ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ 5 страница

Мына әріпке қарашы

Былай «Е», былай «Ш».

«З» әріпін әрқашан

табасың сен

саздан, қаздан, залдан.

Сонымен, ЖСТБ-ы әр түрлі белгілермен сипатталатын күрделі ақаулыққа жатады. Сондықтан дисграфияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін, механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарды дұрыс құрастырып, оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама) төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылуы керек:

- қазақ тілі пәнінің бағдарламасына сәйкес;

- ақаулықтың түрін, құрылымын ескеру;

- онтогенетикалық ықпал ету;

- сөйлеу тілінің даму деңгейін ескеру;

- қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технологиялары мен көзқарастарды ескеру;

- логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу.

Бағдарламада түзету жұмысының мақсаты мен міндеттері, мазмұны дисграфияның түріне байланысты алынады. Мысалы, тілдік талдау мен жинақтаудың салдарындағы дисграфияда төмендегідей міндеттерді атауға болады:

- сөйлем құрамын талдау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

- буындық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

- фонематикалық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.

Акустикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

- естіп қабылдауын дамыту;

- дыбыс туралы ұғымын қалыптастыру, дамыту;

- фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту;

- шатастыратын дыбыстарды ажырату дағдысын дамыту.

Аграмматикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

- затты, іс-әрекетті, құбылыстарды атау мен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

- - сөздің морфологиялық құрылымы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

- - сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.

Оптикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

- көріп қабылдауын, талдауын, жинақтауын дамыту;

- жазуда шатастыратын дыбыстарды ажырату.

 

Жалпы мектептің 1-ші сынып оқушыларын жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан сақтандыру бағдарламасының мақсаты:

- ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету;

- оқытуда қиыншылық кездесетін балаларды қазақ тілі мен оқу сабақтарына қажет біліктілігі мен дағдыларын меңгеруге жанжақты дайындау жатады.

Бағдарламаның міндеттері:

- фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту;

- тілдік талдау, жинақтауын буын, сөз, сөйлем, мәтін деңгейлерінде дамыту;

- фонемдерді ажыратуын анықтау, бекіту;

- кеңістікті-уақытты бағдарлау түсінігін анықтау және дамыту;

- зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту;

- сөз қорын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту;

- сөйлеу, жазу, оқу актілеріне қатысатын анализаторларды (есту, көру, сезу) дамыту.

ЖСТБ-н сақтандыру жұмысы міндеттерге сай үш деңгейде жүргізіледі (фонетикалық, лексикалық, синтаксистік) және жоспарда әр деңгей бойынша жұмыс мазмұны толық көрсетіледі.

 

Дисграфия мен дислексияның алдын алу

Дислексия мен дисграфияны түзету неғұрлым ерте басталса, солғұрлым нәтижелі болады. Алдын алу шаралары жазу тілінің бұзылуын ары қарай құлдырауынан сақтандырады. Алдын алу шараларын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы (бірінші) сақтандыру шаралардың мақсаты бұзылудың негізгі этиологиялық факторларын жою болса, екінші реттегі шаралардың мақсаты бұзылуға бейімдейтін факторларын ерте анықтап алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу болып табылады. Ол үшін мынандай бағыттарда жұмыс жүргізуге тиімді.

 

