ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ 3 страница

2. Әріптер мен буындардың орнын ауыстыру сөздегі дыбыс кезектілігін анықтап талдау қиыншылықтарының салдарынан болады. Сөздің буындық құрамы сақталуы мүмкін ( пенал-пелан, кран-канр).

3. Әріптерді қосып жазу (артық әріп қосу). Мысалы, шалбар-шыалбар, шалбыар, бақшада-бақшыада, құрт-құырт. Мұндай қателер жазу кезіндегі сөзді іштен жәй айтып отырған кезде қосымша дыбыстар естілуінің салдарынан байқалады. Мысалы, бала «бақшаға» сөзін жазу кезінде сөздегі әріптерді іштен айтып отырып жазады, және әріптерді баяу айтады, сонда «Ш» әрпін жазғанда «ШЫ» бірнеше рет айтып қайталайды. Жазуда жиі кездесіп жүрген қателер сөздегі әріптердің қайталанып жазылуы. Мысалы, (Аарман, Шшана, Оорман). Мұндай қателер бірінші сыныпта сауат ашу кезеңіндегі балалардың графомоторикалық дағдыларын механикалық бекіту нәтижесінде байқалуы мүмкін. Егер де қосып жазуда кездесетін қателерді (қуырт, бақшы, аға, Аарман) салыстырып қараса олардың себептері әр түрлі екенін байқауға болады, соған байланысты түзету жұмысының бағытында өзгеше болу тиіс. Жазуда кездесетін жиі қателер-әріптерді алмастыру болып табылады. Оқушы сөз құрамындағы дыбыстарды бөліп айта алғанымен, оны белгілейтін керекті әріпті таңдап сәйкестендіре алмайды. Ондай қателер төмендегідей жағдайларда байқалуы мүмкін:

- фонема мен графиканы сәйкестендіре алмаған жағдайда;

- акустикалық-артикуляциялық жағынан ұқсас дыбыстарды анық ажырата алмаған жағдайда;

- жазылу ұқсастығы бойынша ұқсас әріптерді ажырата алмаған жағдайда.

Бір әріпті екінші әріппен тұрақты алмастыруы сирек кездеседі. Көбінесе әріптерді шатастыру жиі байқалады, онда жазуда бір әріп бірде дұрыс, бірде қате белгіленеді. Шатастырудың үш түрі байқалады:

- акустикалық-артикуляциялық

- оптикалық

- кинестетикалық ұқсастық бойынша шатастыру

Персевирация, антиципация

Бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму салдарынан болады. Персеверация (тұрып қалу, тұтығып қалу) мысалы, сөзде: магазин – магазим, балапан – балапап; сөз тіркестерде: кішкентай күшік – кішкентай күкік; сөйлемде: Апа балапанға тары ташты.

Бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму салдарынан болады.

Антиципация – алдын алу (келесі сөзде кездесетін әріпті, буынды алдын ала жазу). Мысалы, жаңбыр жауды – жабдыр жауды; балапан – бапапан. Бұл аталған екі түрлі қателер қозу процессінің әлсіз дифференциялауының әсерінен болады.

 

Сөз деңгейіндегі қателер

Сөз деңгейіндегі қателерге:

- сөз бөлшектерінің бөлек жазылуы;

- бірге жазылуы;

- контаминация жатады.

Сөз бөлшектерінің бөлек жазылуы мынандай жағдайларда кездеседі:

- сөздің бірінші әріп, буыны орыс тіліндегі қосымша сөздер, приставкаға ұқсас болғанда (мысалы и – дут, на – чалось т.б.) ;

- артикуляциясы ұқсас емес екі дыбыс қатар келгенде ( ұршық, кірпі)

Контаминация дыбыстың талдау процесінің дөрекі бұзылуы салдарынан туындайды. Ондай жағдайда сөзді немесе сөйлемді түсіну мүмкін болмайды.

