Дістемелік нұсқаулар 1 страница
Студенттерге әртүрлі оқулықтар материалдарынан денсаулық пен салауатты өмір салтына мәселеріне бірнеше анықтамалар дайындау керек.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж
2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г
3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г
Қазіргі уақытта мектепте оқытылатын пәндер қатарына салауаттануды енгізу қажеттілігі туындап отыр. Ел президентінің “қазақстан – 2030” жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірінде - “қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты” тармағында “азаматтарының өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаны таза ұстауға тәрбиелеу үшін” салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет.
Қазақстан республикасы үкіметінің 1999 жылы 30 маусымдағы №905 қаулысының “салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы туралы”, 4.3. Тарауында:
- салауаттану пәнін оқытуды базистік оқу жоспарына енгізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мақсатты бағдарламаларды мектепке дейінгі, мектептер оқу үрдісіне енгізу, жете зерттеу қажет делінген.
Қазақстан республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы желтоқсанның 24-сіндегі республикалық жалпы білім беретін мектептерге “салауаттану – денсаулықты сақтау” оқу бағдарламасын енгізу туралы №572 бұйрығы жарық көрді.
Осы бұйрықтардың нәтижесінде “салауаттану” пәні мектептердің оқу жоспарларының вариативті бөлімінен орын алады. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептердің 85 пайызы салауаттану сабақтарын жүргізеді, ал орта және жоғары оқу орындарының 55-64 пайызында салауаттану сабақтары өтіледі.
1998 – 2001 жылы жүргізілген екінші ұлттық зерттеулер бойынша осы салауаттану сабақтарын өткізу нәтижесінде шылым шегу 11 – 14 жастағы балалар арасында 6 пайызға, 15 – 17 жастар арасында 10,0 пайызға, 18 – 19 жас арасында – 6 пайызға төмендеген. Сонымен бірге балалар арасында ішектің жұқпалы ауруларының, суық тию ауруларының азаюы байқалады. Сондай-ақ оқушылардың зиянды заттарға әуестігінің төмендегені, рухани денсаулығының жоғарылауы байқалады. Сондықтан, салауаттану білімі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптатырудың дағдылары мен түрткіні тудыруға көмектеседі, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, әр баланың өз денсаулығын қорғауға және кикілжіңді болдырмауға үйретеді. Салауаттану сабақтарында оқушылар өз денсаулығын бағалай білуге, денсаулық деңгейін анықтауды үйренеді. Салауаттану - адамның денсаулығы және оны сақтау туралы ғылым. Салауаттану ғылымы денсаулықты физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қарастырғандықтан, денсаулықты сақтау және нығайту әдістері жөніндегі гигиеналық ережелерді қорытып шығарады. Салауаттану жеке тұлғалық және қоғамдық болып жіктеледі.жеке тұлғалық салауаттану – төменгі негізгі аспектілер бойынша адамның гигиеналық білімдері мен денсаулығыннығайту жөніндегі дағдылар кешенін қамтиды:
А) жеке гигиена – денені, киімді, тұратын үйін, тамақ өнімдерін, суды таза ұстаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін, жұмыс орнының жарық болуын, желдетіліп тұру режимін, мектептегі температуралық режимді, партада дұрыс отыруды қарастырады.
Б) қозғалыс белсенділігі – таңертеңгі гимнастиканы міндетті түрде өткізуді, физикалық жаттығуларды жүйелі орындауды, спорттық және қимылдық ойындармен айналыысуды, жүзуді жүгіруді тағы басқаларды ойластырады.
В) шынығу – организмді су, күн, ауа сияқты табиғи факторлармен шынықтыру шараларын, организмнің суыққа, түрлі ауруларға төзімділігін, қарсы тура алу қабілетін арттыратын әртүрлі әдістер мен тәсілдерді орындауын қарастырады.
Г) психо гигиена мен психопрофилактика – бұл психоэмоционалдық денсаулықты нығайтуға арналған шаралар кешені. Яғни эмоционалдық ширығуды жоюға көмектесетін психофизикалық жаттығулар кешенін (аутотренингтер) білуі және орындай алуы. Құрбылар арасында, үйде, отбасында және қоршаған адамдармен мейірімді қарым-қатынастар орнатып, келіспеушілікті, ашу-ызаны болдырмау.
