Фенолфталеин сынамасы 4 страница

Биологиялық анисептиканы биологиялық шығу тегі бар бактериологиялық және бактерицидті препараттың көмегімен іске асыралы. Бұларға микроорганизмдердің әсер етуімен пайда болатын немесе синтетикалық әдіспен ендіріп алатын антибиотик деп аталатын заттар жатады. Сол сияқты организмнің қорғау қабілетін арттыратын вакциналар, сарысулар (сывороткалар) гаммаглобулиндер деп аталатын дәрі-дәрмектер де жатады.

Антибиотиктерді ерітінді май немесе эмульсия түрінде жараларды жуу, таңу үшін, ішіп немесе теріасты көктамырға құю арқылы да пайдалануға болады.

 

 

3.Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері. Емдеу бөлмелерін жинастыру түрлері. Мейірбикенің жұмыс орнын

жұмысқа дайындау

Стерильдеу. Мақсаты барлық микроорганизмдерді жою және аластау. Ол физикалық немесе химиялық әдістермен іске асырылуы мүмкін. Бумен стерильдеу - ең қалаулы әдіс. Бу қысым әсерінен барлықмикроорганизмдерді жояды. Ол үшін 1,05 кгс/см2 бу қысымымен 15-45минут ішінде әсер етсе жеткілікті болады. Егер автоклав вакуумды қондырғымен бірге болса стерильденген заттардың кебуін жеделдетеді және стерильдеу ұзақтығын 3 минутқа дейін кысқартады. Құрғақ ыстық ауалы шкафтарда өңдеу тәсілін шыныдан жасалған заттарды стерильдсу үшін колдануға болады. Ол үшін 6 сағат бойы 120°С-де ұстау Жұқа, сезімтал кұрал-саймандарға этилен аскын тотығымен газды стерильдеу әдісі қолданылады. Дұрыс стерильдеу үшін 3-6 сағат бойы газда экспозициялануы керек. Автоклавта стерильдеудің сапасын, яғни бу кысымының жеткіліктігін бақылау үшін аморфты амидопирин ұнтағын қолданады. Ол 106°С-де кристалданады. Қысымды автоматты түрде монометрдің көмегімен 1,5 атмосферада ұстап тұруға болады.Палаталар, егу бөлмелері, іс-шара бөлмелеріндегі, операциялық және басқа бөлмелердегі ауаны тазарту сынап-кварцтық және сынап-күлгін сәулелі лампалардың көмегімен жүргізіледі.

Стерилизация (залалсыздандыру) . Стерилизация алдындағы тазарту

Стерилизация асептиканың негізгі тәсілінің бірі.

Стерилизация (залалсыздандыру) дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар, жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі.

Залалсыздандырудың технологиялық барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:

    • Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру.
    • Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.
    • Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.
    • Залалсыздандырудың өзін жүргізу.
    • Залалсыздандыру сапасын бақылау.
    • Залалсыздандырылған материалдарды сақтау.

Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:

І кезең.Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.

ІІ кезең.1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.

ІІІ кезең.Медициналық құрал - саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.

IV кезең.Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал - саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.

V кезең.Медициналық құрал - жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.

Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)

Азопирам сынамасы

Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобиннен, жұғыш ерітінді құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау.

Жабдықталуы:

  • азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру;
  • 1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка;
  • астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын).

Міндетті шарттар:

· жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;

· азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау

Сынама жүргізу

  1. бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию;
  2. азопирамның 1% ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді;
  3. бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне азопирам тамыздырылады.

 

  • Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз.
  • Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз.
  • Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны.

Фенолфталеин сынамасы

Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер тексеріс оң болса, ағынды суық су астында қайтадан қайталау керек.

Ескерту!Прогресс «Биолот» жуу заттарын қолданғанда фенолфталеин тексерісі қолданылмайды.

 

VІ кезең.Медициналық құрал саймандардың құрамындағы тұздарды жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз.

