Тақырып: Дінтанудың пәні және мазмұны

1. Діннің анықтамасы. Дін туралы жалпы түсінік.

2. Діннің құрылымы меннегізгіәлементтері.

3.Діннің қоғам өмірінде атқаратын қызметтері (функциялары).

4. Діннің жіктелуі: тарихи типтері мен түрлері

 

.Қазіргі кезде қоғамдық өмірде демократияландыру саясатына сәйкес дінге, діндарларға, діни ұйымдарға байланысты бұрын жіберілген ағаттықтар түзетіліп, дінге қатысты зайырлы мемлекетке сай толеранттылық, дінаралық келісім саясаты жүргізіліп отыр. Дегенмен де соңғы кездері еліміздегі дін саласындағы еркіндікті пайдаланып, қоғамымыздағы тыныштық пен тұрақтылықты бұзуға бағытталған іріткілік іс-әрекеттерге барып отырған түрлі діни-радикалдық топтар мен діни-әкстремистік ұйымдар да баршылық. Сол себепті де студент жастардың теріс пиғылдағы діни ағымдардың ықпалына беріліп кетпеуі үшін олардың дін туралы түсініктері мен сауаттылығын арттыру мақсатында дінтану пәнін оқыту маңызды міндетке айналып отыр. Дін - әлемдік өркениеттегі барлық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Дін дегеніміз – дүниедегі түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі – жаратушы құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін қоғамдық сананың ерекше формасы.Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және әтнологиялық ( грек тілінде ethnos – халық, logos – ілім ) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология (көне грек тілінен teos – құдай, logos – ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам және жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді .

Дін – қоғамдық құбылыс. Дін әрбір адамға таныс сөз (латынша religio – байланыс деген мағынаны білдіреді). «Дін дегеніміз не?» деген сұрақ көп уақыттан бері адамдардың арасында үлкен пікір таласын туғызып келеді. Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр. Діни тұжырым барлық діни-теологиялық және діни-философиялық әдебиеттерде қарастырылған.Оның негізгі идеясы - дүние құдірет күшінен туындайды , ол түрліше: «құдай», «жаратушы», «абсолют», «әлемдік рух», «абсолюттік идея», «трансценденттік» деп аталды. Мұндай көзқарас теологтар мен объективті идеалистерге тән. Көптеген теологтардың пікірінше , дін адаммен қатар пайда болған. Библияда құдай Адам мен Еваны жаратты , кейін олар құдайға құлшылық ете бастады , келесі ұрпақ та осыны қайталады деп уағыздалады . Ал маркстік тұжырым оны әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, сол себепті діннің пайда болып, оның ары қарай дамуына жағдай жасайтын қоғамдық қатынастарды зерттеп, нақтылы тарихи жағдайларды есепке алу қажет . Дінді шын мәнінде ұғыну үшін, марксизм діннің шығу «көзін» адамдарға діннің қажеттілігін туғызған қоғамдық жағдайлардан іздейді.

2.Діннің басты белгісі – жаратылыстан тыс күшке, құдіретке наным . «Құдірет» діндарлар мен діни ғұламалардың пікірінше ешқандай материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды, ол объективті өмір сүреді. Ғылым теологиялық көзқарасқа қарсы құдірет объективті түрде өмір сүрмейді деп, оны адам санасының құбылысы, белгілі бір бейне , идея, ұғым деп қарастырады. Дін - күрделі құрылым, ол мынадай құрамдас бөліктерден (әлементтерден)тұрады: 1)діни түсініктер; 2)діни іс-әрекеттер, яғни табыну, сиыну жоралары (ғибадат); 3)діни сезімдер, көңіл-күйлер; 4)діни ұйымдар.

