транссудациясын жасау. 23 страница
5. Осы мақсатпен кәдімгі резеңке грушаның үшкір үшін ке-
сіп тастап немесе электросорғышпен қолдануға болады.
6. Науқастың алынатын тіс протездері бар болса алу керек.
7. Ауыз қуысында бөтен зат болса, оны 2-3 саусақтармен қысқыш
ретінде ұстап алып, шығару керек.
8. Сол қолыңызды мойын астына, ал оң қолыңызды науқастың маңдайы-
на қойып, емделуші басын шалқайтыңыз.
9. Жауырын астына валик қойыңыз. Осындай қалыпта емде-
лушінің тілі жоғары көтеріліп, жұтқыншақтың артқы қабырға-
сынан ажырайды. Осы әдіспен ауа жолындағы кедергілер жойы-
лып, тыныс алу жолдарының саңылауы кеңейеді.
Осы шаралар өте қажетті, өйткені науқас арқасында жатқанда және бұлшық ет босаңсығанда тыныс алу жолдарының саңылауы тарылады, ал тілдің түбірі кеңірдекке кіретін тесікті бітейді.
«Ауыздан-ауызға» әдісімен өкпеге жасанды вентиляция жасауӨкпенің жасанды тыныс алуы (ӨЖТА)ӨЖТА-ын жапа шеккен кісінің өкпесіне ауаны белсенді түрде үрлеу әдісімен жүргізеді.
ӨЖТА міндеттері - өкпе альвеолалары тыныс алуы жойылған немесе әлсіз көлемін алмастыру немесе орнын басу. ӨЖТА-ды бірнеше әдістермен жүзеге асыруға болады. Соның ішіндегі ең қарапайым әдісі - "ауыздан мүрынға", "ауыздан ауызға" әдісімен өкпеге жасанды вентиляция жасау болып табылады.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз етіңіз.
2. Науқастың маңдайында тұрған қолдың 1-2-шісаусақтарымен
науқастын мұрнын қысып, өкпені "ауызбен-ауызға" әдісімен
жасанды түрде тыныс алдырыңыз.
3. Терең дем алыңыз, кейіннен дәкеден жасалған салфетка-
мен жабылған емделуші аузына өз аузыңызды тығыз түрде ба-
сып, оның тыныс алу жолдарына терең, күшті түрде дем шыға-
рыңыз. Кеуде торы жақсылап керілетіндей етіп ауаны жеткі-
лікті көлемде үрлеуге тырысыңыз.
4. Емделуші басы шалқайған күйінде сүйеп отырып шегіні-
ңіз, ырықсыз дем шығарудың жүзеге асырылуына мүмкінші-
лік беріңіз. Кеуде торы орнына түсіп, бастапқы қалпына кел-
ген кезде, циклды қайталаңыз.
Тыныс алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығына қарағанда 2 есе қысқа болуы керек. Үрлеу жиілігі орташа есеппен алғанда минутына 12-14 рет болуы керек.
ӨЖТА "ауыздан мұрынға" әдісімен жүргізген кезде, емделушінің жағдайы өзгермейді, бірақ емделуші аузын жабады, сонымен қатар төменгі жағын алға қарай жылжытады. Ол тілді жұтудың алдын-алу үшін жүргізілетін шара. Үрлеуді науқастың мұрны арқылы жүргізеді.
ӨЖТА нәтижелі болуының белгілері
1. Үрлеумен бірге кеуде торының үйлесімді кеңеюі
2. Ауаны үрлеген кезде ауа ағымының қозғалысын есту және
сезу
ӨЖТА асқынулары
Ауаның асқазанға енуі, соның салдарынан іштің кебуі дамиды. Ол асқазандағы сұйықтың регургитациясына (кері лоқсу, яғни құсу, кекіру) әкеледі.
Жүрекке жабық уқалау жасау
Жүрек кеуде мен омыртқа аралығында яғни екі қатты беткейліктің арасында орналасқан. Ол екеуінің арақашықтықтарын азайта отырып, жүректі қысып, жасанды систола жасауға болады. Соның әсерінен қан жүректен үлкен және кіші қан айналымына барады. Егер жүрекке қолмен күш салуды тоқтатса, онда жүректің қысылуы тоқта лып, оған қан жиналады. Бұл жасанды диастола. Кеуде торын ырғақты қысу және босату ағзаға қажет қанайналымды қамтамасыз етеді. Бұл өкпенің жасандыүрлеуімен бірге өткізілетін жандандырудың ең кең таралған әдісі - оны жүрекке тікелей емес уқалау деп атайды.Іс-әрекет алгоритмі:
1) Науқасты қатты жерге (еденге, жерге; опе-
рациялық үстелге, каталкаға, қатты төсекке, т.б.) жатқызыңыз.
