Тақырып: Будда діні және негізгі бағыттары
1. Будда дінінің пайда болуы: Будданың өмірі.
2. Будда діні ілімінің негіздері: төрт ізгілікті ақиқат және азаптан құтылудың сегіздік жолы.
3. Будда дінінің негізгі бағыттары: хинаяна және махаяна.
4. Чань-буддизм ( Қытай ) және дзән-буддизм ( Жапония ) мектептері
5. Буддизмдегі ламаизм бағыты
Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні - Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, сондай-ақ Қиыр Шығыста таралған ең ерте шыққан әлемдік діндердін бірі. Ол біздің дәурімізге дейінгі V1 ғасырда Үнді жерінде пайда болған. Будда туралы аңыз. Будда теологтарының уағыздауынша, діннің негізін салушы Сиддхартха Гаутама Солтүстік Үнді еліндегі шакья тайпасы патшасының ұлы болып табылады. Алайда бұл туралы әдебиетте нақтылы деректер жоқ. Буддашылардың ұғымында әрбір ең жоғарғы қасиеттілікке жеткен жан будда бола алады, яғни көзі ашылады. Жер бетіндегі өмірінде Шакьямуни (шакья руынан шыққан тақуа) деп аталған буддалардың бірі адамдарға құтқару туралы ілімді жеткізген, оны ізбасарлары санскрит сөзімен дхарма (ілім, заң) деп атаған. Сол себепті будда термині Шакьямуни деп те ұғынылады. Аталмыш дінді зерттеушілердің пікірінше, Будданың тарихта орын алғанына шек келтіріледі. Мысалы, Рис-Рәвиус, А. Мензис Будданы мифтік бейне деп есептейді. Қазіргі ғалымдардың көпшілігі осы пікірді қолдайды. Будда дінінің пайда болуы Үнді елінің б.д.дейінгі V1 ғ.саяси-әкономикалық жағдайымен байланысты. Бұл кезде Үнді елінде таптық қоғам қалыптасып, оның қайшылықтары көріне бастаған. Оған қосымша болған елдегі касталық (қоғамдық топ) жүйе болды. Ең жоғары ката брахмандар (абыздар) қоғамдық өмірде басты орын алды. Ал олардың діні қоғамның кастағ бөлінуін жақтады. Будда дінінің шығуы, касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғандардың, брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі. Будда діні брахманизм дінінің көптеген әдет-ғұрыптарынан қол үзіп адамдар будда іліміне бой ұсынып құтқарыла алады деп жариялады. Сөйте тұрып брахманизм дінінің бірқатар идеяларын да ұстап қалды.
Будда дінінің уағыздары. Будда дінінің негізгі уағыздары «Трипитака» (Үш себет даналық) деп аталған кітапта баяндалған. Будда діні уағыздарының өзіндік ерекшілігі белгілі бір бейнедегі құдай жоқ. Будда барлық құдайлардан жоғары тұрады. Ол құтқару мүмкіндігі бар жеке тылсым күш емес, тек қана діндарлардың көзін ашып,оларға ақиқатты танудың,сондай-ақ дұрыс жүрудің жолын көрсетеді. Будда діні де құдай идеясын жаратушы деп танымайды. Дегенмен, Веда (ежелгі үнділердің басты қасиетті кітаптары) уағыздайтын құдайларды, періштелерді, перілерді мойындап, басты құдай Брахманы да қолдайды. Будда діні өзге әлемдік діндер сияқты біртұтас емес. Оның негізгі бағыттары хинаяна және махаяна болып бөлінеді.Хинаяна – «құтылудың тар жолы». Монахтар қауымына (санагха) кетіп өмірден баз сы хинаяна жолы неғұрлым көбірек таралған махаяна – «құтылудың тар жолды». Махаяна Будда дінінің бұрынғы тұйықтығынан қол үзіп, барлық діндарларға құтылудың болатындығын айтты, бұл Будда дінінің әлемдік болуына мумкіндік туғызды.