VIІ кезең.Медициналық құрал саймандарды кептіргіш шкафтың ішінде 85'C салып кептіреміз.

Тазалаудан толық өткізгеннен соң, медициналық құрал- саймандарды крафт пакетке, бөз орамына орап, бикске саламыз.

ПРОЦЕДУРАЛЫҚ (МАНИПУЛЯЦИЯЛЫҚ) ИНТЕНСИВТІ ЕМДЕУ (РЕАНИМАЦИЯ) БӨЛМЕЛЕРІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ТӘРТІП

1. Медициналық процедуралар өткізуге процедуралық (манипуляциялық) бөлмелер қарастырылған:

- бұлшық етке, тері астына инъекциялар жасау үшін;

- көктамырға инъекциялар мен ерітінділер құю үшін;

- ауыр халдегі науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге;

- интенсивті емдеу жүргізуге;

- емдік және диагностикалық іс шараларды іске асыруға;

2. Процедуралық (манипуляциялық) бөлмелерің кешені 12-14м²-ден кем болмауы керек, желдеткіш терезелермен, жарығы жеткілікті, қабырға және төбе бактерицидті шамдармен (ОБН-200 немесе ОБН-300 бір адам бөлменің 30м³ есебімен) міндетті түрде жабдықталады. Бактерицидті шамдарды 2 жылдан кейін ауыстыру қажет.

3. Процедуралық (манипуляциялық) бөлмелер аурухана (емхана) жабдықтау табеліне сәйкес үстірт дезинфекция кезінде бүлінбейтін кұралдармен жабдықталуы тиіс. Кушеткаларды полиэтилен пленкасымен немесе медициналық клеенкамен жабу қажет.

4. Арнайы құралдармен кушетканың үстін нұсқау бойынша зарарсыздандырылады.

5. Процедуралық бөлмеде дезинфекция жүргізу үшін мөрленген ыдыста қажетті концентрациялы дезинфекциялық ерітінді болуы керек.

6. Медициналық құралдарды қолданған соң шайып, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салып қояды.

7. Егер медициналық құралда қуыс болса, онда дезинфекция алдында дезинфекциялық ерітіндімен ыдысты шаяды, әрі қарай медициналық арнайы құралдар нұсқау бойынша өңделеді.

8. Арнайы процедуралық (манипуляциялық) үстелдерде журнал және басқа да оқу-есептік құжаттарды толтыруға болмайды.

9. Дәрілік ампулаларды жинау және уақытша сақтау үшін арнайы ыдыс болуы қажет.

10. Процедуралық кабинетте істейтін медициналық қызметшілер арнайы киім (медициналық халат, форма) киюі тиіс. Арнайы киімді күнделікті ауыстырады.

11. Медициналық қызметшілер нұсқау бойынша қанды өңдеп, қан тиген орамалдарды күнделікті және күні бойы кірленуіне қарай ауыстырады.

12. Қажетінше жұмыс күні ішінде залалсыздандырылған медициналық заттарды қолдану және сақтау үшін залалсызданған жамылғымен жабылған үстел әзірлейді. Залалсыздандырылған заттарды сақтау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Залалсыздандырылған үстелді әзірлеу үшін мейірбике үстіне залалсыздандырылған халат, залалсыздандырылған резеңке қолғап немесе залалсыздандырылған пинцет (корцанг) қолданады.

13. Манипуляциядан кейін дезинфекциялық ерітіндіні колданып ылғалды жинау жүргізіледі.

14. Процедуралық бөлме, палата, реанимация бөлімшесінде ылғалды жинау әдісімен дезинфекциялық ерітінді қолдану арқылы 3 рет жүргізеді.

15. Аптасына бір рет процедуралық (реанимация, интенсивті терапия) бөлмелерінде жалпы жинау жүргізіледі. Дезинфекциялық агент ретінде 0,1% деохлор немесе 6% су тотығы + 0,5% жуу комплексін қолданады. Алдымен қабырғалар, құралдар, үстелдер, медициналык кушетка залалсыздандырылады, қоқысты жандырып, еденді мұқият жуады, бактерицидті шамдарды 2 сағатқа қосады да, бөлмені желдетеді.

