Конструкциялық пластмассалар

 

Олар құрылыста көтергіш және қоршаушы түрінде қолданады. Олардың негізгі химиялық өндірісіндегі материалдарының түрлері синтетикалық полимерлік шайырлар. Олардың сығылуға және созылуға есептік кедергілері 100МПа-ға дейін жетеді. Олардың кейбір түрлері жарық өткізгіш болады. Оны сәулет өнерінде кеңінен қолданамыз. Пластмасса құрылыс конструкцияларының артықшылықтары: олардың тығыздығының аз мөлшерде болуы - 1500 кг/м3 аспайды, олар суға төзімді және шіруге, бұзылуға төзімді, дайындаған кезде әртүрлі пішіндер беруге болады.

Оларды ең негізгі кемшілігі - қатаңдығының өте аз мөлшерде болуы, деформациялану шамасы өте жоғары және жұмсақ болғандықтан тез болуы зақымдануы, ұзақ мерзімде пайдалану кезінде жылжығыштық қасиеттерін жоғалтуы.

Рылыста қолданылатын пластмассалар

 

Температураның әсерінен синтетикалық шайырлар 2 топқа бөлінеді:

1) термосозынды

2) термореактивті

1) Шайырлар қыздырған кезде жұмсарып созылуға бейім болады, ал суытқанда қайтадан орнына келеді. Бұл процесс қайталанған сайын шайырдың химиялық құрамы өзгермейді (полиэтилен, полиуретан, полистирол). Жұқа материалдарды шығару үшін осы шайырды қолданады.

2) Шайырдан дайындалған заттар қыздырған кезде жұмсармайды, бірақ өзінің беріктігін және қатаңдығын жоғалтады. Бұл фенолальдегид эпоксидті, полиэфир шайырлар.

Пласмастарды дайындағанда неше түрлі материалдарды қолданады:

1) қатаю материалы

2) тез қатаю материалы

3) катализатор

4) пластификатор

Плассмастардың негізгі кемшілігі

1) қатаңдығы төмен

2) отқа шыдамайды

3) бетінің қатаңдығы төмен

4) пайдалынған кезде тез тозады

Плассмастардың түрлері:

1) әйнекті пластика

2) көпіршікті пластика

3) Винипласт

4) органикалық әйнек

5) жел, су өткізбейтін материалдар және пленкалар

6) ағашпластика

7) синтетикалық желімдер

 

Йнекті пластика

 

Әйнекті пластика екі негізгі компоненттен тұрады: синтетикалық байланыстырғыш және әйнекті талшық. Әйнекті пластиктерді өндіру негізі - ол қатпаған шайырға әйнекті талшықтарды қосады, кейін шайырды қатырады.

Синтетикалық байланыстырғыш әйнекті пластиканың тұтастығын және түрінің біркелкілігін қамтамасыз етеді, пайдалану жағдайында пайда болатын күшсалмақтардың бір бөлігін қабылдайды. Әйнекті пластиктарда көбінесе термореактивті шайырларды пайдаланады, бұл технологиялық және эксплуатациялық қасиеттерді жақсартады.

Әйнекті талшықтар арматураланатын элемент. Бұл элементтер әйнекті пластиктардың жоғары беріктігін және соққыға қарсылығын қамтамасыз етеді. Әйнекті пластика жанатын немесе нашар жанатын болып бөлінеді.

Арнайы қоспалар шайырға өзінен-өзі тозатын қасиет береді. Әйнекті пластика майдаланған және үздіксіз болып екі топтан тұрады.

Біздің елде АТ-4С маркалы әйнекті пластика шығарылады, тығыздығы r=1900 кг/м3, созылу кезіндегі беріктігі R=500МПа, ал серпімділік модуль E=18500МПа. Бұларды көтергіш конструкциялар ретінде де қолдануға болады.








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 2709;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.