Саптан шығу және қайта сапқа түру.
Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН ШЫҚ (осынша АДЫМҒА САПТАН ШЫҚ)» немесе «Қатардағы жауынгер Әлімов. МАҒАН КЕЛ (ЖҮГІРЕ МАҒАН КЕЛ)».
Әскери қызметші өзінің тегін естігеннен кейін «Мен» деп, ал саптан шығу туралы (шақыру туралы) команда бойынша «Қүп болады» деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші команда бойынша саптық адыммен бірінші қатардан бастап үш адымға (көрсетілген адым саныңа) саптан шығады, токтайды және сапқа қарап бұрылады. Екінші команда бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, кысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым қалғанда токтац, аяқты қоюмен бір уақытта оң қолын бас киімге апарады, одан кейін келгені туралы баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын төмен түеіреді.
Мысалы: «Лейтенант мырза. Қатардағы жауынгер Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».
Әскери қызметші екінші қатардан шыккан кезде ол алдында тұрған әскери шзметшінің иығына сол қолын ақырын қояды, ол алға бір адым және он аяғын қоймастан, оңға бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орныңа тұрады.
Әскери қызметші бірінші қатардан шыккан кезде оның орныңа екінші қатарда оның артында тұрған әскери қызметші тұрады.
Әскери қызметші екіден, үштен (төрттен) түратьш лектен шыкқан кезде ол саптан алдын ала оңға (солға) бұрыла отырып, жақын қаптал жаққа шығады. Егер жаныңда әскери қызметші тұрса, ол он (сол) аяғымен жаныңа бір адым жасайды және сол (оң) аяғын коймастан, артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді және одан кейін өз орныңа түрады.
Әскери қызметші қарумен саптан шыккан кезде қозғалыстың басталуы кезінде «аяқка» күйіне алынатын, «иықка» күйіндегі карабинді коспағанда, қарудың күйі өзгермейді.
Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПҚА Т¥Р» немесе тек «САПҚА ТҰР».
Сапқа қарап тұрған әскери қызметші «Қатардағы жауынгер Әлімов» командасы бойынша өзінің тегін естігеннен кейін баетык жаққа бұрылады және «Мен» деп жауап береді, ал «САПҚА Т¥Р» командасы бойынша, егер ол қарусыз немесе «аркаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарып «Қүп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып, бірінші адым жасаумен қолын төмен түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып, қыска жолмен саптағы өз орныңа тұрады.
Егер тек қана «САПҚА Т¥Р» командасы берілсе, әскери қызметші алдын ала бастықка бұрылмастан, сапқа кайтып оралады.
Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталған күйге алынады.
Әскери қызметші саптан тыс бастықка келген кезде осы Жарғының 72-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.
Бастықка қарумен келген кезде әскери қызметші бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін «аяқка» күйіне алынатын, «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді. Қару «арқаға» күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, кол бас киімге апарылмайды.
Әскери қызметші бастықтын жаныңан кеткен кезде кетуге рүқсат ала отырып, оң қолын бас киіміне апарып «Қүп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын төмен түсіреді.
Бастықтын жаныан қарумен кеткен кезде «аяқка» күйіндегі карабинді коспағанда, қарудың күйі өзгермейді, егер қажет болса әскери қызметші «Құп болады» деген жауаптан кейін басқа күйге алады.
Бастық әскери қызметшіні сапқа қайтаруға команда бергенде немесе оған кетуге рұқсат бергенде қолын бас киіміне апарады және төмен түсіреді.
2.Бастыққа келу және одан кету. Саптан шығу және қайта сапқа түру әдістері.
Саптан шығу; бастыққа келу және сапқа қайтып келу мынадай еттілікпен жүргізіледі:
- бастыққа саптан тысқары жерден келу және одан кету;
- пәрмен бойынша саптан шығу және сапқа қайтып келу;
- шақыру бойынша саптан шығу және сапқа қайтып келу.
Бастыққа саптан тысқары келу және одан кетуді оқытудың басында әскери оқытушы, бөлімше маңдайшебін жағалай отырып бастыққа келуді толық көрсетеді.
Нәтиже болу үшін әскери оқытушы немесе бөлімше командирі саптан студентті шақырып басшының орнына қоюы мүмкін.
