Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар.

Мұхит түбін зерттеу адамдар теңіздерге саяхатқа шыққалы бері келе жатыр. Бұрынғы кезде теңіздің тереңдігін метр мен өлшесе, қазіргі кезде кемемен жүзу бағытында тереңдікті тез және үздіксіз өлшейтін құрал ойлап табылды ол – эхолот деп аталады (эхо - жаңғырық).

Эхолот мұхит түбін зерттеуге жол ашты. Онымен өлшеу жұмыстары дыбыстың суда таралу жылдамдығына байланысты. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1 секундтта 1500 метр. Соған қарай мұхит тереңдігі неше метр екенін есептеп білуге болады.

ХХ ғасырдың 2-жартысындағы зерттеулердің нәтижесінде барлық мұхиттардан мұхит ортасы жоталары деп аталатын су асты таулары ашылды.Олар ондаған мың километрге созылып жатады. Ең ірісі – Орта Атлант жотасы Гренландия аралының оңтүстік тұсынан басталып, Антарктида материгіне дейін 18мың километрге созылады.

Су бетіндегі және су астындағы бөліктерін қоса есептегенде мұхит түбіндегі таулардың біразының биіктігі құрлықтағы таулардан асып түспесе, кем түспейді

Мұхит ортасы жоталарының шыңдары кейде су бетіне шығады. Мысалы, Тынық мұхиттағы Пасха, Атлант мұхитындағы Әуулие Елена, Тристан да-Кунья аралдары осындай жоталардың үстінде жатады.

Мұхит түбінің ең үлкен бөлігі қазаншұңқырларға тиеді. Қазаншұңқырлардың бедері жазық болып келеді.

Мұхит қазаншұңқырларының бетін шөгінді жыныстар басып жатады. Олар - әр – түрлі жәндіктердің сүйек-қаңқаларының қалдықтары немесе жанартау күлінің шөгіндісі. Мұхит түбіндегі шөгінділер оте баяу жиналады. Мұхит жазықтарана материктік қайраң да жатады. Қайраң – Материктің мұхитқа өтпелі, 200м тереңдікке дейінгі бөлігі.

Материктік қайраң негізінен шөгінді жыныстардан тұрады. Мұнда жағаға жақын жерде малта тас, содан кейін ірі және ұсақ құмдар, ақырында сазды түзетін ең ұсақ бөліктер шөгеді. Сонымен бірге материктік қайраңнан мұхитқа құятын өзен арнасының жалғасында көруге болады.

Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін материктік беткй дейді. Ол 200м-ден 2800 м-ге дейінгі тереңдікте жатады. Материктік беткейдің бедері тілім- тілім болып келеді, еңістігі 5º-тан 40º-қа дейін жетуі ықтимал.

Мұхиттардың материкке жапсарлас өңірде түзу бағытта немесе доға тәрізді иілген ұзын және енсіз ойыстар – шұңғымалар жатады. Олардың тереңдігі 5-11км аралығында, ұзындығы 2000-4000км-дей болады. Көлденең қимасының сырт пішіні V әрпіне ұқсайтын шұңғымалардың беткейлері өте тік болып келеді. Жер шарындағы ең терең( - 11022 м ) шұңғыма – Мариан шұңғымасы.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Техника фактурного плетения | Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабаты қоршап жатыр.Ол – Жердің ең сыртқы қабығы.




Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 7426;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.