Сана туралы түсінік

Сана – психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпы және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен бірге адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:
(А.В. Петровский).

1) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымында барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

2) Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

3) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын-ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау, т.б.

4) Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрін де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Адам өзіндік санасы – шексіз, күрделі проблемалардан. Әрқандай тұлға сан қырлы өз «Менінің» көптеген бейнесіне ие: дәл осы мезетте адам өзін қандай деп біледі, болашақтағы өзінің идеялық «Мені» жөнінде не ойлайды, осы «Менді» басқалар қалайынша таниды. Таным субъекті болудан, адам өз санасы аясында зерттелуші объект.

Өзіндік сана дегеніміз не? Бұл мәселені зерттеуші ғалымдардың бірі И. С. Кон былайша түсіндіреді:”Әрбір дара адамның өзін-өзі іс-әрекет субъекті ретінде тануға жәрдем ететін психикалық процестердің жиынтығы – өзіндік сана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өз ұғымдары белгілі бір “Мен” бейнесін құрайды.

«Меннің» психологиялық мәнін А. Г. Спиркин келесідей сипаттайды: «мен» түсінігі өз санасының нұрымен сәулелендіріп, өзін-өзі қабылдаған, таныған және сезген жеке адамды білдіреді. «Мен» – психикалық өмірді реттеп беруші принцип, өзіндік бақылауды жүргізуші рухани күш; бізді өз мәніміз бойынша бүкіл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы, өз санамызды өз бақылауымыз бен танымымызға орай өзімізге ашып беретін әр адамның тұтастай болмысы.

Сананың пайда болуы және дамуы биологиялық жағдайларға ғана емес, сонымен қатар және ең бастысы әлеуметтік – тарихи заңдылықтарға байланысты.

Бірінші сипат:

Сананың тарихи сипаты оның жануарлар психикасынан айырмашылығын көрсетеді.

Екінші сипат:

Адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық және индивидуалды-гностикалық бірлік – адам санасының жануарлар психикасынан айырмашылығын білдіреді

Үшінші сипат:

Адам санасының санасының мақсат-бағдарлы және белсенді сипаты – оның жануарлар психикасынан айырмашылығын білдіреді.

Төртінші сипат:

Адам санасының маңызды айырмашылық ерекшелігі – өзіндік сана-сезімнің барлығы.

Бесінші сипат:

Ақиқаттың адам санасында жалпылама және жанама түрде бейнеленуі – сананың жануарлардың психикасынан айырмашылығын білдіреді.

 








Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 33382;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.