Бастыққа келуді үш санауы бойынша үйреткен абзал. «Жаса – БІР» санағына сәйкес, қолдарды қозғалысқа келтіре отырып, алға қарай саптық адымды сол аяқпен орындайды. «Жаса – ЕКІ» санағы бойынша оң аяқты қояды және бірден оң қолды бас киімге тақайды. «Жаса -ҮШ» санағы бойынша қолды жамбасқа түсіреді. Осыдан соң жаттығу басынан қайталанады.
Осы қимылдарды оқыту үшін бөлімшелер әр студенттің ара қашықтығы 2-3 адым болатындай, бір қатарға немесе біреуден лекке тұрғызылады.
Бастыққа келу тәсілін игеруді алға үш адым қозғалыспен төртке санау бойынша жүргізуге болады.
«Бастыққа келу, үш адым алға қозғалыспен үш санау бойынша, БАСТА» пәрменіне сәйкес. «БІР, ЕКІ, ҮШ» санау бойынша алға үш саптық адым жасау керек, ал «ТӨРТ» санауы бойынша оң аяқты сол аяққа тақайды және бірдестен оң қолды бас киімге апарады. Келесі «БІР, ЕКІ, ҮШ» санаулары бойынша қолды бас киімге ұстап тұрып, «төрт» санаққа түсірген жөн. Мұндай тәртіпке жаттығу бірнеше рет қайталанады.
Бастықтан кетуді төрт санаққа мына пәрмен бойынша орындаған дұрыс. Яғни, «Бастықтан кету, төрт санау бойынша, БАСТА». Осыған сәйкес «Жаса – БІР» санауы бойынша барлық курсанттар оң қолдарын бас киімге апарады және «Құп болады» деп жауап береді. «Жаса - ЕКІ» санағы бойынша айналып бұрылады (оңға, солға) және оң аяқты жерге қояды. «Жаса – ҮШ» санауы бойынша бірінші адыммен (сол аяқты жерге қоюмен) қолды түсіреді. «Жаса - ТӨРТ» санағы бойынша оң аяқты сол аяққа тақайды. Осындай реттілікте бөлімше командирінің санауы бойынша жаттығу жүргізіледі, ал сонан соң студенттердің өз санауларына орай жалғасады. Осыған сәйкес айналып оңға, солға бұрылу тәжірибесі жетіле түседі.
Бастыққа келу және одан кету бөлім бойынша оқытылғаннан кейін, осы қимылдар кешенді түрде жалғасады. Жаттығу жұппен жүргізіледі (12-сурет).
Бөлімше командирі жаттығу барысында кезекпен өзіне студенттерді шақырады және олардан дұрыс, әрі нақты қимылдарды талап етеді.
Студенттерді бастыққа келу және одан кету қимылдары бойынша нақты дағдылықты қалыптастыру үшін қарапайым деңгейде сегіз есепке жаттықтарған жөн. Бұл үшін бөлімше ара-қашықтығы 1-2 адым болатындай біреуден лекке немесе жұп бойынша бір-біріне қарама-қарсы тұрғызылады. Бөлімше командирінің «Бастыққа келу және одан кету, сегіз есепке, БАСТА» пәрмен бойынша студенттер бірінші үш есеп бойынша сол аяқтан бастап, алға үш адым жасайды. Келесі «ТӨРТ» есебі бойынша сол мезетте оң аяқты сол аяққа тақай отырып, оң қолды бас киімге апарады. Келесі «БЕС» есебі бойынша қолдар түсіріледі. Келесі «ЖЕТІ» есебі бойынша айналу бұрылысын орындайды. Соңғы «СЕГІЗ» есебі бойынша оң аяқты сол аяққа тақайды.
Кезекті «БІР» есебі бойынша студенттер, қозғалыстың бірінші адымын сол аяқтан кері бағытта жасайды және оны жерге қоюмен бірге қолды түсіреді, сонымен қатар жаттығуды қайталайды. Бөлімше командирі бұл уақытта, олардың іс-қимылдарына назар салып, кеткен кемшіліктерді түзейді.
Сондай-ақ, осы сабақтарда әскери қызметшінің саптан тысқары жерде бастықтың оған келуі немесе оның бастыққа келуі секілді қимылдарда көрсетіледі.
Пәрмен бойынша саптан шығуын және сапқа қайта оралуын оқытуды бөлімше командирі бір қатарлыдан бастайды, кейін екі қатарлыдан және екеуден, үшеуден, төртеуден тұрған лектен жалғастырады.
Әскери қызметші саптан шығу үшін пәрмен беріледі.
Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН пәленбай АДЫМ АЛҒА ШЫҚ» немесе «Қатардағы жауынгер Иванов. БЕРІ КЕЛ».
Әскери қызметші өзінің тегін ести сала, «Мен» деп, ал саптан шығу (шақыру) туралы пәрмен бойынша «Құп болады» деп жауап береді. Әскери қызметші немесе студент бірінші пәрмен бойынша саптан саптық адыммен бірінші қатардан бастап аталған адым саны бойынша шығады, тоқтайды және бетін сапқа қаратып бұрылады.
Бастықтан кетудi оқыту.
Бастыққа жұппен келуге және одан кетуге жаттығу.
Екінші пәрмен бойынша студент бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым жетпей тоқтап, келуі жөнінде баяндайды.
Мысалы: «Лейтенант мырза, қатардағы жауынгер Әлімов, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр» немесе «Полковник мырза, студент Алтаев, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».
Әскери қызметші екінші қатардан шығар кезде ол сол қолын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына ақырын салады, ол алға бір адым және ағын қоймастан оңға бір адым жасап саптан шығатын студентті өткізіп жібереді, одан кейін өзі орнына тұрады.
Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатардағы оның артында тұрған әскери қызметші тұрады.
Екіден, үштен тұратын реттен студент шыққан кезде ол саптан саптың жақын шетінен, алдын ала оңға (солға) бұрылыс жасап шығады. Егер қасында студент немесе әскери қызметші тұратын болса, ол оң аяғымен бүйірге бір адым жасайды және сол (оң) аяғын қоймастан артқа бір адым жасап, саптан шығатын оқушыны өткізіп жіберіп, өзінің орнына тұрады.
Саптан студент қарумен шыққан кезде, қозғалыстың басталуы кезінде «Аяққа» күйіне алынатын, «Иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталуы өзгермейді.
Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін пәрмен беріледі.
Мысалы: «Қатардағы жауынгер Ахметов. САПҚА ТҰР» немесе тек «САПҚА ТҰР».
Сапқа бетпе-бет қарап тұрған әскери қызметші «Қатардағы жауынгер Әлімов» деген пәрмен бойынша өзінің тегін ести сала, бетін бастық жаққа бұрады және «Мен» деп жауап береді, ал «САПҚА ТҰР» пәрмені бойынша, егер ол қарусыз немесе «Арқаға» күйіндегі қарумен тұрса, қолын бас киіміне тигізіп «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойынша қолын түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып қысқа жолмен саптағы өзінің орнына тұрады.
Егер тек қана «САПҚА ТҰР» пәрмені берілсе, әскери қызметші (студент) алдын ала бастыққа бұрылмастан сапқа қайтып оралады.
Әскери қызметші немесе студент саптан тысқары бастыққа келген кезде, екі-үш адым бұрын тоқтайды және аяғын қойып бір мезгілде оң қолын бас киіміне апарады, одан кейін келуі жөнінде баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын түсіреді.
Бастыққа қарумен келген кезде әскери қызметші немесе студент бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін «Аяққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұстау күйі өзгермейді. Қару «Арқаға» күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылады.
Әскери қызметші бастықтан кеткен кезде, кетуге рұқсат алып, оң қолын бас киіміне қойып, «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын түсіреді.
Бастықтан немесе оқытушыдан кеткен кезде «Аяққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталынуы өзгермейді, егер қажет болса, студент «Құп болады» деген жауаптан кейін басқа жағдайға алады.
Оқытушы студентке сапқа қайтуға пәрмен немесе кетуге рұқсат бергенде, қолын бас киіміне апарады және оны түсіреді.
Бақылау сұрақтары:
1.Бастықка келу және одан кету
2.Саптан шығу және қайта сапқа түру.
3.Қарумен бастыққа келужәне одан кету.
4.Қарумен саптан шығу және қайта сапқа тұру.
5.Бастықка келу және одан кету.
№ 9. Лекция сабағының тақырыбы: «Бөлімшенің взводтың жаяу реттегі сап түзуі.Бөлімшенің саптары.»
Жоспары:
1.Бөлімшенің жаяу реттегі саптары.
2.Сапты басқаруға арналған белгілер.
3.Взводтың саптары.
Сабақтың мақсаты:Студенттердің саптық дагдысын қалыптастыру.
Қысқаша мәтіні: Взводтың өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 8076;