2) Науқастың сол жағына түрып алақаныңызды төстің төменгі 2/3
бөлігіне семсер тәрізді өсіндіден 1,5-2см (2 саусақ) жоғары қойыңыз.
Бір қолдың алақанын төске перпендикулярлы қойып, келесі қолдың ала-
ңанын біріншіге перпендикуляр етіп үстіне қойыңыз.
Екі қолыңызды максималды жазып, ал саусақтарыңызды кеудеге
тигізбеңіз. Астындағы қолдың саусақтары жоғары қарау керек(бас
жаққа қарай).
3) Бүкіл дененің күшімен қолдың көмегімен көкірек қуысы 4-5 см
дейін майысқандай қылып бір ырғақпен басыңыз, майысқан
қалпын 1 секундтан аз ұстау керек. Басуды тоқтатыңыз, бірақ
кеудеден алақаныңызды алмаңыз. Кеудені басу саны минуты-
на 60-70 ретболу керек.
Жүрекке жабық түрде укалаудың тиімділігінің критерийлері
1. Терінің түстерінің өзгеруі (олар боз немесе сұр болады).
2. Көз қарашықтарының тарылуы, жарыққа реакцияның пайда болуы.
3. Ұйқы, сан қан тамырларында пульс пайда болады. 60-80мм сынап
бағанасы деңгейінде қан тамырында қан қысымының пайда болуы.
4. Соңынан өзіндік тыныстың қайта қалпына келуі.Жүрекке тікелей емес уқалау жасағанда байқалатын асқынуларҚабырға мен төстің сынуы, оның нәтижесінде жүрек, өкпе, плевраның жарақаттануы мен пневмоторакс, гемоторакстың дамуы. Жүректі қайта жандандыруды кез келген жағдайларда жүрек қағысы қай жерде тоқталса да дереу жасау керек. Науқасты тірілтудің негізгі шарты тыныс алу жолдары өткізгіштігі мен жасанды тыныс пен жүрекке массаж жасаудың дұрыс сәйкес келуі. Үш кезеңді бірге қолдану қанға оттегінің жеткілікті түсуі мен басқа ағзаларға, бірінші кезекте бас миға жеткізілуін қамтамасыз етеді.Бір адам арқылы тірілтуТыныс алу жолдарының өткізгіштігін камтамасыз етіп, өкпеге екі рет үрлеу жіберіп, содан кейін 10-15 рет кеудеге (2:10-2:15 сәйкес) күш салады.Екі адам арқылы тірілтуБір адам ӨЖТА-ды жасайды, ал екіншісі - ауаны ішке тартуға 4-5 рет кеудеге күш салып (1:4-1:5 сәйкес) жүрекке уқалау жасайды.Жандандырудың маңызды ережесі- төске күш салу кезінде жасанды тынысты тоқтату және керісінше жасанды тыныс кезінде жүректі уқалауға болмайды.
Әр 2-3 минут сайын өкпе-жүрек реанимациясының тиімділігін бағалау қажет. Өкпе-жүрек реанимациясы жүрек қызметінің толық қалпына келуіне (жүрек жиырылуының, шеткі артерияларда пульстің пайда болуы, қан қысымының 70-80 мм с.б. деңгейінде және тыныстың тұрақталуы) дейін жүргізіледі.
Жасанды тыныс және жүректі жабық уқалаумен қатар дәрілік терапия жүргізіледі. Егер жүрек қызметі қалпына келсе, уқалауды тоқтату қажет, ал жасанды тыныс өзіндік тыныс пайда болуға дейін жалғастырылады. Егер жасанды тыныс және жүректі жабық уқалауды бастаудан 10-15 минуттан соң жүректің қызметі қалпына келмесе, көз қарашықтары кеңейген түрінде сақталып, жарыққа реакциясы болмаса, ағзада қайтымсыз өзгерістер және мидың өлімі байқалғанын айтуға болады. Бұл кезде реанимацияны тоқтатқан жөн.
