Ыманы газлифтілі әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
Газлифтінің жұмыс принципі көтеру құбырларындағы сұйықтықты газдан босату және оның тығыздығын азайту болып табылады. Газды үздіксіз беру кезінде газдалған сұйықтық ұңғыма сағасына дейін көтеріледі де, сыртқа төгіледі.
Газлифт кезінде ұңғыманың құбырсыртындағы кеңістікте жаңа деңгей орын алады, ол динамикалық деңгей деп аталады да, оған түптегі қысым сәйкес келеді.
Газлифтілі көтергіш түсу тереңдігімен, сұйықтықтың көтерілу биіктігімен және қатыстық батырылумен сипатталады.
Бату тереңдігі – газдалған сұйықтық бағанасының биіктігі h, ол ұңғыманың жұмыс жасау кезіндегі көтергіш башмагындағы қысымға сәйкес келеді.
Көтеру биіктігі – жұмыс барысындағы сұйықтық деңгейінен сағаға дейінгі қашықтық h0.
Қатыстық батырылу – батырылу тереңдігінің h көтергіштің барлық ұзындығына қатынасы. Сұйықтықты сығылған газбен көтеру үшін көтергіштердің әртүрлі жүйелері пайдаланылады, олар өзара ұңғымаға түсірілетін құбырлар бағаналарының қатар санымен, бір-біріне қатысты орналасуымен, жұмысшы агенті мен газмұнайлы қоспаның жылжу бағытымен ажыратылады.
Құбырларды түсіру қатарының санына байланысты көтергіштер бірқатарлы және екіқатарлы болып бөлінеді.
Жұмысшы агентті айдау бағыты бойынша – сақиналы және орталық болып бөлінеді.
Орталық жүйе. Жүйенің негізгі артықшылықтары: іске қосу қысымының төмендігі және ұңғыманың көлемін тиімді пайдалану қасиеті.
Кемшіліктері: сұйықтықта құм болған жағдайда құбырлардың шығыңқы муфталары желінеді де, нәтижесінде құбырлар үзілуі мүмкін; мұнай құрамында парафин болса немесе тұз концентрациясы жоғары болса, олар бағана ішіне жиналып, оның өту диаметрін кішірейтеді. Сондықтан, көп жағдайда сақиналы жүйелі көтергіштер пайдаланылады.
Екіқатарлы көтергіштің артықшылығы – жұмысшы қысым мен сұйықтық пульсы төмен, өйткені ондағы ауасы бар сақиналық кеңістіктің көлемі кішкентай.
Бірқатарлы көтергіштің жұмысы барысында пайда болатын пульсация қабаттың бұзылуына және ұңғыма түбі мен көтеру құбырларында құмды тығындардың пайда болуына алып келеді.
Бірқатарлы көтергіштің аталған барлық кемшіліктерін келесідей тәсілмен жоюға болады – жұмысшы газлифтілі клапандарды пайдалану. Бұл клапандар ұңғыманың түптік аймағын сақиналы кеңістікпен бөліп тұратын пакердің көтергіш құбырларының соңында орналасады.
Фонтандық көтергіш сияқты газлифтті көтергіш те СКҚ бағанасынан тұрады және бағананың диаметрі арнайы әдістеме бойынша есептеледі. Газлифтті және фонтандық көтергіштердің СКҚ-ларына әсер ететін күштер бірдей болғандықтан, олардың беріктік есептеулері де бірдей болады.
1.18-сурет. Өнімді газбен көтеру көтергіші:
а) пайдалануға дейін; б) пайдалану кезінде
Кәсіпшілік тәжірибеде салыстырмалы батыруды анықтағанда жұмыстық қысымды есепке алады, яғни газдың айдау қысымын ескеру керек. Сонымен бірге, жұмыстық қысымды ескеріп салыстырмалы батыруды анықтайды.
Сұйықты сығылған газбен көтеру үшін әртүрлі жүйелі көтергіштер қолданылады. Олар ұңғыға түсірілетін құбыр бағаналарының санымен, өзара орналасуымен, жұмыстық агенттің және газ-мұнайлы қоспаның қозғалысымен ажыратылады. Түсірілген құбыр бағаналарының саны бірқатарлы және екіқатарлы болады. Жұмыстық агентінің қозғалысына қарай сақиналы және орталық жүйе болып екі түрге бөлінеді.
Сақиналы жүйе. Екі қатарлы көтегіштерде ұңғыға екі концентрикалы орналасқан құбыр қатарлары түсіріледі. Жұмыстық агентті екі тізбек арасындағы сақинааралыққа кеңістікке айдайды, ал сұйық ішкі құбырлар арқылы көтеріледі. Осы себептен сыртқы құбырларды айдаушы, ал ішкі құбырларды – көтергіш деп атайды. Сонымен бірге, сыртқы құбырлардың қатарларын бірінші қатар, ал ішкілерін екінші қатар деп атайды.
Бірқатарлы көтергіштерде құбырлардың бір қатары түсіріледі де, осы қатар көтергіш тізбек болып табылады, ал айдаушы ретінде шегендеуші құбырлар тізбегін пайдаланады.
Жұмыстық агент шегендеуші құбырлар тізбегімен көтергіш құбырлар арасындағы сақиналы аралыққа айдалады. Осы кезде сұйықтың деңгейі көтергіш құбырлардың башмағының деңгейінде болады.
Практикада екі қатарлы сақиналық жүйелі сатылы айдаушы тізбегі бар көтергіштер кездеседі: оның төменгі бөлігі – шағын диаметрлі, жоғарғысы үлкен диаметрлі болып келеді. Қарапайым екі қатарлы көтергішке қарағанда мұндай көтергіш арзанға түседі. Оның басты артықшылықтары – бірінші қатар құбырларының салмағының кемуі және түпкі забойдан құмның шығарылуының жақсаруы. Кемшіліктеріне көтергіш құбырларының батырылуын көбейтуге болмайтынын жатқызуға болады.
1.3-кесте
Дебит, т/тәул. | 20-50 | 50-70 | 70-250 | 250-350 | |
Көтеру құбырларының диаметрі |
Газлифтілі әдіспен пайдаланатын ұңғымаларды келесідей категорияларға бөлуге болады:
1) өнімділік коэффициенті К мен түптік қысымы Ртүп жоғары;
2) К төмен және Ртүп жоғары;
3) К жоғары және Ртүп төмен;
4) К төмен және Ртүп төмен.
Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 2179;