Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті

Педагогикалық құндылықтар объективті, себебі олар қоғамның даму барысында, білім беруде, жалпы білім беретін мектепте қалыптасады. Мұғалім педагогикалық әрекетке дайындалу және жүзеге асыру процесінде педагогикалық құндылықтарды игереді. Әлеуметтік-педагогикалық өмір жағдайларының, қоғам, мектеп, жеке тұлға қажеттіліктерінің өзгеруімен педагогикалық құндылықтар да өзгереді. Мұғалімнің жалпы адамзаттық мәдени-педагогикалық құндылықтарды игеруі және қабылдауы оның кәсіби әрекетінің бағыттылығымен, кәсіби-педагогикалық өзіндік сана-сезімімен, ішкі жан дүниесімен анықталады. С.Л.Рубинштейннің бағалы қатынас адам санасында шындықты бейнелеудің тәсілі болып қалады деген пікірі бар. Педагогтың кәсіби-педагогикалық санасы «Мен» концепциясына байланысты. Кәсіби сана мұғалімнің Мен қасиетінің әр түрлі жақтарын талдауға көмектеседі. Мен қасиет педагогқа өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өмірінің проблемасын шешуге көмектеседі.

Педагогикалық құндылықтардың бірнеше деңгейі бар:

- жеке бастық,

- кәсіби-топтық,

- әлеуметтік-педагогикалық.

Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар мораль, дін, философия

формасында қоғамдық сана-сезімде көрінетін әр түрлі әлеуметтік жүйелерде қызмет ететін құндылықтардың сипаттамасы және мазмұны.

Топтық педагогикалық құндылықтарнақты білім беру институттарының шегінде педагогикалық әрекетке бағытталған көзқарас, норма, концепциялардың жиынтығы. Бұндай құндылықтардың жиынтығы танымдық жүйеге ие. Бұл құндылықтар нақты кәсіби топтарда жүзеге асырылады: мектеп, лицей, гимназия мұғалімдері, колледж, техникум, университет оқытушылары.

Жеке бастық-педагогикалық құндылықтарбағалы құндылықтар жүйесін құратын педагогтың мақсаты, мотиві, бағдары, дүниеге көзқарасы көрінетін күрделі әлеуметтік-психологиялық білімі.

 

2. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компоненті

«Педагогика мәдениеті» және «педагогика іс-әрекеті» түсініктері бірдей емес, бірақ біртұтас болып келеді.

Педагогикалық мәдениет оқытушының (мұғалімнің) жеке мінез-құлқының сипаттамасы бола отырып, мақсаттар, тәсілдер мен нәтижелер тұтастығында маманды іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі ретінде келеді. Педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі түрлері мәдениеттің функционалды құрылымын құра отырып, спецификалық мәселелер түрінде оның нәтижелік формасы болып жалпы пәндіктілікке ие. Мәселерді шешу жекелік және ұйымдық мүмкіндіктерді жүзеге асыруды жорамалдайды, ал педагогикалық мәселелерді шешу үрдісінің өзі оқытушының маманды-педагогикалық мәдениетінің бар болу мен жұмыс істеу тәсілін сипаттайтын педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы болып келеді.

«Технология» түсінігінің анализі егер алғаш уақытта адамның өндірістік іс-әрекетімен байланыстырылса, соңғы уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеулердің пәні болғанын білдіреді. Педагогикалық технологияға арта түскен қызығушылықты келесі себептермен түсіндіруге болады:

- білім беру мекемелері алдында тұрған алуан түрлі мәселелер тек теориялық зерттеулердің дамуын ғана емес, сонымен қатар білім беру үрдісін технологиялық қамтамасыздандыру сұрақтарын құруды жорамалдайды. Теориялық зерттеулер объектілі нақтылықты зерттеуден бастап, заңдарды қалыптастыру, теориялар мен концепцияларды құруға дейін таным логикасын ашады, сол уақытта қолданбалы зерттеулер ғылыми нәтижелерді аккумуляциялайтын педагогикалық практиканы талдайды;

- классикалық педагогика, өзінің қалыптасқан заңдылықтарымен, принциптері, формалары мен оқыту мен тәрбиелеу әдістерімен көптеген ғылыми идеялар, ыңғай, әдістерінің ғылыми негіздеріне әрқашан лезде жауап бере алмайды; артта қалуда, жиі педагогикалық іс-әрекеттің жаңа тәсілдерінің енгізілуін тежейді;

- білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялар мен компьютерлік техниканың кеңінен енуі оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі тәсілдерінде елеулі өзгерісті талап етті;

- жалпы педагогика өте теориялық, оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі өте практикалық (тәжірибелік) болып қалуда, сондықтан да нақты өмірде теория мен практиканы байланыстыратын аралық буынды талап етеді.

