ЖЫЛҒА ДЕІНГІ КЕЗЕҢГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР – 2020-НЫҢ ШЕШУШІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МАҚСАТТАР
1. Дағдарыстан кейінгі даму | |
· Экономиканың шикізат емес секторына отандық және шетелдік инвестициялар кем дегенде 30% ұлғаятын болады. · Қаржы ұйымдарының институционалдық базасы кеңейтілетін және инвестициялық мүмкіндіктері ұлғаятын болады. · Қазақстан «Transparency International» халықаралық рейтингі елдері үштен бірінінің алғашқысы болып сыбайлас жемқорлықты тану индексі позициясын иеленеді. | |
2. Экономиканы әртараптандыру | |
· ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13% кем болмайды. · Инновациялық кәсіпорындар үлесі 20% дейін ұлғаяды. · ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы кем дегенде 25% төмендейді. · Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы 80% отандық өндіріспен қамтамасыз етілетін болады. · Экономиканың қажеттілігін меншікті көздерден қанағаттандыратын энергия өндірісі 100%-ды құрайды. | |
3. Болашаққа инвестициялар | |
· Қалалық жерлердегі сияқты ауылдық жерлерде де балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен толық қамтылатын болады. · Әлемдік білім беру кеңістігіне біріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесі құрылатын болады. · Үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келетін болады. · Халықтың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғаяды, ана мен бала өлімі 2 есеге қысқарады, жалпы өлім 30% азаяды. · Қазақстаннан жоғары білікті мамандардың кетуі 20% азаятын болады. | |
4. Азаматтарға арналған қызметтер | |
· Жұмыссыздық деңгейі 5% аcпайтын болады. · Баламалы және әлеуметтік әділ зейнетақы деңгейі қамтамасыз етілетін болады. · Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жалдамалы жұмысшыларды 100% және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды 40% қамтитын болады. · Кірісі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 20% төмендейді. · Жылу энергиясын тұтынушыға тасымалдау кезіндегі жоғалту деңгейі 17%, су -- 15% және электр энергиясы - 12% құрайды. | |
5. Ұлтаралық келісім, қауіпсіздік және халықаралық қатынастардың тұрақтылығы | |
· Дінді ұстану құқығын вероисповедания іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады. · Елдің саяси жүйесі жаңғыртылатын болады. · Мемлекеттің сенімді қорғаныс қабілеті қамтамасыз етілетін болады. · Сенімді халықаралық қорғаныс қалыптасатын болады. |
Стратегиялық жоспар – 2020-да айқындалған бағыттар мемлекеттік саясатты іске асыру процесінде Қазақстанның барлық мемлекеттік органдары үшін бағдар болып табылады.
Стратегиялық жоспар – 2020-ны іске асыру шеңберінде әзірленген негізгі мемлекеттік бағдарламалар
Қазіргі экономикаға талдау жасасақ,өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Елдегі өмiр сүру деңгейi жоғарылап, индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталды. Қазіргі таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындады. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. тартылды. Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасты. 2001-2002 жылдары-ақ ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 пайызды құраса, өткен жылы ЖIӨ екi есе ұлғайды. Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қаупiн ескеріп елімізде Ұлттық қор құрылды. Ол мұнай мен түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен асып кетуiнен түсетiн кiрiстерді жинақтауға күш салды. Бұл өз кезегінде қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар, құрылымдық-институционалдық реформалар саласы, қаржы секторы және елдiң экспорттық әлеуетi жедел қарқынмен өсті. Әйтсе де, өнеркәсiптiң өңдеушi салалары, сондай-ақ өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай отыр. Тек өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Ал тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi осыған ұқсас шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады. Бүгiнгi таңда өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталуда. Ол электр энергиясына, ЖЖМ, өнiмдi тасымалдауға тө мен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс тауып жатыр.
Дегенмен, Қазақстанның (ҚР) экономикасы халықаралық конъюнктураға тәуелді. Дұрыс әртараптандырылмаған экономика ел экспортының негізгі бөлігін құрайтын, сондай-ақ кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынын анықтайтын шикізат тауарлары бағасының динамикасына тәуелді.
Осыдан келіп қазiргi таңда ел экономикасында бірқатар проблемалар бар. Олар: экономиканың шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық эко-номикалық ықпалдасудың босаңдығы, өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi. Екіншіден, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы, мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы, ЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi, отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi. Үшіншіден, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Осындай кемшіліктердің салдарынан біздің еліміздің экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялық дамыған елдерден 7-10 есе артта қалып отырған жайымыз бар.
