транссудациясын жасау. 19 страница

6. Зертханадан алынған қорытындыларды ауру тарихына жабыстыру.

Бактериологиялық зерттеуге зәр жинау

Мақсаты: бүйректің микробпен ұрықтану сатысын, бактерия сипатын

анықтау.

Жабдықтау: мақта –дәкеден жасалған тығыны бар залалсыздандырылған

/бактериологиялық зертханадан алынған/ пробирка.

Мейірбикенің іс- әрекеті:

1. Ыдысты дайындау және жолдама жазу.

2. Бір күн бұрын емделушіге зәрді жинау ережесін айту. Науқас таңертең мұқият қайнаған су, фурациллин немесе марганцовканың әлсіз ерітіндісімен дәрет алған соң 3салфеткамен сыртқы жыныс мүшелері және зәр шығару түтігі құрғатылады.

3. 10-15 мл зәрдің ортаңғы бөлігін (пробирка 1/3 бөлігіне мақта тығынға жетпеуі тиіс) алады. Пробирка залалсыздандырылған, сол себепті ол аз уақытқа ғана ашылуы керек.

4. Пробирканы штативпен және жолдамамен лабораторияға жіберу қажет.

5. Зертханадан алынған қорытындыларды ауру тарихына жабыстыру.

Ескерту: Егер зәр табиғи жолмен алынбаса, дәрігердің нұсқаулары бойынша зәрді түтік көмегімен алады.

Зертханалық зерттеулерге нәжісті алу

Нәжісті лабораториялық зерттеу:

- копрологиялық зерттеу;

- нәжісті глист жұмыртқаларына тексеру;

- нәжісті жасырын қанға тексеру;

- нәжісті қарапайым құрттарға тексеру;

- нәжісті бактериологиялық зерттеу;

- нәжісті диз топқа тексеру;

Зерттеу нәтижелері науқасты дұрыс дайындауға, материалды дұрыс жинау, сақтау және тасымалдауға тікелей байланысты.

Нәжісті бөлінгеннен 8-12 сағатқа дейін, 3-5Стемпературада сақтаған жағдайда зерттеу қажет. Нәжісті таза құрғақ, мүмкін болса, шыны ыдысқа жинау қажет. Нәжісті тексеру арқылы ас қорыту мүшелеріндегі патологиялық, функционал өзгерістер, паразиттер анықталады.

Копрологиялық зерттеу

Мақсаты: ас қорыту жолдарының әртүрлі бөлімдерінің қорыту мүмкіндігін

анықтау.

Жабдықтау: пенициллиннен босаған таза, құрғақ шыны флакон, үшкір ағаш жаңқасы, жолдама.

Мейірбикенің іс- әрекеті:

1. Нәжісті жинау ретімен науқасты таныстыру.

2. Науқасты таңертең ұйқыдан оятып, әжетханадағы судноға отыруын

сұрану керек.

3 Нәжісті жалпы көріп шығып, ағаш жаңқасымен бірнеше жерінен 5-10г

алып ыдысқа салады.

4. Заттаңба жабыстырып, лабораторияға жіберіледі.

5. Зертханадан келесі күні алынған нәтижесін ауру тарихына

жабыстырады.

Ескерту. Зертханалық клизмадан кейін балауыз енгізгеннен кейін, ішке бояушы затты қабылдағанда, іш жүргізетін дәрілерді қабылдағанда, висмут, құрамында темір бар дәрілерді қабылдағанда, асқазанды рентгенологиялық тексеруден кейін нәжісті апаруға болмайды.

Қолданғаннан кейін жаңқа жағып жіберіледі немесе 2 сағатқа 0,06% деохлор ерітіндісіне немесе 3% хлор ерітіндісіне батырылады. Нәжіс зертханаға жиналған соң, 8 сағат ішінде жеткізілу керек. Бұл жағдайда оны 3-5С температурада консервант қосып (5-10% формалин ерітіндісі) сақтайды.