16. Процедуралық кабинеттерде, реанимация (интенсивті емдеу) бөлмелерінде жұмыс уақытында қолданылмайтын заттарды сақтауға тиым салынады.

17. Мейірбике процедуралық бөлменің ылғалды жинауын арнайы қосымша киіммен өткізеді, ол негізгі арнайы киімнен бөлек сақталады.

ИНЪЕКЦИЯ ЖАСАЙТЫН БӨЛМЕНІҢ ЖАБДЫҒЫ

1. Күнделікті жұмысқа арналган медициналық заттарды сақтайтын жұмыс шкафы.

2. Шұғыл медициналық көмек көрсету медикаменттеріне арналған шкаф (арнайы жинақталған).

3. Жұмыс үстелі.

4. Тоңазытқыш (инсулин, қан тобын анықтауға арналған сарысулар, қан препараттары).

5. Залалсыздандырылған үстел.

6. Раковина (қол жуғыш).

7. Дистиллятор, дистилдентен сумен ыдыс.

8. Бактерицидтік шам.

9. Кушетка, орындық.

10. Көктамыр жүйесінің штативі.

11. Жинау үшін қолданылатын дезинфекциялық ерітінділер мен жуу құралдарын сақтайтын тумба.

 

 

ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ

Таңуды және операцияны зарарсызданған құрал-саймандармен іске асырудың нәтижесінде жараны ластаудан және хирургтің қолын іріңді жараның іріңімен былғап алудан сақтандырады. Жұмыс біткен соң барлық пайдаланылған қүрал-саймандарды, ал іріңді жараларға пайдаланылған құрал-саймандарды бөлек зарарсыздандырады.

Металдан жасалған құрал-саймандарды қатты қыздыру арқылы немесе арнайы жасалған шкафтардың ішіндегі құрғақ ыстыққа ұстау арқылы зарарсыздандыру әдістері бар. Ең кең тараған түрі, электрмен қыздыратын шкаф, оның ішінің ыстықтығы 20-30 минуттан кейін 140Ә-180ӘС-ға жетеді. Бұл әдіспен металдан жасаған құрал-саймандардан басқа шыныдан, фосфордан жасалған ыдыстарды да зарарсыздандыруға болады. Зарарсыздандыратын шкафтың ішіне үстіне құрал-саймандар салынған торды орналастырып аузын жабады да, ажыратқышты токқа қосады. Реттегіш тетікті айналдыру арқылы шкафтағы температураны жайлап реттеуге болады. Құрал-саймандар 200ӘС-да 40 минуттың ішінде зарарсыздандырылып болады, бірақ құрал-саймандар тез тозады. Зарарсызданғандығын бақылау автоклавтау кезіндегідей болады.

Зарарсыздандырудың ең қарапайым әдісі-қайнату болып саналады. Қайнату арқылы зарарсыздандыруды кез келген ыдыста іске асыруға болады. Қалтаға салып жүретіннен бастап стационарларға дейін пайдаланатын үлкен арнайы жасалған зарарасыздандырғыш-қайнатқыштар бар. Құрал-саймандарды зарарсызданған суда қайнатады. Суды зарарсыздау үшін арасына 6 сағаттан уақыт салып 30 миунттан екі рет қайнатса болғаны. Осылай мезгіл-мезгіл қайнату нәтижесінде микробтардың ұрықтарын (спораларын) өлтіруге болады. Суға 2% ертініді болғанша сілті (натрий гидрокарбонатын) қосады. Сілтіленгген су зарарсыздануды тездетеді және құрал-саймандарды тотығып, дат басудан қорғайды. Никельденген құрал-саймандарды қайнаған суға салады да, суыған соң үстел үстіне жайып, бетін зарарсызданған клеенкамен жауып қояды. Шприц, колба, банкы, стакан тәрізді шыныдан жасалған ыдыстарды сындырып алмас үшін, ыстық суға бірден салуға болмайды.

