Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі

Нормативтік құқықтық актілердің маңызы

Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі

 

 

Позитивтік құқықтың өзіне тəн белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заң-ды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.

Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу жəне көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті ма-ғына беру.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тəн, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қам-тамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жол-мен беріледі:

1) құқықшығарсашылық жолы арқылы; бұл жағдайда норма-тивтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.

2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік орган-дар белгілі бір түрде əлеуметтік нормаларды (əдет-ғұрып, корпо-ративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді [1, 151б].

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1. Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сəйкес актілер жатады.

2. Санкцияланған əдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған жəне көп рет қолданылуының нəтижесінде əдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемле-кеттің жалпыға міндетті мəн беріп, оларды орындауды өзінің мəжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Əдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а)нормативтік актілерде əдет нормаларына сілтеме жасау арқылы; ə)оларды сот шешімдерінде жəне басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.

3. Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын жəне жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе əкімшілік шешім.

4. Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъекті-лердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.

5. Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің не-гізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті преце-дент немесе əдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер əділет-тілік, ар-ождан, құқықтың əлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғанстанның Азаматтық кодекстері).

6. Діни мəтіндер – бұлар, əсіресе, мұсылмандық құқыққа тəн. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері, өсиеттері жəне ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет – бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.

Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды [2, 81б].

Нормативтiк құқықтық актiлер туралыҚазақстан Республикасының Заңызаңдарға сәйкес қабылданған, бірақ Нормативтiк құқықтық актiлер туралыҚазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 11- тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:

1) мемлекеттік емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілерін;

2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;

3) техникалық және технологиялық нормалар қамтылған нормативтік актілерді әзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібі белгіленбейді [3].

Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.

Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.

Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 6121;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.