Мыс элементінің өсімдік үшін физиологилық рөлі
Мыс клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестеріне, ондағы ферменттер құрамына кіреді. Мыстың қатысуымен амин қышылдары ұзыннан ұзақ шұбатылып, күрделі органикалық қосылыстар түзеді және онық химиялық құрамына әсер етеді. Мырыш секілді оны да дақылдардың дәні мен түйнегі бойына жақсы сіңіреді.
Өсімдіктер мен жануалардың бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін аздаған мөлшерде болса да мыс өте қажет. Ол хлорофилл сияқты аса күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін тұрақтандырып, оны ыдыраудан қорғап тұрады. Клеткаларында болатын тотықтандыру процестеріне қатысып, ферменттердің құрамына кіреді, ол ферменттердің кейбіреулері В тобындағы витаминдердің әрекетін күшейтіп, өсімдіктердегі көмірсу мен ақуыздың алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс жеткілікті болса, өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруына шалдығуы азаяды. Мысалы, картоптың тамырымен бірге оның жер бетіндегі сабағы мыс тұзымен үстеп қоректендірілсе, оның «көк» және «қызыл шірік» ауруына шалдығуы азайып, түйнектерінің ауруларға төзімділігі арта түседі.
Өсімдіктерде ақуыздарды синтездеуге мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының арқасында өсімдік тканьдерінің су ұстау қабілетінің артатындығы анықталады. Ал мыс жеткіліксіз болса, ұлпа коллоидтарының суды өзінде ұстау қабілеті нашарлайды. Астық тұқымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақары, барлық жеміс ағаштарының ұштары қурайды немесе солып қалады.
3. Эссе тақырыбы: Микротыңайтқыштардың өсімдіктерге маңызы және әртүрлі топырақ климат жағдайын ескере отырып сіңірудің технологиясы туралы жазыңыз.
Микротыңайтқыштарға бор, мыс, мырыш, марганец, молибден жатады. Борлы тыңайтқыштар
Бор қышқылы.Ең концентрлі, құрамында 17,1-17,3 % бор элементі бар, ақ түсті, майда кристалды, суда жақсы ериді. Тұқымдық материалды және өсімдікті тамырдан тыс қоректендіру үшін 0,05-1 пайыздық судағы ерітіндісін пайдаланады.
Бор магнийтыңайтқышы құрамында 2,27% бор және 14% MgO бар, суда жақсы еритін, сұр түсті тұз. Құрғақ күйінде тұқымды өңдеуге (1-2 кг/ц) және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін (20-25 кг/га) қолданылады.
Түйіршікті борлы суперфосфат жай суперфосфатты түйіршіктеу кезінде бор қышқылын қосу арқылы өндіріледі. Көгілдір түсті, суда жақсы еритін, құрамында 20% P2O5 және 0,2% бор болады. Тұқымды себер алдында топырақты өңдегенде гектарына 2-4 ц, немесе қант қызылшасы, малазықтық қызылша, көкөніс дақылдарының қатар аралығында бір гектарға 100-120 кг береді.
Бура- ақ түсті кристалды тұз. Құрамында 11,3% бор бар, суда жақсы ериді. Тұқымды өңдеу және дақылдарды үстеп қоректендіру үшін пайдаланады. Тұқымды себер алдында оның бір центнеріне 8-10 л бор қышқылының немесе бура тұзының ерітіндісін қолданады. Көптеген дақылдарға негізгі тыңайтқыш ретінде қолданғанда тыңайтқыштардың әсерлі заты түріндегі қолайлы мөлшері әр гектарға шаққанда жоңышқаға 0,5-2 кг, қант қызылшасына - 2-2,2 кг болады.
Бор тыңайтқыштары дақылдың өнімін жоғарылатады және сапасын жақсартады әрі олардың ауа-райының қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.
Молибденді тыңайтқыштар
Аммоний молибдаты құрамында 52% молибден элементі бар, майда кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін тұз. Тұқымды себер алдында өңдеу үшін 1 центнер асбұршақ пен сиыр жоңышқаға 20-25, жоңышқа, көкөніс дақылдарына 500-600г. мөлшерінде тұз алып, тұқымға қосып аралыстырады. Тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін 100-200 г аммоний молибдатын 200-300 л суда ерітеді.
Молибденді түйіршікті жай суперфосфат құрамында 20% P2O5және 0,1 % Мо бар, ақшыл-сұр түсті түсті түйіршік. Тұқымды сепкенде қатар аралығына гектарына 50-100 кг есебінде береді.
Молибденді түйіршікті қос суперфосфатта 43% P2O5 және 0,2% Мо болады. Қатар аралығына гектарына 25-50 килограмнан береді.
Аммоний-натрий молибдаты ұнтақ күйінде өндірінеді, құрамында 35-36% молибден бар.
Марганецті тыңайтқыштар
Күкірт қышқыл марганец кристалды, ақ немесе ақшыл-сұр түсті, суда жақсы еритін, құрамында 21-24% марганец бар тұз. Тұқымды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін оның 0,01-0,5 пайызтік судағы ерітіндісін, ал топыраққа ендіруде гектарына 5-15 кг тұзды қолданады.
Марганецті суперфосфат ашық-сұр түсті түйіршікті, құрамында 1-2% Мn, 20% P2O5бар тыңайтқыш.
Мырышты тыңайтқыштар
Күкірт қышқыл мырыш ақ түсті, майда кристалды, құрамында 22% мырыш бар, суда жақсы еритін тұз. Тұқымдық материалды өңдеу және өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде оның 0,03-0,1 пайыздық судағы ерітіндісін қолданады.
