педагогикалық қызмет мотивациясы

Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және

педагогикалық қызмет мотивациясы

 

Педагогикалық әрекет мотивациясы, адам мінез-құлқы мен әрекетінің мотивациясы сияқты күрделі және аз зерттелген проблемалардың бірі болып табылады. Педагогикалық мамандық таңдау мотиві мен педагогикалық әрекет мотивациясының өзара байланысы жөніндегі арнайы зерттеулер жоқ деуге болады.

Талапкерлердің педагогикалық мамандықты таңдау үшін қандай факторлар әсер ететіні туралы талдаулар мынаны көрсетеді:

- оқу пәніне қызығушылық – 27,2%,

- арнайы пәнді оқуға деген тілек – 16,2%,

- балаларды тәрбиелеуге деген ұмтылыс – 19,2%,

- педагогикалық қабілет - 6%,

- жоғары білім алу - 13%,

- педагогикалық мамандықтың маңыздылығы – 12,2%,

- материалдық жағынан қамтамасыз етуге ұмтылыс – 2,2%,

- жағдайға байланысты - 4%.

Белгілі бір мотивке байланысты педагогикалық мамандықты таңдау көбінесе оқу мотивіне байланысты болып келеді. Мотивтердің жетекші (доминантты) және ситуативті (мотив-стимул), сыртқы және ішкі болып бөлінуі болашақ мұғалімдерге оқу, ал жұмыс істейтін мұғалімдерге олардың іс-әрекетін болжау мақсатқа бағытталған ұмтылыс түрінде беріледі. Іс-әрекет мақсаты мен мотиві бұл жерде сәйкес келеді. Кейбір ситуациялар күштеп мақсатқа бағытталады, онда мақсат пен мотив сай келмейді. Бұл жағдайда педагогикалық іс-әрекет мақсатына мұғалім немқұрайды қарайды.

Бірінші ситуацияда мұғалім қатты күш-жігермен, ұмтылыспен жұмыс істеп, нәтижесін көреді, ал екіншісінде - өзін-өзі қинап, ауыр жұмыс істеп, еш нәтиже шығармайды. Бірақ педагогикалық іс-әрекет күрделі болып табылғандықтан, күші, әлеуметтік мәні, жеке бастық сипаттамасы бойынша бірнеше мотивтер арқылы пайда болады. Педагог жоғары нәтижеге жету үшін жақсы жұмыс істеуі қажет, сонымен қатар өзінің қажеттілігін де қанағаттандыру керек (әріптестерінің қуануы, моральды және материалды мадақтау және т.б.).

Педагогикалық іс-әрекеттің әлеуметтік бағалы мотивтеріне мыналар жатады: кәсіби және азаматтық борыш сезімі, балаларды тәрбиелеуге деген жауапкершілік, кәсіби функцияны адал орындау, балалармен қарым-қатынаспен қанағаттану сезімі, балаларға деген сүйіспеншілік және т.б.

 

2. Педагогикалық білім беру жүйесіндегі мұғалім жеке басының дамуы

Қазіргі уақытта мұғалімнің жеке басы мен іс-әрекетіне қойылатын талаптар мен педагогикалық білім беру мекемелерінің түлектерінің даярлық деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар, мұғалімдерді даярлаудың типтік жүйесі мен оның іс-әрекетінің жеке бастық-шығармашылық сипаттамасы арасындағы қайшылықтар тереңдеуде. Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық білімммен байланысты проблемаларды шешуді қажет етеді:

- жаңа мақсат проблемасы,

- білім берудің жаңа құрылымының проблемасы,

- білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы,

- ұйымдастыру формалары мен әдістерін жаңарту проблемасы.

Бұл айтылған проблемалар көп деңгейлі педагогикалық білім беру

жүйесін енгізудің негізі болып табылады.

Көп деңгейлі педагогикалық білім беру құрылымының мақсаты – жеке тұлға мен қоғамның мәдени-білім беру сұраныстарын білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейту, экономика мен еңбек нарығының өзгермелі қажеттілігін есепке ала отырып білім беру сферасында мамандарды мәдени, ғылыми, кәсіби даярлауды жоғарылату.

Көп деңгейлі педагогикалық білім беру мына міндеттерді шешуден тұрады:

- жеке тұлғаға (студентке) – интеллектуалды, әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында алатын білім деңгейі мен мазмұнын өзі таңдап, кәсіби даярлауды жүзеге асыру,

- қоғамға (білім беру жүйесіне, мектепке) – маманды белгілі бір біліктілік сипаттамасы бойынша қысқа мерзімде алу,

- оқытушылық корпусқа (факультет, колледж, университет, институт) – ғылыми және кәсіби-педагогикалық қажеттілікті өте жоғары деңгейде жүзеге асыру.

Педагогикалық білім берудің негізін базалық жоғары білім құрайды, ол кәсіби және оқыту бағдарламаларының бірінші және екінші деңгейлері арқылы жүзеге асырылады. Олар студенттерге адам, қоғам, тарих, мәдениет туралы білімді ұсынады, таңдалған мамандығы бойынша базалық фундаментальды ғылыми даярлық алады.

Бірінші деңгейде – жалпы жоғары білім – оқытудың екі жылында оқыту және кәсіби бағдарламаларды игереді. Жалпы жоғары білім 18 айға созылады, ол орта кәсіптік білім береді. Бұндай кәсіби бағдарламаларды игергендер лаборант, мұғалім көмекшісі, тәрбиеші қызметтерін атқара алады. Одан кейін екінші деңгей басталады.

Екінші деңгейде – екі жылға арналған оқыту бағдарламасы белгілі бір бағытқа арналады. Мемлекеттік емтихан тапсырып, базалық жоғары педагогикалық білім алған студенттерге бакалавр дипломы беріледі.

Оқыту мерзімі үш жылға созылған білім беруді кәсіби даярлық бағдарламасымен байланыстыруға болады.

Толық жоғары педагогикалық білім жоғары білім базасында беріледі. Бұл деңгейдің негізгі мақсаты – шығармашылық әрекетке бағытталған педагог-зерттеушіні даярлау. Оқыту мерзімі екі жыл.

Толық жоғары педагогикалық білім алғандарға магистр дипломы беріледі.

Педагогикалық білім беруді бір-бірімен тығыз байланысты үш блокқа бөлуге болады:

- жалпы мәдени,

- психологиялық-педагогикалық,

- пәндік.

Жалпы мәдени блок оқу мерзімінің 25%-ін құрайды, мұғалімнің дүниеге көзқарасының дамуын қамтамасыз етеді, кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай тудырады, практикалық педагогиканы игереді.

Психологиялық-педагогикалық блок оқу мерзімінің 18%-ін құрайды, педагогтың педагогикалық өзіндік санасының дамуына, шығармашылығына бағытталған. Оның өзі педагогикалық әрекетті талдауда, жобалауда, жүзеге асыруда, рефлексияда көрінеді.

Пәндік блок оқу мерзімінің 57%-ін құрайды, нақты ғылыми білім мазмұнын игеруге бағытталған блок.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Схемы электроснабжения собственных нужд ГЭС | Физические свойства. Классификация строительных материалов




Дата добавления: 2016-02-09; просмотров: 3552;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.