Тақырып 15. Туризм кісіпорындарының нормалау және есепке алу ерекшеліктері
Мақсаты: Туризм кісіпорындарының нормалау және есепке алу ерекшеліктері
Кілтті сөздер: Өндіріс шығындары, лицензиялық келісімдер, экономикадық ынталандыру, патенттер, жарғылық қор, амортизациялық қор, сұраныс заңы, даму,
Сұрақтар:
1. Туризм кісіпорындарының нормалау.
2. Есепке алу ерекшеліктері
Әдебиеттер: 1-10
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті бір немесе екі түрлі өнім шығаратын кәсіпорында (су электр стансалары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және жартылай өңделген өнімдерді өзі өндіреді. Кей уақытта оны бөлістік (попередельный) шығындарын есептеу мен калькуляциялау әдісінің бір нұсқасы деп санайды, себебі калькуляциялау бір ғана бөліс бойынша ғана жүргізіледі. Бұл әдісьте өнім шығаруға кеткен үстемелі шығындардаң барлығын шығарылған немесе өндірілген өнімнің көлемені бөліп тікелей өзіндік құнды анықтайды. Егер де кәсіпорын оның өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің табиғи көлеміне немесе шартты-табиғи көрсеткішіне жай бқлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық үдеріс бойынша есептелінуі мүмкін.
Сонымен, көмір өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмір өндіру, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өңдеу, вагонға тиеу. Міне, сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялау қарапайым әдісі үдерістік деп атауы да осындан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірлетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарлатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген мөлшерлеу арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі өндірістік қарапайым әдісінің дұрыстығын және алдыңғы қатарлы екенін дәлелдеп береді. өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа кемзінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. өнімнің бір өлшемнің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндрістерде (су электр стансалары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, жартылай өңделген өнімдер және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.
Екінші нұсқасы аяқталмаған өндірісі бар кісіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындардың бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа бір текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндіндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.
Үшінші нұсқа бір мезгіл өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, тал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы ұңғыма жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша – мұнайға, ал газ жинай және тасмалдау жөніндегі шығындар – газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа кесімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1130;