Фенолфталеин сынамасы 1 страница
Дезинфекция
Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.
Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыруемдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыруинфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.
Күнделікті–үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды– науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.
1. науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;
2. науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына жасау керек;
3. науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек;
4. науқас қайтыс болғанда үйінде немесе палатада жасалуы керек.
Соңғы– терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Мейірбике орамалды байлап, халат немесе алжапқышты кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік, терезелерді, қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ерітіндімен жуу қажет. Ол үшін 200гр сабын, 200гр кальциленген сода, 9 л 600мл су. Таза сумен шаямыз 1% гипохлорид ерітіндісіне шүберекті малып алып, әрбір затты сүртеміз, заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағат қоямыз. 2 сағаттан соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.
Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.
Механикалық– жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.
Физикалық- қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.
Физикалық әдіске жататындары:
· күн сәулесін қолдану;
· ультракүлгін сәулелерді қолдану;
· қалдықтарды өртеу;
· қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60˚С температурада бірнеше рет пастерилизациялау, экспозия – 1 сағат);
· дистелденген суда қайнату – 30 минут, ас содасы қосылған жағдайда 15 минут қайнату. Қайтадан заттарды органикалық қалдықтардан тазалау қажет. Тазалау жеке ыдыста эпидемияға қарсы шараларды сақтаған жағдайда жүргізіледі, ағынды суды зарарсыздап, канализацияға құйылады.
· Зарарсыздаудың ауалы әдісі (ыстық ауалы шкафта 120˚С температурада, 45 минут). Бұл әдіспен шыныдан, металл, резина, латекстен, термотөзімді полимерлі металдардан жасалған заттар органикалық заттармен ластанбаған жағдайда зарарсызданады;
· Булы әдіс – жоғарыда көрсетілген заттар алдын ала тазартуды қажет етпеген жағдайда қолданылады. Зарарсызаушы агент: 0,5 атм қысымды су буы. Зарарсыздау режимі: 110˚С температурада, экспозия- 20 мин, стерилизациялық ыдыстарда – бикстерде және дезкамера, автоклавта сирек қолданылады.
Физикалық әдіс – қызметкерле үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс.
Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций. ЕПҰ-да зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.
ЕПҰ-да дезинфекция үшін тек ғана денсаулықсақтау министрлігі, сан-эпид бақылаудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады. Сүрту үшін дезинфекциялық ерітінділерді: сайдекс, формалин, глутарал, дезоксон-1 және тағы басқа адам ағзасына жоғары токсикалық әсерінен қолдануға болмайды.
Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:
- суландыру;
- сүрту:
- толық батыру;
- шашырату.
Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері
Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.
Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым, экспозиция – 20 минут.
Параформалинді – 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут
Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы зарарсызданады.
Жуғыш ерітіндіні дайындау
1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.
2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.
3. 978 мл су.
Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар
Химиялық тобы | Препараттары |
1. Құрамында галогені бар қосылыстар | Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты. Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон |
2. Тотықтырғыштар | Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты |
3. Ауыр металл тұздары | Сынап: сынап дихлориді /сулема/, сынаптың сары тотығы. Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол. Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы, Мыс: мыс сульфаты Висмут: ксероформ, дерматол |
4. Альдегидтер мен спирттер | Формальдегид, гексаметилентетрамин Этил спирті |
5.Фенол мен оның туындылары | Таза фенол /карбол қышқылы/, ихтиол |
6. Нитрофуран туындылары | Фурациллин |
7. Бояғыштар | Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты. |
8. Қышқылдар мен сілтілер | Қышқылдар : бор,салицил Сілтілер: аммиак ерітіндісі |
9. Детергенттер | Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын |
10. Табиғи препараттар | Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т.б. Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2 |
ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН
0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;
1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;
2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;
3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.
Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.
ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ
Тура пайдалану алдында қолданылады;
0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;
1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;
2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;
3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.
Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы
Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.
Кальцийдің нейтралды гипохлориді – ерітіндісі шамалы лайланған, оны дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады.
Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады. 0,25% ерітіндісі бактериалды инфекцияда (туберкулезден басқа) 15 минут экспозициямен толық батыруда қолданылады. Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін 0,125% ерітіндісі жуушы ерітінді құрамында қолданады.
Хлориксидин биглюконат – 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Хирургиялық құрал-саймандарды, хирург, мейірбике, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады.
Сүтегінің асқын тотығы- 3-4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш ерітінді құрамында құрал-саймандарды тазалау үшін қолданылады.
Деохлор таблеткалары таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар ретінде натрий тұзды дихлоризоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2%) белсенді хлор кіреді. Деохлор таблеткалары суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір, хлор иісі болады. Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімі 3 күннен артық болмауы керек. Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін, санитарлық техникалық құралдарды, киімдерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, науқас күтіміне арналған заттарды дезинфекциялауға арналған.
Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері
1. Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант, дәрігер) жүргізеді.
2. Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді (құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).
3. Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.
Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.
- ыдыстардың қақпағы болу керек;
- ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дезинфекциялық ерітінді концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы уақыты жазылады) .
- қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т.б) қосымша
инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай зарарсыздандырылады
Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:
- адамға зиянды болмау керек;
- арзан болуы керек;
- өткір иісті болмау керек;
- жуу қасиеттері болу керек;
- бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;
- биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;
- аз уақытта микробтарды тез жою керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
- Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.
- Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;
- Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.
- Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері:
Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген:
1) қанмен, науқастың кілегей қабаты мен және биологиялық сұйықтықтармен қатынаспаған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
2) туберкулез инфекциясымен қатынасқан бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.
Көп рет қолданылатын кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі:
• зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 1 ыдыс
• зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдыс
• пинцет
• құрал-жабдықтар
Іс-әрекеттер:
1. зарарсыздандыру ерітіндісі бар №1 ыдыста құрал-жабдықтарды бірнеше рет жуу керек, мақсаты қанның және дәрінің калдықтарынан тазалау.
2. құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдысқа 60 минутқа жібітіп қоямыз.
3. құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше ағынды суда жуу керек, сонан соң көп рет қолданылатын құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізуге жібереміз.
Қолдарға қан тигенде жүргізілетін өңдеу.
Оларды 2 минут ішінде антисептикалық ерітінділер мен мол дымқылданған тампонмен өңдеу керек.
А) 0,1 % дезоксон ерітіндісі
Б) 70 °С спиртке және 5 минуттан кейін ағынды сумен шаю.
Медициналық қалдық кластары. Медициналық қалдықтарды класына
байланысты жинау, зиянсыздандыру және сақтау ережелері
«Медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық – эпидемиологиялық нормалары мен ережесі ҚР № 533 23. 07. 2010 бұйрығымен бекітілген
Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар ережесі мен нормалары
Жалпы ережелер
§ медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын сан-эпид талаптар, сан-эпид ережелер мен нормаларды меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
§ медициналық қалдықтарды көмуәрі қарай қолдануға жатпайтын, қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмау мақсатында жіберілген және оларды қайтып қолдану мүмкіндігін болдырмайтын, зарарсыздандырылған медициналық қалдықтарды оқшаулау, зиянсыздандыру.
§ медициналық қалдықтар - медициналық көмек көрсету және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында түзілетін қалдықтар.
§ медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру-механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою.
§ медициналық қалдықтарды сақтау-тасымалдау және жою мақсатында алып кеткенге дейін арналған жабдықталған үй-жайларда, контейнерлерде медициналық қалдықтарды ұстамау.
§ нысананың жауапты адамдары осы санитарлық ережедегі үлгі бойынша журналда медициналық қалдықтардың санын және сапасын күнделікті есепке алуды жүргізеді.
§ медициналық қалдықтарды көлік құралдарына тиген сәттен бастап белгіленген жерде оларды қабылдағанға дейін тасымалдауды жүзеге асыратын адам олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.
§ медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша 5 класына бөлінеді.
Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі:
- Қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру.
- ЕСҰ аймағында (А класы) және арнайы ажыратылған бөлмелерде (Б, В, Г, Д класы) медициналық қалдықтарды контейнерлерде уақытша сақтау.
- Қалдықтарды жоюға тасымалдау.
Қалдықтар су өткізбейтін қағаз қаптарда, пакеттерде, металл немесе пластмасса контейнерлерде жиналады. Әрбір контейлердің класына қарай өз түстері бар:
А класы – ақ, Б класы-сары, В класы- қызыл, Г класы-қара, Д класы – радиоактивті қауіптілік белгісімен маркерленеді.
Контейнерлер 2/3 бөлігіне дейін толтырылады және жұмыс орнында 1 тәуліктен артық сақталмайды. Контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы арба қолданылады.
Тиым салынады: арбаларды басқа мақсатта қолдануға, жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау кезінде әртүрлі кластағы қалдықтарды араластыруға, контейнерлерді – электрқыздырғыш аспаптарға жақын қоюға; қалдықтарды қолғапсыз жайғастыруға.
Б, В клас қылдықтарын уақытша сақтау бөлмелерінде контейнерлерді жуу, зарарсыздандыру және таза ыдыстарды сақтау бөлмелері болу керек.
А класының қалдықтары – қауіпсіз- әкімшілік-шаруашылық бөлмелерде, бөлімше палаталарында (инфекция, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерден басқа) тамақтану, блоктары, буфет, ұйым аймағында (инфекциясы жоқ қағаз, құрылыстық қоқыс т.б.) пайда болады.
