Педагогикалық мамандықтың даму перспективалары.

Материалдық және рухани өндірістің салалары сияқты білім беру саласында да мамандық аралық диффренциация тенденциясы байқалады. Бұл заңды процесс педагогикалық мамандық шегінде әр түрлі іс-әрекет барысында көрінуде. Педагогикалық іс-әрекет түрлерінің жаңару процесі ең алдымен тәрбие сипатының өзгеруімен, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс себептерімен байланысты.

Жаңа педагогикалық мамандықтардың пайда болуы білікті оқыту мен тәрбие сұранысының өсуіне байланысты болып табылады. 70-80 жылдардың өзінде-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына байланысты мамандандыру мәселесі анық көрінді. Ал бұл мәселенің өзі оқушылардың көркем-өнер, спорт, туризм және басқа да әрекеттерін білікті басқару қажеттілігін тудырды.

Сонымен, мамандықтардың кәсіби тобы - әлеуметтік жарамды әрекеттің тұрақты түрлері бойынша біріктірілген, соңғы нәтижесі, арнайы құралдары, пәні бойынша ерекшеленетін мамандықтардың біртұтастығы.

Педагогикалық мамандық – белгілі кәсіби топ шегіндегі әрекет түрі, ол білім алу нәтижесінде игерілген білім, іскерлік, дағдылардың біртұтастығын сипаттайтын және берілетін біліктілікке сәйкес нақты кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.

Педагогикалық мамандандыру – педагогикалық мамандық шегіндегі іс-әрекеттің нақты түрі. Ол нақты еңбек түрімен және маманның нақты функциясымен байланысты.

Педагогикалық біліктілік – нақты міндеттерді шешуде маманның мүмкіндіктерімен сипатталатын кәсіби-педагогикалық даярлықтың деңгейі мен түрі.

Педагогикалық мамандықтар «Білім беру» кәсіби тобына біріктірілген. Педагогикалық мамандықтардың диффренциациясының негізі осы топ мамандары іс-әрекетінің объектісі мен мақсаты болып табылады. Педагогтардың кәсіби әрекетінің жалпы объектісі – адам, оның жеке тұлғасы. Педагог пен оның іс-әрекетінің объектісі арасындағы қатынас субъект-субъект болып құрылады. Сондықтан бұл топтың мамандықтарын дифференциациялаудың негізі өзара әрекет құралдары ретінде байқалынатын білім, ғылым, мәдениет, өнер саласы.

Мамандықтарды дифференциациялаудың тағы бір негізі – жеке тұлға дамуының жас ерекшелік кезеңдері, яғни педагог пен дамып келе жатқан жеке тұлға арасындағы нақты қатынастың болуы (мектеп жасына дейінгі, бастауыш сынып оқушысы, жеткіншек, жасөспірім, ересек, қарттық).

Мамандықтарды дифференциациялаудың келесі бір негізі – психофизикалық және әлеуметтік факторлармен байланысты жеке тұлға дамуының ерекшеліктері (есту, көрудің бұзылуы, ақыл-ойдың кешеуілдеу, девиантты мінез-құлық және т.б.).

Педагогикалық кәсіпті мамандандыру педагогикалық әрекет түрлерін көрсетуге және тәрбие жұмысының бағыттарына байланысты (еңбек, эстетикалық және т.б.).

Педагогикалық практиканы зерттеуде педагогтың іс-әрекеті әр түрлі міндеттердің тұрғаны айтылады.

 

2. Ауыл мектебі мұғалімінің еңбек жағдайы және іс-әрекеті

Ауыл мектебі мұғалімінің еңбек жағдайына оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кездесетін қиындықтар жатады. Ауыл мектебі мұғалімінің еңбегі мен іс-әрекетінің ерекшелігі ауылдағы қоғамдық қатынастармен, оның өмірімен және тұрғындардың іс-әрекетімен анықталады.

Ауыл мектебі мұғалімінің еңбегі мен іс-әрекетін анықтайтын факторларды екі топқа біріктіруге болады: тұрақты және өзгермелі сипатқа ие уақытша факторлар.

