Фенолфталеин сынамасы 6 страница
Залалсызданған блокқа залалсызданған матералды түсіреді. Залалсыздандыруға қанмен, жарамен және зарарланған заттармен қатынаста болған барлық құралдар мен өнімдер жатады. Қолдану барысында кілегей қабықтарға тиетін және оларға жарақат әкелетін құралдар да (катетер, зонд) залалсыздандырылады.
Залалсыздандыруда бу, ыстық ауа және химиялық әдістер қолданылады.
Залалсыздандыру тәртібі
Заласыздандыру тәртібі:
Өнімдер (мақта шариктері, шприцтер, инелер, жаялықтар, пинцеттер) залалсыздандырғыш қораптарға, крафт-пакеттерге, 2-қабатты жұмсақ базелді қораптарға салынады. t - 120˚С, қысымы 1,1 атм. уақыты 45 минут.
Залалсыздандырудың бұл кезеңі резеңке өнімдерді (катетер, зонд, биялайлар) өңдеуге қолданылады. Резеңке қолғаптардың ішіне және сыртына жабысып қалмау үшін тальк себеді. Қолғаптардың арасына дәке салады және әр қолғапты дәкеге орайды. Бикстегі, крафт пакеттегі, 2-қабатты жұмсақ қораптағы залалсыздандырылған материалдар 3 күн сақталады.
Автоклавтың залалсыздандыру тәртібін залалсыздырған заттардың ішіне салынған термометрлер көмегімен бақылап отырады.
Залалсыздандырудың сапасын бензонат қышқылы арқылы тексереді. Бу мен заласыздандырғанда бензонат кышқылы кристалдары бар флакон салынады, ол t - 132˚С, қысымы - 2 атм кезінде балқиды.
Бу әдісімен залалсыздандыру
Залалсыздандыру камерасындағы будың кысымы:
• көрсеткіші - 2,0 атм;
• шегіне жеткен ауытқуы + 0,2;
Залалсыздандыру камерасындағы күнделікті температура, С;
• көрсеткіші 132˚С;
• шегіне жеткен ауытқуы + 2;
Минуттарда көрсетілген стерилизаторда ұстау мерзімі:
• колмен немесе жартылай автомат жүргізуімен 20 мин төмен емес;
• автомат жүргізуімен;
• көрсеткіші - 20 минут.
Қолданылуы:
• коррозияға шыдайтын темірден жасалынған өнімдер үшін ұсынылады;
• жеке полимер материалдар және латекс резеңкеден жасалынған өнімдер үшін (жоғары беріктілік полиэтилен, ПВХ пластмассасы) ұсынылады.
Залалсыздандыру өткізу шарттары
Залалсыздандыру фильтрлі не фильтрсіз корапшада, бөз, пергамент немесе дымқылдықты өткізбейтін қапшықты қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы автоматтарда, бұйымдарды орауға арналған қағаз корапшада, ОКМВ - 120 маркалы темір бұйымдарға арналған орағыш қағазда, екі қабатты тығыздалған қағаздан жасалынған екі қабатты жұмсақ орағышта өткізіледі.
Қолданылатын жабдықтау: бумен стерилизациялау.
Сапасын бақылау бензой қышқылының көмегімен тексеріледі: бу ішіне 132˚С температура, 2 атм кысымында 20 минуттың ішінде балқитын бензой қышқылының кристалдарымен шишаға салынады.
Залалсыздандырудың түрлері:
1. Физикалық - қайнату, ылғалды бу, ыстық ауа, гамма сәулесі.
2. Химиялық - газбен, салқын әдіспен.
Жуу ерітіндісінің құрамына жатады:
1. 27,5% -17мл сутегінің асқын тотығы.
2. 5,0г ұнтақ \лотос, астра, айна\.
3. 978 мл су.
Автоклафта заласыздандырудың түрлері:
1. Крафт пакетке салып.
2. Боз орамға орап.
3. Ашық ыдыс астаушада.
Заласыздандыруды өткізу шарттары:
Барлық залалсыздандырылатын агенттер үшін залалсыздандырудың стерилизаторда ұстау мерзімінде өнімдер толық ерітіндіге батырылуы тиіс, содан кейін өнімдерді екі рет тазартылған сумен шаяды. Тазартылған жаймамен төсенген стерилизатор ыдысында залалсыздандырылған затты сақтау мерзімі 3 тәулік.