Шұғыл жағдайда металдан жасалған құрал-саймандарды күйдіру арқылы жылдамдатып зарарсыздандыруға болады. Күйдіруді спиртпен сұрту арқылы іске асырылады. Бірақта бұл әдіс онша сенімді емес.

ШПРИЦТЕРДІ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ

Шприцтерді пайдаланып болған соң, оны бөлшектеп ағын су астына жуады. Жуылған шприцтерді құрамында: 0,5% сутегі тотығы ерітіндісі мен “Новость”, “Прогресс”, “Сульханол” деп аталатын жуатын ұнтақ заттар қосылған ыстық ерітіндіне 15 мин ұстайды, 1 литр ерітіндіні дайындау үшін 975 мл су, 20 мл-33% пергидрол ерітіндісін, 5 г жуатын ұнтақты алады. Содан соң шприцтерді ұзындығы 25-30 см болатын мақтадан – дәкеден жасалған тампонмен жуып, ағын суда шайқап, дистилденген сумен жуады. Осылай тазаланған шприцтерді зарарсыздандыруға береді.

Шприцтерді дистилденген суда қайнату арқылы зарарсызлдандыруды жиі пайдаланады. Олардың бөлшектерін жеке-жеке дәкеге орап қайнатқан дұрыс. Зарарсыздандырғышқа орналастырғанда, алдымен суық суға салмаса шытынап кетеді. Қызған кезде әртүрлі материалдардың көлемдері бірдей үлкеймейді (металл, шыны), сондықтан түрлі шеприцтерді зарарсыздандырғанда өте сақ болған жөн. Шприцтерді қайнай бастаған сәттен бастап 30 минут қайнатады да, пайдаланар кезде оларды зарарсызданған қысқашпен немесе корнцагпен қысып алады. Люэра тектес шыны шприцтер мен ыстыққа төзімді шприцтерді (шприцтердің сыртында “200ӘС” жазу болады) автоклав пен құрғақ ыстық шкафтарда зарарсыздандыруға болады. Құрал-саймандарды бүйтіп өңдеуіміздің себебі шприцтер мен инелер арқылы аса қауіпті вирусты кеселдердің, нақтырақ айтсақ Боткин кеселі деп аталатын жұқпалы гепатиттің қоздырушылары тарамас үшін жасалады.

Ерітінділермен суық зарарсыздандыратын әдіс те бар. Қандауыр, пышақ, ұстара, қайшы, үшкір инелер кескіш қүрал-саймандарды қайнату немесе автоклавтау арқылы зарарсыздағанда жүздері мұқалып өтпей қалатындықтан, оларды антисептикалық ерітінділеріне салып қояды. Бұндай құрал-саймандарды зарарсызданған астаушаға құйылған 96% спиртке салып, операция жасардың алдында 2 сағатқа қақпағын жауып қояды.

Резеңкеден жасалған затарды зарарсыздандыру.

Резеңкеден, латекстен жасалған катетерлерді және құрал-саймандарды дистилденген суда 20 минут қайнату арқылы зарарсыздайды. Мұндай кезде латекстің бетінде сүт түсті ақшыл қабыршық пайда болып, бөлме температурасында әлгі қабыршақтар өз-өзінен кетіп қалады.

Резеңке жабдықтарды зарарсыздандырудың ең зиянсыз суықтай өңдеу тәсілі болып саналады. Мұнда 2% хлорамин ерітіндісіне немесе диоцид (1:3000), раккала тағы басқа ерітінділерінде 30 мин ұстайды.