Мысалы, сабақ басталды – «сббст»

Сөйлем деңгейіндегі қателерге аграмматизмдер деп аталатын қателер жатады, яғни:

- сөйлем мүшелерінің байланысының бұзылуы;

- септік жалғауларды дұрыс пайдалана алмауы;

- орыс тілінде қосымша сөздерді дұрыс қолданбауы;

- сөйлемнін шегін анықтай алмауы.

 

Сонымен И. А. Садовникова жазудағы қателерді төмендегі кестедегідей жүйелейді

 

Жазудағы ерекше қателер

↓ ↓ ↓

Буын және әріп деңгеіндегі қателер   Сөз деңгеіндегі қателер Сөйлем деңгейіндегі қателер
- әріпті, буынды тастап кету; - алмастыру; - шатастыру; - қосып жазу.     - сөзді бөліп жазу; - сөздерді бірге жазу; - контаминация - сөйлем шегін айырмау; - аграмматизм - (сөйлемдегі сөздердің байланысының бұзылуы)

 

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуына арналған арнайы әдебиеттерде осы кезеңге дейін терминологиялық жағына және ауытқулардың себептеріне, жазудың бұзылуының анықтамасына байланысты бірдей көзқарас қалыптаспаған, сондықтан әртүрлі авторлардың жұмысында дисграфияға әр түрлі анықтама беріледі.

Қазіргі кезеңдегі зерттеулер және көп жылғы өзінің бақылау, жұмыс тәжірибе негізіне сүйене отырып А. Н. Корнев дисграфияға мынындай анықтама берді: «Көруі, естуі және интеллектісі мен сөйлеу тілінің жеткілікті дамуына қарамастан графикалық ережелерге сәйкес жазу дағдыларын меңгере алмауын – дисграфия деп атау қажет».

«Дисграфия - жазуда әріпті алмастыру, сөздің дыбыстық-буындық құрамының бұзылуы, сөйлемде жеке сөздердің бірге жазылуы, аграмматизмдері тұрақты және қайталанып келетін қателермен сипатталатын жазу үрдісінің жартылай бұзылуы (Дефектология сөздігіндегі анықтама).

 

Дисргафияның классификациясы

Дисграфияның классификациясытүрлі критерийлер негізінде іске асырылады: бұзылған анализаторларын, психикалық функцияларының бұзылуын, жазу операцияларының қалыптаспағандығын ескеру.

О. А. Токарева дисграфияның үш түрін бөледі: акустикалық, оптикалық, моторлы.

Акустикалық дисграфия кезінде естіп-қабылдаудың ажыратылымдығының, дыбыстық талдау мен жинақтаудың жеткілікті дамымауы байқалады. Артикуляциясы және дыбысталуы бойынша ұқсас әріптерді жиі тастап кету, алмастыру, сонымен қатар жазба жұмыстардан дыбыс айтудың бұзылысы айқын көрінеді.

Оптикалық дисграфия көру әсері мен бейнелердің тұрақсыздығымен байланысты. Жеке әріптер түрліше қабылданады. Көріп-қабылдауы нақты болмағандықтан, олар жазуда алмасады. Көбіне келесі қол жазба әріптерді алмастыру кездеседі:

П – Н, П – И, У – И, Ц – Щ,

Ш – И, М – Л, Б – Д, П – Т,

Н – К.

Оптикалық дисграфияның ауыр түрінде сөздерді жазу мүмкін емес. Бала тек жеке әріптерді ғана жаза алады. Әсіресе солақайларда айналы керісінше (зазеркальное) бейне жазу орын алады, ондай жағдайда әріптер бөлшектері оңнан солға қарай жазылады.

Моторлы дисграфия. Оған жазу кезінде қол қимыл-қозғалысының қиындығы, сөздің дыбыстық және көру бейнелері мен моторлы бейнелерінің байланысының бұзылысы тән.