Буддизмнің пайда болуы. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дін осыдан 2500 жылдай әріде пайда болған. Оны құрған Индияның солтүстігінде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни деген тұлға. Ол жер – жерді аралап жүріп, өзінің ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзін Будда (атақты білгіш) деп таныстырған. Ол өзін жердегі адамзатты, жан – жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екендігін түсіндірген. Өзі сол шакья тайпасының Готама руынан шыққан Сиддхартха патшасының кейпін алған.Буддизмнің пайда болғанынан алдыңғы кездерде Индияның мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Оның жазбасы, өзіндік әдет-ғұрпы, діндері болған. Индия мәдениеті әлемдік Месопотамия, Египеттердің мәдениетінің қатарында болды. Үндістанда біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда құл иеленушілік қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер брахмандар мен әскери қауым болды. Брахмандар мен әскери қоғам бір – бірімен бақталастықта болды. «Монахтардың өлеңі» деген буддистердің бір діни әдебиетінде үй – жайын тастап, қайыршылық жолда жүрген, тақуа деп аталатындардың «бостандығын» жырлапты. Бұл кезде Индияда буддизмнен басқа да көптеген діндер болды. Әр жердің өз құдайы бар, әрбір істің немесе құбылыстың өз құдайы бар дегенді уағыздайды. Бұл діндердің, оның ішінде буддизмнің белгілі бір негізін қалаушы құбылыс жоқ және көпшілік кітаптарда олар жайлы түсіндіріп жазушылар болды. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, заңдары жазылған Ману, Джатак деген кітаптары пайда болды. Индияның көпшілік таптары бір – бірімен соғысып отырғанының арқасында жоғары тап қорғану жағдайын жасап, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір – бірімен бірлестікке келіп, топтаса түсті. Нәтижеде Маурья империясы орнады. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүние зерттейтін институттар, діни-философиялық ағымдар пайда бола бастады. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем дінінің бірі дәрежесіне жетті. Сонымен Индияда адамдар қоғамдық касталарға бөлінді. Брахмандар: оларды құдай аузынан жаратқан деген ұғымда болды. Сол себептен олардың ішінен қазылар, оқытушылар, баяндамашылар шығады. Ол ең жоғарғы каста, билік те солардың қолында.Кшатрийлер:оларды құдай екі білегінен жаратқан деген ұғымда болды.Олар білім алады, тәрбиеленеді, соғыстың кезінде, қорғану кезінде қару – жарақтар алып жүреді. Бұл бүкіл елді осы екі каста билеп алды деген ұғымның дәлелдемесі. Ваишьялар: оларды құдай санынан жаратты деген ұғымда болды, олар сондықтан да ең қиын жұмыстарды орындайды, егін егеді, саудамен айналысады, мал бағады. Сонымен қатар олар діни оқу орындарына қаражат бөледі. Шудралар: оларды құдай аяғынан жаратқан, олар түпкілікті зәнгілер (дуана пақырлар) . Олар жоғарғы үш кастаға қызмет етеді. Бұлардың кәсіптері ең лас, қара жұмыстар. Міне, осы касталардың бөлінуі де, олардың тұрмыстық орындары да діни тұжырыммен белгіленген. Тәртіптері қатаң: төменгі кастадағы адам жоғары кастадағыға үйленуіне тыйым салынады; ер адам өз кастасынан төменгі кастадан үйленуіне болады, бірақ төртінші каста – шудрадан емес; брахмандарды Құдайдың таңдаулы адамы дейді; патша қандай жағдай болмасын брахмандардан салық алмайды (ыдыс, киім, т.б.); брахманға өлім жазасын берсе де, оның тек шашын сыпырып алып тастайды, ал басқа кастадан болса, ол үкім орындалады:10 жастағы брахман 100 шудрадан артық бағаланады. Шудралар – бұралқылар, хайуанаттан да төмен, иттен де күні қараң, қорлықтағы адам; шудралардың бірі брахманға қолын созып, таяқ көтеріп қалса немесе жай брахманды ұстамақ болса, онда оның қолы кесіледі, ал тепсе аяғы сындырылады. Шудралардың бірі брахманды үйретемін деп әрекет жасаса, оған қайнап тұрған зәйтүн майын ішкізу жазасы беріледі. Буддизм басқа діндермен байланысты болып, брахманизмді жоққа шығарғанымен, оның әсерінен арыла алған жоқ. Жанның ауысуы, Карма, Сансара, Нирвана жайлы идеялар буддизмнің қайнар көздері – веданта, ньяя философиялық мектептері, вайшешика діни мектебі болып табылады.