Факторлардың бірінші тобы ауыл шаруашылық және табиғи ортамен шарттасады, ал екінші тобы – қаламен салыстырғанда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта қалуы.

Мектептің ауыл шаруашылық факторы ауыл оқушыларының оқуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін жағымды жағдайларды тудырады, табиғатта бақылау өткізу, сабақ пен сыныптан тыс шараларды нақты материалмен қамтамасыз ету, оқушыларды әлеуметтік жарамды еңбекке баулу, аграрлық мамандарға сыйластығын тәрбиелеу.

Ауыл мектебі мұғалімінің еңбегі мен іс-әрекетінің ерекшелігі ауыл тұрғындарының өмірі мен тұрмысына байланысты. Себебі ауылда адамдар бірін-бірі жақсы біледі, олар жоғары әлеуметтік бақылау жағдайында.

Ауыл мектептеріндегі педагогикалық процесті ұйымдастыруда кездесетін қиындықтар, ол көптеген ауыл мектептерінің аз комплектілігі. Белгілі бір мамандығы жоқ мұғалімдер екі-үш пәннен қатар береді.

Сондықтан аз комплектілі мектептердегі жұмысқа арнайы универсал-мұғалімдерді даярлау қажет.

 

1.4 Ауылдық мектептердегі мұғалімдердің іс-әрекет спецификасы

Мемлекетте болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңашылдықтар ауылдық мектептерде күрт өзгерістер еңгізді, бұл ауылды жерлердегі жұмыс деңгейі мен жағдайын даму мәселер ішінде ең басты мәселе болуымен анықталады. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында барлық мектептердің 80% ауылдық жерлерде. Мұнда 31% оқушылар білім алады және 39% педагогтар жұмыс істейді. «Білім туралы» Заңға сәйкес білім беру стандарты қала мектептері мен ауыл мектептеріне бірдей болуы керек. Сонымен қатар ауылдық мектептердегі оқыту және тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылуы мен мазмұны ауыл мұғалімінің мамандық іс-әрекетінің, оның қызмет ету және даму перспективасының специыикасының объективтік және субъективтік факторлардың комплексімен анықталады.

Ауылдық метептетрдегі оқыту және тәрбиелеу үрдісінің нәтижелілігін жоғарлауын жол беретін объективтік факторға мыналар жатады: ең алдымен оқушылардың оқыту және тәрбиелеу үрдісін нақты ауылшаруашыық өндіріс түрлерімен және ауылдық жұмыскерлермен байланысына жағымды жағдай жасайтын ауылшаруашылық ортылығы және табиғатқа жақындығы. Ауылдық мектептердегі оқитын оқушылар үшін табиғатпен тікелей қарым-қатынас жаратылыдтану ғылымын меңгеруге, сонымен қатар экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаны қорғау сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруын жүзеге асыруына жол беретін ерекше бір зат болып табылады. Ауылдық жерде жеке шаруашылығының болуы балаларда ерте жасынан еңбеке деген белсенділігін қалыптастырады. Ауылдық мектептің спецификасы, оқушылармен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының жақсаруының әлеуетті мүмкіншілігін, сонымен қатар оның дұрыс қолданылуы мен ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін, объективтік факторлардың жиынтығымен ғана анықталмайды. Берілген специфика сонымен қатар ауылағы педагогтың іс-әрекетінің жүзеге асырылумен анықталады, нақтылап айтқанды мына төмендегі анықтамаларда берілген:

· барлығынан жақсы байқалатын халық педагогикасының ең жақсы дәстүрлері болып табылады. Көбіне қалалы жерлерде осындай дәстүрлі педагогика оқыту-тәрбиелеу үрдісінде қолданылмайды;

· мұғалім өзінің балалары жайлы, олардың тұрмыстық жағдайы, ата-аналармен, әріптестерімен қарым-қатынасы және т.б. жайлы нақтырақ ақпараты болады;

· қалаға қарағанда дәстүрге жақындығы, қоғам көзқарасының күштілігі, педагогтардың, әсіресе бір емес бірнеше ұрпақты тәрбиелеп оқытқан және көп жыл қызмет еткен педагогтардың беделділігімен байқалады;

