Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі.
Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографының техникалық мәліметтері:
Электрокардиограф кернеуі 110- 220 Вт-қа дейінгі, жиілігі 50 Гц айнымалы токпен; ішкі қоректендіру көзінен- 12,6 В аккумулятордан қоректенеді.
Электрокардиосигналдардың ену кернеуінің диапазоны 0,03 - 10 мВ шамасындай.
2 Гц жиілікте кернеуді өлшеудің салыстырмалы қателігі 0,1- 0,5 мВ диапазонында 10%- тен артық емес; ал 0,5- тен жоғары- 5 мВ-қа дейінгі диапазонда- 5%- тен артық емес.
Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографы- әртүрлі жағдайларда электрокардиограмманы оперативті алуға мүмкіндік беретін портативті
электрокардиограф. Электрокардиограф құрылысының жасалуы пациент пен жұмыс істейтін персоналдың сенімді электроқауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сурет 6. Электрокардиографтың негізгі блогының сыртқы көрінісі
Электрокардиограф негізгі блоктан,пациентінің кабелі бар шығу блогынан және қоректендіру блогынан тұрады. Негізгі блокта орналасқан:
- микропроцессорлы блок;
- электрокардиографтың жұмыс істеу режимдерін басқару элементтері;
- сигналдар мен жұмыс режимдерінің индикаторлары;
-термобаспа қондырғысы.
Электрокардиографтың негізгі блогының сыртқы көрінісі 6- шы суретте көрсетілген.
Қаңқаның түбінде қуыс бар, оған автономды қоректендіру көзі, яғни аккумулятор орнатылады (сурет 7).
Сурет 8. Аккумуляторды орнату.
Аккумуляторды орнату.
Ұзақ уақыт сақталғанда аккумулятор электрокардиографтың негізгі блогынан алынып тасталады. Жұмыс жасау үшін аккумуляторды 8- ші суретте көрсетілгендей орналастыру керек. Электрокардиографты клавиатурасымен төмен аударыңыз. Қаңқа шетінен 3- 8 мм шығып тұратындай қылып, аккумуляторды қаңқа қуысына орналастыру керек. Оны қаңқа
қуысына тығыз енгізіңіз. Оны көрсетілген тілдің бағытымен жылжытыңыз. Аккумулятордың ілмегі қаңқа ойысына ену керек және мықты бекітілуі керек. Аккумулятордың ілмегі жоғары бөлікте болатындай электрокардиографты бұрыңыз. Аккумулятордың жақсы бекітілгендігін білу үшін, құралды сәл сілкіңіз . Назар аударыңыздар! Егер нашар бекітілсе , ауыр аккумулятор құлап кетуі мүмкін, ол аккумулятордың зақымдануына, ілмегінің сынуына әкеліп соғады. Электрокардиографтың шығу блогы құрылысы жағынан қорғаныш элементтері бар пациенттің кабелі ретінде жасалған. Ол биопотенциалдарды алуға, оларды сандық түрге түрлендіріп, негізгі блоқа жіберу үшін қолданылады.
Дата добавления: 2015-11-01; просмотров: 3318;