Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

Дүние жүзіндегі саяси картадағы мемлекеттер.Қазақстан әлем картасында

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

Саяси карта туралы ұғым.Мемлекеттердің Жер шарындағы орны мен шекараларын көрсететін карта саяси карта деп аталады. Әр мемелекеттің алып жатқан орны арнаулы түсті бояумен оқшауланып белгіленеді. Мәселен, Атластағы Дүние жүзінің саяси картасына Америка Құрама Штаттары аумағы қоңыр, Қытай ақшыл, Қазақстан қоңырлау жасыл түске боялған. Аумағы шағын мемелекеттер цифрмен белгіленген. Осымен бірге саяси картаға мемлекеттердің астаналары, ірі қалалар, аса маңызды темір жолдары да түсірледі.

Мемлекеттердің ішкі әкімшілік бөлінуін көрсету үшін саяси әкімшілік картасы жасалады. Мәселен, мұндай картада Ресей Федерациясының республикаға, округтерге, өлкелерге, облыстараға, Қазақстанның – олыстарға бөлінуі белгіленеді.

Дүние жүзіндегі мемелекеттер.Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 230-дай жуық мемлекет бар. олар бәрінен бұрын аумағы және халқының саны жөнінен бір-бірінен ерекшеленеді. Аумағының үлкендігі жөнінен әлемнің 7елі ерекшке көзге түседі. Олар; Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Америука Құрама Штаттары, Бразилия, Аустралия Одағы және Үндістан. Бұл мемлекеттердің бәрінің ауданы қоса есептегенде бүкіл құрлықтың жартысынан асып түседі. Осындай алыптармен қатар өте шағын елдер де бар. Мәселен, Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан Ватикан мемлекетінің жер көлемі 1 километрге, халқы 1мыңға жетпейді.

Дүние жүзі мемлекеттерінің топтрсуы. Дүние жүзі елдері жерінің көлемі және халқының саны жөнінен алуан түрлі екендігін байқадық. Сонымен бірге мемлекеттер даму дәрежесі жөнінен де сан қилы. Даму дәрежесіне қарай мемелекеттер ең алдымен үлкен екі топқа бөлінеді; 1) дамыған елдер 2) дамушы елдер.

Дамыған елдердің ішінде «үлкен жетілік» деп аталатын аса ірі жеті ел бар. Олар; АҚШ, Жапония,Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, және Канада. Осылармен бірге дамыған елдердің қатарына жиырмадан астамшағын елдер кіреді. Олар негізінен Еуропада орналасқан. Дамыған елдердің өнеркәсібі, көлігі және ауылшаруашылық мықтап өркендеген. Өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен пайдаланылады. Халықтың жан басына шақанда келетін табыс мөлшері өте жөғары. Дамыған елдер сан жағынан көп болмағанымен, дүниежүзілік шаруашылықта жетекші орын алады. Олаардың үлесіне бүкіл дүние жүзі бойынша өнеркәсіп өнімінің 60 % - дайы, ауыл шаруашылық өнімінің жартысына жуығы тиеді.

Дамушы елдер сан жағынан көп. Олар бүкіл құрлықтың жартысынан көбін алып жатады. Дүние жүзі халқының да жартысынан көбі осы елдерде шоғырланған. Дамушы елдер Азия, Африка Оңтүстік Америкада жайласқан. Еуропадағы социалистік елдердің де бірқатары осы топқа жатады. Бұл елдердің даму дәрежесі өте алуан түрлі. Өнерксібі біршама дамыған Бразилия, Аргентина, Мексика, Қытай, Үндістан сияқты елдер мен қатар дамуы жөнінен артта қалған елдер де көп. Ондай елдердің халқы қайыршылық күн кешуде. Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы (ҚР) – Еуразия материгінің орта тұсында орналасқан тәуелсіз мемлекет. Біздің жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша алдыңғы он елдің қатарына кіреді. Қазақстананның жер көлемі- 2,7 млн км 2. Ол үлкендігі жөнінен Еуразия материгінде Ресей, Үндістан, Қытайдан кейінгі 4-орында тұрады, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі 2-орынды алады. Қазақстанның жер көлемі Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет - Франциядан (552 мың км²) 5 есе үлкен.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жер бетіндегі халықтың саны және өсуі. | Группа обломочных пород-коллекторов




Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 2715;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.