Кеңейтілген жергілікті желілер

 

Өткізгішсіз компоненттердің кейбір типтері кеңейтілген жергілікті есептеу желілерінде, олардың ұқсасы – кабельді желілерінде сияқты қызмет етуге қабілетті. Өткізгішсіз көпір, мысалы бір бірінен үш милге дейінгі қашықтықта орналасқан желілерді байланыстырады (сурет 18).

 

Өткізгішсіз көпір (wireless bridge) деп аталатын компонент кабельдің қатысуынсыз ғимараттар арасында байланысты орнатуға көмектеседі. Қарапайым көпір адамдарға өзеннің бір жағасынан екінші жағасына өтуге қызмет етсе, сол сияқты өткізгішсіз көпір мәліметтер үшін екі ғимарат арасында жол салады. AIRLAN/Bridge Plus көпірі, мысалы, шашыраңқы спектріндегі радиоберу технологиясын ЛВС байланыстыратын магистральді жасау үшін пайдаланады. Олардың арасындағы қашықтық жағдайға байланысты 5 км дейін жетуі мүмкін. Мұндай құрылғыны эксплуатациялау құны қымбат болып көрінбейді, өйткені байланыс сызығын жалдау қажеттілігі болмайды.

 

 

Сурет 18. Екі жергілікті желіні байланыстыратын өткізгішсіз көпір

 

Егер өткізгішсіз көпір «қамтитын» қашықтық жеткіліксіз болса, алысқа әсер ету көпірін орнатуға болады. Ethernet және Token Ring желілерімен жұмыс істеу үшін қашықтығы 40м ол шашыраңқы спектрдегі радиоберу технологиясын пайдаланыды. Оның құны (қарапайым өткізгішсіз көпір сияқты) қанағаттанарлықтай болуы мүмкін, өйткені микротолқынды каналдар немесе Т1 сызығын жалдау шығыны болмайды. Т1 сызығы бұл мәліметтерді 1,544 Мбит/с дейін жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін арналған стандартты сандық сызық. Онымен сөйлеген сөзді және мәліметтерді беруге болады.

 

Жылжымалы желілер

 

Өткізгішсіз жылжымалы желілерде телефонды жүйелер мен қоғамдық қызметтер беру ортасы ретінде ықзмет атқарады. Осы кезде пайдаланылады:

 

- пакетті ажырату;

 

- ұялы желілер;

- спутник станциялары.

 

Үнемі жол жүретін жұмыскерлер ос ытехнологияны пайдалана алады, өздерімен бірге тасымалданатын компьютерлер немесе PDA (Personal Digital Assistants) болса, олар электронды поштамен , файлдармен және басқа ақпаратпен алмаса алады.

 

Мұндай байланыс түрі қолайлы, бірақ ақырын. Беру жылдамдығы – 8 Кбит/с-ден 28,8 Кбит/с –ке дейін. Ал егер қателерді түзеу жүйесі қосылса, жылдамдық одан да азайады.

 

Тасымалданатын компьютерлерді негізгі желілерге қосу үшін ұялы байланыс технологиясын пайдаланатын өткізгішсіз адаптерлерді қолданады. Тасымалданатын компьютерге орнатылған кішкентай антенналар оларды қоршаған радиорентрансляторлармен байланыстырады.

 








Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 1219;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.