Педагогикалық технологияны маманды-педагогикалық мәдениеттің контекстінде (негізінде) қарастырсақ, оның құрамында педагогикалық үрдісті жүзеге бүтіндей асырылуының тәсілдер жиынтығын қарайтын педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы элементін бөліп қарау керек. Ғылыми айналымға «педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы» түсінігінің енгізілуі педагогикалық іс-әрекетті мәні бойынша әлеуметтік басқару мәселелері болып табылатын әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешу үрдісі ретінде қарастыру моделін құруды жорамалдайды.

Педагогикалық мәселе, субъект іс-әрекетінің мақсаты мен оның шешілу шарттарының біртұтастығын білдіре отырып, біршама талаптарға сай болуы керек, ол талаптарды жүзеге асыру үшін педагогикалық мәселелерді шешу тәсілдері болып педагогикалық іс-әрекеттер орындалады.

Мәселелерді шешу тәсілдері алгоритмдік және квазиалгоритмдік болуы мүмкін. Алгоритмдік тәсіл егер мәселелерді шешу процедурасы тиімді операциялардын тұрса және бір мағыналысыз детерминандалған тармақтарды қамтымайтын болса ғана қолданылады. Мәселені шешудің квазиалгоритмдік тәсілі нақты қойылған мәселе шарттарымен анықталатын бір мағыналысыз детерминандалған тармақтарды қамтиды. Педагогикалық тәжірибеде мәселелерді шешудің квазиалгоритмдік тәсілі көбірек қолданылады. Педагог іс-әрекетіндегі мәселелер шешудің жоғары деңгейі әртүрлі модельдер, индивид жадында сақталып қалған шешімдер конструкцияларының бар болуымен анықталады. Жиі адекватты шешімнің табылмау себебі оның адекватты шешу тәсілдерінің жадының «қорында» болмауында емес, мұғалімнің (жиі бастаушы) шешімді талап етуші оқиғаның өзін көрмеуінде және қабылдамауында.

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерінен, логикалық сипаты мен әрекеттерінің тізбегінен, оны жүзеге асыру операцияларынан педагогикалық мәселелердің келесі бинарлы топтарын ажыратуға болады:

аналитикалық-рефлексті – тұтас педагогикалық үрдістің және оның элементтерінің анализ және рефлексия мәселелері, субъект-субъектілік қарым-қатынастардағы, пайда болатын қиындықтар және т.б. мәселелер;

конструктивті-болжалдық – маманды-педагогикалық жалпы мақсатына, педагогикалық шешімді құру және қабылдау, нәтижені болжау және педагогикалық шешім табуға сәйкес тұтас педагогикалық үрдістің құрылу мәселелері;

ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік - педагогикалық үрдістің тиімді нұсқаларын жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекеттің көптеген түрлерімен ұйқасу мәселелері;

бағалық-ақпараттық – педагогикалық жүйе дамуының күйі мен алғышарттары жайлы ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау мәселелері, оның объективті бағасы;

түзетулік-реттеулік – педагогикалық үрдістің әдістерін, мазмұнын, жүру жолдарын, қажетті коммуникациялық желінің құрылуы және оның реттелуі, көмек көрсету жолдарын түзету мәселелері.

Аталған мәселелер мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті технологияларының нақты түрлерін сипаттайтын іс-әрекеттер, операциялар тізбегі болып келетін өздік жүйелер ретінде қарастырылған. Педагогикалық іс-әрекет құрылысының анализі әрекет жүйесін бөліп алуға мүмкіндік береді, себебі педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық нақты түрлеріне тән, бірақ біреуіне де келмейтін сол ерекшенің бірі болып табылады. Бұл абстрактіліден нақтыға көтерілуге және педагогикалық іс-әрекет объектісін бүтінділігінде танымда қайта құруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық мәселелердің бөліп көрсетілген топтары мамандық-іс-әрекет субъектісі ретінде мұғалім үшін кәдімгі болып келеді, алайда нақты педагогикалық өмірде олардың жеке тұлғалық шығармашылық шешімін жорамалдайды.

