Жаңа еуропалық валюта – еуроны енгізудің алғышарттары

 

Соңғы он жіл ішінде Еуро Одақ қатары 27 мемлекетпен көбейді. Мысалы, 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылдың мамырында Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия және Эстония кірген болатын. Одақ тарихында осы он жылдық өзіндік белсенділігімен ерекшеленді. Өйткені, осы кезең ішінде Одақты кеңейту туралы жаңа стратегия қабылданды. Сондай-аө Одақтың алдындағы ішкі және сыртқы міндеттері нақтыланып, оның институттарын оған мүше елдердің азматтарына жақындату және одақтың әлемдегі жетекшілік рөлін арттыру жайы белгіленді.

Дамудың келесі сатысы ретінде Одақ алдында келесі кезең – Валюталық одақ құру кезең тұрды.

Валюталық одақтар құру идеясы ХІХ-ХХ ғасырлардың өзінде еуроапалық мемлекеттер арасында болған еді. Ең алғашқы еуропалық Одақ ретінде (1857-1866 жж.) Австро-герман одағын айтсақ болады. Келесі кезекте Францияның ықпалымен 1865 жылы құрылған Латын валюталық одағы (1865-1878 жж.). Бұл Одаққа Франция, Бельгия, Италия және Швейцария кірді. Франция өз кезегінде бұл одақта басты рөлді атқарған болатын. Бқдан кейін (1875-1917 жж.) Дания, Норвегия және Швеция арасында бірдей монеталар шығару жөніндегі келісімге қол қояды.

1921 жылы Бельгия-Люксембурлық экономикалық одағы құрылды. Люксембурлық франк бельгиялық франкқа бірде-бір қатынасы бойынша ұсынылды.

1979 жылдың 13 наурызынан бастап 8 мемлекет құрамымен, олар: Германия, Франция, Бенилюкс, Италия, Ирландия, Даниямен Еуропалық валюталық Жүйе өз жұмысын бастаған болатын. Еуропалық Валюталық Жүйенің құрылымы 3 элементтен тұрды:

Еуропалық валюта бірлігі – ЭКЮ;

«супержылан» атты валюта курстарының бірыңғай режимі;

Валюталық ынтымақтастықтың Еуропалық фонды.

ЭКЮ – бұл Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының салмағын есептей отыра енгізілген құрылымдық валюта болып табылады. Мемлекеттер арасындағы квоталар төмендегідей болды:

Сөйтіп, 1979 жылдан Еуропалық валюта жүйесі іске асты. Еуропалық ақша бірлігі – ЭКЮ (ЕСИ). 1998 жылдың соңына дейін ЭКЮ халықаралық есеп бірлігі болды. 1999 жылдың 1 қаңтарында ЭКЮ-дің орнына ақша бірлігі ретінде еуро болды. 2002 жылға дейін енгізілді. Т2002 жылдың 1 қаңтарында ақша формасы ретінде жүрді. Еуропалық Одақтың дамуы Маастрихт келісім-шартына байланысты. Сол келісімшарт бойынша 1995 жылдан бері капиталдың, тауардың, қызметтің және мүше елдер арасындағы жұмыс күшінің еркіндігі қамтамасыз етілді.

 

Жаңа стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асыру нәтижесінде – Экономикалық және Валюталық Одақ (ЭВО) құрылған болатын. Оның құрылуының негізгі 3 кезеңін атап көрсетсек болады:

1 кезең – (1990 жылдың шілдесі мен – 1992 жылдың желтоқсаны). Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері ретінде: Еуро Одақ ішіндегі капитал қозғалысының либерализациялануы, біртұтас ішкі нарықты құрудың аяқталуы және одақ мүшелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша біршама жақындауы;

2-кезең – (1994 жылдың қаңтары мен 1996 жыл) Еуропалық Валюталық Институт құрылған болатын; Еуропаның Орталық Банкінің жетекшілігімен болашақ Еуропаның орталық банк жүйелерінің зағдық негізі мен алғышарттары дайындалды, Одаққа мүше мемлекеттер – жаңа валюта – еуроны енгізу жұмыстарын бастады;

3 – кезең – (1996 жылдың қаңтары – 1999 жылдың қаңтары) туралы айтар болсақ: Еуропаның Орталық банкінің жұмыс істеуінің басталуы, Экономикалық және Валюталық Жүйе мұшлерінің бірегейвалюталық саясат жүргізуі; бірегей еуроаплық валютаны алғашқыда – тұтас емес, ал кейіннен тұтас ақша айналымына түсу процесін айсақ болады.


Тақырып 6. Халықаралық туризм экономикасындағы туристстік индустрия

Дәріс 11.

1. Еліміздегі туристік кластерді дамыту шаралары

2.Жеке брендті туристік өнімді дамыту

Дәріс 12.

1.Жарнамалар арқылы шетел азаматтарының қызығушылығын ояту 2.Туризм саласындағы қызметкерлердің кәсіби сынақтан өткізу

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1381;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.