Жүрекке тікелей емес уқалау жасау үшін алақанды төске қою аймағы
Алғашқы қарау - науқастың өміріне қауіп төндіретін синдромдар анықталатын процесс. Оған 30 секунд беріледі. Алгашқы қарау кезінде өмірге өте қауіпті параметрлер анықталады. Белгілі американды Питер Сафар реанимацияны үш кезеңге бөлді:
А- Аіг №ау ореп - тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету; В – Вгеathe for victim - ӨЖЖ -ді бастау; С – Сіreulation his blood - жүрек массажына кірісу.
А кезеңі - тыныс жолдарын қалпына келтіру әдістері:
• Науқасты шалқасынан жатқызу?
• Науқастың жанына тұрыңыз
• Сафардың үш тәсілі жүргізіледі - науқастың басын шалқайтыңыз, астыңғы жақ сүйегін итеріп шығарыңыз, аузын ашыңыз.
Содан кейін ӨЖЖ - ді бастаймыз, В кезеңі. жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілдерімен, Амбу қабымен, 8 – тәрізді ауа жібергіш, интубациялық трубка арқылы науқастың өкпесіне ауа үрлеу шұғыл жағдайда ӨЖЖ - дің таңдап алынатын тәсілі болып табылады. Екі рет дем салып, кеуде клеткасының тыныс алуға тән қозғалыстары бар ма екен деп, науқастың кеуде клеткасына қараймыз, егер алғашқы талпыныстар нәтижесіз болса, онда бұл тыныс жолдарының бөгде нәрсемен бітеліп қалуымен байланысты болуы мүмкін. Тыныс жолдарының өткізгіштігін калпьша келтіру керек (ер адамдар тыныс алғанда кеуде клеткасы көк ет тұсында, ал әйел адамдарда - бұғана аймағында қозғалатынына көңіл бөліңіз). Тыныс алуды бақылау 4-5 секундтан аспауы керек.
1. Тілдің түсіп кетуі тыныс жолдарының бітелуінің неғұрлым жиі себебі болып табылады, әсіресе бұлшық ет тонусы төмендеген науқас шалқасынан жатса және есінен танған науқастарда. Сонымен қатар көмей үсті төмен түседі де тыныс жолдарынан одан сайын бітейді. Тілдін түсіп кетуінің алдын алу және жою үшін Сафардың үш тәсілін жүргізу керек. Мұндай шаралар дұрыс және дер кезінде жүргізілсе, тыныс жолдарының өткізгіштігі жұтқыншақ деңгейінде тез қалпына келеді. Сондай-ақ, тілдің түсіп кетуінің алдын алу үшін 8 - тәрізді ауа жібергішті қолдануға болады. Оны енгізер алдьщда аспираторды қолдану арқылы немесе дәкелік салфетканың көмегімен науқастың ауыз жұтқыншағын жылдам тазалау қажет. Ауа жібергішті екгізу үшін науқастың аузын ашады, түтікті, оның тесігі таңдаймен «сырғитындай» қылып, тілдің түбіріне қарай жылжытады.
2. Бөгде заттар - тамақ, кұсық, шырыш, қан, тістің, протездің сынықтары. Бөгде нәрсенің болуына тамақ, сұйықтық қабылдаумен байланысты болуына күдіктену көрсетуі мүмкін. Науқас мойнын ұстайды, сөйлей алмайды, терісі көкшіл тартады, жөтел пайда болады. Күдіктену негізді, толық сенімді кезде ғана бөгде затты алуға болады. Өздік тыныс алуы сақталған және есінен танбаған кезде науқасты қатты жөтелуін өтініңіз, мүмкін, тыныс шығару кезінде кеуде клеткасының артқы ортаңғы бөлігінен алақанмен ұрғылаңыз (5 ретке дейін). Саусақпен алуды қолдануға болады. Науқастың бетін жоғары көтеріңіз, оның тілін астыңғы жақ сүйегімен бірге үлкен саусақ пен басқа саусақтардың арасына қысып тыңып, аузын ашыңыз, астыңғы жақ сүйегін тартыңыз. Екінші қолдың сұқ саусағын тілдің түбіріне қарай жұтқыншакка тереңірек енгізіңіз. Бөгде затты іліп алып, ауыз қуысына шығаруға талпынып көріңіз. 1-2 талпыныс қана жасалады. Егер саусақпен алынбаса, онда Геймлих тәсілі қолданылады.
