Зін өзі тексеруген арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1) Тексеру кезеңдерін атаңыздар.

2) Анамнез жинау бағыттарын атаңыздар.

3) Сөйлеу функциясын тексеру әдістерін атаңыздар.

 

Тұтықпаны түзетудің заманауи кешенді әдісі.

 

Тұтықпаны түзетудің қазіргі замандағы кешенді тәсілдерінің пайда болып қалыптасуының алдында көптеген әдіс тәсілдерді іздестірулер болған. Тұтықпа ілімінің даму тарихында ондай бірнеше әдістер сипатталған:

Терапевтикалық әдістер санау ерте заманнан (Гиппократ, Аристотель, Авиценна, Гален т.б) бері әр түрлі деңгейде қолданылып келеді.

Хирургиялық әдістер тұтықпаны артикуляциялық аппараттың құрылымының немесе тілдің бұлшықеттерінің иннервациясының бұзылу салдарынан деген түсініктің нәтижесінде пайда болып, I ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді.

Ортопедиялық мақсатпен механикалық бейімдеу құралдарын пайдалану сонау Демосфеннен басталған. Ол өзінің тұтықпасын түзету мақсатымен теңіз тастарын пайдаланған. Итар тілдің шанышқы, Кленке тілдің астына ағаштан доғаға ұқсас табақша т.б қолданған.

Психотерапиялық ықпалды жақтаушылар тұтықпаның ең бастысы психологиялық азап шегу деп түсініп түзету тәсілдерін тұтығушының психикасына ықпал етуге бағыттау қажет деп санайды.

Дидактикалық тәсілдер біртіндеп күрделенетін әртүлі сөздік жаттығуларды қолдануды көздейді (Андрес, Гутцман, Итар, Коэн, Куссмауль т.б).

Емдеу педагогикалық жүйені алғашқы рет И. А. Сикорский және оның шәкірті И. К. Хмелевский қолданған. Көптеген ғалымдар мен тәжірибелі мамандар бұрынғы құрастырылған әртүрлі тәсілдердің ең тиімділерін алып, оны тұтықпаны түзетудің кешенді тәсілдері деп анықтады. В. А. Гиляровский, Ф. А. Рау, Ю. А. Флоренская, Н. П. Тяпугин, М. Е. Хватцев, Н. А. Власова, В. С. Кочергина, М. С. Лебединский, С. С. Ляпидевский, В. И. Селиверстов өздерінің зерттеулерімен, тұтықпаны түзетуде кешенді емдік-педагогикалық ықпал ету әдісін ары қарай дамытады. Тәжірибелік іс-әрекеттермен тұтықпаны түзетудің кешенді әдісін дамытуға зор үлес қосады. Қазіргі замандағы тұтықпаны түзетудің кешенді әдісін тұтығушының психофизиологиялық жағдайына әртүрлі мамандардың және әртүрлі тәсілденрмен ықпал етуі деп түсінеді.

Емдеу-педагогикалық кешенді әдісті тұтығушыға ықпал ету сипатына қарай екіге бөлуге болады: емдеу-сауықтыру және түзету-педагогикалық.

Емдеу-сауықтыру жұмысының негізгі мақсатына тұтығушының жүйке жүйесі мен денсаулығын нығайту және сауықтыру, психофизиологиялық жақтарының ауытқуларын жою және емдеу жатады.

Емдеу-сауықтыру жұмысына емдеуге тиімді жағдай жасау, күн тәртібі мен тамақтану тәртібін ұйымдастыру, шынықтыру, емдеу физкультурасы, дәрімен емдеу, физио- және психотерапия жатады.

Күн тәртібі мен тамақтандыру тәртібі. Тұтықпа балалардың көпшілігі аурушаң, әлсіз келеді, сондықтан күн тәртібін анықтап, құрастыруда дем алуға жеткілікті, көп уақыт беруін, сабақтан тыс, басқа да жұмыс мөлшерін азайту қажет.