Мырышты полимикротыңайтқыш күңгірт сұр түсті, құрамында 25% мырыш болатын, ұнтақталған күйінде өндірілетін қосылыс. Тұқымды өңдеуге (1 тонна тұқымға 4 кг есебінде) және топыраққа ендіру үшін (гектарына 12-20 кг есебінде) қолданады.
Мысты тыңайтқыштар
Мыс сульфаты кристалды көгілдір-көк түсті, құрамында 25% мыс бар, суда жақсы еритін тұз. Өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіруде және тұқымды өңдеу үшін мыс сульфатының 0,01-0,05 пайыздың ерітіндісін пайдаланады.
Мыс колчеданы құрамында 0,3-0,5 % мыс болатын қызғылт түсті ұнтақ зат. Сүдігер жыртар алдында гектарына 5-6 ц есебінде береді.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі мен оның сапасына микротыңайтқыштар қолайлы әсер ететін фактор болып саналады.
Билет
1.Фосфор тыңайтқыштарын алу жолдары
Фосфор өсімдік тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі болып саналады. Кезінде орыс оқымысты А.Е.Ферсман ”Фосфор – тіршілік пен ақыл-ой элементі” деген.
Өсімдік организміндегі синтездеу процесі мен зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қышқылының қатысуымен өтеді. Әсіресе, әр түрлі органикалық қосылыстар құрамына енетін фосфордың маңызы зор. Солардың ішінде нуклеин қышқылдарын бірінші орынға қоюға болады. Нуклеин қышқылының екі түрі де РНК(рибонуклеин), ДНК (дезоксирибонуклеин) ақуыздың синтезделуі, өніп-өсу, тұқым қуалаушылық сияқты тіршілік әрекетінің ең маңызды процестеріне қатысады. Олар өсімдіктің барлық мүшелері мен клеткаларында кездеседі. Көпшілік өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарында нуклеин қышқылының мөлшері 0,1-1,0 пайызға дейін жетеді. Жас жапырақ пен өркеннің өсу нүктесінде нуклеин қышқылы көне жапырақ пен сабаққа қарағанда көбірек болады. Фосфордың органикалық қосылыстарына нуклепротеидтерді - ақуыздың фосфор қышқылымен қосылысын жатқызуға болады. Олар биохимиялық реакцияның өтуін жылдамдатады және клетка ядросының бөлінуіне қатысады.
Фосфор өсімдікте фосфатидтер, фитин, қант фосфаты сияқты қосылыстар құрамында да кездеседі. Фитин кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік мүшелерінің құрамында, фосфор қосылыстарының арасында мөлшері жағынан бірінші орын алады. Мысалы, майлы дақылдарда 1-2%, астық дақылдарының тұқымында 0,5-1% фитин болады. Фитиннің өзінің құрамында 27,5 пайыз фосфор қышқылы кездеседі. Фосфор өсімдікте жүретін түрлі биосинтез процестерін жүзеге асыру үшін, көп энергия бөліп шығаратын қосылыстар құрамына енеді. Олардың ішінде ең маңыздысы АТФ (аденазин үш фосфор қышқылы) болып саналады.
Өсімдікте фосфор шамалы мөлшерде түрлі минералдық қосылыстар түрінде кездеседі. Оған негізінен орта фосфор қышқылының тұздары жатады. Өсімдік организмінде фосфор көптеген процестерге қатысады. Мысалы, құрамында фосфор қышқылы бар АТФ-сыз фотосинтез және тыныс алу процестері өтпейді, сондай-ақ өсімдіктегі қосылыстардың түрленуі болмайды. Өсімдіктегі көмірсулардың синтезделуі мен ыдырауы фосфордың қатысуымен өтеді. Өсімдік организмінде фосфор қышқылы азотты заттардың алмасуында ерекше рөл атқарады. Мұнда нитратты азоттың аммиаққа дейін тотықсыздануы үшін фосфор қышқылы қажет.
Фосфор өсімдікте оның барлық мүшелерінде кездеседі. Ол азот сияқты өсімдіктің жеміс беретін мүшесінде көп, ал қосалқы өнімде аз болады. Фосфорды өсімдік көбінесе өзінің бастапқы өсу кезеңінде аса қажет етеді. Бұл кезеңдегі фосфордың жетіспеушілігін қосымша қоректендіру есебінен толықтыруға болады деп ойлаудың пайдасы жоқ. Жалпы фосфор жетіспесе өсімдіктің сабағы мен жапырақтарының өсуі баяулайды,тұқым салмайды.
2Азот тыңайтқыштары және олардың құрамы мен қасиеттері.
Азот жер бетіндегі ең көп таралған элемент. Ол табиғатта бос күйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының 78 % осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0,04% құрайды.
Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық ақуыз құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Ақуызда азоттың мөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 пайызыне тең болады. Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл мен протоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылдарының құрамында кездеседі. Сонымен қатар азот фосфатидтерде, алкалоидтерде, кейбір витаминдер мен ферменттерде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалық заттарда болады.
Өсімдік үшін азот көзі болып есептелінетін, топырақтағы қосылыстарды мынадай топтарға бөледі:
1) азот қышқылының тұздары,
2) аммоний тұздары,
3) азотты қышқыл тұздары,
4) азоттың кейбір органикалық, қосылыстары (мочевина, амин қышқылдары).
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1865;