Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабаты қоршап жатыр.Ол – Жердің ең сыртқы қабығы.

Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабаты қоршап жатыр.Ол – Жердің ең сыртқы қабығы.

Ауа дегеніміз - әр-түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде негізгі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78% -ын азот, 21% - оттегі құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маныздысы – оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды.

Басқа газдардын ішіндегі ең маңыздысы – көмірқышқыл газы. Ол жануардан және жануарлардың тыныс алуынан түзіледі. Бұл газдың құрамындағы үлесі аз болғанымен (0,003%), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Көмір қышқыл газы өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін қажет.

Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң – тозаң кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті болып табылады. Биіктік артқан сайын ауа райы сирей береді де , ақыры соңында бірте – бірте ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді. Сондықтан атмосфераның жоғарғы шекарасын дәл белгілеп айту қиын. Ғалымдар оны шамамен 2 – 3 мың километр биіктікте өтеді деп есептейді. Жер төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен ұсталып тұрады және Жердің осімен бірге айналады.

Атмосфера қабаттары.Атмосфералық ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т. б. жерден екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның бұл қасиеттері, әсіресе биіктік бойынша үлкен өзгеріске ұшырайды.

Температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша бірнеше қабатқа жіктеледі.

Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты – тропосфера (грекше тропос – бұрылыс, өзгеріс). Онда температура биіктік бойынша шамамен бірқалыпты төмендейді. Оған себеп: атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынады да, жылу содан барып ауаға тарайды. Тропосфераның жоғағы шегінде температура - 55ºС-қа дейін төмендейді.

Тропосфераның үстінде стратосфера (грекше стратум - қабатталған) қабаты жатады. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өседі. Температураның жоғарлауы осы қабатта шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне байланысты. Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуымен ерекшеленеді. Атмосфераның бұл қабаты 50 – 55км биіктікке дейін барады. Атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы алдымен 80 – 90 км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп, 1000º - 2000ºС – қа дейін өседі.

 

 

Ауа райы

 

 

Тіршілік көзі

инертті газдар

 
 

 


Оттегі 21%

СО Көмірқ газы 2,0% Азот 78%

 

Стратосфера

Атмосфера

Жауын-шашын СТО (стратегиясы)

Жер бетінде өтіп жататын түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Ауа қабығы болмаса, жер бетінің температурасы Айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді.

ХХ ғ.бас кезінен атмосфераны аэростаттардың көмегімен зерттеу жұмыстары басталады. Көп ұзамай –ақ атмосфераның жер бетінен ондаған километр биік қабаттары туралы шар – зонд арқылы мәлімет алына бастады.

Атмосфераның биік қабаттарын зерттеуге радиозонд қолданылады. Радиозондтардың шарықтау биіктігі – 35 – 40 км. Ал метерологиялық зымырандар онан 3 – 4есе артық.

Атмосфераны қорғау.ХХ ғасырда адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен атмосфера үлкен мөлшерде ластана бастады. Ауаға өнеркәсіп орындарынан, автокөліктерден, елді мекендерден шаң – тозаң, күл, көмірқышқыл газы т. б. зиянды заттар барған сайын көп қослатын болды. Дүние жүзінің көптеген қалаларында ауаның ластануы адамдардың денсаулығына қауіпті жағдайға жетті. Түтін, ыс және басқа майда бөлшектер адам дем алғанда өкпеге барып тұнады. Одан түрлі өкпе аурулары, тіпті өкпенің рак ауруы пайда болады .

Сабақты бекіту:топтастыру арқылы бекіту

Қорытынды:Бүгінгі сабағымызда атмосфераның тіршілік көзі екенін айқындап дәлелде діңдер және атмосфераның құрылысы,құрамы мен маңызын білдіңдер.Атмосфераның сырын ашуда әліде зерттеу жұмыстарыжүргізіліп жатқанын білдіңдер

Білімдірін бағалау:Оқушылардың сабаққа дайындалып келіп жауап бергеніне қарай бағалау.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. | Егер 3000м биіктікте термометр 0ºС көрсетті.Бұл кезде тау етегінде қандай ауа температурасы болады?




Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 2413;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.