4.Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері Науқастарды қабылдау және санитарлық тазалықты ондеу.
III. НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ
ӨҢДЕУ
Қабылдау бөлімінің құрылымы мен негізгі қызметтері.
Науқастарды қабылдау және тіркеу.
Медициналық құжаттарды толтыру.
Науқастардың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы.
Қабылдау бөлімі аурухананың өте маңызды бөлімшесі болып табылады. Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:
1) науқастарды қабылдау және тіркеу;
2) науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагностика;
3) жаңадан түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу;
4) квалифицирленген медициналық көмек көрсету;
5) науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау. Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.
Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:
1. Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін журнал - ф. №001/у.
2. ф. №ООЗ/у.
3. ф. №066/у.
4. ф. №058/у.
5. ф. №060/у.
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 |у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у ) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) толтырады.
Ауруханаға туушы әйелдер мен жұқпалы аурулардан баска науқастардың барлығы орталық кабылдау бөлімі арқылы түседі. Инфекциялық бөлімшеге және туу үйіне орталықтанбаған түрде осы ғимараттардың арнайы бөлінген бөлмелері (санитарлық өткізгіші немесе қабылдау-қарау боксы) арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, шұғылк көмекті қажет ететін науқастар кейде қабылдау бөліміне апарылмай бірден реанимация бөлімшесіне жеткізіледі. Қабылдау бөлімі күту залынан, мейірбикенің кезекшілік бөлімінен (тіркеу орны), бір немесе бірнеше қарау бөлмелерінен, емшаралық бөлмеден, таңу, ал кейде кіші операция бөлмесінен, изолятордан, санитарлық өткізгіштен, ренген кабинеттен, зертханадан, санитарлық бөлмеден тұрады. Күту залы жүретін науқастар мен оны алып келген туыстарына арналған. Мұнда үстел және жеткілікті мөлшерде орындытар болуы керек. Қабырғаларға емдеу бөлімшелерінің жұмыс тәртібі, емдеуші дәрігермен сөйлесу сағаты, науқастарға әкелуге болатын тағамдар тізімі, аурухана анықтама қызметінің телефоны туралы деректер ілінеді. Сонымен қатар, науқастарға келуге болатын күндер мен сағаттар керсетілуі қажет. Күту залының жанында кезекші мейірбикенің бөлмесі болады.
Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі. Емшаралық бөлме, таңу (таза және іріңді), сондай-ақ, кіші операция бөлмелері шұғыл көмек көрсетуте арналған. Сонымен катар, қабылдау бөлімінде диагнозы түсініксіз науқастарды жатқызатын бірнеше палата болады. Бұл палаталарда жеке санитарлық бөлме болуы қажет, Ауруханаға түскен науқастарды санитарлық өңдеу үшін қабылдау бөлімінде санитарлық өткізгіш (булау, душ, киім ауыстыратын бөлме және т.б.) бар. Науқасты санитарлық-гиниеналық өңдеуді мейірбике басқарады. Бұл өңдеу қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгішінде жүргізіледі және мына төмендегілерден тұрады:
1) дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;
2) гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;
3) науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.
Қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгіші қарау, шешіну, булау-душ және киіну бөлмелерінен тұрады. Санитарлық тазалау кезінде науқастар қозғалуының бағытын қатал сақтаған жөн: қарау бөлмесінен науқастар киінетін «таза» бөлмеге қарай, яғни гигиеналық булау немесе душтан кейін науқас шешінетін жерге қайтадан бармауы керек.
Санитарлық өткізгіш науқасы санитарлық-гшиеналық өңдеуді жүргізуге қажетті заттармен жабдықталған. Бұл жерде кушеткалар, таза және кір киімдерге арналған шкафтар мен бөшкелер, санитарлық өңдеуге арналған заттар қойылған шкаф немесе үстел: клеенка, монша сабыны, "таза жөкелер" деген жазуы бар белгіленген ыдыстағы жеке жуынуға арналған жөкелкер, шашты алатын машинкалар, қырынатын кұралдар, қайшылар, сондай-ақ, судың, ауаның жылуын өлшейтін термометрлер, ваннаны санитарлық тазалауға арналған арнайы жөкелер мен щеткалар, санитарлық өткізгіштің бөлмелерін зарарсыздандыруға және жууға арналған шелек және т.б. заттар.