Д) дұрыс тамақтану - денсаулық үшін тиімді тамақтану маңызды, яғни тағам калорялы және әртүрлі болуы керек. Тамақтану рационына барлқ негізгі тамақ өнімдері қамтылуы тиіс: ет (белок), өсімдік және жануар текті майлар, көмірсулар, жемістер, көкөністер, таза су. Тамақтану режимін сақтау, яғни күніне 4-5 рет белгілі сағатта тамақтану қажет. Тамақты мөлшерден артық ішпеу және тұзды, тәтті тағамдарды көп жемеу керек.
Е) жұқпалы аурулардың алдын алу – санитарлық - гигиеналық талаптар мен ережелерді сақтау. Жеке гигиена ережелерін қатаң орындау, егу жұмыстарын уақытында жүргізу. Жұқпалы ауруы бар адамдармен қарым- қатынас жасаған кезде гигиена ережелерін сақтау, ауру жануарлар мен құстарға жоламау. Жұқпалы аурулардан сақтандыратын алдын ала егу жұмыстарын уақытында жүргізу.
Қоғамдық салауаттану – адам денсаулығын қорғау мен нығайту жөніндегі дәрігерлік және әлеуметтік – экономикалық мәселелер шешімін қамтитын шаралар кіреді.
Қоғамдық салауаттанудың төмендегідей білімдері бар:
Медициналық салауаттану – отбасындағы, үйдегі мектептегі, еңбек ұжымындағы, қоғамдық орындардағы гигиена және жеке гигиена ережелерін зерттейді. Қоршаған ортадағы ауа, су, топырақ тағы басқасанитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалайды. Қоршаған ортаға уландырғыш заттардың мөлшерден тыс жіберілмеуін бақылайды. Сондай-ақ ауыз суды уландырмауды, ауру тудырғыш микроорганизмдермен ластанбауды, ауыл шаруашылық өнімдерінде пестицидтердің болмауын қадағалайды.
Экономикалық салауаттану – адамдардың материалдық қамтамасыз етілуін, олардың өмір сүру деңгейін, адамдардың еңбек етуіндегі, тіршілік етудегі, сондай-ақ денсаулығын сақтаудағы құқықтарының бұзылмауын қарастырады.
Әлеуметтік салауаттану – қоғамның әлеуметтік қолайлы болуын, білім, мәдениет, өнер, діни ұйымдардың деңгейін және олардың адамдарға әсерін зерттейді. Аам - тек биологиялық тіршілік иесі емес, сонымен бірге әлеуметтік жеке тұлға. Оның денсаулығы ол өсіп-дамитын қоршаған ортасына байланысты болады. Сондықтан қоршаған ортаны қалайқорғаса, денсаулығын қалай сақтайтыны, қорғайтыны соған байланысты болады. Ол өзінің, жақындарының және қоршаған адамдардың денсаулығын сақтауға жауапты. Мектеп жағдайында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған қарым-қатынас тәсілдеріне тәуелді. Әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке жүйесіәлсіз, нервтік – психикалық және жүрек ауруларынан зардап шегетін, сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негативтік әсер етуі мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп өміріндегі мектеп басшылары мен мұғалімдер және оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері мектеп субьектілері денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп субьектілерінің денсаулық проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады. Қазіргі ғылым “салауатты өмір салтын”:
- ең жақсы үйлесімді тәртіп;
- иммунитетті және денені шынықтыру;
- дұрыс тамақтану;
- орнықты өмір сүру әдеті;
- зиянды әдеттің болмауы (“ауру қалса да, әдет қалмайды”);
- жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Қазақта “Деннің саулығы – бастың амандығы” – деген ұғым қалыптасқан. Олай болса, салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе. Себебі жаңа XXI ғасырдың адамы – дені сау рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы.Салауатты өмір сүру салтына” 3 идея негіз бола алады:дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық әрекетін “АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК” заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.