Б класының қалдықтары- қауіпті (қатерлі)- операциялық, реанимациялық және басқа манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде, егу, таңу бөлмелерінде, жұқпалы, тері-венерологиялық бөлімшелерде, клинико-диагностикалық лабораторияларда, 3-4-ші патогенділік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, санитарлы бөлме, әжетханаларда болады.
В класының қалдықтары - төтенше қауіптілер - аса қатерлі және карантинді инфекция бөлімшелерде, ЖҚТБ ауруы палаталарында, 1-2-ші патогендік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, фтизиатриялық клиникаларда болады. Анаэробтық инфекциясы бар пациенттерден шығатын медициналық қалдықтар.
Б және В тобы қалдықтарын зарарсыздандыру қажет. Зарарсыздандырудан соң олар бір рет қолданылатын пакеттер салынған ыдыстарға салынып, қақпағы жабылады. Пакеттердің 2/3 көлемі толғаннан кейін бетперде және резеңке қолғап киіп пакеттер байланып, қатты өндірістік қалдықтар полигонына тасымалданады. Өртеуге жіберілетін қалдықтар зарарсыздандырылмайды. Қолданылған кесетін және басқа үшкір заттар (шприц, ине, система, ампула) жеке контейнерлерге жиналады, жоюға жіберіледі.
Г класының қалдықтары - құрамы бойынша өнеркәсіпке жақын медициналық қалдықтар - диагностикалық, химиотерапевттік, патологиялық бөлімшелерде, фармацевтикалық цехта, аптека, химиялық лабораторияларда болады: жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, диагностикалық препараттар, вакциналар, зарарсыздандырғыш заттар, цитостатиктер және басқа да химиялық заттар, құрамында сынабы бар заттар, аспаптар және жабдықтар. Қалдықтарды жою қауіптілік класына сай жүргізіледі.
Д класы қалдықтары - радиоактивтік медициналық қалдықтар - құрамында радиоактивтік құрауыштары бар медициналық қалдықтардың барлық түрлері.
Қалдықтарды тасымалдау қызметкерлер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы керек, тасымалдауды арнайы дайындалған қызметкер орындайды.
Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
§ медициналық қалдықтарды тасымалдау қызметкер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы тиіс.
§ медициналық қалдықтарды тасымалдау арнайы оқытылған қызметкермен жүзеге асырылады.
§ автокөлік құралының арнайы таңбасы болуы тиіс. Автокөлік құралында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде № 2840 болып тіркелген «Көлік құралына санитарлық паспорт болу, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 349 бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі санитарлық паспорты болуы тиіс.
§ А класының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және жою жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
§ контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайдың беті асфальттанған болуы және автокөлік құралының жүруіне және тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болуы тиіс
§ контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайлар емдеу корпустарынан 25 м және ас блоктарынан 100 м кем емес жерде орналасуы тиіс.
§ А, Б, В класына жататын қалдықтар түзілген орнында бір тәуліктен аспайтындай, ал уақытша сақтайтын арнайы алаңқайдағы контейнерлерде немесе үй-жайларында қалдықтарды сыйым-дылықтарында 3 тәуліктен аспайтындай уақытта сақталады. Б класының биологиялық қалдықтары сондай-ақ тағам қалдықтары
+ 5˚С-тан аспайтын температурада сақталады.
§ А, Б, В класының медициналық қалдықтарын нысанның аумағы бойынша сақтау және тасымалдау аузы тығыз жабылатын көп реттік қолданылатын контейнерлерде жүзеге асырылады. В класының қалдықтарын жою басқа кластағы қалдықтардан бөлек жүзеге асырылады. Қалдықтарды аумақтардан шығару контейнердің 3\2 бөлігі толған кезде жүзеге асырылады.
§ Г класының медициналық қалдықтарын сақтау осы мақсат үшін арнайы бөлінген қосалқы үй-жайларда жүргізіледі
§ нысанның аумағында медициналық қалдықтарды жою бойынша қондырғы болмаған жағдайда А, Б, В класының медициналық қалдықтарын шығару күнделікті жүргізілуге тиіс.
§ Б класының медициналық қалдықтары (матералдар мен аспаптар, пациенттерден бөлінген бөлінділер, микробиологиялық зертханалар мен виварийлердің медициналық қалдықтары) осы санитарлық ережелердің 5 тарауына сәйкес жүргізілген дезинфекциядан кейін полигонға шығарылады.
§ Г класының медициналық қалдықтарын көму қалдықтарға арналған полигондарда жүзеге асырылады
Емдеу бөлімшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі
Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртіледі. Осыған орай бөлімшенің жұмыс бөлмесінде дезинфекциялық ерітінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады. Ыдысты жабық ұстау қажет.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 3880;