Алғашқы сақтандыру шаралары. Екіші сақтандыру шарарлары.  
1. Келешек аналар мен жүкті аналардың денсаулығын қорғау; оларға тиісті бақылау ұйымдастыру, босану кезіндегі жарақаттандыру-дан, әр түрлі аурудан т.б. сақтандыру. 2. Әсіресе бір жасқа дейінгі балаларды соматикалық, инфекциялық аурудан сақтындыру. 3. Церебральды ауытқуларды алдын ала анықтау, емдеу. 4. Сөйлеу тілінің ауытқуларын мезгілінде анықтап. Түзету жұмысын ұйымдастыру. 5. Билингвизм жағдайында балаларды сауат ашуға дайындау кезіндегі тиімді тәсілдерді пайдалану. 6. Жайсыз немесе балаларды бала бақшаға бармаған отбасыларымен жұмыс жүргізу: ата-аналарға арнайы «мектеп» ұйымдастыру. Онда балаларды оқуға дайындау тәсілдерін үйрету. 1. Оқу мен жазудың функционалды базистерін (ауызша сөйлеу тілін, ойлаудын, зейінін, фонематикалық естіп қабылдауын, дыбыстық талдау, жинақтауғадағы көруін, кеңістікті бағдарлауын, графомоторлы дағдыларын сукцессивтік қабілетін) қалыптастыру. 2. Дислексияға бейім балаларды ерте жастан оқуға үйрету, жазуды мектепке барғанда меңгереді. 3. Қатерлі топқа жататын балаларды сөйлеу тілі кешеуілдеген немесе дамымаған, психикасы кешеуіл дамыған, билингвист балалар, бейнелеу қабілеті төмен, перенатальды және постнатальды зақымдалғанды алдын ала анықтау. 4. Ондай балалармен мектепке дейін төмендегідей алдын алу түзету жұмыстары жүргізіледі: -фонетикалық-фонематикалық кемшіліктерін түзету; -арнайы тәсілдерді пайдаланып жазудың функциональді базисын қалыптастыру; - жазуға үйрету тәсілдері және мерзімі, жылдамдығы қатерлі топтағы балалардың ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

 

Қазіргі кезде арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сақтандыру жұмыстарын мектепке дейінгі кезеңнен, ерте жастан бастап белсенді жүргізу керектігін баса айтады. Бірнеше белгілері бойынша мектепке дейінгі жастағы балаларда дисграфияның байқалуын болжауға болады. Ондай «қатерлі топқа» жататын балаларда А. А. Корневтің айтуы бойынша төмендегідей белгілер байқалады:

- пере-, постнатальді зақымдалу;

- ауызша сөйлеу тілінің кешеуілдеп, ауытқып дамуы;

- психикасының кешеуілдеп дамуы;

- бейнелеу қабілетінің жетілмеуі;

- билингвизм.

Кейінгі кездегі арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын сауат ашудың алғышарттарының (предпосылки) жетілмеуінен деп есептейді. Олар:

- акустикалық ұқсас дыбыстарды естіп ажыратуы тұрақсыз болуы немесе қалыптаспауы;

- ауызша сөйлеуінде дыбыстарды алмастыру;

- ересек мектеп жасына дейін сөздің фонематикалық талдаудың қарапайым түрлерінің қалыптаспауы,

- көру-кеңістік ұғымдарының, көріп талдау, жинақтау және уақытты бағдарлау дағдыларының қалыптаспауы;

- сөзөзгерту, сөзжасам дағдыларының мектеп жасына дейін қалыптаспауы.

Дисграфияның барлық түрлерінде түзету логопедиялық жұмысының негізіне жоғарыда аталған алғышарттарын дамыту алынады.

Акустикалық, артикуляторлық-акустикалық, оптикалық, талдау, жинақтаудың бұзылу негізінде дисграфияда алдын алу шаралары мектепке дейінгі кезеңде, ал аграмматикалық дисграфияны алдын алу жұмысы мектептің 1-2 жылдары, яғни жазудың морфологиялық принципке өткенге дейігі кезеңде жүргізіледі.

Ерте жастан дисграфиядан сақтандыру шаралары.

Бұл жастағы сақандыру шараларының негізгі міндетіне баланың барлық психикалық функцияларын (сөйлеу тілімен қоса) дамытуға қолайлы әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету болып табылады. Алдын-алу шараларының негізгі міндеттерін іске асыру үшін баланың қоршаған ортасының іс-әрекеті «дамыту» бағытында жүргізілуі қажет.

Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасатын болғандықтан баланың ауызша сөйлеу тілінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді.

Сауат ашуға оқыту дыбыстық талдау, жинақтау әдісі негізінде жүргізіледі. Сондықтан, мектепке алғаш келген баланың барлық тіл дыбыстарын, оның ішінде акустикалық ұқсас дыбыстарды ажырату дағдылары қалыптасуы керек. Н. Х. Швачкинның айтуынша, қалыпты дамыған балалар екі жастан бастап тіл дыбыстарын ажырата алады. Дыбыстарды естіп ажыратуының бұзылуынан сақтандыру үшін ерте жастан бастап есту анализаторын біртіндеп дамыту керек. Ол үшін дауыс интонациясын, әр түрлі дыбыстарды (жел, телефон, сылдыр, т.б.) ажырату, дыбыстың бағытын анықтау, жақын адамдардың дауысын тануға, т.б. үйрету қажет.