Қазіргі кездегі жазу үрдісін психологиялық және психолингвистикалық зерттеу бойынша өзіне түрлі деңгейдегі көп мөлшердегі операцияларды қосатын семантикалық, тілдік, сенсомоторлы сөйлеу тілінің күрделі түрі екендігі анықталған. Осыған байланысты анализаторлы деңгейдің бұзылысы негізінде бөлінген дисграфия түрлері қазіргі кезде жеткілікті түрде нақты емес болып табылады.

М. Е. Хватцев бөлген дисграфия түрлерінде жазу бұзылысына деген қазіргі түсініктерді қанағаттандырмайды. Оларды қарастырайық:

1. Акустикалық агнозия мен фонематикалық естуінің дефектісі салдарынан болған дисграфия.Мұндай түрде көшіріп жазу сақталып, ауызша сөйлеу тілі бұзылған болады. Бұзылыстың физиологиялық механизімі көру мен естудің арасындағы бірлескен байланыстың бұзылысы болып табылады, мұнда тастап кету, орын ауыстыру, әріптерді алмастыру, екі сөздің бір сөзге бірігуі, сөздерді тастап кету т.б. қателер байқалады.

Бұл түрдің негізінде сөздің дыбыстық құрамын есту қабылдауының дифференциациясының жоқтығы, фонематикалық талдаудың жеткіліксіздігі жатыр.

Автор ақиқат бойынша жазу бұзылуының екі түрлерін қосады: дыбыс дифференциациясының және фонематикалық талдау мен жинақтаудың бұзылысымен байланысты.

2. Ауызша сөйлеу тіл бұзылысы салдарындағы дисграфия (графикалық тілге шорқақтық). М. Е. Хватцевтің ойы бойынша ол дыбысты бұзып айтудың салдарынан пайда болады. Бір дыбысты басқа дыбыспен алмастыру, дыбыс айтуда кейбір дыбыстардың болмауы жазуда алмастыру мен тастап кетулерге әкеледі. М. Е. Хватцев «тілге шорқақтықты бастан кешіруі» салдары деп бөледі (Сауат ашудың алдында немесе кейіннен дыбыс айтудың бұзылысы жоғалып кеткенде). Дыбыс айту күрделі болса, жазуда да түрлі қателер болады.

Қазіргі кезде дисграфияның бұл түрі негізделген болып есептеледі.

3. Дыбыс айту ритмінің бұзылысы салдарынан пайда болған дисграфия.М. Е. Хватцевтің көз қарасы бойынша дыбыс айту ритмінің бұзылысы салдарынан жазуда дауыстылар, буын, жалғаулардың тасталып кетуі байқалады. Бірақ көрсетілген қателер фонематикалық талдау мен жинақтаудың немесе сөздің дыбыстық-сөздік құрамының бұзылысымен негізделген болуы мүмкін.

4. Оптикалық дисграфия. Бас миындағы оптикалық сөйлеу тіл жүйесінің бұзылысы немесе жетілмеуінен пайда болады. Әріптің, сөздің, көру бейнесінің қалыптасуы бұзылады. Литеральды дисграфия кезінде балада әріптің көру бейнесі бұзылады, оқшауланғанәріптердің бұзылысы, алмасулары байқалады. Вербальды дисграфия кезінде оқшауланған әріптердің жазылуы сақталған болып табылады, бірақ сөздің көру бейнесі қиындықпен қалыптасады, бала сөзде көп қате жіберіп жазады.

Оптикалық дисграфия кезінде бала қол жазбалы графикалық ұқсас әріптерді ажырата алмайды: п-н, п-и, с-о, и-ш, л-м.

5. Моторлы немесе сенсомоторлы афазия кезіндегі дисграфия сөз, сөйлем құрылымының бұзылысы, алмасуында байқалады және бас миының органикалық бұзылысы салдарынан ауызша сөйлеу тілінің жоқтығымен негізделеді.

Толығырақ негізделген А. И. Герцен атыдағы ЛГПИ-дің логопедия кафедрасының қызметкерлерімен құрылған жіктелімі болып табылады. Бұл жіктелім жазу үрдісіндегі белгілі бір операциялардың қалыптаспағандығын негізге ала отырып құрылған. Дисграфияның келесі түрлері бөлінеді: артикулярлы-акустикалық, фонемді тану (фонемді ажырату) бұзылысы негізіндегі, тілдік талдау мен жинақтау бұзылысының салдарындағы, аграмматикалық және оптикалық дисграфия.

