Перцептивті қарым-қатынас және оның механизмдері

Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсініктіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтен, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтен, бағдарлы қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.

Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр. Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеументтік детерминантасы деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер. Бірақ әлеументтік перцепция онымен шектеліп қоймайды. Қарым қатынас туралы сөз қозғағанда, жалпы әлеументтік перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция, жеке адамдардың өзара қабылдауы туралы айтылады. Сонымен бірге адамдардың «қабылдауы» деген термин де онша дәл емес, бұл жағдадйда адамдардың бір бірін тануы, түсінуі деген ұғым тұрғысында қарастырылып отыр.

Адамды тану ұғымы сыртқы пішінін ғана қабылдаумен қатар, оның өзін ұстауы, мақсат мүдделері, ой, қабілеттері, эмоциялары, бағдарлары тұрғысында өзіндік ой елестерінің қалыптасуын қамтиды. Және де қарым қатынасқа түсушілер арасындағы эмоциялық қатынастардың пайда болуы да қамтылады.

Сонымен әлеументтік перцепция адамның сыртқы бәлгілерін қабылдау, оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап түсіну, соның негізінде келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын.

Әлеументтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас партнерін тануы, өзара түсініктік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы. Әлеументтік перцепцияны қарастырғанда екі мәселеге көңіл аудару қажет-қабылданатын адамның (субъект) психологиялық және әлеументтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамарлық бейнелеу механизмдердің талдауына.

Бақылаушының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әлеуметтік психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жыныстық, жас ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық-ролдік айырмашылықтар бар екені тіркелген. Мәселен, балалар көбіне ересектерге қарағанда сыртқы кейіп-пішінге (киімі, шаш қоюы, сыртқы кейіптегі ерекшеліктерге, т.б.) көңіл аударады. Мұғалімдер мен оқытушылар өз шәкірттерінің білімге ұмтылыуы, тәртіптілігі, тағы сол сияқты қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал студенттер педагогтардың тіпті басқа қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол сияқты басшылардың қол астындағыларды қабылдауы да екі түрлі. Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады. Әлеументтік психологияда қабылданатын объектінің психологиялық қасиеттерін зерттеу де дәстүрлі түрде қалыптасқан. Көбінесе, бақыланатын адамның қандай психологиялық және басқа қасиеттері маңызды, оны тануға көбірек мәлімет береді, басқаша айтқанда адамдар қарым-қатынас барысында партнерді бағалауда қай нәрсеге көбірек көңіл бөледі?

Ондай маңызды қасиеттерге бақыланатын адамның бет-бейнесінің қимылы (мимика), сезімдерін білдіруі (экспрессия) отырыс-тұрысы, жүрісі жатады. Киімі, шаш қойысы және дауыс ерекшеліктері мен сөйлесу мәнері де жатады. Зерттеулерден байқалғанындай, кең таралған, «интернационалды» ымишараттармен қатар, белгілі мәдени және ұлттық топтарға тән ым-ишараттар бар.

Қабылдаудың табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған әмбебап психологиялық механизмдер болады. Оған әлеументтік перцепция механизмдері жатады. Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдерін: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады.

Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификация басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған. Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның «проблемасы» «ойналынса», эмпатияда «сезініледі». Екеуіде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін партнермен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның проблемасын сезіну іске асырылады.

Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.

Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші жағдайдағы, партнердің «мені» түсінуіне байланысты. Басқаша айтқанда бір-бірін түсіну рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Ол басқаша қабылдау мен түсінуі ғана емес, басқа «мені» қалай түсінетінін білу, ерекше бір-бірін бейнелеу, яғни «мен» басқаларға қалай көрінемін.