Қолғаптарды зарарсыздандыруға мұқият дайындайды. Операциядан кейін қолғаптарды жақсылап жуады, бүтіндігін тексереді, құрғатып тальк ұнтағын себеді. Аздаған, тесіктері болса желімдейді. Қолғаптарды автоклавка салып немесе қайнатып зарарсыздандырады. Автоклавтаудан өткізген кезде әр қолғаптың іші-сыртына тальк ұнтағын сеуіп, жеке-жеке дәкеден жасалған бір-біріне және бикс кенересіне тиіп тұрмауы қажет, сол үшін бикстің түбіне жан-жағынан орамал немесе шаршы төсеп тастайды. Автоклавтаудан кейін қолғаптарды сол бикс ішінде сақтайды. Қолғаптарды зарарсыздандырғанда, ас содасын қоспай, 15-20 минут қайнатады. Содан соң таза орамалмен құрғатып сүртеді де, тальк ұнтағын сеуіп қояды.

Қолғаптарды суықтай зарарсыздандыруға да болады: ол үшін оларды 2% Б-хлорамин ерітіндісіне 15-20 минут немесе 0,21% сулема ерітіндісіне 1-1ұ сағатқа салып қояды да, содан кейін хлорид натрийдың изотоникалық ертінтісімен жуып. құрғатады, тальк ұнтағын сеуіп, зарарсызданған бикстерде сақтайды.

Қан тамырлары арқылы (парентеральды жолмен) енгізілетін ерітінділерді зарарсыздандыруды автоклавтау арқылы іске асырады. Ерітінділер сақталатын ыдыс ішінде зарарсыздандырылады. Ерітінділер құйылған шөлмектер мен шынылардың аузын ашық күйінше, ал олардың тығындарын қасына жеке қойып автоклавтың ішіне орналастырады да, 2 атм (19,6 кПа) қысымда 30 минут ұстайды. Аутоклавтаудан кейін шынылардың аузын тығындайды да, целлофанмен қосымша жауып, жіппен байлайды.

Қайнату арқылы зарарсыздандырғанда ерітінді ыдыстарын 30 минут қайнатқан соң, 6 сағаттан кейін 30 минут тағы қайнатады да аузын жабады, зарарсызданған ерітінділердің сақталу мерзімі екі тәулік.

Қолды зарарсыздандыру. Қолды зарарсыздандырудың көптеген әдістері бар. Ол үшін құмырсқа қышқылын, раккаланы, церигелді және басқадарды пайдаланады. Ең соңғы әдістерінің біріне ультрадыбыспен зарарсыздандыру жатады.

Қолды зарарсыздандырудың теріге әсер етпейтін, ең сенімді, әрі қарапайым классикалық тәсілдеріне тоқтала кетейік.

Спасокукоцкий –Кочергин тәсілі. Ластанған қолда (алақан мен білекті (ағып тұрған жылы судың астына сабындап тазалап жуады. Егер қол таңба таза болса, алдын ала жуудың қажеті жоқ, эмалданған екі шараға құйылған жылы аммиак ерітіндісіне (мұсәтір спиртіне) алма кезек жуу арқылы іске асырады. Ол үшін әр-шараға 2 литр қайнаған су құйып, оған 10 мл аммиактан қосады. Қолды зарарсыздандыралған дәкеден жасалған шаршылармен жуады. Алақанды ысқылап жуумен қатар, көп уақыт ерітіндінің ішіне батырып тұрған дұрыс. Бірінші шарадағы ерітіндіде негізінен білекті, тырнақ көбелерін, алақанды мұқият ысқылап жуса, екіншісінде –саусақтар мен білек буынына дейінгі аралықты жуады. Әр ыдыста қолды 3 минут жуған дұрыс. Содан кейін қолды зарарсызданған орамалмен немесе шаршымен ұқыптап тұрып сүртеді. Құрғатылған қолды (саусақтары мен білек буынына дейінгі аралықты) 2ұ минуттен 96% этил спиртімен екі мәрте мұқият сүртеді.

Жоғарыдағы тәсіл қолдың терісіне зиянын тигізбейтін сенімді, кез келген жағдайда пайдалануға қолайлы тәсіл болып саналады.