Діни түсініктер дегеніміз – жаратылыстан тыс күшке сенімнен туындаған идеялар, бейнелер мен пікірлердің жиынтығы. Оларға жататындар: жаратушы және дүние мен адамның жаратылуы, адам жанының өлмейтіндігі, о дүние, жұмақ пен тозақ, ақырзаман жайлы ойлар мен түсініктер. Діни түсініктердің жиынтығы діни сананы құрайды.Діни сана өз кезегінде екі сатыдан: қарапайым діни санажәнедіни идеологиядантұрады.

Діни сезімдер дегеніміз - жаратылыстан тыс күшке сенімнен туындаған түрлі көңіл күйлері мен сезімдердің жиынтығы.Оған бір-біріне қарама-қарсы – қуанышты және қайғылы көңіл-күйлер де жата береді. Діни сезімдерге діндар адамның құдайдың шексіз құдіреті алдында өзін дәрменсіз сезінуін, күнәһар адамның тозақ отынан қорқыныш сезімін, қайтыс болған кісіні жаназа шығарып жерлеу кезіндегі туысқан адамдардың қайғылы көңіл-күйлерін, діни мейрам кезіндегі діндарлардың қуанышты, көтеріңкі көңіл сезімдерін жатқызуға болады. Белгілі бір жағдайларға байланысты діни сезімдер мен көңіл-күйлердің жиынтығы діни психология деп аталады.

Діни іс-әрекеттер, (діни ғибадат) дегеніміз - жаратылыстан тыс күшке сенімнен туындайтын, қатаң белгіленген және орындалуы міндетті болып табылатын табыну және сиыну жораларының жиынтығы.Оларға христиан дініндегі шоқындыру, шіркеуде неке қию, литургия сиқты діни рәсім түрлерін, ислам дініндегі намаз оқу, ораза ұстау, қайтыс болған кісіге жаназа шығару, құрбан айт кезінде құрбандық шалу сияқты жораларды жатқызуға болады.

Діни ұйымдар дегеніміз – кәсіби дін қызметкерлері басқаратын және қалыптасқан басқару жүйесіне ие, наным-сенімдері мен ғұрыптарының ортақтығы негізінде пайда болған, бір дінді ұстанушылардың рәсімделген бірлестігі. Діни ұйымдардың көлемі әр түрлі болып келеді, діндарлардың бірнеше ондаған адамдарды біріктірген жергілікті ұйымдарынан бастап, қатарларында жүздеген миллион діндарларды біріктірген және бүкіл әлемге таралған діни ұйымдарға дейін бар. Бұл ұйымдардың міндеті – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыру, ғибадат етуді ретке келтіру, осы ұйымдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар діни ұйымдар діни емес міндеттер де: саяси, құқықтық, әлеуметтік, қайырымдылық міндеттер және тағы басқаларын атқаруы мүмкін. Мұндай міндеттерді атқару діни ұйымдарға қоғамның рухани және әлеуметтік өмірінде өз беделін сақтап, арттыруға көмектесіп отырады. Қоғамның дамуы барысында діни ұйымдардың құрылымы күрделіленіп, міндеттерінің ауқымы кеңейді, діни ықпалын сақтау үшін күрес күшейтілді. Әлемдік діндердің пайда болуына байланысты қоғам өміріндегі діннің алатын орны мен атқаратын қызметі заңдастырылып, шіркеу пайда болды.

Діни ұйымдардың европалық елдерде жалпы қабылданған ресми атауы – шіркеу. Мәселен: Рим-католик шіркеуі, Орыс православие шіркеуі, лютеран шіркеуі және т.б. Ал ресми діни ұйымнан түрлі діни мәселелер бойынша келіспеушіліктің нәтижесінде бөлініп, одан өзгеше ұстанымда және оппозицияда болған діни ұйымдарды сектадеп атайды.

