Арр Store-дан программаларды қарау, іздеу және орнату.

Apple ID идентификаторы болмаса да, пайдаланушы Арр Store-да программаларды қарап және іздей алады. Бастау үшін Dock-та Арр Store белгісін шертіңіз және Apple мәзірінен Арр Store командасын таңдаңыз. Арр Store программасы ашылған кезде Featured (Топтама) көрінісі шығады.

Featured көрінісінің басты аймағында жаңа танымал және таңдалған программалар көрсетіледі. Оның оң жағында Арр Store басқару қызметіне және нақты категорияға сілтемелерден тұратын Quick Links (жылдам сілтемелер) бөлімі орналасқан. Арр Store программасы терезесінің жоғарысында құрал-саймандар панелі бар.

Көбінесе браузерде кездесетін алға және артқа ауысуға мүмкіндік беретін жоғары сол жақ бұрыштағы бағытшалары бар пернеге назар аударыңыз. Тор Charts (Чарттар) пернесі ең бір жүктелген программаларды көруге мүмкіндік береді, ал Categories (Ка­тегориялар) пернесі – программаларды категория бойынша көруге мүмкіндік береді.

Ең тура маршрут – терезенің жоғары оң жақ бұрышындағы Spotlight іздеу жолын қолдану. Программа атының бөлігін енгізуді бастаңыз және іздеу тез арада сәйкес программалар тізімін қайтарады.

Сіз тізімнен бір сәйкестікті таңдаған кезде, сәйкес программалардың толық көрінісін көрсететін іздеу нәтижелерінің парағы шығады. Белгіні немесе программа атауын шертіңіз, сол кезде оның сипаттама парағы шығады.

Бұл парақта программа туралы ақпаратты оқуға болады, оның интерфейсінің суреттерін қарауға болады, ал төмен жағынан пайдаланушылардың бағалары және пікірлерімен таныс боласыздар немесе өзіңіз баға қоюға және пікіріңізді жазуға болады. Терезенің оң жақ шетінен программа туралы техникалық ақпарат келтіріледі, онда номер нұсқасы, жүктелу үшін файл өлшемі мен жүйелік талаптар бар.

Арр Store-да тіркеу жазбаларын құру мен басқару тетіктері келесі бөлімде қарастырылады. Егер сізде Apple ID идентификаторы болса, орнату процессін жалғастыру үшін оны енгізіңіз. Сонымен қатар, егер сіз қарапайым пайдаланушы ретінде Арр Store программасын ашсаңыз, онда сізге орнатуды аяқтау үшін администратордың тіркеу жазбаларын енгізу керек.

«Арр Store» программасы жаңа ПҚ-ді орнатуға ұмтылады. Осы әрекетке рұқсат беру үшін, администратордың аты мен кілт сөзін енгізіңіз.

Қосымша белгісінің астында оның бағасы көрсетіледі. Арр Store-да кейбір программалар тегін (free) болып табылады, және оларды төлемақы ақпаратын енгізбей жүктеуге болады. Ақылы программаларды жүктеу үшін әрекет етіп тұрған төлемақы картасының ақпаратын немесе PayPal жүйесіндегі аккаунт ақпаратын енгізу керек. Программаны жүктеу немесе орнату үшін бағасы тұрған түймені шерту керек. Түйме тегін қосымшаға арналған Install Арр (Программаны орнату) өзгереді немесе ақылы қосымшаға арналған Buy Арр (Программаны сатып алу ) өзгереді. Орнату процессін бастау үшін түймені шертіңіз.

Егер сіз өзіңіздің Apple ID-ңізді көрсете отырып, Арр Store интернет-магазиніңізге кірісті орындамасаңыз, онда сізге мұны қазір орындау керек. Егер сізде әлі Apple ID идентификаторы болмаса, оны Арр Store программасын да құруға болады.

Сіздің Аpple ID тексерілгеннен кейін таңдалған қосымша жүктеледі және Launchpad панеліне орнатылады. Бірақ негізінен қосымша Программалар (/Applications) папкасына орнатылады. Егер сіз Finder-ді қолдануды жөн көрсеңіз, онда бұл программаны сіз осы папкадан аша аласыз.

Өзіңіздің Apple ID-ңіз арқылы ие болған барлық программалар әрқашан Арр Store –дан жаңарту немесе қайта орнату үшін қол жетімді болады. Қосымша ақпаратты оқырман осы сабақта ары қарай қарастырылатын “Арр Store-да сатып алуларды жаңарту және басқару ”бөлімінен табады.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1213;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.