1. Артикулярлы-акустикалық дисграфияМ. Е. Хватцевтің бөлген ауызша сөйлеу тілінің бұзылысы салдарынан болған «жазудағы тілге шорқақтық» дисграфиясына ұқсас. Бала қалай айтса, солай жазады. Оның негізінде жазу кезіндегі дыбыс айтудың бұзылуы, бұрыс дыбыс айтуға сүйенуінің байқалуында жатыр. Яғни бала өзінің дыбысты бұзып айтуын жазуда бейнелейді.

Артикулярлы-акустикалық дисграфия әріптерді алмастыру, тастап кетумен сиптталады. Көбіне дизартрия, ринолалия, полиморфты сипаттағы дислалияда байқалады. Кейде ауызша сөйлеу тілінде алмастыруды жойғанымен, жазуда олар қалып қояды. Мұндай жағдайда іштен оқуда дұрыс артикуляцияға жеткілікті сүйеу жоқ, өйткені әлі дыбыстардың нақты кинестетикалық бейнелері қалыптаспаған деп болжамдауға болады. Бірақ жазуда дыбыстарды тастау, алмастыру көп байқала бермейді. Бұның негізінде сақталған функциялардың арқасында компенсация есебімен жүреді (мысалы нақты есту дифференциация есебімен, фонематикалық қызметтердің қалыптасқандығынан).

2. Фонемді тану бұзылысы негізіндегі дисграфия (фонемді дифференциациялау). Қалыптасқан терминология бойынша, бұл – акустикалық дисграфия.Фонетикалық жақындығы бойынша сәйкес әріптерді алмастыруы байқалады. Өйткені, ауызша сөйлеу тілінде дыбыстар дұрыс айтылады. Келесі дыбыстарды білдіретін әріптер алмастырылады: ысқырық және ызың, африкаттар мен солардың құрамындағы компоненттер (ч-т', ч-щ, ц-т, ц-с). Көбіне дауыстыларды (мысалы о – у) алмастыру кездеседі.

Сенсорлы алалия және афазияда фонемді тану бұзылысы негізіндегі дисграфия байқалады. Ауыр жағдайларда алыс артикулярлы акустикалық дыбыстарды белгілейтін (л –к, б –в, п –н) әріптер араластырылады. Сонымен қатар дыбыстарды айту, араластырылған әріптерге сәйкес, қалыпта болып табылады.

Дисграфияның бұл түрінің механизімі туралы бірдей көзқарас жоқ. Бұл фонемді тану үрдісінің күрделігімен түсіндіріледі.

Зерттеушілердің (И. А. Зимняя, Е. Ф. Соботович, Л. А. Чистович) ойлары бойынша фонемді танудың көп деңгейлі үрдісі түрлі операциялардан тұрады:

1. Қабылдау кезінде сөйлеу тілінің есту талдануы іске асырылады.

2. Акустикалық бейне артикуляторлы шешімге ауысады, ол проприоцептивті талдаумен, кинестетикалық қабылдау мен түсінікпен қамтамасыз етіледі.

3. Есту және кинестетикалық бейнелер шешімді қабылдауға керекті уақытқа тежелінеді.

4. Дыбыс фонемамен сәйкестендіріледі, фонеманы таңдау операциясы

жүреді.

5. Есту және кинестетикалық бақылау негізінде бейнемен бірігіп жүреді,

одан кейін соңғы шешім қабылданады.

Жазу үрдісі кезінде бұл үрдісті функциялау күрделене түседі, фонема

әріп белгілі бір көру бейнелерімен сәйкестендіріледі.