Әлемдік экономиканың, әсересе Қазақстан экспортының негізгі бағыттары болып табылатын Еуроодақ және Қытай экономикасының даму қарқынының төмендеуінің зардаптарынан Қазақстан экономикасына құтылу қиын болары анық және оның болашағы халықаралық шикізат нарығандағы сұраныс пен бағаларға тікелей тәуелді болады.
Негізгі экспорт тауарлары бағасының төмендеуі кен өндіру өнеркәсібінің даму қарқынына кері әсер етті (2012 жылдың бірінші жарты жылдығы, өткен жылдың сәйкес мерзімі -0.2%) және кен өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынының бәсеңдеуіне әкелді (4.4%). Атап өту керек, өнеркәсіптегі (1.7%) және ауыл шаруашылығындағы жаппай баяулау үдерісі (-6.3%) қызмет көрсету саласындағы экономиканың дамуын жылдамдату (8.9%), халықтың нақты еңбекақыларын көтеру жолымен ынталандыру (орташа жылдық мөлшері13.3%), мемлекеттік шығыстарды өсіру және банктік несиелендіру арқылы орны толтырылды.
Жалпы алғанда, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында нақты ІЖӨ өсімі қолайсыз халықаралық конъюнктураны есепке алғанда да жоғары қарқынды сақтап қалды (5.6%).
Соңғы мәліметтерге сәйкес, ҚР Статистика агенттігі ай сайын әзірелейтін қысқа мерзімді экономикалық индикатор тағы да төмендеп, 2012 жылдың тамызында 3.5% құрады.
Аталмыш индикатордың төмендеуі экономикалық өсімнің баяулау тенденциясының сақталғандығын көрсетеді. Дегенмен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының болашағын сақтағанның өзінде экономиканың шикізаттық емес секторы (оның ішінде үлесі ІЖӨ 55% құрайтын қызмет көрсету секторы) ішкі тұтынумен және қандай да бір деңгейдегі инвестициялармен дамитын өсімді жалғастырады. Экономикалық өсімнің ішкі драйверлерді нығайтуы экономикалық қызметті әрі қарай ынталандырады және, қажетті экономикалық саясат құралдарына ие мемлекет басшылығы өнеркәсіптің баяу дамуының орнын толтыру үшін осы даму күштерін көбірек пайдалануға тырысатындығы анық.
Жалпы Еуразия даму банкі (ЕАДБ) өз болжамдарын қайта қарастырды және, сыртқы ықпалдар болмаса, мұнай бареллінің бағасы $110 тұрақталса, 2012 жылы 5.9%-дық бірыңғай даму деңгейін күтуге болады. Аталмыш ақпарат ХВҚ болжамдарымен (5.9%) және таяуда Қазақстанның Экономикалық даму және сауда министрлігі жариялаған болжамдармен (5.8%) сәйкес келеді.
Халықаралық шикізат нарығындағы жоғары бағаны сақтау Таяу Шығыстағы шиеленістердің сақталуымен, сондай-ақ таяуда АҚШ, Еуроаймақ және Азиядағы қабылданған масштабты ынталандыру шараларымен түсіндіреледі. Және де өнеркәсіп металдарының бағасын прогрессивті түрде қалпына келтіру мен бидай бағасының кенеттен өсуімен қатар (ел басшылығы 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы өндірістің құлдырауына қарамастан, бидай экспортын шектеген жоқ) бұл 2012 жылдың екінші жарты жылдығында жоғары номиналды экспорттық табыстардың сақталуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, ішкі сұранысты нығайтуды болжаумен бірге нақты және номиналды түрдегі импорт өсімінің жоғары қарқынының сақталуын күтуге болады. Нәтижесінде, сауда балансы тағы қысқара түседі, бірақ ағымдағы операциялар шотының қолайлы профицитін қамтамысыз ету және капитал мен қаржы операцияларының нашарлап келе жатқан тоқсандық динамикасындағы орнын толтыру үшін жеткілікті болып қалады.