Нәжісті глист жұмыртқаларына тексеру

Жабдықтау: Таза құрғақ шыны ыдыс.

Мейірбикенің іс әрекеті:

1. Нәжісті жинау ретімен науқасты таныстыру.

2. Дефекациядан кейін ағаш жаңқасы мен нәжістің үш түрлі жерінен бөгде қоспаларсыз алу.

3. Заттаңба жабыстырып, лабораторияға жіберіледі.

4. Зертханадан келесі күні алынған нәтижесін ауру тарихына

жабыстырылады.

Ескерту. Тексеруді 3-реттен кем емес қайталайды.

Нәжісті жасырын қанға тексеру

Мақсаты: асқазан-ішек жолдарынан жасырын қан кетуді анықтау.

Жабдықтау: пенициллиннен босаған таза, құрғақ шыны флакон қақпағымен және лейкопластырь, ағаш жаңқасы.

Мейірбикенің іс - әрекеті:

1.Диетаға байланысты науқасты нұсқауландыру. Науқас 3-күн

дайындалады, құрамында темір бар тағамдарды (ет, балық, қызанақ, жұмыртқа, барлық жасыл жемістер, бауыр, уылдырық, қарамық ботқасы) қабылдауға болмайды.Сонымен қатар құрамында иод, бром, темір бар дәрілерді қабылдауға болмайды.

2. Науқас дәрет ыдысына отырғаннан соң қанның барына күдіктенген жерден

ағаш жаңқамен 10-12-г нәжісті алып флаконға салып зертханаға

жіберіледі.

3. Заттаңба жабыстырып, лабораторияға жіберіледі.

4. Зертханадан келесі күні алынған нәтижесін ауру тарихына

жабыстырылады.

Ескерту. Егер емделушінің қызыл иегі қанаса, ол тістерін щеткамен жумайды, тек 3% сода ерітіндісімен шаяды. Егер емделу мұрыннан немесе геморроидалды қан кетумен ауырса, тексеру жүргізілмейді.

Нәжісті қарапайым құрттарға тексеру

Жабдықтау: Таза құрғақ флакон, жаңқа. Егер нәжісті алған уақытта зертханаға жеткізу мүмкіндігі болмаса, онда ыдысқа алдын-ала зертханадан консервант алып қосады.

Мейірбикенің іс -әрекеті:

1. Клиникалық зертханадан консерванты бар флакон (флаконның ½ көлемі)

алу.

2. Жолдаманы толтыру.

3. Науқасты үйрету- жаңа бөлінген нәжісті жаңқаның көмегімен флаконға

салу (алынған консерванттың 1/3 көлемі ). Флаконның тығыны

лейкопластырмен бекітіледі. Флаконды емделуші мейірбикеге дереу

әкеліп беруі керек.

4. Дефекация актісінен кейін 15-20 минуттан соң, нәжісті клиникалық зерт

ханаға жылы қалпында жеткізу.

5. Алынған мәліметті ауру тарихына жабыстыру.

6. Тексеруді әрбір 2 күннен кейін 5 рет қайталайды.

Ескерту. Нәжіс жылы күйінде жеткізіледі. Өйткені суып қалса - қарапайымдылар өздерінің қозғалысын жоғалтады да, тез өледі.

Нәжісті бактериологиялық зерттеуге жинау

Жабдықтау: Консервант бар залалсыздандырылған пробирка, залалсыздандырылған сым жаңқа, дез.ерітінді.

Нәжіс дәрет ыдысынан дефекациялаудан кейін су мен зәр қоспаларынсыз, әсіресе патологиялық қоспалар (кілегей, запыран, бірақ қан емес) бар жерден алынады.

Ескерту. Нәжісті бактериологиялық зерттеуге амбулаториялық жағдайда мақта тампонымен тік ішектен залалсыздандырылған пробиркаға алынады.

Мейірбикенің іс- әрекеті:

1.Науқастың жамбасының астына клеенка төсеп, аяқтарын бүгіп сол

қырынан

жатқызылады.