 

3. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке бастық-

шығармашылық компоненті

Қоғамның ұдайы өсіп келе жатқан бағалы потенциалы бола тұра, педагогикалық мәдениет берілген бір нәрсе ретінде немесе материалдық тұрғыдан ескеріліп қойылған бір нәрсе ретінде қалыптаспаған. Ол тұлғамен педагогикалық өмірді белсенді шығармашылық меңгеру үрдісіне қосылу барысында жұмыс істейді. Мұғалімнің маманды-педагогикалық мәдениеті барлық мұғалімдерге мүмкіндік емес, ақиқат ретінде объективті болып келеді. Оны меңгеру педагогикалық іс-әрекеттің құндылықтары мен технологияларын шығармашылық пәндеуге қабілеті барлар арқылы жүзеге асады. Құндылықтар мен технологиялар шығармашылық іздеу мен тәжірибелік жүзеге асыру үрдісінде ған жеке мәнге ие болады.

Қазіргі ғылымда шығармашылық көптеген зерттеушілермен мәдениеттің интегративті, жүйеқұрушы компоненті ретінде қарастырылады. Тұлға, мәдениет пен шығармашылықтың өзара қарым-қатынастарының мәселелері Н. А. Бердяевтің еңбектерінде көрініс тапты. Өркениет пен мәдениеттің өзара әрекеттесу ауқымды сұрағын қарастыра отырып, ол өркениеттің мәдениетке қарағанда әлдеқайда көне және алғаш екендігіне сілтеді: өркениет әлеуметтік-ұйымдық үрдісті білдіреді, ал мәдениет анағұрлым индивидуалды (жеке), тұлғамен, адамның шығармашылық актісімен байланысты. Мәдениеттің адамның шығармашылық актісімен құрылатындығында Н. А. Бердяев оның данышпандық табиғатын көрді: «Шығармашылық ол от, мәдениет оттың суытылуы». Шығармашылық акт субъективтілік кеңістігінде, ал мәдениеттің өнімі объективті өмірде болады.

Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық мінезі мұғалім тұлғасының барлық психикалық салаларының (танымдық, эмоционалды, ерікті және мотивационды) күрделі синтезін шақыра отырып, жаңалығы мен нәтижелерінің маңыздылығымен байланысты оқытушының ойлау іс-әрекетінің ерекше стилінің бар болуын аңғартады. Ондағы ерекше орынды спецификалық қабілеттер мен олардың көрінісінде орын алатын дамыған шығару қажеттілігі алады. Осындай қабілеттердің бірі болып интегративті және жоғары дифференциалданған педагогикалық ойлау қабілеті болып табылады. Педагогикалық ойлауға қабілеттілік табиғаты және мазмұны жағынан дивергентті бола отырып, мұғалімге педагогикалық ақпараттың белсенді түрлендірілуін, педагогикалық ақиқаттықтың уақытша параметрлері шектерінен шығуын қамтамасыз етеді. Мұғалімнің маманды іс-әрекетінің тиімділігі білім мен дағдылардан ғана емес, педагогикалық оқиғада берілген ақпаратты әртүрлі тәсілдермен және тез арада шешу қабілетіне тәуелді. Дамыған парасаттылық мұғалімге бөлек бірлік педагогикалық фактілер мен құбылыстарды емес, педагогикалық идеялар, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу теорияларын тануға мүмкіндік береді. Рефлекстілік, гуманизм, болашаққа бағдар ұстау және оқушы тұлғасын маманды дамыту мен жетілдіруге қажетті құралдарды анық түсіну мұғалімнің парасаттылығының кіршіксіз дәлелі. Педагогикалық ақпараттың терең мағыналық түсінуін қамтамасыз ететін дамыған педагогикалық ойлау білім мен іс-әрекет тәсілдерін өзінің жеке маманды-педагогикалық тәжірибесі призмасынан өткізіп, маманды іс-әрекеттің жеке мағынасын қайта оралтуға көмегін тигізеді.

Маманды іс-әрекеттің жеке мағынасы мұғалімнен жеткілікті деңгейдегі белсенділікті, басқару қабілеттігін, пайда болатын немесе арнай қойылған педагогикалық мәселелерге сәйкес өзінің мінез-құлығын реттеуді талап етеді. Өзін-өзі реттеулік тұлғаның ерікті көрінісі ретінде мұғалім тұлғасының инициативтілік, дербестік, жауапкершілік және т.б. маманды қасиеттерінің табиғаты мен механизмін ашып көрсетеді. Психологияда қасиеттері ретінде орнықты, әртүрлі оқиғаларда қайталанып отыратын индивидтің мінез-құлық ерекшеліктерін түсінеді. Бұл орайда Л. И. Анцыферованың жеке қасиеттер құрамына өзінің мінез-құлқын оны тудыратын себептерге сәйкес ұйымдастыру, бақылау, талдау мен бағалай алу іскерлігін қосу көзқарасы көңіл аударады. Оның ойынша, қандай да бір мінез-құлықтың неғұрлым әдетті болуы, соғұрлым сол іскерлік жалпы, автоматтандырылған, қысқартылған. Қасиеттер генезисінің мұндай түсінімі бұл пайда болулар негізі ретінде негізінде пайда болатын психологиялық доминантты күйлерімен іс-әрекеттің бүтін актілерін таныта алады.