А) Есінен танбаған науқасқа Геймлих тәсілін қолдану. Науқастың артына тұрыңыз, бір аяғыңызды науқастың аяқтарының арасына қойыңыз (егер науқас тәсілді колдану кезінде есінен танса, сіздің аяғыңызбен төмен сырғиды). Қолдарыңызбен науқастың іш деңгейінен ұстаңыз. Оң колдың саусақтарын жұдырыққа түйіп, басқа қолдың саусақтарымен оны қысыңыз да шеміршектен анағұрлым төменірек іштің ортаңғы сызығы бойымен кіндіктен жоғары жерден ұстаңыз да бөгде зат шыққанша алдыдан артқа және жоғары қарай қатты сілкілеңіз (бөгде затты саусақпен алуға талпынып керуге болады), науқас тыныс алып, сөйлей алады.
Б) Есінен танған науқасқа Геймлих тәсілін қолдану.
Науқасты арқасына жатқызып, басын шалқайтыңыз, астыңғы жақ сүйегін тартыңыз, аузын ашыңыз. Еденге тізелеріңізді тіреп, науқастың сандарына мініп отырыңыз. Қолдарыңызды айқастырып ұстап, іштің ортаңғы сызығымен кіндіктен сәл жоғары жерге қойыңыз да төмен және бас жаққа қарай 8-10 рет, бөгде зат шыққанға дейін, соққы тәріздес қозғалыстар жасаңыз, науқас тыныс алып, сөйлей алады.
В) Толық адамдарға немесе жүкті әйелдерге Геймлих тәсілін қолдану.
Науқастың артына тұрыңыз да кеуде клеткасын қолтық астынан. құшақтаңыз. Оң қолыңызды жұдырыққа түйіп, төстің ортаңғы бөлігіне қойыңыз, оны екінші қолдың саусақтарымен ұстаңыз да бөгде зат шыққанша ішке қарай қысатын қозғалыстар жасаңыз.
Г) Егер толық науқас немесе жүкті әйел есінен танса, қолданылатын Геймлих тәсілі.
Егер науқас есінен танып қалса, оны қатты жерге арқасына жатқызыңыз. Басын шалқайтыңыз, астыңғы жақ сүйегін тартыңыз, аузын ашыңыз. Науқастың жанына, кеуде тұсында, тізерлеп отырыңыз, қолдарыңызды айқастырып ұстап, төстің теменгі бөлігіне шеміршектен жоғары жерге қойыңыз, ішке қарай 8-10 рет қозғалыс жасаңыз.
Егер Геймлих тәсілі нәтижесіз болса, онда тікелей ларингоскопияның көмегімен трахеяны интубациялау бөгде затты алудың және тыныс жолдарының өткізгіштігін демейтін неғұрлым нәтижелі тәсіл болып табылады, оны дәрігер орындайды.
Көмекей тұсында тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуы салдарынан болған жедел тыныс жетіспеушілігшің ауыр түрінде, және абсолютті көрсеткіштер болғанда (бет сүйегінің ауыр мертігулерінде, жүзік тәрізді шеміршек сынғанда, бөгде зат тұрып қалғанда, әртүрлі себепті көмекей мен тілдің ауыр ісінулерінде) коникотомия немесе трахеостомия жүргізіледі.
Коникотомия. Трахеостомия
Науқас шалқасынан жатыр, иық тұсына валик қойылған. Басы шалқайтылған, астыңғы жақ сүйегі көтерілген. Жедел асфикция кезінде анестезиясыз жүргізіледі, қалған жағдайда мойынның алдыңғы жағының терісі новокаиннің 0,5%-2% ерітіндісімен жансыздандырылады. Теріні өңдегенен кейін көмекей қалқанша шеміршектің бүйір жақтарына бекітіледі және қалқанша жүзік тәрізді мембрана сезіледі. Оны кесу немесе тесу жүргізіледі, тесікке трахеостом канюлясы немесе кез келген түтік енгізіледі де мойынға бекітіледі.
Тыныс жолдарының өткізгіштігі қалқанша жүзік тәрізді мембранаға 2-3 жуан инені кіргізу арқылы қалпына келуі мүмкін (Дюфо инесі немесе инфузиялық жүйенің инесі). Инелер трахеяның өсіне сүйір бұрышпен 1,5-2 см тереңдікке енгізіледі.
ӘЖЖ-ге тән қателіктер мен асқынулар.
• Реаниматор мен науқас арасында бүтіндіктің болмауы.
• Тілдің түсіп кетуі.