Салауатты өмір сүру идеясы және әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуға міндетті. Ол тәрбие процесінің нәтижесін жоғары көтереді. Ол үшін тәрбиешілер салауатты өмір сүруді ынталандыру және оның жүйесін құруы қажет. Ең алдымен, оның ұстанамын (принциптерін) басшылыққа алатын әдістемелік ережелерін анықтағаны жөн. Олар, мысалы төмендегідей болып құрылуы мүмкін. Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға өзіне сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет.
Тәжірибе жүзінде келесі мақсаттарды жүзеге асыруға болады:
- негізгі білімді;
- баланың өз мүмкіндіктеріне сай индивидуалды даму траекториясымен қамтамасыз ету;
- оқушыларды білімді, жан-жақты дамыған, денсаулығы жақсы, рухани жағынан дамыған етіп тәрбиелеу;баланың бойында денсаулыққа деген жауапкершілік пен денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы білім қалыптастыру;
- таным сферасын дамыту (есте сақтау қабілеті, таным, пайымдау, ойлау, қиялдау);
агрессивтіліктің алдын алып өзара қатынас мәдениетін қалыптастыру. Әл-Фараби қағидасы бойынша, дүниені сақтайтын төрт тілек бар: Ғадалат— әділдік, турашылдық, сахауат — қайырымдылық, жомарттық, қанағат — барға ризалық және инабатдейді. Осылардың бәрі жақсы ниетпен туындайды. Бүл жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед Ғ.С. "Әр нәрсе адамның сөзіне емес, оның істе Имандылық негізінде адамгерішілікке, эстетикалық тәрбиеге, дене саулығына, салауатты өмір салтына, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге тәрбиелеу қажет.
Осыдан мынадай тұжырымға келуге болады:
І.Ойы саудың — жаны сау. Жеке тұлғаның білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін дамыту, ой парасатын қалыптастыру.
2.Жаны саудың — тәні сау. Ұлтымыздың төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы арқылы жеке тұлғаның сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
3. Тәні саудың — дені сау. Адамның бір байлығы — денсаулық. Халқымыздың тән тазалығы дене сымбаты жайлы мұрасы мол. Осы мұраның негізінде жеке тұлғаны салауатты өмірге бағыттау, олардың тән саулығымен, жан сұлулығының, имандылығының қалыптасуына көмектесу, багыт беру.
4. Ісі саудың — өмірі сау. Еңбек дағдысын жеке тұлғаның бойына жастайынан сіңіру, адал, үлкен жауапкершілікпен, іскерлікпен еңбек ету арқылы өмірін көркейтуге бағыттау.
ген ісіне байланысты" — деген. Оған төмедегі шараларды жатқызамыз::
1) Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.
2) Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды да қатыстыру керек.
3) Валеологиялық паспорт жүргізу. Онда баланың:
- ауырып қалған күндері;
- денсаулық тобымен дене шынықтыру тобы туралы мәліметтер;
- дене сымбаты мен көру қабілетінің көрсеткіштері;
- спорт түрлері мен айналысуы, ондағы жетістіктері мен жеңістері туралы мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс.
4) Оқушылар өздері денсаулық күнделігін жүргізуі тиіс. Онда денсаулық тақырыбындағы ақпараттар, кеңестер, өзіндік сауығу жоспары болуы керек.
5) Әр оқушыға жеке папка арналуы керек. Онда психологиялық-педагогикалық карта, психолог пен дәрігердің ұсыныстары, баланың жеке даму картасы, оқу бағдарламасын игерудің диагностикасы сияқты құжаттар қаралуы тиіс.
6) Түрлі мейрамдар спорт ойындарын, эстофеда конкурстар, бикториналар, сынып сағаты , әңгімелер ұйымдастыру.
