Лекция Батырылмалы ортадан тепкіш электрсорапты қондырғыны монтаждау және іске қосу.
Жоғарыдебитті ұңғымаларды пайдалану кезінде (10.1-сурет) ортадан тепкіш насостар қолданылады. Бұл үшін басқа жабдықтарды және фундаменттерді монтаждау қажет болады. Сораптық агрегат жиналған күйінде ұңғымаға сорапты компрессорлы құбырлар арқылы түсіреді.
Пісірер алдында келесі жұмыстарды орындау қажет:
1. Электроқозғалтқышта қамыт-элеватор орнатады, электроқозғалтқышты көтеріп, ұңғыма сағасына жібереді де қорғағыш қақпақты шешеді.
2. Протекторда хомут-элеваторды орналастыру қажет, протекторды ұңғыма үстінен көтеріп, қорғағыш қақпақты оның астыңғы бөлігінен шешу қажет, протектор білігінің айналуын тексеру қажет және электроқозғалтқышты шлицті кілтпен тексеру керек, оған қорғасыннан жасалған төсем салу керек, протектор білігін шлицті муфта білігі қозғалтқышымен байланыстыру қажет, протекторды электроқозғалтқышпен байланыстыру қажет.
3. Хомут-элеваторды электроқозғалтқыштан шешіп, қозғалтқышты протектормен бірге ұңғы сағасына жіберу керек.
4. Протектордың жоғарғы ұшындағы сақтандыру қақпақшасын шешіп, шлицті кілтпен біліктің айналуын қадағалап тұру қажет.
5. Электроқозғалтқышты протектормен шегендеу тізбегінің фланец үстімен көтеріп, электрқозғалтқыштың кабелінен қапталған қақпақшаны шешіп, изоляцияны тексеру керек.
6. Кабельдік жүргізудің фазасына қорғасыннан жасалған төсемді қою қажет және кабельдік муфтаны электрқозғалтқыштың статорының орамының ұшымен жалғау керек, сосын қатты нығыздамай жеңіл түрде гайкамен бекіту қажет.
7. Протектордың төменгі камерасынан ауа сыртқа шығу үшін тығынды алу керек және қозғалтқыш басындағы (головка) кері клапанды алып, тығын орнына сораптың айдау шлангасының штуцерін бұрап салып, протекторда төменгі камера тесігі пайда болғанға дейін қозғалтқышқа сұйық май айдау қажет, бұл кабельдік муфта саңылауын тексеру үшін қажет, одан кейін қайтадан клапанның тығыны салынады.
8. Протекторға тығынды салып, гайканы бұрау қажет, сосын қозғалтқышты протектормен бірге фланецке жеткенге дейін түсіріп отыру қажет.
9. Келте құбыр-аударманы сорапқа бұрап салып, насосты мосткадан көтеріп, сорап ұшынан сақтандыру қақпасын алып, сорап негізіндегі тығынды алу керек, сорап білігінің айналуын тексеру, қорғасын төсемін және протектор білігіне шлицті муфтаны қондырып, сорапты протектормен жалғастырады.
10. Протектордан элеватор хамуттан ағытып, фланецті шегендеу тізбегіндегі протекторды көретеміз; кері клапапндық протектордың тығынын бұрап және оның орнына сұйық маймен толтыру штуцерін орнатамыз; түсру санылауындағы тығынды бұрап ол жерге түсіру санылауының протекторына сұйық шыққанша айдаймыз.
11.Түсіру тесігіне тығынды салып, сорап негізінде сұйық майды тағы да айдауды жалғастыру керек.
12. Онда манометр орнатып, агрегатты тығыздау қажет.
13. Егер май тамбаса, яғни ағып кетпесе, манометр мен штуцерді алып кету қажет.
14. Протектордың ауалық тығынын бұрап салып, өту клапаны 1,5-2 айналымға дейін ашу қажет.
15. Егер сорап негізінде тесікте май қою болып кетсе тығынды жауып, агрегатты түсіріп, сақтандыру қапташығын қондыру қажет.
16.Кабельді қосып сорапты сынау түрінде іске қосып көреміз. СҚК-да электроқозғалтышынан энергия алатын кабельді хамут арқылы бекітеміз, бұл жерде АПР-2ВБ қарапайым автоматын құбырды бұрауға немесе қатайтуға қолдана аламыз. Батпалы электрлі ортадан тепкіш агрегатын механикалық түсіру жұмыстарында қолдану үшін АПР-2ЭПН автоматы қарастырылған (Гидронефтемаштан шығарылған) бұл автоматта орталықтандырғыш құрылғысы және хамутты ағызу мен кигізу жүйесі қарастырылған.
10.1-сурет. Штангасыз батпалы электрлі ортадан тепкіш агрегаттармен ұңғыманы пайдаланудың жабдықтары.
1-электрқозғалтқыш, 2-протектор, 3-фильтратор, 4-ортадан тепкіш сорап, 5-кері қақпа, 6-кабель, 7-ағындық кабель, 8-белдік, 9-арнайы планшайба, 10-аспалы ролик, 11-кабельге арналған барабан, 12-автотрансформатор, 13-басқару станциясы.
Құбырды түсіргеннен кейін оларды планшайбаға ілгенде аяқталатын операциялар мыналар болып табылады:
1) планшайбакөтергіш келтеқұбырын бұрап салу керек, оны бөгеттен көтеріп бұрғы тізбегіне жалғау керек.
2) бұрғы тізбегін көтеріп тұрып, ұңғы сағасынан кабельді қорғап тұрған жабдықтарды шешіп алып, бұрғы тізбегіне тізбек фланеціне қондыру керек.
3) планшайба муфтасанынан көтеру келте құбырын алып кету керек.
4) планшайба секторын қондыру және бекіту.
5) планшайба муфтасында тройникті бұрау керек.
6) арматураның айдау тізбегін байланыстырып және басқару станциясының және сорап жұмысының қызметін тексеру қажет. Құбырды ілу кезінде және аударма катушкасын ілу кезінде міндетті түрде:
1) аспалы роликпен кабельді өткізу керек.
2) аударма келте құбырын аударма катушкасымен бірге көтеру қажет.
3) бұрғы тізбегін көтеру және ұңғы сағасынан кабель қорғағыш заттарын шешу қажет.
4) катушка тесігіне кабельдің бос ұшын өткізу керек.
5) бұрғы тізбегін крестовикке қондырып, аударма катушкасын крестовикті болттармен бекіту керек.
6) сальникті тығыздау етіп орнату қажет.
7) аударма құбырын аударма катушкасымен ажыраты керек.
8) арматура елкасын көтеру қажет және оны аударманы катушкамен байланыстыру қажет.
9) арматураның айдау линияларын байланыстыру қажет. Автотрансформаторды және басқару станциясын фундаментке емес, будкаға орналастырады, мұнда оны атмосфералық жауын-шашыннан және қысқы ауа-райынан қорғайды. Пайдаланатын ортадан тепкіш насостарда планшайба орнына арнайы арматура қолданылады, бұл фонтанды арматурадан кабель өткізуге арналған катушкасымен, яғни оның конструкциясымен ерекшеленеді.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2
Қосымша әдебиеттер: 3, 7, 9.
Бақылау сұрақтары:
1. Пісірер алдында қандай жұмыстар жүзеге асырылады?
2. Штангасыз батпалы электрлі ортадан тепкіш агрегаттармен ұңғыманы пайдаланудың жабдықтары неден тұрады?
3. Батпалы электрлі ортадан тепкіш сорап қондырғысын монтаждау қалай жүзеге асырылады?
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2032;