Діни ілімдері мен әдет – ғұрыптары. Табыну дауысты музыка аспаптарымен, Кейде неше түрлі киімдер киіп, беттеріне қорқынышты маскалар киген монахтар жүреді. Храмнан алып шыққан Будданың мүсіндерін көтеріп, көптеген адамдардың көшеде жүргенін көруге болады. Діни әдет – ғұрыптары мол, әртүрлі өмірдегі әрбір қадамын діни әдет – ғұрыптарды өткізетіндер - өз дініне берілген діндар адамдар. Буддолог С.Радхакришнан буддизмдегі көптеген ілімдерді зерттей келіп: «Дегенмен буддимнің барлық формасының көзқарасы бойынша, буддизмнің негізін қалаушы Будда. Ол бодхи ағашының түбінде отырып, қиындықтан қалай құтылу жолын, яғни келесі өмірдегі қиындықтан құтылу жолын айтып, мәңгі жасауға ұмтылысты көрсетті. Міне осы түйін буддизмнің Индия жерінен басқа елдерге тарағандағы қызықтырған себепкер болды». Буддизмнің ілімі, оның ілімінің маңызы басқа діндер сияқты келесі, мәңгілік өмірде жақсылыққа жету болса, бұл өмірден де, келесі о дүниедегі өмірден де түгелдей құтылу керектігін уағыздайды. Қасиетті жерлердің бірі Будданың тісі туралы айтуға болады .Бір тіс аспандағы құдайдың сыйынатын қасиетті жері есебінде, бірі Гандхарада, үшіншісі – Колинге, төртіншісі жыландар еліне түскен дейді. Ал, ең қасиеттісі біздің дәуірге дейінгі 2 ғасырда алғашқыда Индияда сақталған, кейін паша Хеммаланың беруімен Шри – Ланкаға жіберіліп, сонда Зуба храмы салынған. Қайыр – садақаны буддистердің орталығы болған осы жерге көбірек беріп, буддистер табыну үшін жиылып, әр жылы үлкен мереке өткізеді. Ол мереке бүгінге дейін тойланады. Бұдан да басқа көптеген діни әдет – ғұрыптар, мерекелер өткізіледі. Будда теориясы буддизмнің дінсіздігі, нақтылай айтқанда, жаратушы Құдай - әлемді билеушіге сенбеушілік сияқты дәйектерді түсіндіреді. Бұл дінде барлық дүниені және адамды жаратушы – Құдай жоқ., Будда мұндай құдайлықтан жоғары дегенді айтады. Ол ештеңені жаратқан емес, сондықтан адамдарды қорғау жағынан уәде бермейді. Ол сенушінің көзін ашып, әлемдегі шындықты түсінуге, қайғы – қасіреттен, зорлықтан, теңсіздіктен арылуға жол көрсетеді дейді.
Буддизм дінінің негізінде пайда болған діни ағымдар.Тарихи деректерге қарағанда Будда дүниеден қайтқаннан соң, оның ізбасарларының арасындағы қайшылықтардан будда дінінің негізгі екі бағыты пайда болды: хинаяна және махаяна. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтаса, махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек түсініктеме беруді қолдады. Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында кейін де талқыланып отырды. Хинаяна Шри-Ланкада, Таиландта, Бирмада, Лаоста, Камбоджада кең таралғандықтан оңтүстік діні деп те аталды. Махаяна негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, кейінірек ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте, Бурятия мен Жоңғарияда кеңінен тараған. Махаяна екі тармаққа – ламаизм мен дзен-буддизмге бөлінген. Ламаизмге құдайлар пантеоны тән болса, дзен-буддизмде құдай жоқ деп санайды. Қытай және Жапония жеріне буддизм б.ә. 1-3 ғасырларында тарала бастады. Ал 6 ғасырда қытайлық махаяналық ағым - чань-буддизм, яғни жергілікті нанымдардың синтездік негізінде қалыптасты. Кейінірек ол Жапон жерінде дзен-буддизм деген атпен таралды.
Ламаизм негізінен буддалық уағыздарды қабыл алып, өзі тараған елдердегі халықтардың жергілікті діни нанымдарын пайдаланды және будда дінінің табыну ғұрпын жеңілдетті. Ламаизм дінінде монахтар мен монастырьлар кең тараған. Буддалық монахтар жұмыс істемейді, қайыр садақа есебінен күн көреді. Сол себепті кейде оларды «бхикшу» қайыршы деп те атайды. Будда дінінің ағымдары мен секталарының кәделері мен монастырлық құрылысы әр түрлі және олар тараған елдерде монастырлар өте көп болды. Будда дінінде шіркеулер бір-біріне бағынбайды, әр елде өз шіркеуі бар және ол өзінің мәртебелі басшысын ғана мойындайды. Тибет елінде тараған ламаизм дінінде оны далай-лама деп атайды, ал оның көмекшісін панчен-лама дейді. Будда дінінде хубилгандарға табыну салты да кең тараған. Әдетте өкімет басшылары хубилғандар қатарына қосылғандардан.