· көпшілік ана-аналардың бірдей еңбек ұжымында болуы, олардың бір ауыл территориясында тұруы, мектептен тыс үжыммен қарым-қатынаста болуы;

· оқушыларды ауылдық өмірге дайындау үшін, ауылшаруашылық мәселелерін шешу үшін ұтымды жағдайдың болуы;

Ауылдық мектептердегі оқыту-тәрбиелеу үрдісін қиындататын факторлар құрамына, мыналарды кіргізуге болады: мектеп оқушылардың шағын санды, аз топты болуы. Көбісінде қосымша сыныптар жоқ, ал бастауыш сыныптарда топтық сыныптар бар. Ресей Федерациясының «Ауылдың әлеуметтік дамуы туралы» Заңына сәйкес бастауыш сыныпта жалғыз бір оқушы бар болғанның өзінде де сыныпты ашуға болады, мұндай мектептер саны елде аз емес. Қалалық мектептермен салыстырғанда ауылда аудандық қызмет көрсету кеңірек болып келеді, орта мектептерге жалпылай айтқанда он шаршы километрге жетеді. Мұның барлығы педагогикалық ұжымнан, балаларды мектепке және мектептен тыс сабақтарға қатысуын толық қамтамасыз етуі бойынша, қосымша күшті және уақытты талап етеді. Мұның барлығы ең алдымен мектепке күнсайын тасмалдайтын көлікпен қамтамасыз ететін ұйымдастырушыларға және мектепте интернаттың болуына да байланысты болады, дегенімен интернатта тұратын балалардың өмірлік жағдайын барынша жағымды болуын, мектептен тыс уақыттарын дұрыс, қызықты ұйымдастыруын педагогтар қамтамасыз етуілуі керек.

Ауылдағы демографиялық өзгерістер салдарынан шағын санды сыныптары бар мектептерінің көбейуіне себеп болады. Олардың жұмыс жағдайы оқушыға да, педагогқа да қиын болып табылады. Осындай мектептердегі білім беру үрдісі үлкен қалалық оқыту мекемелерімен салыстырғанда өзінің нәтижелілігін жоғалтады, өйткені мұнда балаларды оқыту және тәрбиелеу практикасы өзгеше құрылады. Шағын комплекті мектептердегі бастауыш сыныптарда кейде екі емес үш сынып бірігіп оқиды. 5-11 сыныптарда 3-5 оқушыдан оқитын сыныптарда жиі кездеседі, мұндай жағдайда олар бір мектептен екінші мектепке ауысуға мәжбүр болады, мысалы, төменгі бөлімнен жоғарғы бөлімге ауысатын жағдайлар да болады.

Қалалық мектептерге қарағанда ауылдық мектептерде оқушылармен жеке жұмысты жүргізуге көп жағдайлар жасалады. Сонымен қатар оқушылардың аз болуы оқушылардың білімі күнделікті бағаланып, тексеріліп отыру салдарынан балалар үшін үлкен жүктеулер тиеді, сол себептен балаларда психологиялық, эмоциялық кейде жеке сезімдік аландаушылық жиі кездеседі. Оқушылары аз сыныптардың тағы бір кемшілігіне мынаны кіргізуге болады, ол: балалары аз сыныппен салыстырғанда шағын сыныпта эмоциялық даму ерекшеліктері баяу жүреді. Мұндай мектептерде балалар арасындағы жеке және эмоционалды қарым-қатынас жеткіліксіз болады, сонымен қатар балалар арасындағы жарысу белсенділігі тіпті жоқ болады. Тағыда ұжымда ұйымдастырушылық, бірлестік, адамгершілік қасиетін қалыптастыруы қиынға түседі, мұндай ұжымдарда лидер жоқ болады.

Ауылдық мектептегі педагогикалық ұжымда оқыту бағдарламасының әртүрлілігі бойынша білім беруде вариятивтік принципті жүзеге асыруда қиыншылықтар туғызады. Бұл көбіне әдейі оқытуға арналған мектептерде пәндік оқу бағдарламасына әсерін тигізеді.