Қабылдау бөлімінің мейірбикесі санитарлық-гигиеналық өңдеуді бастамас бұрын педикулезді анықтау үшін науқастың шаш жабындыларын тиянақты қарауы қажет. Бит табылған жағдайда (басқа жұқпалы аурулар табылғандағыдай) науқасты толық (науқасты моншада немесе ағын судың астында сабын және жөкемен жуындырады, науқастың үстіндегі іш киімдеріндегі, сырт киімдеріндегі, аяқ киімдеріндегі және тұрғылықты жеріндегі төсек жабдықтарындағы микроорганизмдерді жою керек, яғни дезинфекция мен дезинсекция) өңдеу немесе жартылай өңдеу (тек науқасты жуындырады және киімдерін зарарсыздандырады) жүргізеді.
Бас шашындағы биттерді жою үшін бұрындары жиі қолданатын әдіс -керосин мен өсімдік майы бірдей мөлшерде алып араластырып баска жақса шашты қырықпай аман алып қалуға болады. Бұрындары қолданылатын әдістердің бірі 20% бензилбензоат суспензиясынан дайындалған сабынды ерітінді, 5% бор майы, бутадион, метилацетофос, ниттифор, карбофос және т.б. Қазіргі кезде дезинсекциялық шараларды жеңілдететін арнайы су сабындар мен лосьондар («Педикулин», «Рид», «Элко-инсект» және т.б.) бар.
Ауруханаға түскенде егер керек болса науқастар гигиеналық тұрғыдан моншада немесе ағын судың астында жуынады. Ол кезде монша алдын ала 1 % хлорамин ерітіндісімен өңделеді, сабынмен және ысқышпен жуылып ыстық сумен шайылуы керек. Судың температурасы шамамен 42 градустай болуы керек. Науқасты жуындыру реті: басы, денесі, колдары, шап аймағы, бел тұсы, іші және аяқтары. Жуындыру ұзақтыш 30 минуттан аспауы керек, Гигиеналық монша мен ағын суда жуындыруды шындығына келгенде барлық науқастарға бірдей қолдана бермейді, онын себептері түрліше. Жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар жеке басының тазалығын үйлерінде реттеп келеді. Аурухананың арнайы киім кешектері қазіргі кезде нашар және көбіне жарамсыз болып жатады, сондықтан науқастар ауруханада үйлерінен әкелген киімдерін киіп жүреді.
Ауыз, жұтқыншақ, мұрын шырышты қабығынан жағынды алу қабылдау бөлімінде жүргізіледі. Бұл үшін залалсыз металл жаққыш (залалсыз пробирканың тығыны аркылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) колданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.
Қабылдау бөліміне науқастар мынандай тәсілдермен әкелінуі мүмкін:
1) жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде);
2) бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) - жоспарлы жатқызу;
3) басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің келісімімен);
4) «Өздігінен» (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өз бетімен келуі).
Ауруханаға жатқызылмаған науқасты қабылдау бөлімінің дәрігері амбулаторлық ем немесе басқа емдеу мекемесіне жолдауды және апаруды анықтайды немесе қабылдау бөлімінде бақылауға қалдырады немесе үйіне қайтуға рұқсат береді.
Қабылдау бөлімі (сырқатты қабылдайтын жер) аурухананың бір бөлімі, ол сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге және санитарлық гигиеналық жуып шаюға арналған. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы диагноз, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қабылдау бөлімшесі аурухананың жоспары мен құрылысына қарай орналасады. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі болады.
Орталықтандырылған қабылдау бөлімідегеніміз аурухананың барлық бөлімшелерінің бір қабылдау бөлімі болады.
Орталықтандырылмаған қабылдау бөлімібөлек орналасады және әрбір бөлімнің дербес бөлімшелері болады. Қабылдау бөлімшесі аурухана территориясына кіруге жақын және сырқаттарды тасымалдауға ыңғайлы жерде болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы төселген немесе асфальтталған жолдар, зембілдер мен оларды тасымалдау үшін кең баспалдақтар мен есіктер қажет.
