жасау алдында қарастырған әдістермен салыстырғанда дәлдігі жоғары болады., бұл көбінесе сериялы және массалы өндірісте қолданылады (2.14-сурет ә).

 

 

2.14-сурет. Бұранда кескіш аспаптар:

а – бұрандакескіш; ә – бұрандакескіш бастиектер; в – қиықжиек ені; Н – бұрандакескіш биіктігі; d – бұранда диаметрі

 

Ішкі бұранданы бұрандаойғыштармен жасау. Бұрандаойғыштар қолдық және машиналық болып бөлінеді. Машиналық бұрандаойғыштармен бұранда жасау өтпелі және тұйық тесіктерде әртүрлі станоктар топтарында: бұрандакескіш, тескіш, токарлық автоматтар мен жартылай автоматтарда жүргізіледі. Бұрандаойғыштармен бұранда жасаудың қажетті шарты ретінде керіқимыл жасайтын құрылғылардың (аспаптық жұмыстық жүрісінің айналуын керіге ауыстыру) болуын айтуға болады.

Массалы және ірісериялы өндірісте конструкциясы құрама бұрандаойғыштар (бұрандакескіш бастиектер) кең тараған.

 

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 2799;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.