Кейбір авторлар (С. Борель-Мезонни, О. А. Токарева) фонетикалық жақын дыбыстарды білдіретін әріптерді алмастыру негізінде есту-қабылдауының, дыбыстарды естіп-ажыратуының анық еместігі жатыр деп ойлайды.

Дұрыс жазу үшін, ауызша сөйлеу тіліне қарағанда дыбыстарды ажыратуға есту қабілетінің жете дамығандығы керек. Ауызша сөйлеудегі есту дифференциациясының кішкене ғана анық еместігі сөйлеу тәжірибесінде бекітілген моторлы стериотиптер, кинестетикалық бейнелер есебімен толығуы мүмкін. Ал жазу үрдісі кезінде фонемді дұрыс танып, таңдау үшін мағыналы ажыратылмалы болып табылатын, барлық акустикалық дыбыстардың толық талдануы қажет.

Басқа жағынан жазу үрдісінде дыбыстарды ажырату, фонемді таңдау кезектілі іс-әрекет есту бейнелері, елестету арқылы іске асырылады. Фонетикалық жақын дыбыстарды естіп елестетудің нақты еместігінің салдарынан фонеманың таңдалуын қиындатады, соның салдарынан жазуда әріп алмастыру пайда болады.

Ақыл-ойы кем балалардың жазуын зерттеген басқа авторлар (Е. Ф. Соботович, Е. М. Гопиченко) әріптерді алмастыруды, балалар фонемді тануда дыбыстардың артикулярлы белгілеріне сүйенеді және сонымен бірге есту бақылауын сезінбейді дегенмен байланыстырады.

Осы зерттеулерге қарама-қарсы Р. Беккер және А. Коссовский фонетикалық жағынан жақын дыбыстарды белгілейтін әріптерді алмастырудағы негізгі механизм кинестетикалық талдаудың қиындығы деп санайды. Олардың зерттеулері көрсеткендей, дисграфиясы бар балалар жазу кезінде кинестетикалық сезінулерді (іштей оқу) жете толық қолданбайды. Оларға есту диктанты мен өз бетінше жазуда ойша оқу аз көмектеседі. Ойша оқуды алып тастау (Л. К. Назарованың әдістемесі бойынша) жазудағы қателер санына әсерін тигізбейді, яғни олардың көбеюіне соқтырмайды. Сонымен бірге жазудағы іштей оқуды алып тастау дисграфиясы жоқ балаларда қателерді 8-9 есе көбейтеді.

Кейбір авторлар жазудағы әріптерді алмастыруды фонематикалық жетілмеушілікпен, фонема туралы бейнелерінің қалыптаспағандығы және фонемді таңдау операциясының бұзылысымен байланыстырады (Р. Е. Левина, Л. Ф. Спирова).

Дұрыс жазу үшін барлық фонемді ажырату мен таңдау операцияларының жеткілікті деңгейі қажет. Кез келген бір түйіннің бұзылысы (есту, кинестетикалық талдау, фонемді таңдау операциялары, есту және кинестетикалық бақылаудың) жалпы фонемді танудың барлық үрдісі қиынға түседі, ол жазуда әріптерді алмастырудан байқалады. Сондықтан фонемді тану операцияларының бұзылысы есебімен бұл дисграфия түрінің келесі түрлерін бөлуге болады: акустикалық, кинестетикалық, фонематикалық.

3. Тілдік талдау мен жинақтау бұзылысы салдарындағы дисграфия. Оның негізінде түрлі тілдік түрлердің талдануы мен жинақтауының бұзылысы жатыр: сөйлемдерді сөздерге бөлу, буындық және фонематикалық талдаулар мен жинақтау. Фонематикалық талдау тілдік талдаудың күрделі түрі. Оған келесі қателер жатады: дауыссыздар қатар келген жағдайда тастау; дауыстыларды тастау; әріптерді алмастыру; әріп қосу; буындарды алмастыру, қосу, тастап кету. Жазуды дұрыс меңгеруде оқушы фонематикалық талдауды ішкі жоспарында қалыптастыруы керек. Сөйлемдерді сөздерге бөлу кезінде сөздердің бірге жазылуы кездеседі, жалғауларды бөлек жазуы да кездеседі. Фонематикалық талдаудың бұзылуынан пайда болған жазудың бұзылуы туралы Р. Е. Левина, Н. А. Никашина, Д. И. Орлова, Г. В. Чиркинаның еңбектерінде көрсетілген.