Науқастар ауруханаға жоспарлы және жедел түрде түсуі мүмкін:
- жоспарлы түрде келген науқастар – жолдамамен келгендер.
- Жедел түрде түскендер– жедел жәрдем машинасымен, өздігінен келгендер.
Қабылдау бөлімі аурухананың ең маңызды бөлімі болып табылады.
Қабылдау бөлімінің құрылысы:
- Күту залы - бұл науқастарға, оларды әкелген адамдарға арналған орын. Бұл жерде орындықтар жеткілікті болуы керек.
- Кезекші мейірбике бөлмесі - бұл жерде жаңадан келген науқастарды тіркеу, қажетті құжаттарды толтыру өткізіледі
- Тексеру бөлмелері – дәрігерлердің (терапевт, хирург, гинеколог) науқастарды қарауға арналған бөлмесі.
- Жұқпалы ауруға күдік болған жағдайда науқастарға арналған оқшаулағыш (изолятор) бөлме.
- Санитарлық тазалау бөлмесі.
- Кіші операциялық бөлме.
- Манипуляциялық бөлме.
- Рентген бөлмесі.
- Зертхана.
- Әжетхана.
Қабылдау бөлімшесінің міндеттері:
- Науқастарды қабылдау және тіркеу;
- Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;
- Антропометрия жүргізу;
- Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу;
- Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
- Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау.
Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикенің қызметтері:
- Жұмыс орнын дайындау, егу бөлмелеріне қажетті барлық заттарды түгелдеу;
- Науқастың жолдамасымен танысу және кезекші дәрігердің бөлмесіне алып бару;
- Өзі келіп түскен науқастың шағымдарын тыңдау және кезекші дәрігерге жіберу;
- Түскен науқастардың дене қызуын өлшеу (003 формасы);
- Ауру тарихының төлқұжаттық бөлімін толтыру, науқастарды педикулезге қарау;
- Дәрігердің тағайындаған нұсқауларын орындау;
- Процедуралық қарау және таңу бөлмесінде жұмыс жасағанда асептика мен антисептика ережелерін сақтау;
- Нұсқауларға сәйкес шприцтерді, аспаптарды және материалдарды залалсыздандыру;
- Жұқпалы аурулар және педикулез жайлы телефонограммаларды, белсенді шақыруларды санитарлық – эпидемиологиялық станцияға уақытында беру;
- Жедел және реанимациялық дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу керек.
Қабылдау бөліміндегі санитарлық – эпидемиялық тәртіп:
- Әрбір ауруханаға түскен науқастың терісін, тамағын, дене температурасын мейірбике міндетті түрде жұқпалы аурулар белгілеріне тексеру керек. Тамағын көруге шпательді қолдану керек, қолданған шпательді 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойып, термометрді 1% лизоформин ерітіндісіне 15 минутқа салып, науқасты жатқызған кушетканы 1% лизоформин ерітіндісімен екі қайтара 15 минут үзілісімен сүртіп алу қажет. Тексеріп болғаннан соң қолды сабындап жуып, жеке сүлгімен сүртіп, сүлгіні тәулігіне бір рет ауыстырып отыру.
- Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу мақсатында науқастарды санитарлық тазалаудан өткізу керек. Арнайы санитарлық тазалауды өз бөлмесінде жүргізу керек, оның бірнеше түрі болуы мүмкін: толық ванна, жартылай ванна, жекелеген мүшелерді жуу.
Дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмелері әр науқастан кейін ауыстырып тұруға арналған жаймалармен қамтамасыз етіледі. Жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге арналған қажетті аспаптар болуы тиіс.
Қабылдау бөлімшесінің барлық бөлмесінде тікелей табиғи жарық болуы қажет. Сырқат киініп - шешінгенде тоңып қалмау үшін бөлменің температурасы 25˚С-тан төмен болмауы керек. Сырқаттың киімдерін сақтайтын бөлме қабылдау бөлімшесіне жақын орналасуы қажет.
Түскен науқастардытіркеу және қажетті құжаттарды толтыру қабылдау бөлімшесінде жүргізіледі. Қабылдау бөлімінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады.