• Ауаны асқазанға үрлеу (ішті басуға болмайды, оның ішіндегісі тыныс жолдарына түсуі мүмкін)
Егер тыныс жолдары ашылса, онда С кезеңі жүргізіледі - ұйқы артериясыкда тамыр соғуы анықталады, Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты көмекейдің ортаңғы бөлігіне қойыңыз да мойыннын сізге жақын жағындағы төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық еттің алдыңғы шетіне дейін жүргізіңіз. Тамыр соғуы 5-10 секунд бойы, тек оның бар екендігі ғана анықталады. Егер тамыр соғуы болмаса, жүректің тікелей массажына
Журек-өкпелік реанимацияның қарсы көрсеткіштері:
1. Биологиялық өлім жағдайы.
2. Реанимациялық шараларды жүргізудің сәйкессіздігі (ұзақ, созылмалы ауру, созылыңқы жанталасқан жағдай, ағза мен жүйелердің қызметтерін қалпына келтірудің імүмкін болмауы).
Іс-әрекеттің реті:
1. Сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясының бар жоғын анықтау үшін науқасты иығынан ұстап сілкілеп, айғайлап бірдеме сұраңыз. Омыртқаның зақымдану мүмкіндігін ескере отырып, қатты қозғалыстар жасамаңыз.
2. Науқасты қатты жерге арқасына жатқызыңыз, кеудесін жалаңаштаңыз
3. Сафардың үш тәсілімен тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіріңіз, омыртқаның мертігуіне күдіктену болғанда тек астыңғы жақ сүйекті тартуды және ауызды ашуды ғана орындаңыз (басты шалқайту жүргізілмейді). Ауыз қуысын тазартыңыз.
4. Тыныс алудың бар екендігін «көремін», «естимін», «сеземін» тәсілдері арқылы анықталады. Науқастың кеудесі қозғалама жоқ па соны бақылай отырып, оның аузының үстіне құлагыңызды орналастырыңыз. Көзбен және кұлақпен 3-5 секунд бойы тыныс алуды анықтап керініз.
5. Егер тыныс салу анықталмаса, екі рет тыныс алдырыңыз: науқастың мұрнын үлкен және сұк саусакпен қысып тұрып, аузыңызды оның аузына тигізіп, кеуде клеткасының көтерілуін бақылай отырып, 1-1,5 секунд ұзақтықта жайлап терең тыныс шығарыңыз. Ауаның өкпеден шығуына мүмкіндік беріңіз. Содан кейін тағы бір рет тыныс алдырыңыз.
6. Өзіңізге жақын жақтан 15 секундан кем емес уақыт бойы ұйқы артериясындағы тамыр соғуын тексеріңіз.
7. Егер ұйқы артериясында тамыр соғуы болмаса, жүрек-өкпелік ' реаниамция жасаңыз (ЖӨР).
ЖӨР бір құтқарушымен (2:15)
1. Құтқарушының саусақтары төс шеміршегіне қарай қабырға доғасымен жылжиды. Бір колдың алақанының проксимальды бөлігін төс шеміршегінен екі көлденең саусақ мөлшерінде жоғары орналастырыңыз. Басқа қолдың алақанының проксимальды бөлігін бірінші қолдың үстіне қойыныз.
2. Дене салмағы түсу үшін кұтқарушы иығы компрессия түсетін жерге қатаң түрде вертикальды болатындай орналасады.
3. Төсті 3-5см майыстырып вертикальды төмен басыңыз. Массаж ырғағын сақтаған жөн, бұл үшін «и-1, и-2, и-3, и-4, и -5, и т.б.» деп, дауыстап санайды (егер құтқарушыға көмекке тағы бір құтқарушы қосылса).
4. Үлкендер мен 8 жастан асқан балаларға компрессия минутына 80-100 рет есебімен жүргізіледі, кішкене жастағы балаларға - минутына 100 реттен кем болмауы керек.
5. Қолдар төстен алынбайды, науқастың қалпы өзгертілмейді.
6. 15 компрессия жасаңыз
7. 1 толық тыныс алу мен тыныс шығару жасаңыз (жоғарыдан қараңыз).
8. Тыныс алу мен компрессияның қатынасы 2:15
9. ЖӨР - ң 4 кешенін жасап, реанимацияның нәтижелілігін бағалаңыз.
10. Егер реанмиациялық шаралар нәтижелі болса, көмек келгенше, 30 минут бойы, реанимациялық шараларды жалғастырыңыз.