4. Аграмматикалық дисграфияР. Е. Левина, И. К. Колпаковская, Р. И. Лалаева, С. Б. Яковлеваның еңбектерінде сипатталған. Ол сөйлеу тілінің грамматикалық жағының дамымауымен байланысты (морфологиялық, синтаксистік жалпылау). Бұндай дисграфия түрі сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде көрінеді, сонымен қатар лексикалық-грамматикалық дамымауының құрамды бөлігі болып саналады. Олар көбіне дизартрия, алалия, ақыл-ойы кем оқушыларда кездеседі. Байланыстырып жазуда балаларда сөйлем арасында логикалық және тілдік байланысынан қиыншылықтары туындайды. Жағдайды бейнелеуде сөйлемдердің реттілігі кейде сәйкестендірілмейді, бөлек сөйлемдердің мағыналық және грамматикалық арасындағы байланыстары бұзылады.

5. Оптикалық дисграфия. Көру гнозисінің, талдау мен жинақтау, кеңістікте бағдарлаудың дамымауымен байланысты, жазуда әріптің алмасуымен және шатастыруымен бейнеленеді. Көбінесе графикалық ұқсас қол жазбалық әріптер алмастырылады: бір элементтен тұратын, бірақ кеңістікте әртүрлі орналасатын (в-д, т-ш); бірдей элементті, қосымша элементтермен ажыратылатын (и-ш, п-т, х-ж, л-м): әріптердің керісінше көріністе жазылуы (с-“ ”, э-“ ”), бірдей элементті құрайтын, әріптерді бір-біріне қосуда элементтерді тастап кету (ау-“ ау ” ), артық ( ш- “ ш” ) және элемменттерді дұрыс орналастырмауы ( х-“сс”, т- “пп ” ).

6. Литеральды дисграфия кезінде оқшауланған әріптерді тану мен айтудың бұзылысы байқалады. Вербальды дисграфия кезінде оқшауланған әріптер дұрыс айтылып, бірақ сөзді жазғанды бұзылыстар, оптикалық сипаттағы дыбыстарды алмастыру байқалады.

И. П. Корнев жазудың ерекше бұзылу жүйесін толықтырып, дисграфияны төмендегідей түрлерге бөледі:

1. паралаликалық дисграфия;

2. фонемді тану бұзылысы негізіндегі дисграфия;

3. тілдік талдау мен жинақтау бұзылысы салдарындағы дисграфия;

4. диспарксикалық дисграфия.

 