Фюрбрингер тәсілі. Қолды қылдан жасалған екі шөткемен бірінен соң бірін ауыстырып ағып тұрған жылы судың астында 10 минуттей сабындап жуады. Содан соң қолды зарарсызданған шаршымен құрғатып, 70% этил спиртімен, сынап дихлоридының (сулема) 1:1000-ға дейін сұйытылған ерітіндісімен 3 мин сүртеді. Тырнақ көбелеріне йодтың спирт ерітіндісін жағады.

Жедлел жағдайда қолды тездетіп өңдеудің тәсілі. Қолды ағып тұрған судың астында сабындап жуып, таза орамалмен сүртіп құрғатады. Содан кейін кішкене мақтаға немесе дәкеге 5-7 мл теріні жұмсартатын немесе дезинфекциялайтын ерітіндіден қйып, алақанды, саусақтарды 1-2 минут мұқият сүртіп тазалайды.

Қолдың терісін жұмсартып тазалау үшін этил спиртін, 5% танин ерітіндісін пайдаланса, дезинфекциялау үшін 5% фенол ерітіндісін (карбол қышқылы), сұйытылған ертіндісін, диоцид ерітіндісін (1:5000), 0,5% хлорамин ертіндісін пайдаланады. Егер зарарсызданған қолғаптар болса, оларды тазаланбаған қолға киюге болады. Көмек көрсетіп жатқан кезде қол былғанып қалатын болса, қайтадан дезинфекциялайтын ерітінділермен жуып тазалап отыру керек.

Хирургиялық құрал-саймандарды өңдеу және залалсыздандыру

Хирургиялық құрал-саймандар инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс. Микроорганизмдерді жою дезинфекциядан, тазалаудан және залалсыздандырудан тұрады.

Іріңді операциялар мен таңулардан кейін, сонымен қатар соңғы 5 жыл ішінде гепатитпен ауырған науқастарға жасалған, қолданылған құрал-саймандарды басқалардан бөлек өңдейді. Дезинфекция мен өңдеудің барлық процедураларын медицина қызметкері міндетті түрде жеткілікті қалыңдықтағы латекстен жасалған қолғаптар мен халатта, маскада, су өтпейтін алжапқышпен өткізеді. Өткір заттардан абай болып жұмыс істеу қажет.

Қолданған құрал-саймандар, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдыста жуылып, басқа дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдысқа құрал-саймандар толығымен батырылады. Экспозия уақыты қолданылған дезинфекциялық ерітіндіге байланысты.

Залалсыздануды өткізгеннен кейін құрал-саймандар ағынды сумен жуылады. Тазалау құрал-саймандарды жуатын арнайы ерітіндіге (оның құрамына жуғыш зат, сутектің асқын тотығы және су кіреді) батырып қою арқылы жүргізіледі. Экспозиция уақыты 40-45º температурада 15-20 минут. Бұдан кейін құрал-саймандар осы ерітіндіде щеткамен жуылып, ағынды немесе тазаланған суда шайылады.

Кептіруді табиғи жағдайда жаялықта немесе құрғақ бу шкафында 80º температурада 30 минут өткізеді.

Металдан жасалған кеспейтін хирургиялық инструменттер құрғақ бу шкафында немесе автоклавта залалсыздандырылады. Бір рет қолданылатын инструменттер сәулелік әдіспен залалсыздандырылады. Кесетін инструменттерді залалсыздаудың негізгі әдісіне химиялық антисептикалық ерітінділерді қолдану жатады. Кейде құрғақ бу шкафында да залалсыздауға болады. Олар үшін ең тиімді әдіс газбен немесе сәулемен залалсыздау. Резеңкелі медициналық заттарды (катетрлер, зондтар, дренаждар, қолғаптар) залалсыздау автоклавтау әдісімен 1 атм қысымда 30 минут бойы жүргізіледі.

Соңғы уақытта медицина тәжірибесінде зауыттық сәулелендіруден өткен медициналық және пластмасты бір реттік резеңкелі заттар көп қолдануда. Оптикалық құралдарды залалсыздау үшін (лапароскоп, гастроскоп және т.б.) залалсыздаудың газды әдісі немесе суық химиялық түрі қолданылады.








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 6129;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.03 сек.