ЖӨР екі құтқарушымен (1:5)
1. Бір кұтқарушы (үлкені) науқастың бас жағына орналасады, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясын тексереді, тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіреді және өз бетімен тыныс алудың бар жоғын тексереді (АВ пунктерін орындайды).
2. Егер сыртқы тітіркендіргіштерге реакция, тыныс алу болмаса, екі толық тыныс алдыруды жасайды, содан кейін ұйқы артериясындағы тамыр соғуын тексереді.
3. Егер ұйқы артериясында тамыр соғуы болмаса, екінші құтқарушы кеуде түхына орналасады да 5 компрессия жасайды, «и-1, и-2, и-3, и-4, и-5» деп дауыстап санайды.
4. Бас жақта тұрған үлкен құтқарушы бір рет үрлейді (бірінші мен екінші құтқарушының қимылдарының үйлестігі болуы керек), екінші құтқарушы компрессия жасайды да «и-1, и-2, и-3, и-4, и-5» деп дауыстап санап, «дем сал» деп команда береді.
5. 4 кешеннен кейін (дем салу - компрессия 1:5) реанимацияның нәтижелілігі тексеріледі. ЖӨР ұзақтығы - 30 минут.
Реанимацияның нәтижелілігінің белгілері
1. Ұйқы артериясының соғуының пайда болуы.
2. Көздің қарашығы жарыққа тарылады.
3. Терінің түсі жақсарады.
4. Өз бетімен тыныс алу пайда болады.
5. Аяқ-қолдардың өздігінен қозғалуы пайда болады.
ЖӨР асқынулары
1. Қабырғалардың сынуы
2. Төстің сынуы
3. Бауырдың, өкпенің, жүректің жыртылуы
Реанимация жайында түсінік және реанимация бөлімшесіндегі жұмыс.
Ағзаны тірілтудің түрлі аспектісін және жанталасу кезін емдеу әдістерін және алдын алуын зерттейтін клиникалық медицинаның бір саласы реаниматология болып табылады. Реанимациялық шаралар турлі ауруларда және түрлі жағдайларда: жүрек кызметінің кенеттен тоқтағанда (жедел миокард инфарктісі, электрлік травма), жедел тыныстың тоқтауы (трахеядағы бөгде зат), түрлі улармен улану, ауыр жарақаттану, қан жоғалту, жедел бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінде жүргізіледі. Егер өмірге қажетті органдардың қайтымсыз зақымдануы болса, организмнің барлық компенсаторлы қызметтері жойылса, клиникалық өлімнен кейін 8 минуттан соң реанимациялық шараларды жүргізбейді.
Өмір мен өлімнің арасындағы жағдай терминальді немесе жанталасу деп аталады. Өлім процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:
Жанталасуға дейінгі жағдай (предогональді) ішкі органдардьщ ауыр гипоксиясына байланысты біртіндеп науқастың есі ауытқиды, тыныспен кан айналым бұзылады. Бұл кезең 5-10 секундтан 3-4 минуттық терминальді үзіліспен бітеді.
Жанталасу (агония) қысқа уақыттық ҚҚ мен тыныстың жоғарылауымен, кейде кысқа уакыттық естің келуімен сипатталады. Содан соң кенентен ҚҚ төмендеп, жүрек соғуы сиреп, тынысы бәсевдейді, есін жоғалтады. Ауру сезімталдыгы жойылып, рефлекстер жойылады, көз қарашығы кеңейеді, зэр мен нәжісі еріксіз шығып, дене температурасы төмендейді.
Клиникалық елім ұзақтығы 5-6 минуттық қалпына келтіруге болатын кезең, бул кезде организмнің кызметінің сыртқы белгілері жойылады, бірақ ішкі органдардың қызметі кайтымсыз емес. Реанимациялық шаралар көмегімен организмнің қызметін толык қалпына келтіруге болады.
Биологиялық өлім кезінде барлық органдардың қызметін (ең басты бас миының қызметі) қайта калпына келтіру мумкін емес. Реанимациялық шаралар арнайы бөлімшелерде жүргізілсе тиімдірек болады. Ірі ауруханалардағы ұйымдастырылған реанимациялық бөлімшелер жалпы профильдік болып табылады. Бұл жерде түрлі аурулар және жағдайлар: операциядан кейінгі наркозда жатқан науқасты бақылау және емдеу, т.б.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1603;