2. Пробирканың ішінен мақта тампонымен алып тік ішекке 9-10см енгізіледі.

3. Алюмин таяқшаға оралған мақта тампонына тік ішектегі нәжіс жағып

алынады.

4. Пробиркаға мақта тампонымен салынады.

5. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазып пробирка жіберіледі.

Лабораторияға нәжісті қағазбен, картон немесе сіріңкенің қораптарымен жіберуге болмайды.

Нәжісті дизтопқа тексеру

Мақсаты: дизентерия мен бактерия тасымалдаушы науқастарды анықтау.

Жабдықтау: консервантымен залалсыздандырылған пробирка (англиялық қоспа), залалсыздандырылған жаңқа немесе шабақ, дез ерітінділер.

Мейірбикенің іс- әрекеті.

1. Нәжісті құмыраға немесе дәрет ыдысына жинау.

2. Ағаш жаңқамен немесе темір шабақпен нәжістен шамалы алып, әсіресе

кілегей бар жерден, абайлап пробиркаға қабырғасына тигізбей салып

мақта тығынын жабу.

3. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазып пробирка жіберіледі,

болмаса материалмен пробирка салқын жерде сақталады.

4. Қанды бөлініске құрғақ хлор ұнтағын 1 сағатқа сеуіп тастау немесе 10% хлор ерітіндісін 1 сағатқа құйып қою.

 

Бактериологиялық зерттеуге биологиялық материалды алу

- жұтқыншақтан жағынды алу;

- мұрыннан жағынды алу;

Жұтқыншақтан және мұрыннан жағынды алу

Мақсаты: Жұтқыншақта микробтарды анықтау. Менингококк, баспа, стафилакокты жұқпаларда жиі алынады.

Жабдықтау: стерильденген тампоны бар пробирка және шпатель.

Мейірбикенің іс- әрекеттері:

1. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызу керек.

2. Науқастың тілін шпательмен басып, оң қолымызбен пробирканың

ішіндегі тампонды шығарып аламыз.

3. Сол қол арқылы шпательдің көмегімен тілін басып тұрып, оң қолмен

пробирканың ішіндегі тампонды шығарып жұтқыншақтан жағынды

аламыз.

4. Стерильденген тампонды пробирканың сыртына тигізбестен жайлап

пробирканың ішіне саламыз.

5. Бактериологиялық лабораторияға жолдамамен жібереміз.

Мұрыннан жағынды алу

Жабдықтау: стерильденген тампоны бар пробирка және шпатель.

Мейірбикенің іс- әрекеттері:

1. Науқастың басын жоғары көтеріп отырғызу.

2. Сол қолымызбен пробирканы алып, оң қолымызбен тампонды шығарып

аламыз.

4. Сол қолымызбен науқастың мұрнының ұшынан жоғар көтеріп, оң

қолымызбен тампонды айналдыра төменгі мұрын жолына кіргіземіз,

содан соң екінші бөлігіне кіргіземіз.

5. Тампонды пробирканың ішіне саламыз.

6. Пробирканың сыртына жолдама жазып лабораторияға жібереміз.

10.Эндоскопиялық зерттеу әдістері

Эндоскопиялық зерттеу тәсілдері - ерекше оптико-механикалық құралдардың арқасында көз бен қуыс мүшелерінің шырышты қабатын тексеру тәсілдеріне негізделген. Тексеру кезінде биопсия (тексерілетін ағзадан кішкене бір бөлімшесі) алуға болады.

Жиі қолданылатын эндоскопиялық зерттеу тәсілдері:

1. ФГДС (фиброгастродуоденоскопия) – фиброгастроскоп арқылы өңеш,

асқазан,12 елі ішектің шырышты қабаттары зерттелінеді.

2. Колоноскопия –колоноскоп арқылы жуан ішек зерттелінеді.

3. Ректроманоскопия – ректоскоп арқылы сигма тәрізді және тік ішек

зерттелінеді.