Шығармашылық тұлғаны тәуекелділікке бел буу, көзқарасының тәуелсіздігі, импульсивтілік, танымдық «қазымырлық», пікірінің критикаға бейімділігі, қиял мен ойдың батылдығы, қалжыңқойлығы мен әзілге бейімі және т. б. сипаттайды. А. Н. Лукпен бөліп көрсетілген берілген қасиеттер нағыз еркін, дербес және белсенді тұлғаның ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

Педагогикалық шығармашылық бірқатар ерекшеліктерге ие (В. И. Загвязинский, Н. Д. Никандров):

ол уақыт пен кеңістікте регламенттелген. Шығармашылық үрдістің сатылары (педагогикалық ниеттің пайда болуы, мағынасының жүзеге асырылуы, құрылуы және т. б.) бір-бірімен уақыт ішінде қатаң байланысқан, бір сатыдан басқасына жедел өтуді талап етеді; егер жазушы, суретші, ғалымның іс-әрекетінде шығармашылық акт сатылары арасында үзіліс мүмкін, кейде қажет болса, мұғалімнің маманды іс-әрекетінде ол мүлде жоққа шығарылған; оқытушы уақыт ішінде нақты тақырып, тарауды талдауға жіберілген сағат санымен шектеулі. Оқу жұмысы барысында сапасы, ең дұрыс нұсқасын таңдау, берілген ерекшелікке, педагогикалық мәселелерді шешу психологиялық спецификасына байланысты шектелетін жоғары сапалы шешім қабылдауды талап ететін болжамданған және болжамданбаған оқиғалар пайда болады;

Оқытушының шығармашылық іздеулерніңі нәтижелері уақытының созылуы. Материалды және рухани іс-әрекет аумағында оның нәтижесі бірден материалданады және қойылған мақсатпен сәйкестендірілуі мүмкін; ал мұғалімнің іс-әрекетінің нәтижелері оқушылардың білімінде, дағдыларында, іс-әрекет формаларында көрініс табады және салыстырмалы және бөліктеніп бағаланады. Мұғалімнің дамыған аналитикалық, болжамдық, рефлексті және тағы да басқа қабілеттері бөлікті нәтижелері негізінде оның маманды-педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесін алдын ала көріп, болжауға мүмкіндік береді.

Маманды іс-әрекетте мақсат бірыңғайлығына негізделген педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен шығармашылық үйлесуі. Оқытушылық және оқушылық ұйымдардағы шығармашылық іздеудің атмосферасы қуатты стимулды фактор болып келеді. Мұғалім белгілі бір білім саласындағы маман іспетінде оқыту үрдісі барысында өзінің оқушыларына маманды іс-әрекетке шығармашылық қатынасты көрсетеді;

мұғалімнің шығармашылық педагогикалық потенциалы көрінісінің оқу үрдісінің әдістемелік және техникалық қамтамасыздандырылуынан тәуелділігі. Стандартты және стандартты емес оқу-зерттеу құрал-жабдықтар, техникалық қамтамасыздандыру, мұғалімнің әдістемелік дайындығы және оқушылардың бірігіп іздеуге психологиялық дайындығы педагогикалық спецификаны сипаттайды;

мұғалімнің жеке эмоционалды-психологиялық күйін басқара алуы және оқушылар іс-әрекетінде адекватты мінез-құлықты шақыру. Оқытушының оқушылармен қарым-қатынасты шығармашылық үрдіс, диалог ретінде, олардың ынтасын және өнертапқыштығын жоймай, толық шығармашылық өзін-өзі табуына жағдай жасайтындай ұйымдастыру қабілеті. Педагогикалық шығармашылық әдетте ашықтылық жағдайында іске асырылады; сынып реакциясы мұғалімді еркіндік пен жанынан шығаруға жетелуі мүмкін, алайда шығармашылық іздеуді тежеп, басуы мүмкін.

