Осымша материалдар
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.
Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.
Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.
Жекешелендірудің мақсаты :
1. Кәсіпкерлікті дамыту.
2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу.
3. Еркін баға орнату.
4. Жеке меншік секторлар құру.
5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.
Мақсаты:
- Нарықты басқару механизмін еңгізу.
- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.
- Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық бақару құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген.
Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.
1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есіге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.
Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:
1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.
2. Жекешелендіру.
3. Кәсіпкерлікті дамыту.
4. Монополияны жою.
5. Бағаны босату.
6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге шыру.
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1231;