4. Цистоскопия – цистоскоп арқылы қуық зерттелінеді.

5. Бронхоскопия- бронхоскоп арқылы бронх ағашы зерттелінеді.

Эндоскопиялық кабинеттерде барлық зерттеулерді арнайы даярлығы бар маман дәрігер жүргізеді. Қандай да болмасын аспапты зерттеу алдында емделушіні міндетті түрде дайындау қажет. Ішектің ішінде ауа мен нәжістің жинақталуынан босату қажет, себебі олар құрсақ қуысындағы ағзаларды зерттеуге қиындық туғызады.

Ескерту :

- аспапты тексерудің баяндылығы мейірбикенің емделушіні қаншалықты дұрыс дайындауына байланысты;

- медициналық диагнозды дұрыс қоя білу бұл зерттеулермен байланысты екенін емделушіге дұрыс ұғындыра білу;

- зерттеулердің қауіпсіз екенін түсіндіру қажет, себебі ол жағдайда

науқас бұл тексерістерден бас тартуы дұрыс түсінбегендіктен болады;

- мейірбике тексеріс нәтижесі туралы хабарлауға құқығы жоқ;

Науқасты эзофагогастродуоденоскопияға дайындау

Қарсы көрсетпелер:

1. өңештің тарылуы;

2. жүрек, өкпе ауруларының ауыр түрлері;

3. аорта аневризмасы;

4. миокард инфарктісі;

5. омыртқаның қисаюы;

6. өңеш веналарының варикозы (кеңеюі).

Мейірбикенің дайындау тәртібі:

1. Науқасқа тексеру таңертең аш қарынға жүргізілетінін айту керек. Науқас

зерттеу қарсаңында кешкі тағам сағат 19-00-ден кешіктірілмеуі және

жеңіл болуы қажет.

2. Тексеріс аш қарынға жүргізіледі, сондықтан тісті тазалауға, дәрі-дәрмек

ішуге, шылым шегуге, су ішуге болмайды. Өзімен бірге сүлгі (терісін,

сілекейін сүртуге) болуы керек.

3. Тіс протездері болса олар алынады.

4. Жұтқыншақ анестезиясы үшін заттар дайындалады;

5. Тері астына премедикация зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді,

сондықтан соңғы мәліметтерге сәйкес премедикация қолданылмайды.

6. Науқасты солқырынан жатқызу, аяқтарын бүгу қажет. Науқастың

көкірегіне сүлгі жабылады.

Фиброгастроскоп.

Науқастарды ректороманоскопияға дайындау

Ректоскоп - тік ішекке енгізетін түрлі ұзындықтағы түтікшелер жиынтығынан оптикалық жүйеден және тік ішекке ауа айдайтын балоннан тұрады. Ректоскопияға науқасты дайындаған кезде тек қалпақты түтікшені және мақта ұстағышты зарарсыздайды. Ректоскоптың қалған бөліктерін спиртпен сүртеді.

 

Ішектерді эндоскопиялық тексеруге (ректроманоскопия - тік ішекпен сигма тәрізді ішекті, колоноскопияға тоқ ішектерді ) науқастарды дайындау

1. Тексеруге дейінгі үш күн бойы шлаксыз тағам ішу.

2. Белсендірілген көмір, фестал (күніне 3 рет 2 таблеткадан).

3. Зерттеу аш қарынға жүргізілетінін науқасқа ескерту.

4. Іш босататын дәрілерді тексерер алдында 15-16 сағат алдында ішкізу

қажет/кастор майы 30 мл немесе 2 таблетка бисакодил/.

5. сағат 19-00де жеңіл ішке кешкі ас

6. сағат 21-00-ден тазартатын 2-3клизманы арасына 30-40 минут салып

қайталау.

7. Таңертең зерттеуге 2 сағат қалғанда тазарту клизмасын жасау

8. Зерттеу алдында науқас қуығын босату қажет.