Рефлексияны әлеументтік психологияда зерттегендер: Дж.Холмс, Г.Гибш пен М.Форберг, негізінен диадалдық (екі адамдық) әрекеттесу тұрғысынан қарастырады. Топтың рефлексиялық құрылымын зерттегенде диадалдық әрекеттесумен қатар, топтың ортақ әрекеті және соған байланысты жеке адамаралық қатынастарда пайда болатын рефлексияда күрделене түседі. Өзін-өзі дұрыс түсіну, басқаны дұрыс түсіне білуге үйрету-өте күрделі процесс, оған баулудың бір әдісі-перцептивті біліктілікті жетілдіретін әлеументтік-психологиялық тренингтің түрі. Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы-тартымдылық дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы. Қарым-қатынастың перцептивті жағын зерттегенде осыны есте тұтқан жөн, себебі бір жағынан, адамдар арасында бір-бірін ұнатушылық, достық сезімдері екіншіден, бұл құбылыстың қарым-қатынастағы маңызы қандай деген мәселелер туындайды. Аттракцияны түрлі деңгейлері анықталған: үнатушылық, достық, сүйіспеншілік. Кеңестік әлеументтік психологияда аттракция көп зерттелінбеген. Қазіргі кезде топтық іс-әрекетте аттракцияны зерттеу қолға алына бастады. Әлеументтік психологияның ерекше саласы-каузалды атрибуция деп аталады. Зерттеушілер Г.Келли, Э.Джонс, К.Дэвис, Д.Кенноуз, Р.Нисбет, Л.Стрикленд. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенде келеді. Латын тілінен аударғанда «causa» -себеп, яғни каузалды атрибуцияны-себепті телу деп түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы. Г.Келли атрибуциясының үш түрін қарастырады: жеке тұлғалық атрибуция, объектілік атрибуция және жағдайлық атрибуция. Бақылаушы көбіне жеке тұлғалық атрибуцияны пайдаланады (әрекет себептері сол әрекетті жасаушыға телінеді), ал қатысушы көбіне жағдайлық атрибуцияны (әрекет себептері жағдайларға телінеді). Мұндай жағдайлар, әсіресе табысқа жету мен сәтсіздік себептерін телігенде айқын көрінеді: әрекетке қатысушы сәтсіздік себептерін жағдайлармен байланыстырса, ал сырттан бақылаушы сәтсіздік себебін ең алдымен орындаушыдан көрінеді. Атрибуция құбылысының маңыздылығы көптеген эксперименттік зерттеулерден айқын көрінеді.

Әлеументтік психологияға енгізген Ф.Хайдердің идеясы бойынша, адамдар негізінде былай ойлайды: «жаман адамға жаман қасиеттер тән», «жақсыға-жақсы қасиеттер», яғни «жаман» адамдарға әрқашан жаман істер телінеді, ал «жақсыларға»-жақсы істер телінеді. Сонымен қатар каузалды атрибуция теориясында «жаман» адамға теріс істер телінгенімен, қабылдаушы өзін тек оң әрекеттер жасаушы деп бағалауы да қарастырылады. Көптеген эксперименттердің нәтижелері, адам қабылдауына маңызды рол атқаратын бағдар (установка) мәселесіне келіп тіреледі әсіресе, оның маңызы таныс емес адам туралы алғашқы ой қалыптасуына ерекше екенімен анықталады.