7) Баланы еңбекке баулу.үй жұмыстарын орындауға ынталандыру. Оны ата-аналарымен ақылдаса отырып жүзеге асыруға болады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде төмендегі жетістіктерге қол жеткізуге болады:
- оқушылардың оқу бағдарламасын игерудің деңгейі артады;
- балалардың көру қабілеті мен дене сымбаты сақталады;
- олардың жұмысқа деген қабілеті артып, мінездері жақсарады;
- балаларда денсаулықты ең басты құндылық ретінде қарастыратын көзқарас қалыптасады;
- бала санасында өмірсүйгіштік өзгені сыйлау сияқты жақсы қасиеттер оянады;
ең бастысы балалар адам денсаулығының қандай болмағы – оның өз қолында екендігін түсінеді. Жас өспірімдерге салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша мектеп мұғалімдерімен жүргізілген жұмыс барысыда төмендегі қағидалар басшылыққа алынды:
1.Ізгілікке бағытталған тәрбие үрдісі мұғалімнің курстық дайындығының мазмұнын айқындайды.
2.Инновациялық жұмыстардың көп нұсқалығы сыныптан тыс жұмыс бағыттарының мазмұнын толықтырады.
3.Сыныптан тыс жұмысты жүргізуде мұғалімнің дайындық жүйелілігі балалар дамуы (физиологиялық, психикалық) туралы ғылыми білімге ие болуын қарастырады. Ұрпақ тәрбиесі келешек ұлт тағдыры, олай болса тәлім – тәрбиеде бүкіл халықтың қолдауы қажет. Ұлттық мәдениетімізді ұрпағымыздың санасына сіңіріп, салауатты азаматтарды тәрбиелеген кемелді ел болып, өркениеттілігімізді көтеру үшін ең алдымен ұлттық тәрбиенің бүкіл халықтық бағдарламасын жасау керек. Сол бағдарламаны үлкен де кіші де, зиялы қауым да орындауы міндетті болуы тиіс. Сонда ғана біз «бесігімізді» түзей аламыз. Оның алғашқы түрлері бар, олар «Атамекен», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», «Алтын көмбе» бағдарламалары. «Әдеп әліппесі» (бастауыш мектеп), «Әдеп пен жантану» (орталау мектеп), «Қазақ этнопедагогикасы» (жоғары мектеп) пәндері арнайы бағдарламалар негізінде оқытыла бастады. Республикада білім беру мазмұнын жаңарту, жаңа буын оқулықтары мен кешендерін жасау жұмыстары да қатар жүргізілуде. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сынып- тарында жаңа оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және төл оқулықта – рымен қамтылып, соның негізінде оқуға көшкен. Сондай-ақ, барлық мек – тептердің 1-11 сыныптарында «Валеологиядан» факультативтік курстар оқытылуда. «Жасөспірімдердің адамгершілік – жыныстық тәрбиесі» негізінде бағдарлама әзірленуде.
1. «Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары. Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары. Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары. Оқушының салауатты өмір стилінің негізгі компоненттері: аса жүктемесіз оқу режимі, бос уақытын қозғалыс тұрғысынан ұйымдастыру, жеке бастың гигиенасы, дағдылар, дене белсенділігі. Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері
2. Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктері
1.Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері
«Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары. Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары. Баланың салауатты өмір салтының негізгі бағыттары. Оқушының салауатты өмір стилінің негізгі компаненттері: аса жүктемесіз оқу режимі, бос уақытын қозғалыс тұрғысынан ұйымдастыру, жеке бастың гигиенасы, дағдылар, дене белсенділігі.
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық технологисы. Еңбек күн тәртібі мен демалысы ұйымдастыру әдістемесі. Ішімдікке қарсы үгіт жүргізу және нашақорлықтартың алдын алу әдістемесі. Кикілжіңнің алдын алу және алдын алу және оларды жеңудің психологиялық-педагогикалық әдістемесі.
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз – био-әлеуметтік категория Салауатты өмір сүру салты – интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.
Салауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім /1/. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген.
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.
Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі болады.
Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір сүру салты3 категорияға бөлінеді:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі– экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
Салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салтының негізгібиологиялықжәнеәлеуметтік принциптері:
Биологиялық принцип:
- Салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;
- Салауатты өмір сүру салты энергетикаға;
- Салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;
- Салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістерге;
- Салауатты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болуы керек.
Әлеуметтік принциптер:
- Салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметті;
- Салауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;
- Салауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;
- Салауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын қамтамасыз ету.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 3950;