9. Дәрігердің тағайындауымен зерттеуге 30 минут қалғанда науқасқа дәрі

беру /тері астына 0,1% атропин сульфат ерітіндісі

Рентгенологиялық зерттеу әдістері

Рентгенодиагностика деп ағзаны рентген сәулесімен зерттеуді айтамыз. Оның негізгі тәсілдері – рентгеноскопия, рентгенография және рентгенофлюорография.

Рентгеноскопия - ішкі ағзаны рентгенмен көру және оның анатомдық –физиологиялық ерекшелігі мен қызметін зерттеу.

Рентгенография –ішкі ағзаларды рентгенге түсіру.

Рентгенофлюорография –рентген экранынан ірі флюорографиялау, бұл тәсіл жалпы сауықтыру және қалыпты диагностикалық зерттеулерде қолданылады.

Паренхимальды ағзалар (өкпе, жүрек, бүйрек) және сүйекке тексеруді дайындықсыз өткізуге болады. Ал қуыс ағзалар (ас қорыту жүйесі, тамыр, зәр шығару ағзалары, өт қабымен өт жолдары) тексерер алдында ерекше контраст затпен толтырылады.

Компьютерлі томограф.

Жиі қолданылатын рентгенологиялық зерттеу тәсілдері

1. Асқазан рентгеноскопиясы мен рентгенографиясы (асқазанмен қоса өңеш

пен 12 елі ішекті де тексереді).

2. Өкпенің рентгеноскопиясы мен рентгенографиясы.

3. Бронхография –контрасты зат енгізгеннен кейінгі бронх ағашының

бейнесі.

4. Ирригоскопия мен ирригография –тоқ ішекке қолданылады.

5. Холецистоскопия мен колецистография -өт қабы үшін қолданылады.

6. Холеграфия -өт жолдарына контраст жіберіп рентгенге түсіру.

7. Рентгеноскопия мен рентгенография –ішкі ағзаларды рентгенмен көру.

8. Көк тамыр арқылы урография –контрасты затты ағзаға жіберіп, бүйрек

және есеп жолдарын рентгенге түсіру.

Рентгенконтрастты заттарды қолдану

Қуысты мүшелерді рентгензерттеу контрастты заттарды қолданумен жүзеге асады. Ас қорыту жолдарын зерттеу үшін барий сульфат, бронхтарды зерттеу үшін - йодолипол; урологияда - индигокармин 0,4%, 60% (76%) триомбраст; өт қалтасы және өт жолдарын зерттеу үшін - йопагност, 50% биллигност және т.б. рентгенконтрастты заттар қолданылады. Құрамында йод бар контрастты заттар аллергиялық асқынуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан егуден алдын аллергоанамнез жинап, сезімталдыққа сынама жүргізу қажет.

Асқазанды рентгендік зерттеуге науқасты дайындау

Мейірбикенің іс -әрекеті:

1. Ас қорыту жүйесінің қызметін сақтау үшін шлаксыз тағам ішу керек.

2-3 күн қара нан, картоп жемеуін науқасқа түсіндіру қажет.

2. Тексеру аш қарынға жүргізілетінін ескертіп, кешкі тағам сағат 19-00

кеш ішілмеуі және жеңіл болуы қажет.

3. Зерттеу алдында таңертең және кешке зерттеуден 2 сағат бұрын тазалау

клизмасы жасалады.

4. Өзімен бірге сүлгі болуы керек.(терісін,сілекейін сүртуге).

5. Науқасты рентген кабинетіне апару, контраст зат-барий сульфат 150-

200 мл ішуге беріледі.

Науқасты ирригоскопияға дайындау

1. Тексеруге дейінгі үш күн бойы шлаксыз тамақ ішу.

2. Белсендірілген көмір,фестал –күніне 3 рет 2 таблеткадан;

3. Іш босататын дәрілерді тексерер алдында 15-16 сағат алдында ішкізу қажет

/кастор майы 30мл немесе 2 таблетка бисакодил/.