Шынымен де, Еуроаймақ пен АҚШ-та қабылданған шараларға қарамастан, әлемдік экономикадағы қалыптасып қалған қаржы және экономикалық сипаттағы проблемалардың маңыздылығына байланысты халықаралық қаржы нарықтарында алаңдаушылық сақталады және қаржы шоттарына, теңгені айырбастау курсына кері әсер етеді. Жоғары экспорттық табыстардың сақталуы мен ішкі динамикалық сұраныс салық түсімдерінің әрі қарай кеңеюіне және Қазақстанның Ұлттық қорындағы қаржылардың ұлғаюына ықпал ететін болады.
Шоғырланған бюджеттің жағдайы еш үрей тудырмайды, бұл ел басшылығына мемлекеттік бюджет жетіспеушілігінің орнын толтыруға, әлеуметтік және экономикалық дамуды жылдамдатуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қазақстан басшылығы табыстардың өсу қарқынына сай, мемлекеттік шығындардың біркелкі өсу динамикасын қолдайды.
Төмен инфляциялық қысым (2012 жылдың тамыз айындағы жылдық мөлшері 4.7%) және ІЖӨ өсу қарқынының төмендеуі жағдайында экономикалық және инвестициялық қызметті қосымша ынталандыру мақсатында Қазақстан Ұлттық банк басшылығы 2012 жылдың тамыз айында ағымдағы жылдың басынан бастап есептегендегі төртінші қайта қаржыландыру ставкасын төмендетуге келісті (жылдың басынан 5.5%-ға дейін).
Банк жүйесіндегі қазіргі проблемаларды есепке алғанда, аталмыш шешім несиелендірудің және ақша массасының шектеулі өсіміне ғана ықпал етеді. Банктің несиелендіру көлемі банк жүйесі активтерінің сапасын қалпына келтіру жылдамдығына байланысты бола береді, және негізгі инфляциялық тәуекелдер азық-түлік бағасының өсіміне (қолайсыз климаттық жағдайдың зардаптары), сондай-ақ шикізаттық емес сектордағы баға өсімінің шектелуіне (ішкі сұранысты нығайту) байланысты болады.
Жалпы алғанда, инфляция қарқыны Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген 6-8% деңгейі орта мерзімдік болжамдық дәліз шамасында қалуы керек.
3. Елдің индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастыруға және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс. Ал мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысаны — өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсiн жетілдіру болып отыр. 2005 жылы осы стратегия негізінде өнімнің бәсекеге қабілетін арттырудың негізі саналатын - кластерлік жүйе қалыптасты (кластер –бір салада жұмыс істейтін, олардың үйлесуіне жол салатын, бір –бірімен байланысты және жақын орналасқан кәсіпорындар. Кластер қала, аудан немес тұтас облысты , сонымен қатар басқа қалалар мен көрші елдерді қамтуды мүмкін, мысалы «қазақмыс» корпорациясы кенөндіреді, оны байытады, соңғы өнімді жасайды). Стратегияның мақсаты қандай болса, алға қойып отырған міндеттері де үлкен жауапкершілікті қажет етті. Яғни өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8,8-9,2 % мөлшерiнде қамтамасыз ету көзделді. Ал 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3,8 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету міндеті қойылды. Сондай-ақ Үкіметтің алдында өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi игеру, ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құру, елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру, сапаның әлемдiк стандарттарына көшу, дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту секілді бірнеше басым бағыттарды анықтап алу міндеті тұрды. Ал осы жауапкершілігі жоғары жұмысты ары қарай іске асыру үшін үш кезең таңдап алынды. Бірінші кезең — 2003-2005 жылдар, 2 — кезең - 2006-2010 жылдар, 3-кезең — 2011-2015 жылдар.