Педагогикалық шығармашылықтың белгіленген ерекшеліктері педагогикалық іс-әрекеттің алгоритмдік және шығармашылық компонентерінің үйлесуін толығырақ түсінуге мүмкіндік жасайды.

Шығармашылық педагогикалық еңбектің табиғаты сондай, ол өзінде нормативті іс-әрекеттің кейбір сипаттамаларын имманентті құрайды. Педагогикалық іс-әрекет алгоритмдік іс-әрекет қалап тұрған нәтижелерді бермегенде шығармашылықты болып келеді. Оқытушы меңгерген нормативті педагогикалық іс-әрекеттің алгоритмдері, тәсілдері, шешімі әрдайым өзгерістер, түзетулер мен реттеулерді енгізуді талап ететін көптеген стандартсыз, болжамданбаған оқиғалар санына қосылады да, мұғалімді педагогикалық ойлаудың инновационды стилін танытуға итермелейді.

Шығармашылыққа оқып, үйрену мүмкіндігі жайлы әбден заңды сұрақ туады. Мұндай мүмкіндіктер ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің оның нормативті негізі болып келетін бөлігінде орналасқан: бүтін педагогикалық үрдіс заңдылықтарын білу, біріккен іс-әрекет мақсаттары мен міндеттерін ұғыну, өзін-өзі дамыту мен тануға дайындық пен қабілет және т. б.

Педагогикалық шығармашылық маманды-педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде өздігінен пайда болмайды. Оның дамуы үшін жағымды мәдениетті шығармашылық атмосфера, стимулды орта, объективті және субъективті жағдайлар қажет. Педагогикалық шығармашылықты дамытудың маңызды жағдайларының бірі болып оқытушы белгілі уақыт аралығында жұмысы барысында әлеуметтік-мәдени, педагогикалық ақиқаттылықтың, нақты мәдени-тарихи контекстінің әсерін қарастырамыз. Бұл жағдайды мойындау мен ой елегінен өткізуінсіз педагогикалық шығармашылықтың нақты табиғатын, жүзеге асыру көзі мен құралдарын түсіну мүмкін емес. Басқа объективті шарттарға жатқызылатыны: ұйым ішіндегі оң эмоционалды психологиялық климат; психологиялық-педагогикалық және арнайы аймақтарда ғылыми білімнің даму деңгейі, оқыту мен тәрбиелеудің адекватты құралдардың бар болуы; әдістемелік нұсқаулардың ғылыми негізі, педагогикалық үрдістің материалды-техникалық қамтамасыздандырылуы, қоғамдық қажетті уақыттың болуы.

Педагогикалық шығармашылық дамуының субъективті жағдайлары мынаны құрайды: бүтін педагогикалық үрдістің негізгі заңдылықтары мен принциптерін білу; мұғалімнің жалпымәдени дайындығының жоғары деңгейі; оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы концепцияларын меңгеру; кәдімгі жағдайларды талдау және мұндай жағдайларда шешім қабылдау; шығармашылыққа талпыныс, дамыған педагогикалық ойлау және рефлексия; педагогикалық тәжірибе жәнеішкі сезіну; кәдімгі емес жағдайларда жедел шешім қабылдау; мәселелік көрініс пен педагогикалық технологияны меңгеру.

Мұғалім педагогикалық мәдениетпен минимум жағдайында үш рет өзара қарым-қатынасқа түседі: біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық әсердің объектісі ретінде педагогикалық іс-әрекет мәдениетін меңгеру кезінде; екіншіден, педагогикалық құндылықтардың тасымалдаушысы ретінде белгілі бір мәдени-педагогикалық ортада өмір сүріп, әрекет етеді; үшіншіден, маманды-педагогикалық мәдениетті педагогикалық шығармашылықтың субъектісі ретінде құрып, дамытады.

Мұғалімнің жеке ерекшеліктері мен шығармашылығы шығармашылық өзін-өзі табудың көптеген формалары мен тәсілдерінде көрініс табады. Өзін-өзі табу тұлғаның жеке-шығармашылық мүмкіндіктерінің қосымша аймағы болып табылады. Педагогикалық шығармашылық мәселесі мұғалімнің өзін-өзі табудың мәселесіне тікелей шығады. Соған қатысты педагогикалық шығармашылық – бұл оқытушы тұлғасының жеке, психологиялық, парасаттылық күштері және қабілеттері арқылы өзін-өзі табу үрдісі.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Выбор номинальной мощности трансформатора | Исходные теоретические концепции экологии




Дата добавления: 2016-02-09; просмотров: 6163;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.018 сек.