4. Сағат 19-00-де жеңіл кешкі ас .

5. Сағат 21-00 де іш тазартатын 2-3 клизманы арасына 30-40 минут салып

қоямыз.

6. Таңертең 2-3 тазарту клизма қажет және соңғы тексеруге дейін 2сағаттан

кеш болмау керек.

7. Тексеріс ашқарынға жүргізіледі.

8. Рентген кабинетте Эсмарх кружкасымен дене температурасына дейін

жылытылған сульфат бариймен клизма жасалады.

Ескерту:Ішектер сульфат барийден босағаннан соң жалпы әлсіздік, коллапс болуы мүмкін, сондықтан зерттеуден соң науқас 2 сағат бойы бақылауға алынады.

Урологиядағы рентгенологиялық зерттеу

Жиі бүйрек және зәр шығару жолдарының шолу рентгенографиясы,тамыр ішілік урография жүргізіледі.

Науқасты бүйректің жалпы рентгенограммасына және урографияға дайындау.

1. Зерттеуге ас қорыту жүйесінің қызметін сақтау үшін шлаксыз тағам ішу

керек. Қара нан, сүт, жеміс-жидек, көкөніс жеуге болмайды. Ақ нан,

пісірілген ет пен балық, ірімшік, қаймақ жеуге болады.

2. Метеоризм кезінде дәрігердің тағайындауымен белсендірілген көмір

беріледі. Зерттеуден 18-20 сағат алдын тамақ ішу тиім салынады.

3. Кешке сағат 22-де және таңертең зерттеуден 1,5-2 сағат алдын тазалау

клизмасы жүргізіледі.

4. Зерттеуден алдын тамақ ішуге, су, дәрі қабылдауға, темекі тартуға

болмайды. Зерттеу алдында қуық босатылады.

5. Науқасты рентген кабинетке апару.

6. Рентген кабинетте дәрігердің тағайындаумен 20-40-60 мл

рентгеноконтрастты зат тамырға жәй енгізіледі.

Ескерту: құрамында йод бар контрасты заттар кері әсер, кейде коллапс және шок беруі мүмкін. Құрамында йод бар контрасты заттардың антидоты болып 30% тиосульфат натрий ерітіндісі есептеледі.

Науқасты холецистографияға дайындау

1. 3 күн қатарымен шлаксыз тағам қабылдау.

2. Белсендірілген көмір мен фесталды 2 таблетка 3 рет 3 күн бойы қабылдау.

3. Тексерістің алдында сағат 19-00ге дейін жеңіл кешкі ас.

4. Науқас белгіленген дәрілік препараттарды тәтті сусындармен

қабылдайды (жиі контраст зат ретінде билитраст қабылдайды контрастты

зат зерттеуден 14-17 сағат алдын бөлшектеніп 1 сағат ішінде әр 10 минут

сайын тәтті шаймен қабылданады).

5. Тексеріс таңертең ашқарынға жүргізіледі.

6. Іш қату болатын болса ғана кешке және таңертең босату клизмасы

қойылады.

7. Рентген кабинетке зерттеуден 30-45 минут алдын, өт айдайтын 20 гр

сорбит беріледі.

Науқасты холеграфияға дайындау

1. Сыртқы дайындау жоғарыда айтылғандай ;

2. Тексеріс алдында 1-2 күн бұрын контрасты затқа (билигност,

билитраст, эндографин) сезімталдық анықталады -37-38С дейін су

моншасында жылытылған препарат 1-2мл күре тамырға жіберіледі.

3. Зерттеу күні таңертең рентгенбөлмеде 30-40 мл 37С –ке дейін

жылытылған контрастты зат жәй 5-8 минут ішінде, науқасқа

горизонтальды жағдайда енгізіледі, 15 минуттан соң зерттеу

жүргізіледі.