3.Дін қоғам өмірінде маңызды әлеуметтік роль атқарады және ол сипаты жағынан алуан түрлі болып келеді. Дін адамдар қауымдастығы мен жеке адамның әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін өзіне тән ерекше рухани формада және сенім ұялату жолымен қанағаттандырады. Адам мен қоғамның қажеттіліктерін осылайша қанағаттандыру тәсілдерін діннің атқаратын қызметтері (функциялары) деп атайды. Олардың мазмұны мен сипаты әрқилы.Діннің атқаратын негізгі қызметтері мыналар: 1.жұбату қызметі; 2.дүниетанымдық қызметі; 3.біріктіру (топтастыру) қызметі; 4.реттеушілік қызметі.

Діннің жұбату қызметітіршілікте жәбір-жапа шегіп, қайғы-қасіретке берілген, нәтижесінде қатты торығып, өмірден үмітін үзген адамдарды жұбатып, оларға үміт отын жағып, өмір сүруге деген ынтасын оралтудан байқалады. Бұл жағдай тек жеке адамдардың өмірінен ғана емес, адамдар қауымдастығының, тіпті бүкіл халықтың өмірінен де көрініс табуы мүмкін.

Діннің дүниетанымдық қызметідіни ойлар мен діни көзқарастар жиынтығының

діндар адамдарға жаратылыстан тыс күштің алғашқылығына және оның табиғат, қоғам және адам өміріне араласа алатындығына сенімге негізделген әлемнің жалпы сипаты мен бейнесін (картинасын) суреттеп беретіндігінен көрініс табады.

Діннің біріктіру қызметібір діннің адамдарынбіріктіре отырып, оларды тек дін мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар қоғамдық, тұрмыстық, тіпті жеке басқа қатысты мәселелер жөнінде де пікірлес ететіндігінен байқалады.

Діннің реттеушілік қызметіәрбірдіндар адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде басшылыққа алуы тиіс әлеуметтік-адамгершілік құндылықтардың өзіндік өлшемдерін қалыптастырудан көрініс табады. Ол өлшемдер діни нормалар мен діни ережелер жиынтығында тұжырымдалады. Діни ережелердің жиынтығы тек құлшылық ету талаптарын ғана қамтып қоймайды, сонымен қатар отбасындағы, қоғамдағы және жұмыстағы мінез-құлық және жүріс-тұрыс ережелерін де белгілейді. Сонымен қорытып айтар болсақ, дін адамдардың күнделікті рухани қажеттіліктері мен сұраныстарын өзіне тән тәсілдер мен ғұрыптық жоралар арқылы қанағатандырып отырады.

4.Дінтану ғылымы діндерді даму кезеңдерінің ерекшеліктері мен мәніне қарай мынадай типтерге бөледі:

1. Алғашқы қауымдық діндер. Оларды алғашқы діни наным-сенімдер немесе рулық-тайпалық діндер деп те атайды. Оларға жататындар: фетишизм, тотемизм, магия, анимизм, шамандық немесе бақсылық.

2.Ұлттық діндер.Бір ұлттың немесе халықтың көлемінде ғана таралған діндерді ұлттық діндер деп атайды. Қазіргі заманғы ұлттық діндерге индуизм, сикхизм, конфуцийшылдық, даосизм, синтоизм және иудаизм діндері жатады.

3. Дүниежүзілік немесе әлемдік діндер. Бір халықтың не ұлттың шеңберінен шығып, басқа да халықтардың арасына кеңінен тараған және әлемдік құбылысқа айналған діндерді дүниежүзілік немесе әлемдік діндер деп атайды. Оларға жататындар: буддизм діні, христиан діні, ислам діні.

Тарихта бұрынғы замандарда болған, бірақ түрлі тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытқа дейін жетпей жойылып кеткен діндерді ғылымда тарихи діндер деп атайды.

Діндер сонымен қатар табыну объектісінің санына қарай монотеистік діндержәнеполитеистік діндердеп бөлінеді. Монотеистік діндер деп жалғыз ғана құдайға табынатын діндерді атайды. Ал политеистік діндер деп көп құдайларға табынатын діндерді атайды.








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 17063;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.