Жүйке жүйесін сауықтыруда ұйқының маңызы өте зор. Ұйқы жүйке клеткаларын әлсіреуден сақтайды, оларды қоректі заттармен оттегімен қамтамасыз етеді. Күн тәртібінде мектепке дейінгі балалар он он бір сағат түнде, күндіз екі сағат, оқушылар сегіз тоғыз сағат түнде, бір жарым екі сағат күндіз ұйықтауы қарастырылу қажет.

Балада жаңадан пайда болған рефлекстердің тұрақтанып бекуі және организмдегі барлық биохимиялық процестердің өтуі тамақтануға тығыз байланысты болады. сондықтан тұтықпа баланың тамағын витаминизациялауға көп көңіл бөлу керек.

Шынықтыру процедуралары. Баланың күн тәртібінде міндетті түрде шынықтыру процедуралары қарастырылады: таза ауада жүру, спорттық ойындар (шаңғы, коньки т.б), сүртіну, құйыну, душ қабылдау, шомылу т.б. баланың денсаулығын, жеке тұлғалық ерекшелігін ескере отырып шынықтыру түрлерін дәрігер тағайындайды.

Емдеу физкультурасы мен ритмика.

Тұтықпа балалардың кемшілігінде әр түрлі деңгейде моторикасының бұзылуы байқалады. Сондықтан физикалық жаттығулардың ондай балалар үшін емдік маңызы зор. Емдік физкультураның бір саласына логопедиялық ритмика жатады. ритмикада қимыл жатығулар жүйесі музыканың сүйемелдеуімен және баланың сөйлеуімен қоса жүргізіледі. Музыкалық қимыл жаттығулары жалпы моториканың, бұлшықеттердің қимылдарын дамытуға, баланың сөйлеуін оның эмоционалдық жағдайы мен тәртібін қалыптастыруға зор әсерін тигізеді. Бұл сабақтарда баланаң қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін ойын тәсілдері жиі қолданылады.

Дәрімен емлеу орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін қалыпқа келтіріп, сөйлеу аппаратының тырысуын азайтады, психогендік өзгешеліктерін азайтып, жалпы организмді сауықтырады.

В.С.Кочергинаның ақылауы бойынша, тұтығулардың жасы ұлғайған сайын дәрімен емдеудің ролі артады. Дәрімен емдеу кешенді ықпал етудің маңызды компоненті болып саналады, өйткені ол тұтығушылармен жүргізілетін түзету логопедиялық жұмысының нәтижелі болуына, тұтықпаның қайталануынан сақтандыруға мүмкіндік туғызады.

Психотерапия. Тұтықпаны кешенді емдеу жүйесінде психотерапияның орны ерекше. Сөзбен ықпал етудің негізін түсіндіру, сендіру, көндіру әдістері жатады, ал бұл әдістер емдеу педагогикалық жұмысында кең пайдаланады. Қазіргі кезде психотерапияны екі түрге бөледі:

1) Ұтымды немесе түсіндіру;

2) Сугестивті сендіру терапиясы . сергек жағдайда ұйқыда (гипноз) және өзін сендіру жаттығу түрлеріне бөледі.

Психотерапияның барлық түрлері бәр жағынан тұтығушылардың психогендік бұзылыстарын жоюға (логофобия, ақаулығын көңіл аудару т.б), екінші жағынан ақаулықтың салдарынан өзгерген әлеуметтік қатынастарын қайта қалыптастыруға бағатталады.

Айта кету керек, мектепке дейінгі жастағ балалармен ұтымды психотерапия әрт.рлі ойын түрлерін де қолданады.

Психотерапиялық сендіру, әдетте жеке әдіс ретінде емес, жалпы емдеу педагогикалық шаралар комплексін пайдаланады.

Сендіру психотерапияның арнайы әдісін екі түрге бөледі: басқа адамның сендіруі (гитеросугестия) және өзін өзі сендіру (аутосугестия).

Тұтықпаны емдеуде сергек жағдайда сендіру мен ұйқыда сендіру әдістері қолданылады (К. М. Дубровский).