Аспаптық және радиоизотопты зерттеу УДЗ

Ультрадыбыс - жүрек қан-тамыр жүйесінің диагностикасында (жүрек), ас қорыту жүйесі (бауыр, өт қабы, көк бауыр), зәр шығару жүйесі (бүйрек, қуық, жыныс ағзалары (жатыр, аналық без, қуық асты безі), эндокрин жүйесінен (қалқанша без, ұйқы безі) жиілігі жоғары толқынды дыбыс арқылы тексеру тәсілдері.

11. Инструментальды зерттеу.Науқастарды дайындау. Спирометрия. ЭКГ УДЗ аспабы.

Сәулені түгел жұтып және оны шағылыстыратын ұлпалар (сүйек) осындай қалыпты тәсілдермен зерттеуге қиындық тудырады. Бауыр, ұйқы безі, өт қабы зерттеуге дайындау үшін тексеру алдында үш күн бойы шлаксыз тағам беріледі. Кіші астау ішінде орналасқан ағзаларды тексеру үшін қуық толық болуы керек. Ол үшін тексеріске 1 сағат қалған уақытт 1л сұйық ішу керек.

 

Функционалды әдістер

Спирометрия - спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу. Спирография – тыныс көлемдерін және желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.

Спирометрия және спирография көмегімен анықталатын көрсеткіштер:

1. Тыныстық көлем –қалыпты жағдайда демді ішке алғанда, не сыртқа

шығарғандағы ауаның көлемі. Орташа есеппен 500/см 3 шамасында.

2. Қосымша көлем (тынысты ішке алудың қосымша резерві) - демді қалыпты

алғаннан кейін, тағы да ішке тартуға болатын ауаның көлемі. Шамамен

1500см/3.

3. Резервтік көлем (тынысты сыртқа шығарудың қосымша резерві) -демді

қалыпты шығарғаннан кейін, тағы да іштен шығаруға болатын ауаның

көлемі. Шамамен 1500 см/3.

4. Қалдық ауа (қалдық көлем) - ауаны өкпеден максимальды (барынша)

шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауаның көлемі. Шамамен 1000см.

5. Тыныстық ауа, қосымша және резервтік көлемдердің қосындысы өкпенің

тіршілік сиымдылығы (ӨТС) деп аталады. Ауру адамдағы анықталған

ӨТС-ті тиісті ӨТС-пен салыстырады.

Жүрек –тамыр жүйесін тексерудің инструментальды тәсілдері.

Электрокардиография - жүрекке пайда болатын электр тогын (биотокты) жазу тәсілі. Электр тогының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты.

Дененің екі нүктесі аралығындағы потенциал айырмасын анықтайтын тәсілді электрокардиографиялық тіркеме деп атайды. Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қолданылады: 3 негізгі (стандартты) тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемесі және 6 кеуде тіркемесі.

Электрокардиограф.

Стандартты тіркемелерді электрокардиография тәсілінің авторы Эйнтховен ұсынған, сондықтан олар Эйнтховен тіркемелері деп те атала береді. І-стандартты тіркеме көмегімен оң және сол қолдың арасындағы потенциал айырмасын, ІІ-стандартты тіркеме көмегімен оң қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын, ІІІ-стандартты тіркеме арқылы сол қол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп, қағазға түсіреді.

Қалыпты электрокардиограмма.

ЭКГ-ны жазу үшін 12 тіркеме қолданылады:

3 негізгі (І, ІІ, ІІІ стандартты) тіркеме (Эйнтховен тіркемелері);

3 – бір полюсті күшейтілген (аяқ-қол) тіркемелер (AVR, AVL, AVF) (Гольдбергер тіркемелері);

6 - кеуде тіркемелері (V1, V2 , V3 , V4 , V5 , V6)

Қалыпты электрокардиограмма

Қалыпты электрокардиаграммада Р,Q,R,S,T деп белгіленетін тісшелер, P,Q,S,TP деп белгіленетін аралықтар /интервалдар/ болады.








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2383;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.088 сек.