Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі.

Жер бетіндегі халықтар және нәсілдер

Адамзат дамуының алғашқы, табиғатқа тәуелді кезеңінде талай мыңдаған жылдар бойы жердегі халық саны өте баяу өсті. Ғалымдар жаңа тас дәуірінің басында, біздің заманымыздан 8 мың жылдай бұрын жер бетінде 5 -10 миллион ғана адам өмір сүрген деп есептелінеді.

Біздің заманымыздың басында Жердегі адам саны 230 миллионға әрең жеткен. Оның 2/3 бөлігі Азияда тұрған. Біздің заманымыздың бастапқы мың жылында халық онша көбеймеген, туу мен өлім шамамен қарайлас жағдайда болған.

Тек ХVIII ғасырда ғана өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына, тамақ өнімдерінің көбеюіне, медицинаның жетістіктеріне байланысты халықтың өсуіне қолайлы жағдай туа бастаған. Жердің халық саны 1820 жылдары шамамен 1млрд болған. 107 жылдан кейін 2 млрд-қа (1927 ж), одан әрі әрі 32 жылдан кейін 3млрд-қа (1999ж) жеткен.

Жердегі халықтың ХХ ғасырдың 2- жартысында бұлай күрт өсуін ғалымдар «демографиялық жарылыс» деп атайды.

Халықтың тығыздығы.Халық санының өсуіне сәйкес Жер шарындағы халықтың орташа тығыздығы да өзгеріп отырады. Адам мекендейтін құрлықтың 1км2-іне 1920 жылы- 13, 1950ж. – 18, 1987 ж.- 34 адамнан келсе, қазіргі кезде 40 адамнан келеді. Бірақ жеке аймақтардағы халықтың орташа тығыздығы мұнан да келеді. Бірақ жеке аймақтардағы халықтың орт-ша тығыздығы мұнан да үлкен мөлшерде болды. Еуропа мен Солтүстік Американың өнеркәсіптегі аудандарда, Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі өзен алқаптарында халық тығыз қоныстанған.

Демографиялық саясат. Жердегі халықтың ХХ ғасырдың 2-жартысында өте тығыз қарқынмен өскенін байқадық. Халық санының өсуін реттеу мақсатымен демграфиялық саясат жүргізді. Халықтың табиғи өсімі жоғары елдерде демграфиялық саясат туу санын шектеуге бағытталады. Мұндай саясатты дүние жүзінде халқы көп елдер – Қытай (1 млрд 300) және Үндістан (1млрд) жүгізді. Қытайда «1отбасына 1бала» деген саясат жүргізу қолға алынған. Соның нәтижесінде халықтың жылдық табиғи өсімі 1мың адамға шаққанда 1968 ж. 28-ден 1988ж. 10-11адамға дейін кеміді. Қытай үкіметі болашақта халықтың өсуін тоқтауды көздеген демографиялық саясат жүргізіп отыр.

Жер бетіндегі нәсілдер.Адам Антарктикадан басқа басқа барлық материктер мен аралдарда қоныстанған. Олардың сыртқы түр-түсіне, дене құрлысына, бет пішініне өмір сүрген табиғи ортасы үлкен ықпал жасайды. Сондықтан да ыстық жақ пен суық аймақ адамдарының сыртқы келбеті бір-біріне ұқсамайды. Осыдан барып тарихи ұзақ кезеңде адамдардың нәсілдік топтары қалыптасқан. Жер бетіндегі адамзат өздерінің сыртқы келбетінің ерекшелігіне қарай үш нәсілге бөлінеді. Олар; европоидтық,монғолоидтық және негроидтық нәсілдер. Әр түрлі нәсілдердің өкілдері бір-бірінен дене бітімі,шашы,терісі,көз қиығы,бет пішіні,т.б.жөнінен ерекшеленеді.

Еуропоидтық Монғолоидтық Негроидтық

Негроидтық нәсілге жататындардың терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біршама шығыңқы келеді. Бұл нәсілдік өкілдер Африкада және Аустралияда тараған

 

 

Еуропоидтық нәсілге жататындардың терісі ақ,қыр мұрынды,ерні жұқа,шашы толқынды немесе жатық болып келеді.Бұған Еуропа,Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның халқы жатады.

 

 

Монғолоидтық нәсілдердің терісі сары,шашы салалы,қайратты,жақ сүйегі шығыңқы,мұрны тәмпіш,беті жалпақ,көзі қоңыр және қиғаш болады.Олар Азияның көп жерін қамтиды.Оған Американың үндістері де жатады.

 

 

 

Негізгі нәсілмен қатар аралас

нәсілдер де бар.Олар үлкен нәсілдердің бір-бірімен тоғысып,араласқан аймақтарында пайда болған.

Нәсілдік белгілердің қоршаған ортамен байланыстығы.Жазғы ыстықта жұмыс істеп, күн көзінде көп жүрген диқан тотығып қараяды. Бірақ жылдың басқа маусымдарында оның қарайғаны кетіп, терісінің түсі бұрынғы қалпына келеді. Енді жер шарының жыл бойы күн шығып, күйдіріп тұратын ыстық аймақтарына қарай барайық. Ондағы адамдардың ұрпағы мыңдаған жылдар бойындағы ұзақ уақытта күннің қатты күйдіруіне бейімделіп қарайған. Олардың терісінің қара түсі тұқым қуалап кетеді.

Нәсілдердің теңдігі. Әр түрлі нәсілдерге жататын адамдар бір-бірінен табиғи ортаға бейімделген сырт келбеті жөнінен ғана ерекшеленеді. Олардың көру, есту және ойлау қабілеттері бірдей. Нәсілдік ерекшеліктер қоғамның дамуынаң, халықтардың іс-әрекетіне ешқашан әсер етіп көрген жоқ.

Нәсілдік кемсітушілік екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Оңтүстік Африка одағы мемлекетінде үлкен орын алады. Онда жергілікті қара мемлекетті басқару органдарын сайлаудан шеттетіледі. Олар ақтар тұратын жерден елдің ішкі аудандарына жер аударылады. Мұнда қара түстілерге еңбекақыны ақтарға қарағанда аз төлеу, олардың мектептерін жабу сияқты кемсітушілік саясат жүргізілді.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Рекомендации по проектированию корпоративных сетей. | Жаңа сабақты меңгерту кезеңі




Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 8169;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.