Ағаштардың кемшіліктері
а) Механикалық қасиеттерінің көп факторларға тәуелділігі;
б) Ылғалды тікелей қабылдауы және соның салдарынан-кебуі, ісінуі, жарылуы, шіруі;
в) Ішкі құрылысының біркелкі еместігінің, табиғи ақаулардың орын алуының (көздер, қиғаш қабаттар т.б.), ағаш беріктігіне әсер етуі;
г) Шіруге икемділігі және оған тез берілуі.
Ағаш конструкцияларынын қолдану салалары.
Ағаш конструкцияларының қолдану салалары олардың экономикалық тиімділігіне байланысты. Ағаш конструкцияларының ең басты артықшылығының бірі олардың салмағының жеңілдігі (бірдей жағдайларда ағаш конструкцияларының массасы ТБК-ның массасынан 5 есе аз; металл конструкцияларынан да өте жеңіл). Ал салмақтары неғұрлым жеңіл болған сайын ондай конструкцияларды құрастыру да оңай, әрі оларды құрылыс алаңына тасымалдау да көп арзанға түседі.
Таза ағаш конструкцияларының химиялық тұрақтылығы (төзімділігі) оларды жегі ортада пайдалануына мүмкіндік береді (мысалы, химиялық өндірістерде ТБК-ы әр 7-10 жылдарда істен шығады, ал ағаш конструкциялары 40 жылға дейін сенімді қызмет ете алады). Ағаш конструкцияларын өндірістік ғимараттардың жабын конструкцияларында белгілі жағдайларда қолданған жөн. Мысалы, ішкі температуралық ылғалдылық режимі мөлшерге сай келетін өндірістік ғимараттардың жабын конструкцияларында кеңінен қолдануға болады. Мұндай ағаш конструкцияларын ылғалдылық әсерінен қоршалған орталарда жиі қолдануға болады.
Ағаш конструкциялары әсіресе тұрғын үйлерді салуға өте ыңғайлы, оңтайлы материал.
Сонымен қатар ағаш конструкцияларының аралық ұзындығы 100м құрайтын және одан да үлкен аралықтағы ғимараттардың жабын конструкцияларында қолданған тиімді.
Ағаш құрылымы мұзға айналғанда оның беріктігі 20%-ке артуы мүмкін. Бірақ онда ағашта тез морт сынатын немесе тез опырылатын қасиет пайда болады. Оған қосымша жарықшақтар пайда болады. Сондықтан ағаштың температура әсерінен сызықтық ұлғаюы коэффициенті 5×10-6 тең болады. Бұл өте аз шама. Сондықтан ағаш конструкцияларын қолданғанда арнайы температуралық жіктерді қарастырмаса да болады. Көлденең бағытта бұл көрстекіштер 7-10 есе артады. Ағаштың тағы бір қасиеті жылу өткізгіштігі өте аз. Оның себебі ұзына бойлық бағытта оның құрамы құбырлы талшық сияқты болуында. Көлденең бағытта жылу өткізгіштігі тіптен аз. Ағаштың тағы бір қасиетті оның өзінің меншікті салмағының өте аз болуы. Сондықтан оларды қоршаушы конструкция ретінде қолданған тиімді. Ағаш материалдарынан әр-түрлі құрылымды дайындайды.
Мысалы, көп жағдайда олар табақша түрінде ораналасатын қабат-қабат жұқа плиталардан құралады.
Бұл қабаттар бір-біріне перпендикуляр бағытта орналасады. Осы құрылымды құрылыс фанерасы деп атайды. Қабаттардың саны әр-түрлі болады. Ал типтік қолдану түрі негізінен 7-қабат болады.
Құрылыста қолданылатын фанераның негізінен 2-түрі болады.
1) Желімделген құрылыс фанерасы. Бұл түрде ось қабаттар бір-бірімен суға төзімді желімдерді қолдану арқылы орындалады, мысалы, фенолформальдегидті желімделген құрылыс фанерасы. Олардың қалыңдықтары 8,9,10,12мм болады. Ұзындықтары 2440, 2135, 1525, 1220мм. Ені 1525, 1220, 700мм болып қолданылады.