Будда дінінің тараған аймақтары және халқына әсері.5 -7 ғасырларда буддизм мәдениеті өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жетті. Монастырларында үлкен байлық жиналды. Азияның көп калаларында – Кошамбиде, Санчиде, Бодх – Гасде, Матуреде, Сарнатхеде, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсіндері жасалды. Бірақ бұл кезең Индиядағы буддизмнің құлдырауының бастамасы мен орталық және шығыс Азия елдеріне тарау кезеңі болды. Индияда 11 ғасырдың басында буддизмнің толығымен жоғалып кету себебін ғалымдар зерттеу арқылы бір тұжырымға келе алмауда. Г.Ф.Ильиннің айтуынша, буддизмді әкімшілік пен басқа діни орталықтарының күшті қудалауына түсті деген кейбір әдебиеттердің дәлелдемелеріне сенуге болмайды. Бұл діннің жоғалу себебін Индияға шеттен келгендерден іздеген жөн деді. Будда дінінің әдет- ғұрыптары индуизм дінінің әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне ене бастады. Тіптен Шива мен Вишну бейнесіне Будда бейнесін ендіре мүсіндер жасала бастады. Кейінгі кезде топтасқан монахтар ұйымдары ғана қалды. Елді халықтың арасынан кетіп, ауыл арасында ғана қалған монахтардың кедей халыққа ауыртпалығы түсе бастады. Буддизмді Азия елдеріне қай кезден тарады деуге дәлелді құжат жоқ. Болжауға қарағанда, біздің дәуірге дейінгі 1 ғасырда Қытайға тараған, бұл кезең Қытай монахтарының Индияға табынуға көптеп барумен негізгі канондарын өзіне алып келуден, буддизмге жаңа бағыттар құрудан бастады. Оның бірі – буддизм, чань және басқалар Тибетке 17 ғасырда енді. Монғолия мен Ресей территориясына 14 ғасырда енді. Ресейде – қалмақ, бурят, тува елдеріне енді. Буддизм діні Неапольда үлкен роль ойнайды. Буддизм Индиядан кеткенде дінді Неаполь ұзақ уақытқа дейін сақтаушы болып келді. Қазіргі кезде Неаполь Шри – Ланкамен дін туралы қатар дәрежеде тұрады. Көп жерде Буддалардың храмы негізгі мәдени орталық болып келді.
Қазіргі кезеңдегі буддизм. Қазіргі кезеңдегі буддизм өте күрделі, қарама – қарсы құбылыстарға тап болған жағдайлар да кездеседі. Кейбір халықтарда орта ғасырлардан қалған әдет-ғұрыптар, ілімдер, ағымдар сақталғанымен дінге көптеген өзгерістер енгізіліп, көп жағдайда көптеген ережелерін қалдырған. АҚШ «буддизмді оқыту институтын» құрды. Ондағы ойы бұл дінді құрметтеу емес еді, жердегі дүниеге, өмірге қызықпау мәселесін үгіттеп, жоғарғы өмірге қызықтыруға жасалған агрессорлық бағыт еді. Азия елдерінде социалистік идеологияның тарауынан буддистердің арасында қызығушылық пайда болып, «буддизм социализмі» деген ұран пайда болды. Бұл ұран бүкіл Азия елдерін жайлады. Цейлон, Бирма, Кампучия, Лаос, Тайланд, Жапон елдерінің буддистері бұл ұранмен социалистік режимді қолдағандарын білдіріп, социализм құруда халықпен бірге болды. Дін туралы айтсақ, әлемдік үш діннің бірі болған буддизмнің әдет-ғұрыптары, бағыты ерекше. Ислам діні мен христиан дінінің кейбір ережелері, шығу тарихы жағынан қандай да заңдылық, көңілге сенім енгізерліктей жағдайлардың барлығын ескерсек, будда діні біздерге түсініксіз екенін айту артық емес.
Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 47708;