«Әлеументтік стереотип»терминін алғаш рет 1922 ж. У.Липпман енгізген. Әлеументтік стереотип (таптауырын) белгілі әлеументтік топ мүшесіне тән бір құбылыстың немесе адамның біршама тұрақты бейнесі. Әртүрлі әлеументтік топтар, нақты топтар (ұлт) немесе кәсіби топтар, өздеріне тән стереотиптерін жасайды, белгілі деректерді тұрақты түрде, заттарды үйреншікті түрде түсіндіру. Адамдарды түсінудегі стереотип екі түрлі салдарға әкелуі мүмкін: біріншіден, адамды түсінуі белгілі түрде жеңілдетеді, бұл жағдайда адамды қабылдауда эмоциялық қабылдау немесе қабылдау іске асырылмайды, жеңілдету (штамптарды пайдалану) арқасында түсіну процесін қысқартады. Екінші жағдайда, адамда жаңсақ наным пайда болуына әкеледі. Егер де бұрынғы тәжірибеден, ол адам туралы теріс пікір қалыптасса, оны жаңадан қабылдау да осы теріс көзқарас сақталады. Өте кең таралған стереотип (таптауырын) – этникалық таптауырын болып есептеледі, яғни белгілі ұлт өкілдері туралы тұрақты нанымдар, мысалға: жапондардың еңбексүйгіштігі, француздардың жеңіл мінезділігі, орыстардың көп сөйлегіштігі, қазақтардың кең пейілдігі т.с.с. Стереотип негізінде жаңсақ наным пайда болуының объективті болмысты қате түсінуге әкелетініне мысал ретінде педагогикалық стереотип-мұғалім санасында идеалды оқушы моделінің қалыптасуын көрсетуге болады. Ол-мұғалімнің жақсы педагог екендігін дәлелдейтін және оның жұмысын жағымды ететін, бірлескен әрекетке даяр, білімге ұмтылатын, тәртіпті оқушы. Осындай идеалға жақын балаларды, мұғалім, жақсы оқушы ғана емес, жалпы қарым-қатынаста сүйкімді, адал, парасатты адамдар деп қабылдайды. Оған қарама-қарсы «жаман оқушылар» бейнесіне жақын оқушылар, жалпы түрде енжар, агрессивті жаман адамдар, педагогтардың теріс эмоцияларын тудырушылар деп қабылданады. Мұғалімдердің осындай күтінулері, шын мәнісінде баланың нақты жетістіктерін көрсетпейді. Сонымен бірге осындай күтінулер баланың өзін-өзі қабылдауын да қалыптастыруы мүмкін. Батыс психологы Ристтің көрсетуінше, көп балалар мектепке толықтай ашылып дамымайды және өздеріне деген жақтырмаушылықты сезінеді, себебі, о-бастан оларға «дамымаған», «қабілетсіз», «ұщқалақ» деген атақ тағылған. Яғни мұғалімнен оқушыға бағытталған кері байланыс көбіне, Р.Бернстің айтуынша «өзін-өзі актуалдайтын сәуегейлік» формасында іске асырылады. Мәселен, бір экспериментте бірінші сынып мұғалімдерінің қыздар мен ұл балалардың арасындағы оқу темпін игеруі туралы пікірлерін анықтаған. Мұғалімдердің бір тобы, бұл жерде жыныстық айырмашылық жоқ десе, екінші тобы ұл балалар қыздарға қарағанда нашар игереді деген. Бір жыл өткен соң жүргізілген өлшеулерден, 1 топтағы мұғалімдер сыныптарында, расында да ұлдар мен қыздардың оқуды игеруінде айырмашылық болмағаны, ал екінші топ мұғалімдерінің сыныптарында ұл балалар негізінен қыздардан қалыңқырағаны байқалған көрінген. Бұл сипатталған дерек «күтіну таптауырыны» немесе «Пигмалион эффектісі» деп аталады. Ол идеалды оқушы бейнесінің немесе мұғалімнің теориялық педагогикалық тұжырымының, тіпті оқушының есімінің негізінде де қалыптасуы мүмкін. Мұғалімге ұнайтын есімді оқушылар, педагогқа ұнамайтын есімі бар балаларға қарағанда өздерін сенімдірек сезінетіндерін зерттеулер көрсетеді. Баланың есімі оның оқу үлгерімінің табыстылығына байланысты мұғалім күтінулеріне де әсер етеді. «Күтіну таптауырыны» педагогикалық процестегі нақты әрекетте көрінетін фактор. Ол мұғалімнің бағдары мен күтінулерінен ғана емес, оның мінез-қылығынан да белсенді көрініс беруіне байланысты.

 








Дата добавления: 2016-02-16; просмотров: 27082;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.