Отқа төзімділік

Конструкциялардың отқа төзімділігі күшсалмақ көтеріп тұрған элементтердің өрт кезіндегі көтеру қабілетін сақтайтын уақытпен есептеледі. Отқа төзімділік шегін арттыруға арналған конструкциялық шаралар:

а) брандмауэр (өртке қарсы қабырға) орнату арқылы;

б) ағаш қабырғалар мен үйдің төбелерін сылау;

в) қоршау конструкцияларында отқа жанбайтын элементтерді қолдану.

г) желімделген көлемді ағаш арқалықтар мен қаңқалар қолдану (элементтер неғұрлым көлемді болса, соғұрлым тұтануы қиын болады; көлемді ағаш элементтерінің отқа төзілімділігі металл конструкцияларының отқа төзімділігінен жоғары екені анықталған).

Егер ағаш элементтерінің отқа төзімділігін арттыру керек болса онда ағаштарды тұтанудан қорғайтын қоспалармен майлау қолданылады, ол үшін антипириндер, шіруден қорғайтын антисептиктер, суды кері қайтаратын гидрофобты қасиеттері бар қоспаларды қолданады. Сонымен қатар қысыммен антипириндерді сіңдіру тәсілі де қолданылады.

 

Ағаштың тотбасуы

Ағаштың тотбасуы дегеніміз ағаштардың қышқылдар, сілтілер және тұздар әсерінен қирауы, бұзылуы, зақымдануы. АҚ-ның конструкциялық шаралары орта және күшті жегі орталарда пайдаланылатын ағаштарды химиялық төзімді лабораториямен әрлеу, жабу, қаптау болып табылады.

Әлсіз жегі орталарда шырайлы қылқан жапырақты ағаштар химиялық төзімді материалдар болып есептеледі.

Негізінде құрылыста көлемді желімделген тұтас элементтердің қолданғаны және байланыстарында металл элементтері аз қолданғаны, олардың жегі ортаға төзімді қабаттармен майланғаны тиімді.

Жалпы алғанда ағашты қорғау дегеніміз оның әртүрлі әсерлерге жұмыс істеуіне де байланысты. Ағаштың шіруі немесе бұзылуы әртүрлі әсерлерге байланысты, мысалы оған ағаш кеміретін құрттар түседі. Оның түрлері де көп, сондықтан оны химиялық төзімділікке, беріктікке есептеумен және конструкциялық тәсілімен қорғайды. Ағаштарды конструкциялық тәсілімен қорғау, мысалы, пайдаланған кезде оның ылғалдылығы белгілі бір мөлшерден артпауы керек. Бұл жерде шатырлық жабындарда судан оқшаулау жұмысы немесе су өткізбейтін ылғалдан қорғау жұмысы орындалуы керек.

Екінші, ағаштарды қорғау түрі ол жаңағы әртүрлі құрттарды құрту жолдары, мысалы ағаштың температура 800С жеткізілсе онда олардың ұрықтары жойылады. Оларды кеміргіш құрттар дейді. Бұл конструкциялық тәсілдер ағаштарды түгелдей қорғай алмайды сондықтан ағаштарды химиялық жолмен қорғау көп орын алады. Егер конструкциялар пайдалану кезінде ылғалды жағдайда жұмыс істесе оларды міндетті түрде химиялық тәсілімен қорғаймыз. Бұл ағашқа әртүрлі ерітінділерді сіңіру арқылы орындалады, ол ерітінділерді антисептиктер деп атаймыз.

 

Жазық ағаш конструкцияларының кеңістіктік








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 2937;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.