Негізгі түсініктер және анықтамалар
Импульсты- кодалы модуляциялаған және уақыт бойынша бөлінетін цифрлық беру жүйелерінің (ИКМ-АУБ ЦБЖ) және олардың әр түрлі модификацияларының беруші және қабылдаушы станцияларының жұмысы келісулі болуы үшін, келесі жағдайларды қамтамасыз ету қажет:
1) берудегі арналық амплитудалы – импульсты модуляторлардың және қабылдауда арналық селекторлардың синхронды жұмысын, яғни ИАМ сигналдарын және басқару және өзара әрекеттесу сигналдарын БӘС сәйкес арналар бойынша таралуын;
2) беруде аналогты – цифрлық түрлендіргіштердің және қабылдауда цифрлы – аналогты түрлендіргіштердің сигналдарды цифрлық өңдеудің жылдамдықтарының теңдігін;
3) уақыттық топ құру жабдығының цифрлық ағындарды біріктіру және бөлу жылдамдықтарының теңдігін және цифрлық ағындардың цикл ұзақтығында таралуын;
4) цифрлық сигналдардың регенерация құрылғысының синхронды жұмысын, беруші және қабылдаушы жақтардың қалыпты өзара әсері үшін.
ЦБЖ-да синхрондаудың келесі түрлері қолданылады: тактылы жиілік бойынша (тактылы синхрондау), кодалық топтар бойынша, цикл бойынша (циклдық синхрондау) және аса цикл бойынша (аса циклдық синхрондау).
Тактылы синхрондау беруші және қабылдаушы станцияларда сигналдарды өңдеудің жылдамдықтарының теңдігін (санауларды кодалау және декодалау, цифрлық ағындарды бөлу және біріктіру) қамтамасыз етеді. Осыны іске асыру үшін соңғы қабылдаушы станцияның генераторлық жабдығы беруші станцияның тактылы жиілігінем басқарылады (синхрондалады).
Циклдық синхрондау немесе циклдар бойынша синхрондау арналардың дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді, яғни белгілі бір арналардың декодаланған АИМ сигналдары тура сол арналардың қабылдау бөліміне түсуі керек (синфаздық). Дұрыс таралудың бұзылуы бір арнаның сигналдарының басқа арнаның қабылдау құрылғысына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда арналар арасында анық немесе анық емес өтімді әңгімелер түріндегі өзара әсерлер пайда болады.
Аса циклдық синхрондау БӘС арналарының берілген арналық интервал бағытындағы дұрыс таралуын қамтамасыз етеді.
Синхрондаудың кез келген түрінің іске асуы ақпараттық сигналдың статистикалық қасиеттерін қолдануда негізделеді, немесе топтық цифрлық сигналдың артықтығын қолдануда (оның құрылымына арнайы сигнал - синхросигнал енгізу арқылы қол жетеді) негізделген.
Тактылы синхрондауды ұйымдастыру үшін, әдетте бірінші әдіс қолданылады, синхрондаудың басқа түрлерін ұйымдастыру үшін екінші әдіс қолданылады, яғни топтық цифрлық ағынының құрылымына синхросигнал СС енгізіледі.
Синхросигналдың қабылдануын және берулуін қамтамасыз ететін, құрылғылар кешенін синхрондау арнасы деп атайды.
Синхрондау құрылғыларына келесі жалпы талаптар қойылады:
- аппаратураның жұмысқа алғашқы қосылғанында синхронизмге кіру уақыты және синхронды жұмыс режимінің бұзылғаннан кейінгі қайта қалпына келу уақыты минималды болуы керек;
- синхронизм жағдайының жоғары тұрақтылығы, осы жағдайда синхрондау жүйесі синхросигналды қабылдағанда бірлі қателіктерді ескермеу қажет және осы уақытта ЦБЖ жабдығының синхронизм жағдайынан шығуға сезімтал болуы қажет; басқа сөзбен айтқанда аппаратура жұмыс істегенде синхронизм жағдайы үздіксіз және автоматты ұсталуы қажет;
- циклдық және аса циклдық жүйелерде жалған синхронизм жағдайының анықталу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- берілген синхронизмді қалпына келтіру және ұстану параметрлерінде беру циклындағы қызметтік синхроақпарат көлемі минималды болуы керек;
- синхрондау арналары қажетті деңгейде қатеге қарсы тұрақты болуы керек, синхронизм жағдайының бұзылулары арасындағы уақыт максималды болуы керек.
Аталған талаптардың орындалуы синхрондау арнасының қарапайым техникалық іске асуымен, үнемділігімен, жіне сенімді жұмыс істеуімен үйлесуі тиіс.
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 825;