Электрокардиография
Электрокардиография - жүректің жұмысын электр тоғы арқылы анықтайтын тексеру әдісі. Миокардта әр түрлі биохимиялық дәрістер жүреді. Бұл кардиомиоциттердің мембраналарынан иондардың өтуін тудырады. Нәтижесінде биоэлектрикалық дәріс байқалады - электроқозғалушы жүрек күші электрокардиограмманы (ЭКГ) сызып шығарады. ЭКГ дененің әр түрлі аймағынан белгіленеді. Қазіргі уақытта бізге ЭКГ-нің 12 түрлі электродтық комбинациясы белгілі. ЭКГ жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларында дерт анықтамасын жүргізуге көмектеседі.
Электрокардиографияға пациентті түсіруге дайындау
- тынықтандырып барып түсіру (физикалық күш түскеннен кейін пациент демалу керек);
- тамақтанғаннан соң түсіруге болмайды, себебі зат алмасу процессі күшейіп, денеде жылу алмасуы жоғарылайды. Сол себептен жүрек жұмысы күшейіп, ЭКГ-ның тістері өзгереді және нақты сапасы анықталмайды.
Фонокардиография
Бұл әдіс жүректің дыбысын, шуын графикалық түрде сызып шығарады. Фонокардиограмма ЭКГ- нің ауытқуларымен бірге жазылады, өйткені жүректің дыбыстарын және шуларын систола және диастола кезінде нақты түрде анықтайды. Қазіргі ФКГ жүрек ақауларында қиын естілетін дыбыстарды белгілеу үшін жүргізіледі. Арнайы ФКГ-ға дайындық жүргізу қажет емес.
Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
Мүшелердің патологиялық өзгерістерін ультрадыбыс арқылы анықтайтын әдіс. Әдіс жоғарғы ақпартатты. Оның көмегімен жүрек қуысын, қақпақшалар мен қарыншалардың қабырғасын көруге болады. Эхографиялық әдісімен әр түрлі ірі тамырлардың ауруларын да анықтауға болады. Осы әдіс арқылы келесі паренхиматозды мүшелерді тексереді: бауыр, ұйқыбез, бүйрек, қалқанша без; әр түрлі мүшелердің ісігін анықтайды. Арнайы жүректің тексеруіне дайындық қажет етілмейді. Құрсақ қуысына тексеріс жасау үшін 2-3 күндік арнаулы тамақтану тәртібін сақтау керек.
4 суретСау адамның бауырының сканограммасы
Сканерлеу
Ағзаға енгізілген әр түрлі радий белсеңді изотоптардың мүшелермен сіңірілу сатысын зерттейтін әдіс. Ағзаның белсеңді изотоптарды сіңіру қабілеті мүше тінінің жағдайына байланысты. Қалыпты түрде мүшенің изотоптарды сіңіру дәрісі бір қалыпта өтеді. Патологиялық өзгерістерде мүше тіні ісініп сусінділінеді, яғни ради белсеңді изотоптар осы қабынған аймақтарда ерекше көптеу сіңіріледі.
Арнайы сканер мүшенің көлеңкесін қағазға түсіреді, сөйтіп мүшенің орналасуын, көлемін, пішінін анықтауға жағдай туғызады. Осы әдістің көмегімен бауыр ісігінде, бүйрек, ұйқы безі және қалқанша безі ауруларында дерт анықтамасын жүргізеді. Қазіргі кезде бұл әдіс жаңаланған түрінде шығарылып, сцинтиграфия әдісі деп аталады.
С О
5 сурет Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( С- сол жақ; О - оң жақ )
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 5121;