МЕ - Фоб/П

Мұнда:

Фоб/П - айналмалы қорлар;

П - жасалған өнім құны;

МЕ - материал сыйымдылығы.

 

Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары қажет.

Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсал­ған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айна­лымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бір жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражат­тарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

2. Айналым - уақыт пен жылдамдық арқылы өлшенеді.

Капиталдың айналым уақыты деп шектеулі ресурс­тар­дың өндіріс пен айналыс сфераларынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.

Өндірістік қордың құрылымы оның айналыс жыл­дам­дығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір периодтағы жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты.

 

N =; O =;

 

Ағындының айналыс уақыты (βоб) өндіріс уақыты (βn) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозға­лы­сын­да өндіріс және айналыс сатысынан өтеді.

 

об) = (βn) + (βо)

 

Өндіріс уақыты барлық периодты қамтиды. Құрал­дар мен өндіріс сферасындағы еңбек заттары, кәсіп орнының қоймаға түскеннен бастап дайын өнімді сатуға дейін болуында.

Айналыс уақытын қоса есептегенде:

а) дайын өнімнің қоймада болған кезі;

б) оларды тұтынушыға транспортировкалау уақыты.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал- бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу:негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

- жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

- табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады:

- техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

- құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.

Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.

 








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1476;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.