Гештальтпсихология.
Гештальтпсихология (немістің gestait - бейне, кескін үйлесімі деген сөзінен алынған) Германияда бихевиоризммен бір мезгілде пайда болды. Бұл бағыттың негізіне М. Вертгеймердің (1880-1944), В. Келердің (1887-1967), К. Коффканың (1886-1941) еңбектері алынды.
Гештальтпсихология бойынша, мінез-құлық тек рефлекстер шоғыры емес, күрделірек құбылыс. Сөйтіп психикаға тұтас нәрсе ретінде қарауды гештальтистер басқа барлық бағыттардағы атомизмге қарсы қойды. Тұтас құрылым сапасы бүтінді құрайтын элементтер жиынтығына айнала алмайды және олардан шығарылмайды Керісінше, бүтін элементтердің сапалық ерекшеліктерін белгілеп берді.
Гештальтпсихологияны жақтаушылар қабылдау саласында да көптеген зерттеулер жүргізді. Қабылдаудың түйсіктен сапалық айырмашылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Қабылдау актісіндегі фигура мен фон қатысының мәні ашылды және бейненің қалыптасуындағы контурдың ролі аталып көрсетіледі.
Гештальтпсихологияның эксперименттік зерттеулерінің негізгі кемшілігі - түйсіктер комплекстері ретіндегі заттар туралы махистік идея болады. Мұның өзі қабылдаудың шынайы мазмұнын, оның сыртқы ортамен байланысын теріске шығарды.
Психоанализ.
Жеке адам теориясына елеулі үлес қосқан ғалым З. Фрейд. З. Фрейд теориясының негізіне жеке адам дамуының қозғаушы күшіне оның құрылысының арсындағы байланыстар мен келіспеушіліктер туралы түсініктер алынды. Жеке адамды зерттеу әдісінің негізіне психоанализді алып, оның көмегімен жүйке және психикалық аурулардың көздерін анықтады. Зерттеуге алынған адамдардың «ең төменгі басылыңқы инстинктерін» анықтағаннан кейін Фрейдистер оны сол адамның мінез-құлқының ең басты көзі деп есептеді. «Фрейдизм» деп бұл бағыттың аталуы австриялық психиатор З. Фрейдтің (1856-1939) есімімен байланысты.
З. Фрейд жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу объектісіне айналдырды. Ол адам өзінің қылықтарының туу себебін кейде түсіндіріп бере алмайды деп атап көрсетті. Оларды санамен аңғаруға болмайды және бұлардың нақты себептерін ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға мүмкіндік туады. Мінез-құлықтың түпкі себебін түсіндіру және оны адам, оның ішінде психикалық ауруға ұшырағандарды (емдеу мақсатымен) саналы түрде аңғаратын ету – Фрейдтің санасыздықты зерттеу үшін жасап шыққан әдісі – психиканы талдау әдісінің міндеті.
Психоанализдің даму мөлшеріне байланысты психоаналитикалық концепциялар пайда бола бастады. Олар: А.Адлердің жеке дара психологиясы, К. Юнгтің аналитикалық психологиясы, Э. Эриксонның Эго-психологиясы, К. Хорнидің әлеуметтік-мәдени теориясы, Э.Фромның және Райхтың теориялары.
Бихевиоризм.
Бұл бағыттың өкілдері: Джон Уотсон (1878 – 1958), Эдуард Ли Трондайк (1874 – 1949), Беррес Федерик Скиннер (1904 ж. туған), Бандура.
Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға келетін және әркім үшін белгілі, яғни мінез-құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шықты. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) мен стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп қарастырады. Психологиялық зерттеулердің мақсаты – ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
1913 жылы американ психологы Д. Уотсонның псхологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарады: оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді.
Бихевиоризмнің пайда болуына американ зерттеушісі Э. Трондайктің (1874-1949) еңбектері елеулі ықпал етті. Оның өзі бихевиорист болмағанымен, ол ашқан бір қатар мінез-құлық принциптері кейіннен бихевиоризмнің өзгермес заңына айналды.
Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 6630;