Сөйлеуге дейін кезеңнен бастап баланың артикуляциялық моторикасын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту өте маңызды. Бұл бағытта әр түрлі ойындарды, ойын тәсілдерін, көрнекіліктерді, ойншықтарды пайдалануға болады.

Ерте жастан бастап баланың жақын адамдармен қарым-қатынас жасау ынтасын, сөйлеу қатынасын дамытуға жағдай жасау тиімді.

Ол жағдайлар:

1. Жақын адамдармен эмоциональді қарым-қатынасын дамыту. Ерте жаста, әсіресе, анасымен эмоциональді қарым-қатынасының жетілмеуі баланың психикалық, сөйлеу тілнің дамуын кешеуілдетеді.

2. Баланың «уілдеуін», «былдырлауын» белсендіру, дамыту. Неғұрлым

бала көп «былдырласа» солғұрлым артикуляциялық аппараттың дыбыс артикуляциясын меңгеруге дайындығы жақсарады.

3. Жарты жастан бастап сөз түсінігін дамыту. Алдымен ыммен, сосын

сөзбен нұсқауларды орындау (бер, ал, отыр, т.б.).

4. Жалпы сөйлеу тілінің дамыуын және дыбыс айтуын дұрыс меңгеру

үшін қоршаған адамдардың дұрыс сөйлеу үлгісі қажет.

5. Баланың сөйлеу тілі дами бастаған кезеңде (бір жаста) жанұяда бір

тілде сөйлеу қажет. Өйткені екі тілде сөйлеу баланың сөйлеу тілінің дамуын кешеуілдетуі немесе бұзуы мүмкін.

6. Керек жағдайда баланың дұрыс айтпаған сөздерін дұрыс айтып,

қайталау керек.

7. Сөйлеген кезде баланы сөйлеген адамның бетіне қаратуға үйрету керек,

ол дыбыс артикуляциясын дұрыс меңгеруге ықпал етеді.

8. Бала тіліне бейімдеп сөйлеуді мүлдем қолданбау, өйткені ол дыбыс

айтуын кешеуілдетеді немесе бұзады.

Сөйлеу тілін дамытуға жоғарғы аталған қолайлы жағдайларды жасау, әсіресе «қатерлі топтағы» балаларға өте маңызды болып есептеледі.

Мектепке дейінгі орта және ересек жастағы балаларды дисграфиядан сақтандыру.

Бұл жаста сақтандыру жұмысы дисграфияға бейімдейтін алғышарттарды жоюға бағытталады. Негізгі жұмыс бағыттары:

- тіл дыбыстарды ажыратуға тәрбиелеу, дамыту;

- ауызша сөйлеудегі дыбыстарды алмастыруын жою, түзету;

- фонематикалық талдаудың қарапайым түрін қалыптастыру;

- оптикалық-кеңістік түсінігін және көріп талдау, жинақтауын дамыту;

- сөзөзгерту, сөзжасамның грамматикалық жүйесін қалыптастыру;

- сөз қорын молайту.

Сонымен, дисграфия мәселесін шешу тек мектепте ғана емес, мектепке дейінгі уақыттан бастап, кеңінен жүргізілуі қажет.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Жазу үрдісі мен оқудың психофизиологиялық құрылысы.

2. Дислексияның этиологиясы.

3. Дислексияның жіктелімі.

4. Дисграфияның негізгі белгілерін атаңыздар.

5. Дисграфияның жіктелімі.

6. Дисграфияның симптоматикасы.

7. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету жұмысының негізгі бағыттары.

 

Ұсынылған әдебиет:

1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред. М., Просвещение 1989,

345-383 б.

2. Өмірбекова Қ. Қ., Қ. Серкебаев Логопедия, Алматы 1996, 192-218 б.

3. Өмірбекова Қ. Қ. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы және түзету жолдары. Алматы, 2009

4. Садовникова И. Н. Нарушение письменной речи, их преодоление у младших школьников. М., Владос 1997.

 

 

III ТАРАУ.








Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 9742;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.019 сек.