Дисграфия ( Аграфия)
Дисфонологиялық дисграфия Метатілдік дисграфия  
Паралаликалық дисграфия   Фонематикалық дисграфия Талдау жинақтаудың бұзылуы салдарынан болған дисграфия Диспраксикалық ( моторлы) дисграфия
Көптеген дыбыстардың бұзылуы. Дыбыстардың алмасуы, бұзылуы мен қатар шатастыру кездеседі. Дыбыс айту қиыншылықтары сөздің буындық құрамының бұзылуына әкеледі( буынды, дыбысты тастап кету, орнын алмастыруға ) көп жағдайда бала өзі дұрыс айтатын дыбыстарды да алмастырып, шатастырады. Ондай балалардың көбінде зейіні нашар, бір нәрсеге көңілін тоқтата алмауы байқалды. Вербальды логикалық қабілеті төмен, ырғақтылықты ( ритм) қайталауы қиын, қолдың ұсақ бұлшық еттері әлсіздігі болады.     Ауызша тілі мөлшерде дамыған балалардың жазуында акустикалық – артикуляция ұқсас дыбыстарды (с-з, с-ш т.б.) шатастырумен қос әріпті тастап кету, орфографиялық қателер жиі кездеседі. Жұмыс жасау қабілеті, зейінін шоғырландыру және бөлу қабілеті төмен. Дыбыстық талдауы нашар. Сөз қоры кедей, интеллектуалды дамуы төмен. Ұқсас оппозициялық буындарды ( ла-ра, са-за т.б.) қайталағанда көп қателеседі. Ырғақтылықты, сан ретін қайталауда қиындық байқалады. Контрасты буындарды ( пава) қайталағанда қиналмайды. Жазуда әріпті, буынды тастап кету, орын алмастыру жиі кездеседі. Мәтінді сөйлемге бөлуі бұзылады. Танымдық процестері жетілмеген. Ерікті зейін қойып, бір нәрсеге көңіл бөлуі нашар. Талдауды тек айтып отырып қана орындай алады. Ол сөздегі дауысты дыбыстарды дұрыс анықтау мүмкіншілігін төмендетеді, соның салдарынан жазуда әріпті тастап кету қателері жиі кездеседі. Негізгі белгісі - әріптің графикалық белгісін меңгере алмауы. Жазудағы қателер: жазуы ұқсас элементтері бар әріптер ( л-м,и-у, п-т, д-б, х-ж, и-ш) алмастыру; элементтерді жазбай тастап кету; оптикалық ұқсас әріптерді ( т-ш, в-д, и-п, з-е) сирек шатастырады саусақ праксисі бұзылған. Бір қимыл түрінен екінші түріне көшуі бәсең, жазуда әріптерді алмастыру қимыл стеротиптің бәсендеу салдарынан болады.

 

Дизорфография

Жалпы білім беру, коррекциялық мектептерінде оқушыларды сауатты жазуға үйрету, өз ойын сауатты, толық жеткізу мәселелері тек қана тіл сабақтарының ғана міндеті болып саналады. Бүгінде орфографиялық сауаттылық кең орын алып отыр, оған әсіресе жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың көпшілігі тіл сабақтарынан үлгермеушілер қатарын құрайды. Мысалы, Е. Л. Черкасованың мәліметтері бойынша орыс тілінде оқыған үшінші сынып оқушыларының жазу жұмыстарында орташа есептеп 2-3 қате кездессе бесінші сыныпта- 5, алтыншы сыныпта- 11-ге дейін орфографиялық қателер кездеседі екен.

Қазіргі кезеңде логопедияда жазудың бұзылу себептері туралы ғылыми зерттеулер ( деректер) дамып келеді. Бірақ ол зерттеулердің көбі жазу-сөйлеу іс- әрекетінің ( структуралық) құрылымдық операцияларын зерттеуге ( Т. А. Алтухова, Т. В. Ахутина, А. Н. Корнев, Н. И Цветкова т.б.), фонетикалық жазудың әртүрлі кемшіліктерін зерттеуге (Левина, Р. И. Лалаева, Л. Ф. Строва, А. В. Ястребова, Грушевская және т.б.) бағытталған. Бірақ орфографиялық қателерді жоюдың, түзетудің тиімді әдіс-тәсілдеріне бағытталған зерттеу жұмыстары өте аз. Осы уақытта дейін орфографиялық қателер тұрақты түрде кездессе де, оларды зертеу, мәселелеріне көңіл бөлінеді де, орфографиялық қателер ондай ерекше (дисграфиялық) қателер қатарына қосылмай қалады. Арнайы әдебиеттерде (О. К. Грибова, Э. А. Драникова, И. К. Колпаковская, Р. Е. Левина, И. Н.Садовникованың) жұмыстарында ЖСТД балаларының дұрыс жазу ережелерін меңгерудегі қиыншылықтарын атағанмен балалардың орфографиялық дағдыларын, сауатты жазудың алғы шарттары, түзету жолдары жеткіліксіз қарастырылған. Ол бағытта И. В. Прищепованың, И. А. Денисованың жұмыстарын атап өтуге болады.








Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 12289;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.025 сек.