Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері

Тыныс алу мүшелеріне жатады: мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, кеңірдекше тарамдары, өкпе. Өкпе өз алдына екіге бөлінеді: оң және сол жақ өкпе. Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Сол жақ өкпе 2 бөліктен тұрады: жоғарғы, төменгі. Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпенің төменгі бөліктері диафрагмамен тиіседі, ол кеудемен іш қуыстарын бөліп тұрады. Ауа мұрын жолдары арқылы кеңірдекке, одан оң жақ, сол жақ кеңірдекше тарамдарына (бронхыларға), одан әрі өкпе бөліктеріне кіреді. Кеңірдек тарамдары кішкентай бұтақтардан тұрады, оны “бронхиол” дейді, олар ары қарай өкпеге өткенде өкпе көпіршігіне (альвеоларға) айналады. Альвеоларға кірген ауа өкпені желдендіріп созады, онда газ алмасуы пайда болады. Ауамен кірген оттегі капилярға өтіп, эритроцидпен қосылып, ұлпаларды қамтиды. Кеудеге ауа кіргенде кеуде бұлшық еттері созылып, диафрагма жиырылып, кеуде қуысы кеңейеді. Адам бір дем алғанда 700 мл 3 ауа жұтады. Ал ауа шыққанда кеуде қуысы тарылады. Қалыпты түрде адам минутына 16 – 20 рет дем алады. Ал жүгіргенде, қатты қимылда дем алуы жиіленеді. Тыныс жолдарының дем алуын реттейтін сопақша ми. Ауаны өткізетін тыныс жолдары ауаны жылытып, шаңнан тазартып, дымқылдатады.

Тыныс алу мүшелерінің қорғаныш қызыметіне жатады: жұтқыншақтың жабылып тұруы, жөтел рефлексі, бронхтың ішкі сілекейлі қабатында секреторлы иммуноглабулиннің білінуі, альвеолардық макрофагтардың фагоцитарлы белсенділігі. Олардың қызметі жүйкелермен, бронхиол артерияларымен қамтамасыз етіледі.

Өкпе – ағзаның негізгі мүшесі. Ол ағзадағы қан айналыс жолдарымен тығыз байланысты болып келеді. Оны қамтамасыз етіп отыратын өкпе артериясы. Сол себептен өкпе сырқатында тек ұлпа ғана зақымданбайды, оның қан тамырларындағы қанның алмасуы да бұзылуы мүмкін. Сондықтан мұндай өзгерістерді өкпе – жүрек жеткіліксіздігі деп атайды.

 

 

Негізгі белгілері

 

Тыныс алу мүшелерінің ауруларының көптігіне қарамай, олардың белгілері бір – біріне ұқсас болып келеді. Бұл белгілерге жөтел, қақырықтың бөлінуі, қақырықты тастауы, қан түкіру, демікпе, кеуде қуысының ауырсынуы жатады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бастың ауруы аурудың жалпы белгілеріне жатады.

Жөтел. Тыныс алу мүшелерінің ең негізгі белгілерінің бірі, бірақ дені сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Бұл рефлекторлық қорғаныш актісі. Тыныс жолдарына бөгде зат түскенде ағза рефлекторлық түрде оны жөтелі арқылы сыртқа шығаруға тырысады. Кеңірдек, кеңірдекшелердің (бронхтардың) сілекей қабаттары қабынғанда импульстер сопақша мидың дем алудағы орталығына келіп түседі де оны қимыл жүйкесіне жібереді. Жөтелде өкпедегі бөгде заттар ауамен бірге ауыз арқылы күшпен сыртқа шығарылады. Жағымсыз мәнбірлердің әсерінен тыныс алу жолдарына сілекей жиналып, жөтел туғызады. Егер сілекей аз бөлінсе, онда құрғақ жөтел пайда болады. Жөтелдің сипаталуы сырқатқа байланысты әртүрлі болады. Сирек, күшті, жиі, ұстамалы және т.б. түрлері болады. Бір науқаста жөтел өзгеріп отыруы мүмкін. Туберкулездің бастапқы кезеңінде жөтел сирек және науқасқа білінбейді. Бара – бара жөтел күшейіп, науқасты мазалайды. Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында жөтел дөрекі шығады.

Қақырық. Тыныс жолдарының сілекей қабығының жемісі. Қақырықтың мінездемесіне қарап қабыну дәрісінің тереңдігін анықтауға мүмкіншілік туғызады. Қақырық сілекейлі, сілекейлі - іріңді, іріңді болады. Сілекейлі қақырық жылтыр, кейде ақ түсті болады. Шаң тозаңнан қақырық қара түсті болуы мүмкін. Ондай қақырық темекі шеккеннен немесе ұзақ уақыт шаң тозаңда жұмыс істеген адамдарда кездеседі. Сілекейлі - іріңді қақырық өкпе ауруларының асқынуларында білінеді. Крупты өкпе қабынуының бастапқы кезеңінде қақырық тоттанған болып білінеді. Көбінесе қақырықтың иісі әлсіз және ара қашықтықта сезілмейді. Егер қақырықтың иісі жағымсыз болса, онда өкпенің іріңді ауруы деп ойлауға болады.

Қан түкіру. Өкпе ауруларының маңызды белгісі болып табылады. Қанды түкіру өкпе туберкулезінде, өкпе қатерлі ісігінде және өкпе іріңді ауруларында байқалады. Қақырықпен түскен қанның түсі ашық – қызыл, көпіршікті, иіссіз және жөтел мен шығып отырады.

Демікпе. Демікпе дегеніміз – демнің тереңдігінің, жиілігінің және ырғақтылығының бұзылуы. Тыныс алу жолдарының ауруларында ентігу экспираторлық (ауаның сырқа шығуының қиындауы) түрде білінеді. Сырқатқа байланысты кеңірдекше тарамдары тарылған жағдайда ауаның ішке кіруі қиындап, демі шулы, ысқырықты болып келеді. Науқастарда жиі аралас түрлердегі ентігу кездеседі.

Кеуде қуысының ауырсынуы. Бронхыларда және өкпе тінінде сезу рецепторлары болмайды, сол себептен кеуде қуысының ауырсынуы басқа мәмбірлердің әсерінен туады. Негізінде ауырсыну дем алғанда, жөтелгенде білінеді. Кеуде қуысының ауырсынуы қабырға аралық бұлшық еттер және қабырға аралық жүйкелер қабынғанда сезіледі.

Уыттану белгілері. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында осылармен бірге жиі дене қызуының көтерілуі, түнгі кездегі терлегіштік, әлсіздік, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі кездеседі. Бұл шағымдар ағзаның уыттанудың себебіне болғандықтан.

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 6160;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.