Ауыл мектептердің функцияларының ерекше жағдай жасалуы оқушылардың санының аз болуына ғана байланысты емес, сонымен қатар ауыл мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетіне де байланысты. Ең алдымен ауылдық және қалалық мұғалімнің оқыту нұсқуларының мінездемесінде және мазмұнында бар ерекшеліктерді ескеру қажет. Қалалық мектептерде негізінен бірнеше сыныптарда мұғалім тек бір пәннен сабақ береді, ал бірнеше пәннен беретін мұғалімдер өте аз. Аз комплекті ауылдық мектептерде мұғалімдердің тең жартысы, мамандығы бойынша сәйкес келмейтін, бір емес бірнеше пәннен сабақ береді. Ауылдық мектептердің көбінде мұғалімдер нормадан тыс келетін жүктеулері бар. Мұнда педагогтан көп дайындықты талап етеді.

Әрине, мұғалімнің бірнеше пәннен сабақ беретіндігі де өзінің жағымды жақтары бар, мысалы, бірнеше пәннен беретін мұғалім балалар үшін пәнаралық байланысты жақсы қалыптастыра алады, бұл өз алдына балалардың жеке басының дамуына жол ашады. Басқа жағынан қарағанда көп пәндік болуының кемшіліктерін ескермей керуімізге де болмайды. Бірнешесін қазір атап кетуге болады:

· педагогикалық кадрлердің жетіспеуі мұғалімдердің өз пәндері бойынша емес басқа пәндер бойынша сабақ беруіне әкеп соқтырады;

· көп пәндік жағдай болғандықтан мұғалім бір сыныпта екі не үш рет сабақ береді, егерде мұғалім мен оқушы арасында кейбір қайшылықтар пайда болса, кейінен педагогикалық конфликтінің туындауына жол ашады. Мұғалімнің бірнеше пәннен сабақ беруінен баланың бір пәнен екінші пәнге ауысуында, оның мүмкіндіктері мен қабілетерін дұрыс бағаламауы пайда болады;

· көп пәннен сабақ беретін мұғаләмдер әстейтін ауылдық мектептер негізінен қалалық жерлерден қашықтау орналасады, сол себептен олардың мамандық квалификациясын жоғарлатуға мүмкіндік берілмейді.

Ауылдық мектептерде педагогтардың квалификациясын жоғарлату және оқыту-тәрбиелеу тәжірибелермен алмасу мәселесі ерекше қиындыққа түсіп отырады. Ауылдық мектепрдегі мұғалімдер ұжымы орташа 12-15 адамды құрайды (қалалық мектептерде 35-40 адамнан). Осындай мектептерде бір-бір пән маманнан болу салдарынан мұғалімдердің мектеп ішіндегі әдістемелік кеңестерін өткізу мүмкін емес. Ауылдық педагогтарға әртүрлі әдістемелік қызметтермен, кітапханалармен байланыста болуы қиын. Соған байланысты педагогтарда өз бетімен білім алуы және мамандық дағдыны дамытып, қалыптастыруы күшее түседі. Әртүрлі зерттеулер мен бақылаулардан алынған нәтижелер бойынша ауылдық жерлерде мектептен тыс үйірмелер, ұйымдардың болмау себептерінен мектептегі мұғалімдердің бос уақыты көбіне балалармен сыныптан тыс жұсқа жұмсалады.


 

       
 
   
 

 


Ауылдағы мұғалімдердің ролі ауыл мәдениетінде аса маңызды болып табылады. Мұнда мұғалімдер ұжымы ауылдағы ең жоғарғы мәдениетті адамдар болып табылады, олар көбіне жалпы мәдени ауылдық шараларды ұйымдастырушылар болып табылады.

Сонымен, ауылдық мектептер қалалық мектептерге қарағанда мазмұны жағынан ерекшелінеді, сондықтанда мұның барлығын болашақ педагогтар үшін жоғарғы оқу орындарда аса назар аударылып ескерілуі керек.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Особенности схем коммутации электростанций | Неизолированные жёсткие проводники.




Дата добавления: 2016-02-09; просмотров: 6365;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.