2010 жылы Елбасының бастамасымен дүниеге келген Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында индустрияландыру картасының барлық жобалары бойынша 1,5 трлн. теңге инвестиция игеруді мақсат еткен болатын. Ал Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің берген мәліметіне сенсек, келер жылы индустрияландыру картасы жаңартылып, оған Т8,3 трлн. соманың 469 жобасы кіреді. Биылғы жылдың бірінші жартысында Т114 млрд. соманың 75 инвестициялық жобасы іске қосылса, екінші жарты жылдықта Т600 млрд. соманың 130 жобасын іске қосу жоспарланды. Ал өткен жылы 152 инвестициялық жоба жүзеге асырылса, биыл 20 мың тұрақты жұмыс орнын құратын Т731 млрд. соманың 204 жобасы іске асырылуда. Былтыртың өзінде елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында 144 жаңа кәсіпорын пайдалануға беріліп, олардың 72-і бірінші жартыжылдықта іске қосылған. Қазақстандағы экономиканы толығымен алып қарасақ, бір жұмысшы жылына 17 мың доллардың ғана тауарын өндіреді. Ал дамыған елдердегі бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі. Бұл жағдайды түзеу үшін еңбек өнімділігін көтеріп, инновацияны ендіру қажет. Осы критерий бойынша бағалау, қаржылай қолдау көрсету сияқты барлық басқару жұмыстарына бақылау жүргізу Үкіметтің басты міндеті болмақ. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуға, инновация мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы алдағы 5 жылда да еліміздің экономика саласындағы негізгі құжаты болып қала бермек. Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2015 жылға қарай елдің ІЖӨ 50 пайызына қол жеткізу міндетіне қол жеткізу көзделген. Ол үшін басты үш бағытты атап өткен жөн. Ең алдымен – индустриалдандыру. Ол жаңа өндірістік қуаттылықтарды, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіпте қосылған құны жоғары өнімдерді жасауға бағытталған. Екіншісі – үдемелі индустриалдандыру. Бұл дағдарыстан кейінгі даму және Кеден одағына мүшелікпен байланысты жаңа перспективалар жағдайында өзіміздің бәсекелік артықшылықтарымызды барынша тиімді пайдалану. Үшінші міндет – инновациялық индустриалдандыру деп аталады. Ол алғашқы екі бағыттың қорытындысы – еңбек өнімділігінің жоғарылуы, озық технологияларды барынша пайдалану, ұлттық инновациялық жүйені дамыту болуы тиіс. Соңғы жылдары өнеркәсіптегі өсу қарқыны 11,5 пайызды құрады. Мәселен, өңдеуші кәсіпорындар 742,1 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Физикалық көлем индексінде бұл өткен кезеңдегі осындай көрсеткіштен 18,7 пайызға көп. Тоқыма өнеркәсібінде мақта-матадан иірілген жіп өндірісі 4,2 мың тоннаға дейін өсіп, ол 284,3% құрады. 974,1 мың данаға, киімнен басқа яғни 260,3%-ға тоқыма бұйымдарын шығару ұлғайған. Химия өнеркәсібінде хром тотығын шығарудың 6,9 мың тоннаға, яғни үш есе дерлік өсті. Натрий бихроматы өндірісі 6 еседен асып, 15,9 мың тоннаға жетті. 136%-дан астамға фосфорлық, минералдық және химиялық тыңайтқыштарды шығару ұлғайды. Металлургтер ферроқорытпаларды шығаруды 426,9 мың тоннаға дейін әртүрлі диаметрдегі құбырларды, прокат бұйымдарын өндіруді – 37,9 мың тоннаға дейін өсіріп қуантып отыр. Сондай-ақ, отандық фармацияда да экономикалық өрлеу бар. Дәрі-дәрмектер өндірісі 3,6 млрд. теңгеге өссе, өзге фармацевтикалық препараттар 548,5 млн. теңгеге ұлғайды. Республикамызда жұмыссыздардың саны азайды. Жалдамалы жұмысшылардың саны 1,7 миллионға жетті. Осы уақыт аралығында қазақстандықтардың нақты табысы 2,6 есеге артты. Оқушылар саны бір жарым есеге артып, керісінше жұмыссыздар саны бір жарым есеге қысқарды. Биылғы жылдың басында 106,5 мың жұмысшыларға деген қажеттілік туындады. Механик, темір ұстасы, дәнекерлеуші, жүк көліктері мен мамандандырылған көліктердің жүргізушілері, жабдықтаушы операторлар, электромонтажшы т.б. мамандарға сұраныс артып отыр. Сол себептен 1 шілдеден бастап аталмыш бағдарлама пилоттық режимде іске аса бастады.
«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы бойынша, «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» шеңберінде кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 13,3 млн.теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлініп отыр. Ағымдағы жылы оқуға 48 мың адамды, оның ішінде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында кәсіптік даярлауға 18 мыңнан астам адамды жіберу жоспарланған. Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасу және бизнесті дамытуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қолдау шаралары көзделді. Оған экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өз бетінше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы азаматтарға берілу көзделген. Бұл елдегі еңбек ресурстарының ішкі көші-қонының процесін және экономикалық өсу орталықтары мен экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге еңбек ресурстарын тартуды тәртіпке келтіруге септігін тигізбек.
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 3420;