2) Құрлыс фанераларының 2-ші түрі құрлыс фанерасы. Бұл фанераны дайындағанда желімдеумен қатар суға төзімді синтетикалық спиртті ертінділік шайырларды қолданады. Олардың беріктік және деформациялық қасиеттері өте жоғары болады. Сондықтан оларды ағаш конструкциялары өте ылғалды ортада жұмыс істегенде қолдануға болады. Бұл фанералардың қалыңдығы 5-18мм, ал ұзындықтары 1500-7700мм-ге дейін болады, ені 1200-1500мм шамада қабылданады.
Ағаш конструкциялары әртүрлі кұшсалмақтар немесе әртүрлі химиялық агрессиялық әсерлерге жұмыс істейді. Сол себепті ағаштың шіруі, бұзылуы сияқты кемшіліктері де пайда болады. Оның үстіне ағаш салыстымалы түрде жұмсақ болғандықтан және өсімдік тектес болғандықтан оған әртүрлі кеміргіш құрттар әсер етуі мүмкін. Осы әсерлерден қорғау үшін ағаштарды химиялық тәсілмен немесе конструкциялық талаптармен қорғауымыз керек, яғни олардың бастапқы беріктіктік деформациялық қасиеттерін сақтау үшін шаралар қолдану қажет.
Ағаштарды конструкциялық талаптарға сәйкес қорғау үшін ағаш конструкцияларын пайдаланған кезде белгілі бір мөлшердегі ылғалдылықты сақтау керек. Шатырлық жабындарда судан оқшалдау шараларын қолдану керек. Ол үшін мүмкіндігіне қарай жабындар су өткізбейтін түрде қолданылады және буалмастыру шарттарын орындау керек.
Ағаштарды қорғаудың екінші түрі ол жоғарыда аталған құрттарды жоюдың жолдары. Мысалы, температура 800С жеткен кезде кеміргіш құрттар күйіп қалады. Дегенмен бұл шаралар ағашты толық қорғай алмайды. Сондықтан оларды химиялық тәсілмен қорғау көп кездеседі. Егер ағаш конструкциялары ылғалды ортада жұмыс істесе оларға міндетті түрде пайдаланғанға дейін химиялық тәсілді қолдануымыз қажет, мұны ағашқа әр-түрлі ерітінділерді сіңіру арқылы орындайды. Ол ерітінділерді антисептиктер деп атайды. Олардың екі түрі болады, біріншісі суда еритіндері, екіншісі майлы минералдық түрлері. Суда еритіндері адамға зиянсыз, ол фторлы натрий немесе фторлы кремний - натрий ерітінділері. Осындай ағаш конструкциялары үйлер мен ғимараттардың ішкі бөлмелерінде қолданылады. Ал 2-ші түрі олар тас көмірдің, сланецтің негізінде қолданылады, олар суда ерімейді, өте жаман иіс шығады. Сондықтан адам денсаулығына зиян деп есептелінеді.
Жалпы, ертінділерді жердің бетінде дайындағанда әртүрлі ыстық ванналар қолданылады.
Ағаш конструкциялардын ылғалдан қорғау өте жауапты кезен болып табылады, яғни ағаш конструкцияларын жанудан немесе өртеуден қорғау керек. Ағаш органикалық материалдар, дегенмен, ол ыстыққа төзімді материал, бірақ температура жоғарылағанда термиялық ыстық газдар бөлінеді. Олар ағашты тез жануға душар етеді. Егер көлденең қимасы 17х17см ағаш үлгісін алсақ оған әсер ететін кұшсалмақтың кернеулік шамасы 10МПа болса ағаштың төзімділік шегі 40минут болады, ал егер температура 1500С болса, онда ағаш тез жанады және оны құтқару мүмкін емес. Ағашты жанудан қорғау үшін химиялық тәсілдер қолданылады. Яғни оның құрамына антипирим деп аталатын ерітінді сіңіреді. Егер ағашқа әртүрлі сілтілер, тұздар әсер етсе ағаш тот басуға ұшырайды. Бұл әсерлер қоршаған ортаға байланысты, бұл жағдайда оларды орташа жегілік әсер деп атайды.
Сонымен қатар орта және күшті жегілік әсерлер де болады. Жалпы алғанда металға, бетонға, темірбетонға қарағанда, ағаш минералды қышқылға төзімді.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 4037;