Аутогендік жаттығу әдісін әртүрлі невроздарды емдеуде қолданады. Өзін өзі сендіру арқылы тұтығушы беттің, мойынныңғ иықтың бұлшықеттерін босаңсытуға, тыныс алуын реттеуге, тырысуын бәсеңдетуге болады. аутогендік жаттығуларды кешенді әдістердің құрамында қолдану көптеген авторлардың әдістемелерінде қарастырылады.

 

Түзету тәрбиелеу логопедиялық жұмысының міндеттері мен түрлері

Логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты: дұрыс сөйлемеуі мен тәртібін қайта тәрбиелеу, психологиялық ауытқуларын жою. Логопедтің міндетіне: дұрыс сөйлеу дағдысын және жан жақты дамыған тұлға қалыптастыру жатады.

Логопедиялық жұмысты баланың сөйлеуі мен жан жақты дамыған тұл,аны қалыптастыруға бағытталған түзету педагогикалық шаралар жүйесі деп қарастырылады.

Қазіргі кезде логопедиялық ықпал екі бағытта жүргізіледі: тура және жанама. Тура логопедиялық ықпал тұтығушылармен топпен және жеке сабақтарда іске асырылады. Бұл сабақтарда жалпы және сөйлеу моторикасын дамыту, тыныс алу мен сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығын қалыпқа келтіру, сөйлеу қатынасын белсендіру, қажет болған жағдайда естіп қабылдауы мен фонематикалық қабылдауын дамыту, дыбыс айтуының бұзылуын түзету, белсенді және енжар сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық жағын жетілдіру қарастырылған.

Жанама логопедиялық ықпалды баланың кү тәртібін, айналадағылардың қатынасын логопедиялық талаптар жүйесіне сай ұйымдастыру деп қарастырады. Бұл жүйеде сөйлеу ережесі ерекше маңызды орын алады.

Логопедиялық жұмыс түрлері. Тұтықпа балалармен міндетті түрде жүргізілетін жұмыс түріне жататындар: рсихологиялық педагогикалық түзету, логопедиялық сабақтар өзіндік жұмысын ұйымдастыру, ата аналар мен педагогтармен методикалық жұмыс ұйымдастыру, кеңес беру, өзінің білімін және өзінің мамандығын жетілдіру.

Тұтықпа баланы психологиялық педагогикалық тексеру алғашқы логопедиялық тексеру, логопедиялық жұмыс барысында бақылау және сабақ біткеннен кейін қорытынды тексеруден тұрады. Тұтықпа баланы тексерудің нақты мақсатына баланың дамуы, тұтықпаның себептері туралы мағлұмат жинау, тыртысудың түрін, орнын, жиілігін және сақталған сөйлеу түрлерін анықтау, ілеспелі сөйлеудегі және қимылындағы бұзылыстары мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау жатады. тексеру нәтижесі сөйлеу картасында толық көрсетіледі.

Логопедиялық сабақтар. Олар логопедиялық жұмыстың негізгі түрі болып саналады. Логопедиялық сабақтар топпен және жеке жүргізіледі. Тұтықпа балалардың сөйлеу картасының және сөйлеу тәртібінің дағдыларын ұжымда жаттықтыру үшін сабақ көбінесе топпен жүргізіледі.

Тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтарға қойылатын негізгі талаптар:

1) Тұтықпа баланың сөйлеуі мен тұлғасын түзету педагогикалық жағынан ықпал ету міндеттері логопедиялық сабақта қамтылады.

2) Логопедиялық сабақтар негізгі дидактикалық қағидаларды ескеріп, жеке тұлғаның ерекшеліктерін байланысты, баланың саналылығына және белсенділігіне сүйеніп, сабақта көрнекілік, техникалық құралдарды пайдаланып, белгілі бір жүйелікпен, кезектілікпен жүргізіледі.

3) Логопедиялық сабақтар мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының немесе мектеп бағдарламасының талабына сай жүргізіледі.

