Нәжіс тексерісі
Бұл анализ науқастың асқазан-ішек жолдарының ауруларын анықтауға көмектеседі. Нәжісті жасырынды қанға тексергенде бензидин сынамасын жүргізуге болады (Грегерсен сынамасы). Бензидин сынамасы көптеген тағамдарға және дәрі-дәрмектерге сезімтал, сол себептен үш күн бойы науқасқа дайындық жүргізу керек. Егер нәжісте қан білінсе, Грегерсен сынамасы жағымды деп, ал білінбесе - жағымсыз деп белгілейді. Нәжістің қалыпты түрде тәулігіндегі мөлшері 100-200 гр құрайды. Оның мөлшері тамақ ішуге байланысты. Нәжістің түрі шұжық тәрізді, жұмсақ, түсі - қоңырқай. Егер тағам сүтті болса, нәжіс ашық сары түсті. Егер асқазаннан қан кетсе, нәжіс қара түсті болады. Кейбір ауруларда нәжістің бетінде май, сілекей, ірің болуы мүмкін. Нәжісті микроскопиялық зерттеу көптеген керекті ақпараттарды береді. Қалыпты түрде нәжістен крахмал түйіршіктері, сабын, май табылады. Асқазан жұмысы бұзылғанда нәжістің құрамы өзгереді. Микроскопиялық зерттеу нәжістен лейкоцит және эритроцитті анықтауға көмектеседі. Олардың саны ішек жарасында, ісігінде және асқыну жағдайларында көбейеді. Нәжісті құрт-гельминтке тексергенде оны үш күн қатар, жылы түрде, үш жерінен шұқып алады.
Ақырық тексерісі
Бактериологиялық және микроскопиялық зерттеуге ауыз қуысына санация жүргізген соң қақырықты алады. Бактериологиялық және антибиотикалық сезімталдығын анықтау үшін қақырықты арнайы залалсызданған ыдысқа жинайды. Қақырықта туберкулез қоздырғышын анықтау үшін (Кох таяқшасын) қақырықты үш күн қайтара тексереді. Микроскопиялық зерттеуде қақырықтың түсін, құрамын, мөлшерін, иісін анықтап сипаттама береді.
Қақырық сілекейлі, іріңді, қан аралас болуы мүмкін. Қақырықтың құрамы бронхтағы және өкпедегі патологиялық дәрістерді көрсетеді. Өкпе қабыну ауруларында қақырық сілекейлі, иіссіз болады. Бронхоэктаздық ауруда, өкпе абцесінде қақырық іріңді, жиіркенішті иісті болып келеді. Бронх демікпесінде қақырық шыны тәрізді, жабысқақ, аз мөлшерде қиын түседі. Құрамында Шарко-Лейден кристалы, Куршман шиыршықтары анықталады. Өкпе іріңді ауруларында, туберкулезде, өкпе қатерлі ісігінде қақырықта қан кездеседі.
Өкпе қатерлі ісігінде қақырықта қалыптан тыс (атипичтік) торшалар білінеді. Сонымен қатар бактериологиялық зерттеу микробтар мен қатар патогендік саңырауқұлақтарды табады.
Бақылау сұрақтары
1.Жалпы тексеру әдістерінің түрлерін атап шығыңыз.
2. Субъективті әдістің мағыналық маңыздылығын түсіндіріңіз.
3. Объективтік әдіс қандай бөлімдерден тұрады?
4. Жалпы зертханалық тексеріс түрлерін атап шығыңыз.
5. Қанның құрамына кіретін қанның түйіршіктерін атаңыз.
6. Зәрді қандай тексерістерге жинайды?
7.Сізге таныс аспаптық тексеру әдістерін атап шығыңыз.
ІІІ – Тарау
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 5932;