Егер сырқат ауыр күйде немесе ессіз жағдайда түссе, мағлұматтарды оны әкелген адамнан алады. Қабылдау бөлімшесіне ауыр күйде түскен сырқатты тез арада арнайы бөлімшеге жібереді, онда мамандандырылған жәрдем көрсетіледі. Сырқаттардың көпшілігі медициналық құжат толтыруға, алғашқы дәрігерлік алдын ала тексеру мен санитарлық жуып-шаюға жағдайы көтеретін күйде түседі. Түскен сырқаттардың құжаттары мен құнды заттары өртенбейтін шкафта сақталады, заттар қабылдау бөлімшесінің қамбашысының немесе аға мейірбикенің жауапкершілігінде болады.
Егер сырқаттың жай - күйі орташа дәрежеде болса, мейірбике оның денесін, әсіресе шап терісінің қыртыстарын, қолтық астын, әйелдердің емшек бездерінің астын дезинфекциялайтын ерітінділердің (камфора спирті, иіс суы) біріне батырылған дымқылданған сүлгімен сүртеді.
Ауруханалардың қабылдау бөлімшесінде сырқатты жуып-шаюдан өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтар, зарарсыздауға арналған құралдар болуы тиіс. Олар арнайы осы мақсатта бөлінген шкафтарда немесе жәшіктерде сақталуы керек.
Науқас қабылдау бөлімшесінде барынша аз уақыт болуы тиіс. Жұқпалы ауруы бар деп сезіктенген сырқаттардың диагнозын тездетіп қойып, эпидемияға қарсы емдеу шараларын қабылдау үшін бактериологиялық сынамаларды алу қажет.
Науқасты санитарлық жуып-шаюдан кейін, оны ауруына сәйкес аурухананың арнайы бөлімшесіне жібереді.
Қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері науқасты аурухананың күн режимі мен ішкі тәртібімен таныстыруға, туысқандарымен кездесетін күндері мен сағаттары туралы айтуға, сырқаттың аурухана режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны жөнінде сыпайы түрде ескертуге міндетті.
Науқастарды қабылдау және тіркеу
Дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызу сұрағы шешілгеннен соң қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады. Мейірбике науқастың дене қызуын өлшеп, «Науқастарды қабылдау немесе жатқызбау» журналына тіркейді. Журналға науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен жайы, кім жібергені, жіберген мекеменің диагнозы, қабылдау бөлімінің диагнозы жазылады. «Ауруханадағы науқастың медициналық картасының» титулды бетін мейірбике толтырады.
Егер науқастың жағдайы орташа ауырлықта болса, мейірбике дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетуге тиісті, кезекші дәрігерді жылдам шақыртып, дәрігердің тағайындауларын тез орындауы керек.
Егер қабылдау бөлімшесіне науқас көшеден ес-түссіз жағдайда, құжатсыз түссе, мейірбике алғашқы көмекті көрсетіп, милицияға хабарлауы тиіс. Түскен науқастың бойы, киімі, дене бітімі туралы барлық мәліметтер көрсетіледі. Тұлға есімі анықталғанша науқас «белгісіз» деп көрсетіледі.
Егер науқас бірден жансақтау бөлімшесіне (қабылдау бөлімінен тыс) түссе, қажет құжаттарды бекеттегі мейірбике толтырып, соңынан қабылдау бөлімшесіне тіркейді.
Егер дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызуға көрсетпесі болмаса, науқас үйіне жіберіліп арнайы журналға тіркеледі. Амбулаториялық көмек көрсетілген науқастар туралы мәліметтер «Амбулаторлы науқастарды тіркеу» журналына жазылады.
Науқасты ауруханаға қабылдау
Қажет заттар: «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы. Ауруханаға жататын науқастың медициналық картасы /Ф-003у/, дене қызуын белгілейтін қағаз, термометр, шпатель, бой өлшегіш, таразы, гигиеналық ванна немесе душ.
Іс- әрекеттер :
1. Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз.
2. «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз.
3. «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналына енгізіледі:
- түсу күні, уақыты;
- аты-жөні, тегі;
- туған күні, айы, жылы;
- жолдама берген мекеменің диагнозы;
- науқасты қайда жатқызғаны;
4. Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз.
5. Алынған мәліметті (дене қызуы, антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз.
6. Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.
7. Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 4210;