Бөлімшенің саптары.
Сабақты жеке құрамды саптық міндеттермен оқытудан бастаған жөн. Бөлімше командирі бастапқыда студенттің (сарбаздың) сапқа дайындық кезіндегі іс-қимылдарын практика түрінде көрсетеді. Өз қаруының дұрыстылығын, сондай-ақ қорғаныс жеке құралдарын, қару-жарақ, арнайы киім-кешек басқа да өзіне тиесілі заттардың күйін тексеру әдістері, сонан соң киімнің дұрыс киілуін тексереді. Бұл орайда, бөлімше командирі айтылған іс-шаралардың орындалуы аяқталған кезде, қасындағы жолдасымен киімнің күйін және қару-жарақтың жағдайын тексеруге өтініш білдіру керектігін айтуға міндетті.
Міндеттермен оқыту мақсатты түрде саптық тұрыста және жайылма сапта жүзеге асырылуы тиіс.
Жайылма сап.
Жеке құрамды саптық іс-қимылдармен оқытудан бұрын оқытушы немесе бөлімше командирі бөлімше үшін Жарғыда жайылма және жорық саптары қарастырылған.
Бөлімшенің жайылма сабы – бұл маңдайшеп бойынша бір сызыққа орналасқан жауынгерлердің сабы. Осыған орай олар бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа тұруы мүмкін. Мұндай сап алғашқы сапқа тұрулар үшін, есептеу, тексеру, байқау, шерулер үшін, сондай-ақ басқа да жағдайлар үшін қолданылады. Сонан соң бөлімше командирі бір қатарлы сапқа бөлімшені практикалық жүзінде тұрғызуға кіріседі. Әрине, мұндай іс-қимылдар әр уақыт түсіндіріліп отырылу қажет.
Бөлімшенің жайылма сабы бір қатарлы немесе екі болуы мүмкін. Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Алдын–ала «Бөлімше» пәрмені бойынша барлық студенттер, дереу бөлімше командиріне бұрылуы қажет және «ТІКТЕЛ» күйін қабылдап, келесі пәрменді нақты әрі тез орындай алатындай дайындықта күту керек. Пәрменді бөлімше командирі студенттерге қарап тұрып береді. Пәрмен беру аяқталғаннан кейін ол жылдам сапқа тұрудың маңдай шебі жағына қарай, «тіктел» күйінде қала отырып, бұрылуы қажет.
Бұдан кейін бөлімше командирі әскери қызметшіден Жарғы не талап ететін түсіндіреді, сапта өзінің орнын білу, оған тез тұра білу, сапта рұқсатсыз сөйлемеу және толық тыныштылықты сақтау, пәрмендер мен бұйрықтарға зейін қойып тыңдау, жылдам және дұрыс басқаларға кедергі келтірместен орындау. Әскери қызметші атқарушы «САПТАЛ» пәрмені бойынша өз орнына тұрады. Бөлімше командирі саптың маңдай-шебі жағына қарама-қарсы тұрып өзіне солға таман пулеметшіге, солға таман аға атқышқа және т.б. 18-суретте көрсетілгендей бұйрық береді. Сонан соң студенттер саптағы өз орнына тұрады, ал бөлімше командирі саптан екі-үш студентті шығарып, оларды бөлімшеге қарама-қарсы бір қатарға тұрғызады. Осылар арқылы ол әскери қызметші сапта қалай тұру керек екенін көрсетеді: екі әскери қызметшінің ара қашықтығы алақанның еніне сәйкес, аяқ-киімнің ұштары түзу бір сызықта болуы тиіс, «бостан»пәрменіне дейін барлығы саптық тұрыс күйінде тұруы керек, басты еңқейтпеуі тиіс.
В |
С |
ПГ |
СГ |
С |
СН |
СС |
П |
К |
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 8205;