4) Сабақта тұтықпа баланың дұрыс сөйлеуі мен тәртібін әртүрлі жағдайда жаттықтыру қарастырылады: кабинетте, таныс адамдардың қатысуы, әртүрлі ортада, жағдайда т.б. ол үшін логопедиялық сабақтың әр түрі қолданады.

5) Логопедиялық сабақтарда бала тұтықпасыз сөйлеуге үйрену керек.

6) Сабақта бала сергек, көңілді, өзіне өзі сенімді болу керек.

7) Сабақта әрдайым дұрыс сөйлеу үлгісі болуы қажет: логопедтің, баланың, тақтаға жазылған көркем сөз шеберлерінің сөздері т.б.

8) Сабақтар баланы дұрыс тәрбиелеу және айналасындағылармен дұрыс қарым қатынас жасау жағдайына өтілуі керек.

 

Баланың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

Тұтықпа баламен өзіндік жұмыс логопедің берген тапсырмаларын отбасында, топта, оқу тәрбие процесінде орындауға бағытталған. Ондай тапсырма түрлері әртүрлі: дұрыс сөйлеу ережесін жаттап алу, сурет бойынша әңгіме қарастыру, сөйлегенде бояу сөйлеуге жаттығу, ата анасымен асықпай сөйлеу т.б. өзіндік жұмыстың орындалуын қадағалап, бағалау үшін күнделікті немесе арнайы дәптер арнауға болады. Онда логопед, ата анасы, оқушының өзі нәтижесін жазып отырады.

Логопедиялық жұмыста әртүрлі мамандардың көмегін пайдалану. Тұтықпаны емдеу түзету жұмысына көптеген мамандар қатысады. Әрине емдеу педагогикалық жұмысында логопедтің орны ерекшк. Дегенмен басқа мамандардың қосымша деректері логопедиялық жұмысты тиімді, нәтижелі жүргізуі мүмкіндік туады. Невропатолог, физиотерапевт, ритмист, емдеу физкультураның нұсқаушы баланың қимыл сферасындағы, жалпы және сөйлеу моторикасындағы ауытқулар мен бұзылыстаранықтауға көмектеседі. Музыкалық педагогі музыкалық естуін, жылдамдығын, қабылдауын, дауыс ерекшеліктерін т.б. анықтауға қатысады. Мұғалім тәрбиеші баланың жалпы білім дағдыларын, біліктілігін, қызығушылығын, эстетикалық, өнегелік түсініктерін анықтауға болады.

Дәрігермен емдеу, психотерапия, емдеу физкультурасы, ритмика, физиотерапия, музыкалық, оқу тәрбиелік сабақтар барлығы логопедиялық тәсілдерді толықтырып, оның нәтижесін бекітуге ықпал етеді.

Баланың ата анасы мен педагогтармен кеңес беру, әдістемелік жұмыс.

Бұл жұмыстың мақсатына тұтықпа баланы түзету жұмысын жүргізуге қолайлы жағдай жасау; уйде, балар мекемесінде баламен дұрыс қарым қатынас орнату; логопедиялық сабақтан тыс уақытша өзіндік жұмыс ұйымдастыру жатады.Бұл бағытта жүргізілетін жұмыс түрлері:лекциялар, әңгіме, кеңес, ата аналармен жиналыс өткізеді т.б. яғи ата аналарды, педагог, түзету әдістері, сабақтары, түзету жұмысындағы ата аналардың рөлі туралы қажет мағұлматтар беу.

 

Өзінің мамандығын жетілдіру түрлеріне мыналар жатады:

Ø Арнайы әдебиеттерді оқу негізінде білімін толықтыру;

Ø Тәжірибе алмасу(әріптестілердінің сабағына қатысу, талдау, тұтықпа мәселесіне арналған әртүрлі конференция, семинарларға қатысут.б.

Ø Өзінің жұмыс тәжірибесін тұжырымдау;

Ø Логопедиядан мамандықты жетілдіретін курстарға қатысу.

 








Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 4675;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.029 сек.